Дипломдық Жұмыс тақырыбы: 1991 2001 жылдарда ғы Қазақстан Республикасының


Республика ауыл шаруашылығының даму жағдайы



бет4/6
Дата30.01.2017
өлшемі1,08 Mb.
#8293
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

1.4. Республика ауыл шаруашылығының даму жағдайы

/1991-2001/

Қазақстан экономикасында, әсіресе, ауыл шаруашылығының үлес салмағы үлкен екені белгілі. Бірақ, осыған қарамастан 1992-1993 жылдардағы елеулі дағдарыс ауыл шаруашылығында басталды. Оның басты себебі – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдерінің арасындағы үлкен алшақтық еді. Бұл ауыл шаруашылығын қатты күйзеліске әкеп соқтырды. Мәселен, 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда К – 700 маркалы трактордың бағасы 1287 есе, МТЗ-82 маркалы трактордың бағасы 1667 есе, астық жинайтын «Нива» комбайнының бағасы 2050 есе, Дон – 1500 комбайнының бағасы – 1236 есе қымбаттады. Ал бұған керісінше осы жылдар ішінде астықтың сатылып алу бағасы бар болғаны 148 есе, мүйізді қараның бағасы – 65 есе, қой – 62, сүт – 87, жүн – 66, құс – 127, жұмыртқа – 219, ауыл шаруашылығы барлық өнімдерінің бағасы – 116 есе өсті. [29,210-б.] Бұл деректерден өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы арасындағы алшақтықты айқын көруге боларды. Ауыл шаруашылығына қажетті өнімдерге бағаның бейберекеттігінен техниканы, тыңайтқыш, өсімдікті қорғайтын химиялық құралдар қолдану қауырт төмендеді.

Ауыл шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауына республикадағы колхоздар мен кеңшарларды жаппай және тез арада жекешелендіру науқанының үлкен зардабы тиді. Бұрын 600-ден астам астық өндіретін, 700-дей қой шаруашылығымен шұғылданатын кеңшарлар мен колхоздар, 80-дей құс фабрикасы бар еді. Шошқа өсіретін, бордақылайтын өндірістік негізде дамыған бірнеше ірі – ірі кешендер жұмыс істеді. Халық жұмыртқамен, құс етімен толық қамтамасыз етілген еді. Шошқа етімен қамтамасыз етуге жететін мезгіл де алыс емес-ті. [9,316-б.] Тек қолбайлау болып отырған нәрсе – ол құрама жем өндіру болатын. Республика халқы жекешелендіру барысында өздерінің осы қолда барына айрылып қалу жағдайын басынан кешірді. Бағадағы былық, бейберекеттік, жекешелендірудегі асығыстық пен науқаншылдық, қаржыландырудағы берекесіздік, басқарудың жоғарыдан төменге дейінгі жүйесін күйрету, материалдық – техникалық қамтамасыз етуді алыпсатарлыққа айналдыру және тағы басқа жағдайлар, тұтас алғанда, ауыл шаруашылығын күйретуге соқтырды. 1993 жылы кеңшарлардың басым көпшілігі жұмыскерлерге 6 айға дейін жалақы бере алмады. Көптеген кеңшарлардың адамдры 1994 жылдың қаңтарына дейін теңгенің жүзін де көрмеді. [18,115-б.]

Құрама жемнің сапасының төмендігі мен бағасының қымбаттығы құс пен шошқа шаруашылығына үлкен нұқсан келтірді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін, ұқсататын салаларда жаңа қауаттарды қосу, жаңа технологияны өндіріске енгізу, негізгі қорларды алмастыру сияқтиы жұмыстардың көлемі азайып кетті. Агроөнеркәсіп кешеніндегі жоғарыдағы айтылған және басқа да кемшіліктерді жоймай, салаға деген көзқарасты түбегейлі өзгертпей бүкіл реформаның жүзеге асуына күмән келтірді.

Ауыл шаруашылығының басты саласы – егіншілік. Алайда, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты алғашқы үш жыл ішінде көп – көрім қалыптасқан саланың берекесі қалмады. 1992-94 жж. қатарыгнан егістік дала жаңбыры болғанына қарамастан егіншіліктің байырғы мәдени дәрежесі төмендеп кетті. Гербицид пен минерал тыңайтқыштарды сатып алуға ақша болмай, уақытында жер жыртуға жанар – жағар май жетіспей қалған кездер жиі – жиі орын алды, дәннің сапасы (протоиннің, клейковинаның деңгейі төмендеп) нашарлады. Ал дән сапасы төмендесе, бағасы да төмендейтіні белгілі. Осының нәтижесінде жиналған астық жәгне одан алынған өнім азайды. Жалпы ауыл шаруашылық өнімі 1992-1998 жылдары аралығында 55пайызға қысқарған, астық өндіру 30 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға азайған. Оны төмендегі деректерден байқауға болады: [9,346-б.]

7-кесте


1992 – 2000 жылдарда ауыл шаруашылығында жиналған өнім көлемі

Жылдар

Жиналған астық (млн.тн)

Әр гект. Алынған өнім (цент)

Шитті мақта (мың.т)

Қант қызылшасы (мың т.)

Картоп

(мың т.)


Баубақша өнімдері

(мың т.)


1992

29,7

13,2

252

1160

2570

985

1993

21,6

9,7

200

843

2300

808

1994

16,4

7,9

208

433

2040

781

1995

9,5

5,0

223

371

1720

780

1996

11,2

6,5

183

341

1657

778

1997

12,3

8,7

198

128

1472

880

1998

6,3

5,6

161,6

225

1263

1079

1999

14,2

13,0

249,4

294

1695

1287

2000

13,0

9,4

287,1

272

1692

1543

Жоғарыдағы кестеде келтірілген деректерден елімізде тек астық өндіру ғана емес, сонымен қатар мақта, қант қызылшасы, картоп және көкөніс өндіру де 1998 жылға дейін едәуір азайып отырғаны көрініс тапқан. Тек 1999 жылдан бастап республиканың егін шапуашылығы саласында оң нәтижелер бере бастады. Жоғарыдағы кесте көрсеткеніндей бұл жылы мол астық жиналды. Бидайдың әр гектарынан 14,5 центнерден өнім алынып, республика бойынша 16 миллион тонна астық өндіруге қол жетті. Астық өндіру кейінгі жылдары да өсіп отырды. Мысалы, 2000 жылы 18,2 миллион тонна астық өндірілді. Сонымен қатар Қазақстанда қазіргі кезеңде дәнді дақылдардың егістік алқаптарының деңгейі 12,5-13,0 миллион гектарға тұрақталды. [сонда]

Нарық жағдайында аграрлық сектордың басты бір саласы – мал шаруашылығының халі мәз болмай, едәуір төмендеді. Малдың саны жылдан – жылға азайып отырды. Мал мен құстың кемуі негізінен осы салаға деген көзқарастың нашарлауына болды. Малға қажетті жем – шөп аз дайындалды. Оны мынадан да көруге болады: егер 1993 жылы әрбір малға шартты есеппен 16,9 центнерден жем – шөп дайындалса, 1994 жылы 13,1 центнерден, ал 1995 жылы – 11,5 центнерден келген. Бұдан басқа шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру нәтижесінде мал шаруашылығын жүргізу нысандары да көп өзгеріске ұшырады. Жеке шаруаларға бөлініп берілген малдар өнім берудің орнына сатылып кетті, немесе ауыл тұрғындарына керекті тауарларға ауыстырылды. Мал санының азаюының тағы бір себебі – бұрын Қазақстан бүкіл Кеңес Одағына арнап ет дайындаса, енді 15 миллион халыққа ғана есептеп өндіретін болды. [29,215-б.]

Сонымен республикада мемлекеттік санақ мәліметі бойынша мал саны 1990 жылмен салыстырғанда төмендегі кестеде келтірілген нәтижелерде көрсетеді.



8-кесте

1991 -2002 жылдар да Қазақстандағы мал басы саны (млн.бас)

Жылдар

Ірі қара

Қой мен ешкі

Жылқы

Шошқа

Құс

1

2

3

4

5

6

1991

9,8

35,7

1,6

3,2

59,9

1992

9,6

34,6

1,7

3,0

59,9

1993

9,6

34,4

1,7

2,6

52,7

1994

9,3

34,2

1,6

2,4

49,8

1995

8,1

25,1

1,5

2,0

32,7

1996

6,9

19,6

1,4

1,6

20,8

1997

5,4

13,7

1,3

1,0

15,4

1998

4,3

10,4

0,9

0,9

16,0

1999

4,0

9,5

1,0

0,9

17,0

2000

4,0

9,6

1,0

0,9

18,0

2001

4,3

9,6

1,0

1,0

19,7

2002

4,4

10,4

1,0

1,1

21,2

Жоғарыдағы кесте деректері көрсеткендей, Қазақстанда 1991 жылмен салыстырғанда 1999 жылы ірі қара 518 мың. басқа, қой мен ешкі 26,2 млн., жылқы – 600 мың, шошқа – 2,3 млн., құс – 42,9 млн. басқа қысқарған. [50,416-б.]

2000 жылдан басталған ауыл шаруашылығындағы тың серпіліс мал шаруашылығы саласының дамуынан да көрініс тапты. Мәселен, соңғы үш жылда мүйізді қара 8 пайызға, қой 9 пайызға, шошқа 40 пайызға артты, жылқы 1 пайызға құс өсіру 25 пайызға артты. Қазір республикадағы мал басының 90 пайызынан астамы жек шаруа қожалықтарының қолында жинақталған.

Мал шаруашылығын одан әрі дамыту және мал басын қайта көбейту үшін негізгі үш бағытта жұмыс істеу көзделді. Біріншіден, селекциялық – асыл тұқымдандандыру жұмыстарының деңгейін көтеру арқылы қолда бар мал басының генетикалық әулетін арттыру, жоғары сапалы тұқыммен барлық аналық малды қолдан ұрықтандыруды жаппай қолға алу. Екіншіден, перспективалық мал тұқымдарын дамыту үшін жағдайтуғызу. Ауыл шаруашылығы саласының ғалымдарымен бірлесе отырып, жоғары сапалы өнім беретін мал тұқымдары анықталып, оларға мемлекеттік қаржы көздерін қарастыру. Үшіншіден, жоғары сапалы өнім беретін мал тұқымдарын табиғи өсіммен арнайыландырылған орта және ірі тауарлы өндіріске қайта бейімдеуге қол жеткізу.

Қазақстан үкіметі соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуға, егіс көлемін көбейтуге, өнім мөлшерін өсіруге бағытталған шараларды іске асыруды. Ауыл шаруашылығы саласындағы меншік түрлеріне қарамастан үкіметоларға әрдайым қолдау көрсетіп отырды. Оған дәлел ретінде 1996 жылғы бюджеттен 4,3 миллиард теңге, 1997 жылы 5,3 миллиард бөлінгенін айтуға болады. Бұл қаржы қой өсіруге, миниралдық тыңайтқыштарға, мал тұқымын асылдандыруға жұмсалған. 1996 жылы Азия даму банкісі тарапынан Қазақстанға 100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде несие бөлінді. Оның 50 миллион доллары 1997 жылы ауыл шаруашылығы салаларына жұмсалды. Тек 1996 жылдың өзінде 630 егін және 100 мақта жинайтын шетелдік комбайндар сатып алынды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына жылдан жылға жұмсалатын қаржының артып отырғандығын ерекше атап көрсеткен жөн. 1999 жылы оған 9 миллиард тенге бөлінсе, 2000 жылы агроөнеркәсіп сласына 11 миллиардқа жуық теңге жұмсалды. [сонда,442-б.]

Ауылда шаруашылық жүргізудің жаңа формалары қалыптасты. 2000 жылы республика көлемінде 96198 ауыл шаруашылығы құрылымы, оның ішінде 91471 шаруа қожалығы, 1781 өндірістік кооператив, 2886 шаруашылық серіктестігі және 60 жеке меншік кәсіпорын жұмыс істеді. Сөйтіп, 1999 – 2001 жылдар аралығында ауылда тиімді шаруашылық жүргізуге қабілетті меншік иелері қалыптаса бастды. Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалық шаралардың нәтижесінде өндірілген өнімдердің 99 пайызыжеке меншік құрылымдарының үлесіне тиеді.2003 жылдың басында мемлекеттік секторда бар болғаны 3 миллион гектар ауыл шаруашылығы жері қалды. Республикадағы шаруашылыққа жарамды деген жердің 30 миллион гектарға жуығы шару қожалықтарының, 16 миллионы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің, 37 миллион гектары шаруашылық серіктестері мен акционерлік қоғамдардың қолына көшті. Мемлекет ауыл шаруашылығына салықты азайтты. Салықты тек бір патент түрімен ғана төлеу енгізілді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының бұрынғы қарыздарының барлығы жойылды. Басқа қарыздары 5-6 жылға ары қарай создырылды. [сонда]

Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларондағы жалпы өнімнің өсуіне мүмкіндік берді. Мәселен, мұндағы жалпы өнімнің өсу қарқыны 1999 жылы 1998 жылмен салыстырғанда 28,9 пайызға артты, 2000 жылы өсім 8,2 пайыз, 2001 жылы – 16,9 пайыз, 2002 жылы 6,6 пйыз болды.

Ауыл шаруашылығы саласының қаржылық жағдайы да едәуір жақсарды. Егерде сала бойынша 1999 жылдың қорытындысында 2,6 миллиард теңге табыс түссе, 2000 жылы бұл көрсеткіш 4,8 миллиард теңгеге жетті. Ал 2002 жылдың қорытындысы бойынша табыс 10 миллиард теңгеге өсті. [57,300-б.]

Ауыл шаруашылығы одан әрі дамытудың жаңа кезеңі Қазақстанда өткен 2002 жылдан бастау алды. Бұл кезең /2005 жылға дейінгі уақытты қамтуы тиіс болатын/ аграрлық өндірістегі реформаны аяқтау, ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншікті енгізу және ауылдың әлеуметтік бейнесін жаңғырту мәселелерімен сабақтастырыла отырып қарастырылған болатын.

Үкімет 2002 жылдан бастап ауыл шаруашылығына қатысты үлкен жүйелі жұмыстарды жүргізе бастады. Бетбұрысты мәселелерді айқындайтын Жер, Орман және Су кодекстерінің жобалары жасалды. 2002 жылы 5 маусымда мемлекеттік аграрлықбағдарлама қабылданды. Ол алдағы үш – 2003-2005 жылдарды қамтуы тиіс болды, яғни ауылды қолдау, өрендету жылдары деп аталды. Бұл жылдары көктемгі дала және күзгі жиын терін жұмыстарын қаржыландыру нақты және тұрақты сипат алды. Мәселен, 2002 жылы ауыл шаруашылығысалаларын қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 30 миллирд теңге қаржы бөлінді. [29,146-б.]

2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығын және оған байланысты салаларды бюджеттік қаржыландыру елеулі түрде арта түсті. Осыған орай салаға қатысты 77 бюджеттік бағдарламаны қаржыландыруға 2002 жылы 40 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның 30 миллиарды аграрлық секторды дамытуға, 10 миллиарды ауылдың әлуметтік мәселесіне, оның ішіде, ден саулық сақтау, білім беру салаларына, ауылды ауызсумен қамтамасыз етуге жұмсалу белгіленді. Ал 2004 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен – 50миллиард, 2005 жылы – 55 миллиард теңге бөлу жоспарланды. [50,447-б.]

Қорытып айтқанда, республиканың ауыл шаруашылығына жан-жақты көмек көрсету арқылы оның деңгейін көтеру, соның ішіде қазіргі кездегі егістік көлемін сақтау, одан алынатын өнімдіөсіру, қолда бар малдың санын одан әрі кемітпей, тұрақтандыру ісін жүзеге асыру көзделді. Ол үшін ел басының «Қазақстан – 2030» деп аталатын жолдауында атап көрсетілгендей, кеңшарларды жекешелендіру, мал басын тұтастай жекеменшік қолына өткізу шаралары кейінгі уақыттарда ауыл шаруашылығының дамуына жаңа серпін береді деп күтілді. [7, 15-б.]



ІІ-тарау. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік дамуы
2. 1. Халықтың тұрмыс жағдайын, әл-ауқатын көтерудегі проблемалар және олардың шешілуі
Тәуелсіз Қазақстан егеменді ел болғаннан кейінгі алдына қойған басты мақсатының бірі–адамдардың жақсы тұрмысын іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. Осы орайда әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары әлеуметтік сәртебеге жетуін қамтамасыз ету, экономиканың өсуі мен тұрақтануына және оның дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына, интеграциялануына орай еңбек табыстарын, зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр.

Әлеуметтік салалада егемендікке жеткеніміздің басты көрсеткіштері: ұлттық байлықтың көбеюі, халықтық тұрмыс – тіршілігі дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы артта ақлушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағы және тұрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту. Бұл мақсатты жүзеге асыру ұлттың әлеуметтік қабілетіне байланысты. Оған құндлықтар жүйесі, оқу – білім, кәсіби шеберлік, білім – ғылым базасының деңгейі, ұлттық нарықтық қатынас, қоғамдық институттардың даму дәрежесі және т.б жатады.

Алайда қоғамдық қатынастардың өзгеруімен және нарықтық экономикаға көшумен байланысты ХХғ 90-шы жылдары жақсы өмір сүру халықтың көпшілігінің көзінен бұл–бұл ұшты, оның тұрмыс жағдайы жыл сайын төмендеп отырды. Еліміздің экономикасының құлдырауымен байланысты еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы бұл жылдары тиісінше дәрежеде өспей, тауарларды ырықтандыру деңгейінен ондаған есе артта қалып қойды. Халықтың материалдық тұрмыстық жағдайының үнемі нашарлауы, баға мен ақшаның құнсыздану жылдамдығының өсуі адамдардың болашаққа деген сенімсіздігін, моральдық–психологиялық дағдарысқа ұрынуын күшейтті, рухани жүдеулік өрбіді.

Еліміздің барлық аймақтарында өндірістің құлдырауы және соған байланысты халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі демографиялық жағдайға әсерін тигізді. Мұны бала туу мен өлім – жітімнің, сондай – ақ , халықтың республикадан тыс жерлерге көшшіп кетуінің жай – күйін сипаттайтын көрсеткіштерден анық байқауға болады. Мәселен, 1991-1995 жылдар аралығындаәр мың тұрғынға шаққанда бала туу деңгейі 21,0 адамнан 16,6 адамға дейін азайды. Сонымен қатар басқа жақтарға, соның ішінде Израильге, Германияға, АҚШ–қа , Ресейге т.б жерлерге қоныс аударушылар көбейді. Олардың саны: 1992 жылы–352 мың, 1993 жылы– 333 мың, 1994 жылы–542 мың, 1995 жылы–423 мың, 1996 жылы–229,4 мың, 1997 жылы–229,4 мың, 1998 жылы–243,6 мың, 1999 жылы–162 мың, 2000 жылы–156,8 мың, 2001 жылы–143,6 мың болды. [9,216-б.] Осы себептермен байланысты халықтың саны жылдан – жылға қысқарды. Егер 1992 жылы Қазақстанда – 17 млн халық болса, 1993 жылы – 16 млн.871 мың, 1995 жылы – 16 млн. 539 мың, 1996 жылы – 16 млн. 41мың, 1997 жылы – 15млн.860 мың, 1999 жылдың басында 14млн.951 мың, ал 2002ж. басында 14млн.820 мың адам болған немесе 1992 жылмен салыстырғанда республикада тұратын халықтың саны 2 млн.180 мың адамға қысқарған. Соңғы кезде қалада тұратын халық көбейді, еліміздегі барлық халықтың 57 пайызы қалаларда, ал қалған 43 пайызы ауыл – селоларда тұрады. [сонда,217-б.]

Республика көлемінде 131 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрып жатыр. Бір айрықша бөліп айта кететін жайт, қазақтар саны бірте – бірте басымдыққа ие болып келеді. Мәселен, ХХғ 60-шы жылдары қазақтар елде тұратын халықтың үштн бірін қамтыса, 1997 жылдың басында олар ерспублика халқының тең жарымын құрады. 1999 жылдың басындағы халық санағы деректері бойынша қазақтардың саны 8,2 млн адамға жетіп, жалпы халықтың 53,4 пайызын қамтыған.

Экономикалық реформалар процесі иереңдеп, еңбек рыногіндегі жағдай неғұрлым шапшаң шиеленіскен сайын халықты жұмыспен қамту проблемасы күрделенді. Адамдардың еркін еңбек етуге және қалаған мамандығын таңдап алуына деген құқықтары сөз жүзінде қалды. Нәтижесінде 1991 жылдан бастап республикада жұмыссыздық басталды. Бұған басқа елдерден жұмыскерлер алып келуінің де кері әсері тиді. Оны төмендері деректерден көрсетеді: [9,145-б. және 10,66-б.]



8-кесте

Еңбек рыногінің негізгі көрсеткіштерінің өзгеру барысы




1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

Еңбекпен қамтитын қызмет орнына жұмыс іздеп келген адам саны (барлығы мың адам)

185,0

282,8

236,8

270,7

352,0

562,0

257,5

251,9

251,9

231,4

180,8

Пайыз көлемінде

0,05

0,95

1,1

1,6

3,0

5,6

13

13,1

13,5

12,8

10,4

Еңбекке орналастырылған (мың адам)

89,7

104,6

104,5

93,5

92,3

100,3

96,4

105,3

72,8

127,6

150,9

Жұмыссыз деп саналған адамдар (барл. Мың адам)

391,7

276,1

285,3

113,0

203,0

203,0

391,7

276,1

110,5

136,8

179,0

Кестеде көрсетілгендей, 1991 жылы жұмыс сұрап келгендер саны 185 мың адам болса, 1996 жылы оның саны 562 мың адамға жеткен, толық жұмыссыз деп саналғаны – 1991 жылы 44 мың адам болса, 1996 жылы – 391,7 мың, жыл ішіндегі жұмыссыздар пайыз есебімен 1991 жылы – 0,05 болса, 1996 жылы бұл көрсеткіш 5,6 пайызға жеткен, ал 2002 жылы жұмыссыздар саны жалпы еңбекке жарамды халықтың 8,1 пайызын қамтыған. Бұған қоса көзге көрінбейтін жұмыссыздық тағы бар, бірақ ол көп жағдайда дәл есепке алынбайды. Ресми деректерге қарағанда уақытша жұмыс істемейтін адамдар негізінен кәсіпорындардың жиі тоқтауына байланысты орын алған. Қазақстандағы ауылда тұратын халықтың әлеуметтік жағдайы Одақ кезінде де басқа республикалар мен, экономикалық аудандармен салыстырғанда кейін қалып келгені белгілі. Оның үстіне біздің ауыл шаруашылығының үлес салмағы үлкен, тұрғындардың көп бөлігі ауылдық жерде тұрады. Осыған қарамастан дағдарыс алдымен ауылдағы халыққа қаттырақ тиді. Мұның себептері де бар. әуелі ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп және басқа да салалар өнімдерінің бағасы арасында үлкен алшақтық туды. Тепе – теңдіктен өте алыс баға алшақтығы ауыл шаруашылығын қатты күйзеліске әкеліп соқтырды. Оған колхоздар мен кеңшарларда тез арада жекешелендіру науқаны қосылды. Көптеген бұрынғы кеңшарларда жыл бойы еңбек ететін 600-800 адамның үштен бірі, кей жерде жартысы жұмыссыз қалды. Жастар лек – легімен жұмыс іздеп қалаға ағылды. Қалаға келгенде де олар қарық болған жоқ. Не баспана, не дайын жұмыс пен табыс жоқ, сенделіп жүріп азын – аулақ саудамен, рэкетпен, ұрлық – қарлықпен шұғылданып, мыңдаған қазақ жастары қылмыскерлер қатарын толтырды.

Сондықтан бүгінгі ауыл жастарының болашағы бұлыңғыр екенін жан – жақты ескеріп, оларды қаладан кетіп жатқан басқа ұлттардың жұмыс орнына орналастыру шаралары жүргізілді. Осымен байланысты Елбасы Н.Назарбаев 2002 жылы Ақтау қаласында республика жастарының конгресінде сөйлеген сөзінде болып жатқан қиындықтарды жеңе білуге, аянбай еңбек етуге, ең бастысы болашақ қоғамның жақсы азаматы болу үшін тиянақты білім алуға шақырды.

Егемен мемлекеттің әлеуметтік саладағы жүзеге асыратын істерінің бірі – еңбек ақыны жолға қою, өнімді еңбек еткен адамның жалақысын үнемі өсіріп отыру. Ол саудамен, алып – сатарлықпен шұғылданатын адамнан кем таппауы керек. Бірақ іс жүзінде бұл аса маңызды мәселе ХХғ. 90-шы жылдары өзінің шешуін таппады, әсіресе, мемлекеттік бюджеттің қарауындағы халыққа білім беру, денсаулық сақтау, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мәдениет пен ғылым саласының қызметкерлерінің алатын жалақысы өте төмен деңгейде қалып қойды. Жалақыны бетімен жіберу үкіметтің реформа жасаудағы қателіктерінің бірі болды. Елдің көбі әліде болса жұмысты аз істеп, ақшаны көп алғысы келеді. Халық шаруашылығы жетекші салаларының жұмысшылары мен қызметкерлері мемелкеттік бюджетте тиісті ақшаның болмауы себепті жалақыларын бірнеше ай бойы ала алмайтын халгежетті. Міне, осының салдарынан шахтерлердің, мектеп мұғалімдерінің, дәрігерлердің ереуілге шығуы жиілей түсті. [53,400-б.]

Әлеуметтік проблемадағы тағы бір шешімін табатын мәселе – ол шалғай аудандарда, шөл және шөлейт жерлерде, Арал, Семей полигоны сияқты эконогиялық апат аймағында тұратын халықтың тұрмысын көтеру. Жасыратын жоқ, ол жерлердің ьарлығында негізінен өзіміздің қандастарымыз, қазақ ұлтының өкілдері тұрады. Сондықтан осы маңызды әлеуметтік мәселені қолға алмай, оны тиісті дәрежеде шешпей, Қазақстанның экономикасы жөнінде айту қиын.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет