2. 2. Халықты зейнетақы,тұрғын үй,азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі
Қазақстанның әлеуметтік саласындағы басты мәселелердің бірі – зейнетақымен қамтамасыз ету. Соңғы кезде елімізде зейнеткерлердің қатары едәуір өсіп, олардың саны 2002 жылы 3 миллион адамға жетті. Бірақ көптеген аймақтарда халықтың осы әлеуметтік тобы өзінің маңдай тер, табан ақысының қайтарымын ала алмауы олардың наразылығын туғызды. Сондықтан үкімет, оның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы қарызынан құтылу мақсатында басты үш бағытта бірқатар жұмыс жүргізді. Біріншісі – зейнетақының бұрынғы қарыздарын жабу, екіншісі – қазіргі зейнетақыны уақытында төлеу, үшіншісі – зейнетақы жүйесін реформалау. Бұл үш бағытта жүргізілген іс – шаралар бірсыпыра қайтарымын беріп, 1999 жылдың зейнетақы қарызын төлеуде бірқатар шаралар іске асырылды. Әсіресе, жеті – сегіз ай бойы зейнетақыларын ала алмай келген ауыл тұрғындарына ерекше көңіл бөлінді.
А) Тұрғын үй мәселесі : Халықтың тұрмысындағы елеулі көрсеткіш, ол – тұрғын үймен қамтамасыз ету. Кеңес өкіметі тұсында да, одан кейінгі жылдарда да тұрғын үй адамдардың ең басты мұқтаждықтары болып қала берді. Осыған қарамастан республикада тұрғын үй салу жылдан – жылға азайға үстіне азайды. Мәселен, 1988 жылы үй салу көлемі елімізде 8,8 миллион шаршы метрге жетсе, 1993 жыл ол 3,5миллионға дейін кеміді, 1995 жылы тек 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 1996 жылы оның көлемі бір миллиондай ғана болған, ал кейінгі 1997-1999жж. одан әрі төмендеді. [56,75-б.]
Тек Қазақстан экономикасының 2000 жылдан бастап ілгерілеуімен байланысты тұрғын үй құрылысы соңғы жылдары қайтадан көтерілді. 2002 жылы үй құрылысына 29,4 миллиард теңге инвестициялық қаржы жұмсалды немесе 2001 жылмен салыстырғанда 7,9 пйызға артты. Жаңадан 1402,7 мың шаршы метрді қамтитын 11,25 мың пәтер іске қосылды. Үй құрылысы, әсіресе Алматы мен Астана қалаларында кең өріс алды. Мұндағы тұрғызылған үй көлемінің құрылысы жалпы республика бойынша салынған тұрғын үй көлемінің 17,9 және 14,3 пайызын қамтыды. [сонда,77-б.]
Соңы кезде коммуналдық қызмет көрсету айтарлықтай қымбаттады. Пәтер ақы, телефон, газ бәрінің бағасы көтерілді. Оның үстіне қалаларда, облыс орталықтарында үй, мекеме дұрыс жылынбай, ыстық су, газ болмау жиі – жиі бола бастады. Жағатын көмірге төлейтін жергілікті бюджетте ақша жоқ деп халықты тоңдырып қою орын алды.
Б) Азық түлікпен қамтамассыз ету: Республикада бір кезде әжептеуір дамыған жеңіл өнеркәсіп салалары кейінгі жылдары қысқарды. Шет елдерден келір жатқан сапасыз тауарларға бөгет қою іске асырылмады. Жеңіл өнеркәсіп саласында өсім азайған сайын баға өсіп отырды. Мәселен, халық тұтынатын тауарлардың бағасы 1992 жылы 31 есе, 1993 жылы 23 есе қымбаттады. Ал халықтың жан басына шаққандағы ттабысы 14 есе ғана өсті, табыстың өсуінен бағаның өсуі он есеге артты. Сондықтан да халықтың басым көпшілігінің тұрмыс деңгейі, хал – ахуалы төмендеді және бай мен кедейге бөліну қарқын алды. [52,117-б.]
Міне, осы жағдайларды ескере отырып, Қазақстан өкіметі халықтың әл – ауқатын жақсарту, соның ішінде халық шаруашылығы салаларында еңбек тетін адамдардың жалақысын көбейтуге назар аударды. Экономиканың артуы әлеуметтік міндеттердің үлкен кешенін шешуге мүмкіндік берді. Тек 2002 жылы отраша айлық 54 пайызға, немесе 1999 жылғы 9400 теңгеден 18 мың 500 теңгеге дейін көбейді, ең төменгі жалақы көлемі 5 мың теңгені құрады. Бұл жылдары үкімет, әсіресе, бюджеттегі мекемелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге көңіл бөлді. 2002 жылы тек мұғалімдердің жалақысы 35 пайыздан астам көбейтілді. Бұл мұғалімдердің орташа айлық жалақысының мөлшерін 2000 жылғы 7 мың теңгеден, 9300 теңгеге дейін, жоғары оқу орындары профессор – оқытушылардың орташа айлық жалақысы тиісінше 10 мыңнан 17125 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұған қоса студенттердің айлық степендиясының мөлшері 1500- ден 2016 теңгеге дейін өсті. [50,447-б.]
ХХ ғасырдың 90- жылдары еліміздің нарық қатынасына көшу Кеңестер Одағының тарауы және көрші республикалармен экономикалық – сауда қатынастарының қысқаруы көптеген материалдық қиындықтарға ұшыратты. Халық тұтынатын өнеркәсіп тауарлары, киім, аяқ киім, балаларға қажетті киімдер, тоқыма бұйымдары жетіспеді. Бұл жылдары халық тұтынатын тауарлардың азайғандығын төмендегі деректер көрсетеді: [8,315-б.]
9-кесте
Халық тұтынатын тауарлар көлемі
Тауар түрлері
|
1991
|
1993
|
1995
|
1997
|
1998
|
1999
|
2000
|
Барлық мата тауарлары (млн.шаршы м)
|
249
|
188
|
3,04
|
19,6
|
12,7
|
12,5
|
6,8
|
Шөлки- шұлық (млн.жұп)
|
83
|
71
|
11,1
|
4,0
|
2,0
|
1,2
|
1,7
|
Аяқ киім(млн.жұп)
|
43
|
16
|
2,1
|
1,6
|
1,1
|
0,6
|
1,2
|
Тоқыма бұйымдары (млн.дана)
|
112
|
50
|
9,0
|
3,7
|
1,1
|
1,0
|
0,5
|
Кестедегі деректерден байқалатыны 1997 жылы барлық мата тауарлры 1991 жылмен салыстырғанда 20 еседей, тоқыма бұйымдары 90 есе, 1995 жылы шөлки – шұлық 1991 жылмен салыстырғанда 8 есе, аяқ киім 16 есе қысқарған. Халықты жеңіл өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз ету жайы кейінгі жылдары да өзінің тұрақты толық шешімін тапқан жоқ.
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жылдан – жылға азайып кетумен байланысты 1999 – 1998 жылдары малдан, астықтан алынатын тағамдар көлемі қысқарды және ондаған есе қымбаттады. Халық негізінен нан, сүт, картоппен күнелте бастады. Оны төменде келтірліген деректерден көруге болады: [50,447-б.]
10-кесте
1992-2002 жж Қазақстанда азық – түлік тауарларын өндіру көлемі.
Өндіру көлемі (мың тонна)
|
1991
|
1993
|
1995
|
1997
|
1998
|
2000
|
2001
|
2002
|
Ет өндіру (мың тонна)
|
1524
|
1312
|
985
|
717
|
636
|
623
|
654,5
|
672
|
Сары май
|
76
|
67
|
30,1
|
68,5
|
43,5
|
43,5
|
-
|
-
|
Сүт өнімдері
|
5555
|
5575
|
4619
|
3335
|
3364
|
3730
|
3923
|
4020
|
Жұмыртқа (млрд)
|
4075
|
3288
|
1841
|
1266
|
1388
|
1572
|
1800
|
1900
|
Кондитерлік бұйымдар
|
210
|
111
|
29,8
|
25,2
|
25,2
|
28,2
|
-
|
-
|
Кесетедегі деректер тамақ өнеркәсібінің күйзеліс күйінен біраз мағлұмат береді. Ет өндіру 1991 жылмен салыстырғанда 1997 жылы 12,5 есе , сары май – 18 есе, сүт өнімдері – 11,6 есе, өсімдік майы – 6 есе, крндитер бұйымдары 9 есеге жуық кеміген. Бұл жылдары шет елдің колбасасын (Франция, Ресейдің т.б елдердің), қантын (Ресейдің, қытайдың), тауығын (АҚШ – тың, басқа да елдердің), ірімшігін (Ресейдің, Голландияның), өсімдік майын, арағын (10-15 елден) сатып алу артты. Әсіресе, астық жеткілікті бола тұра макарон, печенье, пряник шығаруды азайту бұқара халық үшін түсініксіз болды.
Азық – түлік түрлерінің азаюы адамдардың тағам рацонының құрамдық сапасының төмендеуіне әкеп соқтырды. Оны төмендегі кестеден байқауға болады:
11-кесте
Әр адам басына (кило)
|
1992
|
1993
|
1994
|
1995
|
1996
|
1997
|
1998
|
1999
|
2000
|
Ет және ет өнімдері
|
63
|
60
|
58
|
52
|
50
|
50
|
45
|
44
|
44
|
Сүт және сүт өнімдері
|
275
|
265
|
251
|
229
|
211
|
196
|
206
|
211
|
235
|
Жұмыртқа (дана)
|
179
|
174
|
143
|
97
|
70
|
69
|
79
|
60
|
102
|
Балық, балық өнімдері
|
4,8
|
4,8
|
5,2
|
4,8
|
4,6
|
3,5
|
3,6
|
3,0
|
3,5
|
Құмшекер
|
19,6
|
18,4
|
18,9
|
18,5
|
17,6
|
18,1
|
20,3
|
20,3
|
21,0
|
өсімдік майы
|
6,1
|
7,1
|
7,4
|
7,6
|
7,4
|
6,5
|
6,8
|
7,2
|
8,9
|
Картоп
|
92
|
82
|
77
|
70
|
67
|
68
|
60
|
60
|
66
|
Көкөніс және бақша дақылдары
|
63
|
51
|
54
|
56
|
52
|
55
|
70
|
76
|
80
|
Нан өнімдері
|
156
|
184
|
203
|
185
|
185
|
200
|
137
|
101
|
105
|
Жеміс және жидек
|
17
|
10,0
|
10,0
|
11,0
|
10,0
|
9,0
|
7,0
|
9,0
|
15
|
Кестеден көрініп тұрғандай, соңғы жылдары адам ағзасы үшін пайдалы азық түрлерін (ет, сүт, жеміс) тұтыну жағы азйып, ана өнімдерінің үлес салмағы өсе түскен. Мәселен, 1998 жылы ет және ет өнімдерін пайдалану 1992 жылмен салыстырғанда әр тұрғынға 20 кило, сүт және сүт өнімдерін пайдалану 66 кило, жұмыртқа – 101 данаға, катоп 32 кило, жеміс 11 кило кеміген. Керісінше нан өнімдері 43 киләға өскен. [сонда]
Сондықтан осы жоғарыда көрсетілген жағымсыз деректерден тиісті қорытынды шығарып, қайткен күнде де экономиканы, соның ішінде аграрлық сектор саласы арқылы халықтың тұрмысы, тмақтануын, әл – ауқатын жақсарту үкімет алдына жақын арадағы өзекті мәселелердің бірі болып қойылды. Ауылды өркендетудің басты факторы агроөнеркәсіп кешенін тұрлаулы әрі серпінді дамыту және оның экономикасын осы заманғы нарық қағидаттары негізінде шапшаң ілгерілету шаралары жүзеге асырылды. Мұның өзі ауыл шаруашылығы салларын 2000 жылдан бастап едәуір деңгейде дамытуға қол жеткізді. Жоғарыдағы деректер көрсеткендей ет өндіру 672 мың тоннаға, сүт өнімдерін өндіру 4 млн. 20 мың тоннаға, жұмыртқа 1,9 миллиард данаға өсті. Осының арқасында республика тұрғындрының жан басына шаққанда аса қажетті азық түрлерін (сүт, жұмыртқа, жеміс – жидек) тұтыну біршама жақсарды.
Қазақстан үкіметінің әлеуметтік саясатының маңызды бір саласы зейнетақыны одан әрі арттыру болып табылады. Бұл бағытта елімізде оң қалыпты үрдіс жалғасын табуда. Атап айтқанда, зейнетақының ең төменгі мөлшері 1998 жылы 3 мың теңге болса, 1999 жылы үкімет оған 500 теңге қосты. 2000 – жылы тағы 500 теңге қосылып, 4 мың теңгеге жетті. Үкімет зейнеткерлердің өтініш тілктеніне байланысты 2002 жылы қосымша 455 теңгені ең төменгі зейнетақы алатындарға қосумен бірге, 10 мың теңгеден төмен жалақы алатындарға да қосты. Ал ондай зейнеткерлердің саны бір миллион 100 мың адамды қамтыды. Жалпы 2000-2002 жылдары зейнетақы төлемдрінің ең аз мөлшері үш мәрте артып, 23 пайызға өсті. 2003 жылдың басында Президенттің жарлығымен зейнетақы көлемі тағы да 12 пайызға көтерілді, сөйтіп ең төменгі зейнетақының көлемі 5 мың теңгеге жетті. Қазақстан Прездиенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылға арналған республика халқына Жолдауында 2003 жылы 1-ші шілдеден бастап зейнетақының ең төменгі деңгейін 5,5 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланған. Сондай – ақ Жолдауда әрбір зейнеткердің еңбектегі еншісін, жұмыс өтілін, зейнеткерлікке шыққан кездегі жалақысын ескеріп,, зейнетақының неғұрлым әділетті шамасын белгілеу туралы айтылған. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін бір жарым жылдың ішінде қосымша 60 миллиард теңге бөлінетіндігі атап көрсетілді. [20,115-б.]
С) Зейнетақы мәселесі: Қазақстан қоғамының он жыл көлемінде жоспарлы экономикадан либералды экономикаға ауысуы және нарықтық қатынастардың дамуымен бірге тұрғындарды әлеуметтік қорғауда да түбірлі өзгерістер орын алды. Әсірсе, бұл 2,5 млн адамдардың мүддесі болатын, онда жасына қарай, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылғандардың, мамандықтың науқастарының және еңбекке жарамсыздығына қарай төленетін зейнетақы жүйесін қайта құру қажеттігі туындады.[56,114-б.]
Қазақстан Республикасында жүргізілген зейнетақы реформасының даму тарихын нақты екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Алғашқысы, «реформаға дейінгі» (1891-1897жж) деп аталатын кезеңде зейнетақы жүйесі бізге Кеңестік Одақтан мұралыққа қалдырылған «бірдейлік» принципімен жұсы істеді. Бұл жүйе бойынша зейнетақы төлемдерінің бірден – бір қор көзі мемлекет болып табылады. Ал мемлекет өзінің зейнетақы қорын жұмыс берушілердің әлеуметтік салықтары есебінен толықтырып отырады. әлеуметтік салықтардың көлемі жол ақылардың жалпы қорына пайыздық қатынаспен ебліленетін еді. Басқа сөзбен айтқанда, барлық еңбек етушілер еңбек жасынан шығып қалған азаматтарға зейнетақы төлеу үшін қор құрып отырған. Осылайша, экономикалық жағдайға және тұрғындардың еңбекпен қамтылу дәрежесіне байланыссыз, мемлекет зейнетақы төлеу және инфляцияны ескере отырып оны индекстеу міндеттемесін сақтап қалы тиіс болды.[сонда,116-б.]
Екінші кезеңде – «бірдейлік» таратушылық жүйеден бас тарту және жинақтаушы сақтандыру технологиясына өту процессі жүргізілді. 1997 жылдың наурызында қабылданған «Қазақстан республикада зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне реформалау Концепциясы» және 1997 жылдың маусымындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы зейнетақымен қаматамсыз ету жүйесін қайта құрудың негізін қалады.
Беліленген өзгерістердің мазмұны ұлттық зейнетақы жүйесін ұйымдастыру моделін өзгертуге бағытталды. Біркелкі негіздендірілген және теңестірілген жүйенің орнына әлеуметтік сақтандыру принципімен құрылған тармақталған, дербестенілген, көпдәрежелі зейнетақы жүйесі келді. [60,28-б.] Біздің түсінігіміз үшін айтарлықтай жаңа әлеуметтік – қаржы институты – мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) құрылды. Бұл зейнетақының ең басты ерекшелігі, әрбір еңбек тушінің өзінің болашақтағы зейнетақысы өзі және зейнетақы жарнасының көлеміне, сондай – ақ зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін қосымша есептеулерге (дивиденттерге) байланысты болады.
Жұмыс істеп отырған бірдейлік жүйенің бұдан әрі жүргізілуі мүмкін болмай қалуынан туындаған бірқатар экономикалық факторлар жинақтаушы жүйеге ауысуға алып келді.
Реформалардың алғашқы кезеңдерінде (1991 – 1993жж) үкімет әлеуметтік бейімделген қоғамның экономикалық концепциясын сақтап қалуға тырысты. Алайда аталмыш концепция қаржы жағынан шамсыз болып шықты. Оны іске асырудың принциптерінде консервативтік әкімшілдік – шаруашылық жүйесінің маңызды беглілері сақталынған болатын.
Экономикалық тұрғыдан бұл кең тараған төлей алмау жағдайына алып келді. Нарықтық жағдайда зейнетақы міндетті аударудың маңызды көлемде болуы кәсіпорындардың шығындарының өсуіне, жұмыс күшіне бөлінетін шығындардың артуына алып келді. Мұның нәтижесінде толық көлемде төлеуден қашуға бағытталған экоомикалық тәртіпке алып келді, оның салдарынан, қорға қаржы толық аудрымдар және тұрғындарға ақы төлемеу өсті.
Бағалау мәліметіне қарағанда, зейнетақы қоры есептерде жалақылар мен кірістердің 50-60 пайызы ғана көрсетілген.
Екіншіден, экономикалық жағдайдың одан әрі нашарлауы жұмыссыздықтың өсуіне алып келген кәсіпорындардың басым көпшілігінің тоқтап қалуы, инфляцияның өсуі (ең жоғары дәрежге 1992 жылы жетті – жылына 2960,8 пайыз), еңбек ақысын төлеу қоры базасының қысқаруына алып келді. [20,46-б.]
Жаңа экономикалық және саяси жағдайда әлеуметтік саясатқа ескі әдістерді әрі қарай қолдануға болмайтындығын жақсы түсінген жаңа Үкімет әлеуметтік шектеулікте макроэконмикалық тұрақтылықты ресми мәлімдеген реформалардың жаңа моделін қабылдады.
Осылайша, 1994 жылғы республикалық бюджетті талқылау және мақұлдау барысында, Үкмет әйгілі болмасада, бюджеттің шығыс бөлігін қайткенде де мүмкіндігінше азайтуға ықпал ететін, сол кездегі аса қажетті іс – шараны жүзеге асыруға мәжбүр болды. Қымбасқа түсетін әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды тоқтатуға; әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктерді мал мүлкі аздар мен тұрғындардың әлсіз қорғалған бөлігіне ғана беруге; кредиттер туралы келісімдерді қабылдауға және жасау барысында ХВҚ (Халықаралық валюта қоры) миссияға ұсынғандай анық және жасырын жалпы субсидияларды күрт қысқартып, орнына жоғары дәрежед адрестелген әлеуметтік қорғауды енгізуге.
Ал зейнетақы жүйеге келетін болсақ, бір жағынан ол зейнеткерлердің басым көпшілігінің минималды қажеттілігін де өтеуге қабілетсіз болса, екінші жағынан – экономика үшін ауыр жүк болды. Бұл жағдай, сонымен бірге 1993 жылдан 1995 жылға дейін зейнеткерлердің санының 2867 мыңнан 2939 мыңға дейін көбейуі, 1/5 бөлігін құрағандығы қиындатып жіберді. [18,98-б.] Табиғи қартаю проесі негізінде зейнеткерлердің санының өсуі, республиканың зейнетақы қорының жүгін ұлғайта түсті.
Осылайша, зейнетақы қорының дефециті күрделі проблема туғызды және зейнетқылық қамсыздандырудың өмір сүріп отырған жүйсін қайта құрудың қажеттілігне алып келді.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі мемлекеттіліктің даму тәжірибесін таңдап алған Қазақстан Республикасының Конститутциясын 1995ж қабылдағаннан соң, ішкі саясатта, республика тұрғындарын әлеуметтік қауіпсіздендіруді қамтамасыз ететін мемлекеттік механизмді қалыптастыруды мақсат еткен заңдық акттер мен жоктриналар әзірлеу басталды. Әлеуметтік сала реформасының негізгі идеясы мұндай формула болды: әлеуметтік мемлекет принципі әлеуметтік асыраушылық және патернализмді білдірмейді.
Мұнда әлеуметтік саясатта мынадай приоритеттер ерекшелендірілді:
елде әлеуметтік тұрақтылықты сақтау жне нығайту;
әлеуметтік саланы нарықтық қатынастың белсенді субъектісіне айналдыру;
доктринаны жүзеге асыруда саяси интитуттарды анықтау және экономикалық механизмдерді іске қосу,
рухани өндіріс саласында реформаны құқықтық жағынан сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
Аталған приоритеттер, оның ішінде әсіресе «әлеуметтік саланы нарықтық қатынастың белсенді субъектісіне айналдыру» кейіннен 1997 ж. наурызда қабылданған Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалау Концепциясында көрніс тапты.
Осылайша, елдің әлеуметтік бағытталған қоғамнан әлеуметтік бағытталған экономикаға ауысуы, әлеуметтік сақтандырудың бюджеттік емес автономиялық түрлерінің тармақталған жүйесін мемлекеттік бюджеттен дотациялар төлеуі негізінде әлеуметтік сақтандыруды өзгерту қажеттігін туғызды.
1998 жылдың 1- қаңтарынан бірдейлік зейнетақы жүйесін деклорациялаған 1991 жлы 17- маусымдағы «ҚР азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының күші жойылды және жаңа зейнетақы жүйесі жүзеге асырыла бастаған, осының нәтижесінде бұрын өмір сүрген зейнетақы қоры зейнетақы төлейтін мемлекеттік орталық болып қайт құрылды. Бұл орган іс жүзіндегі зейнеткерлерге зейнетақы төлеуді жүргізді және еңбек төлемдері қорынан міндетті 15 пайыздық жарна есебінен және жинақтаушы зейнетақы қорларынан: жекеменшік – мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан (МЖЗҚ), өз қорларын толықтырып отыратын болды.
өзінің жаңалығына қрамастан жаңа зейнетқы саясаты бірдейліктің де және жинақтаушы жүйелердің де принциптерін үйлестіре алды. Осы жағдайдың арқасында зейнетақы жүйесінің аталмыш модельі іс жүзіндегі зейнеткерлерге және салыстырмалы түрде индивидуалды зейнеткерлік жинақтауға сақтандыру жарналарын салушыларға жда қатысты бірдей адамгершілікті болды. Себебі, жаңа жүйеде бір жағынан 1998 жылдың 1 – қаңтарына дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтарды зейнетақмен қамтамасыз ету бойынша міндеткерлігін сақтап қалса, екінші жағынан жинақталған сақтандыру жарналарының келешектегі зейнетақы соммасы мөлшрінің сәйкестендіруге гарант болатын болды. [19,100-б.]
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің схемасы үш қаржы зейнетақы қорының (ЖЗҚ), зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялармен банк – кастодиондардың.
әрбір салушы қаржы бөлген мезеттен өзі таңдаған жинақтаушы қорынан индивидуалды счетқа ие болады. Оның қаржысы, заңға сәйкес, зейнетақы активтерін басқару бойынша компанияларға (ЗАБК) аударылады. ЗАБК өз кезеңінде банк – кастадиондар арқылы мынадай пропоруияда түскен қаржыларды орналастырады: 25 пайыздан кем емес бөлігін мемлекеттік қысқа мерізімдерге құнды қағаздарға салынады, 25 пайызы – мемлекеттік орта және ұзақ мерзімділік құнды қғаздарға, 10 пайызы хлықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздарына, 40 пайызы банктік депозиттік сертификаттарға және екінші дәрежедегі банктер депозиттерге, 10 пайызы «А» листингіне (халықаралық стандарттар бойынша аудит) енгізілген эмиттер акциясына аударылады. [20,48-б.]
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) жинақтаушы жүйе құрылысында бола отырып, көптеген жекеменшік қорларымен бірге бір өзі әрекет етеді. Оның мемлекеттік емес жинақтаушы қордан бірден – бір айырмашлықтары зейнетақы активтерін мемлекеттік емес секторларға орналастыра алмайтындығында, бұл жағдай мемлекеттің зейнетақы активтерін сақтандыруға заңдық негізде жауапкершілігі бекітілгендігін білдіреді.
Жекеменшік жинақтаушы қорлардың сенімділігінің кепілі оларды лицензиялау және олардың қызметін құнды қағаздар бойынша Ұлттық комиссиямен Еңбек және ҚР тұрғындрын әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігі жүргізетін ьақылау болып табылады.
Жүргізілген реформалардың нәтижесінде Қазақстан Үкіметі азаматтардың кейінгі өз тағдырына толық жауапкершілігінің болуына нгізделінген зейнетақымен қамтамасыз етудің принциптік жаңа жүйесіне ие болды. Онда әрбір адам өзінің еңбек жолының басталуымен болшақтағы зейнетақысын жинқтай бастайды.
Мұнда жңа жинақтаушы зейнетақы жүйесінің экономикалық жағынан тарықшылығын да ұмытпау қажет. 2000 ж. 1 қарашасында 16 жинақтаушы зейнетақ қорларында, оның ішінде МЖЗҚ – да, барлық салымшылардың саны 3578 153 адамды құрады. Ал зейнетақы ктивтері 101,8 млрд. Теңгені немесе 702 млн АҚш долларды (оның ішінде 40,8 пайыз – МЖЗҚ – ң зейнетақы активтері) құрады, немесе бұл көрсеткіш Қазақстанның 1999 жылғы ЖІӨ - нің 5,1 пайызы болатын. [60.118-б.]
Қор шоттарына зейнетақы қаржыларының мұндай темпте жинақталынуы зейнетақы активтерін инвестициялаудың қажеттілігін туғызды. Сонымен бірге, зейнетақ реформасының негізгі механизмі азаматтардың ұзақ мерзімділік жинақтары және бұл қаржыларды елдің нақт экономикасы мен өнеркәсіп өндірісіне инвестициялау болып табылады. Елдің кез келген коммерциялық банк, бұл жағдайда, зейнетақы қорларына бәсекелес бола алмас. Зейнетақы қорларынан қаржыларды пайдалану кезеңі орта есеппен 30 жылды құрйды деп болжамдалған. [сонда,119-б.]
Соған қрамастан зейнетақы қорларының потенциалы ішкі институтционалдық инвесторлардыкі сияқты толық көлемде қолднылмады. Зейнетақы активтерінің 80 пайыздан астамы мемлекеттік құнды қағаздарға салынды да, олар экономиканың нақты секторларына толыққанды жұмыс сітей алмады, өндірісті ынталандыра алмады, жаңа жұмыс орындарын құра алмады, салық салынатын базаны ұлғайтуға үлес қоспады, тек ағымдағы бюджеттік мақсатқа қолданылды. Ал осы тәжірибені біздің еліміз үлгі ретінде алған Чили мемлекетінде зейнетақы жинақтары экономиканы көтеруде шешуші роль ойнады және экономиканың 3,5 тен 6 пайызға дейін өсуіне себепші болған еді.
Зейнетақы қорлары сапалы қолданудағы проблемаларды шешудегі негізгі негатив бұл – капиталдар рыногының жеткілікті дәрежеде дамымағандығын, оның ішінде құнды қағаздар рыногының дамымауы болыап табылады. Ал бұл жағдай елдің өндірістік кәсіпорындарына инвестиция салу процессін тежеді. Сондықтан осы бағыттағы ақулды өзгертпейінше зейнетақы реформсының әрі қарай жемісті түрде жалғасуына үміт етуге болмайтын еді.
Жалпы алғанда зейнетақы реформасы бұрынға КСРО – дан мұралыққа қалған «бірдейлік» жүйесіне қарағанда әлдеқайда прогрессивті екендігі айдан анық еді. Ал жоғарыдағы айтылған кемшіліктер әлеуметтік салада шешімін күтіп тұрған басқа да проблемалар сияқты зейнетақы мәселесінде де жетілдірілуін талап еткен болатын. Кейінгі жылдары аталмыш проблемалар орнықты шешімін тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |