40
Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен
сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес
келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі
бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің
іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады.
Сөйлеу
стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.
А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» еңбегінде стиль туралы «Әр
ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді,
әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады. Ол белгі
әркімнің
өз ыңғайымен сөз тізіп, әдеттенуінен, салттануынан болады. Ол
салттар жалпы сөз тізу салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз
шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек
жалпы шарттарды орнына
келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз
шығарушылар бәрінен бұрын лебіз дауысынан шыққан сөздің асыл
болуының жалпы шарттарын білуі қажет» дейді [39]. Ол стильді тіл қисыны
мен лұғат қисынының бірігуі деп таниды. Абайдың стилін тануда ол: «Не
нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай
жазады. Сөзі аз, мағынасы көп, терең.
Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі
сыншы болуы керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына оның шеберлігі
керек,
мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де
болған» дейді [39].
Әрбір адамның сөйлеу стилі оның тұлғалық болмысын (мәдениетін,
әдептілігін, мінез-құлқын) көрсете алады.
Енді осы мәтінге мынадай тапсырма беріледі:
Тапсырма. Тілдік мәліметпен танысып, стиль мен оның түрлері
туралы ой бөлісіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: