Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру»



бет3/13
Дата17.04.2023
өлшемі318,37 Kb.
#174679
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
адамгершилик

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, ғұламалар мен ағартушылар, қоғам қайраткерлері, бүгінгі заман ғалымдарының еңбектеріндегі рухани-адамгершілік құндылықтары жүйеге келтіріліп, тағылымдылық мүмкіндіктеріне қарай жіктеліп, мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізіліп, рухани- адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатына пайдаланса, онда рухани- адамгершілік құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық сана-сезімі жоғары, инабатты, адамгершілігі мол, рухани жан-дүниесі бай, рухы биік жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туындайды. Себебі мектептің оқу-тәрбие үрдісі, тәрбиелік шаралар, мектептен тыс тәрбиелік жұмыс мазмұны рухани-адамгершілік негізінде құрылады және сол арқылы бүкіл мектептің тыныс-тіршілігіне оң ықпал жасай алады.
Зерттеудің міндеттері:
- Білім беру үрдісінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
- «Рухани-адамгершілік құндылық» ұғымдарының мәні мен мазмұнын анықтау;
- Оқушылардың рухани-адамгершілігі құндылықтарын қалыптастырудың өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін анықтау;
- Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибе жүзінде зерттеу.
Жетекші идея: рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде оқушыларға ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа негізделген тәрбие кеңістігін құру арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып, өмірді құндылық ретінде бағалауға бағыттайды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық, танымдық ілімі, жеке тұлғаның даму теориясы, құндылықтар теориясы, қазіргі жетекші философиялық қағидалар, ізгіліктілік, демократиялық, кешендік. Адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтар жөніндегі ұлттық тәлім-тәрбие теориясы.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері ресми материалдармен құжаттар (Қ.Р. Конституциясы, «Білім беру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стратегиясы «Этномәдени білім беру» тұжырымдамасы, т.б), оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар мен озат педагогтардың іс-тәжірбиелері.
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты филосорфиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау; оқушыларға сауалнама жүргізу; пікірталас, әңгіме өткізу; теориялық жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін экперимент арқылы тексеру, алынған нәтежелерді статистикалық тұрғыдан өңдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет