Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру»



бет6/13
Дата17.04.2023
өлшемі318,37 Kb.
#174679
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
адамгершилик

Білім

«Білім – інжу, түбінде – анық, қойма сан»; «Ақыл, білім ең әз нәрсе, күшті нық, егер болса, істет, ұшып көкке шық»; «Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын, білім-жарық, нұрын саған шашатын»; «Білім-байлық, азаймас һәм жоғалмас, еш қарақшы, ұрыға да тоңалмас!», т.б.

Білік

«Ақылды-ұлы, біл, білімді-білікті, екеуі ұлы етер, қонса, жігітті»; «Ақыл қайда болса, ұлылық толады, білім кімде болса, сол білікті болады»; «Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы, білімді сөз-шырын, жанның құнары»; «Білік мәнін біл, не дейді білген ер: білім білсең, бәле жүрмес іргеден», т.б.

Дағды

«Білік берді – адам бүгін жетілді, ақыл берді – талай түйін шешілді»; «Оқу-тоқу берер – білім, парасат, оның бәрі ақыл емес, қарасақ»; «Біліп сөйлеп, біліммен бу тіліңді, ұғып іс қыл бастағы ақыл-піріңді», т.б.

Жүсіп Баласағұнидың "Құтадғу білік" еңбегі де рухани-адамгершілік тәрбиелік маңызы мол көнекөз дүние ретінде бүгінгі таңда қажеттілігін жоймақ емес. Ондағы "Салқындылық, тұрақтылық, мінезділік – адамға ауадай қажет", "Қайда жүрсең де, ерлікпен қатар ақкөңілділік те керек",- деген сөздер арқылы Жүсіп Баласағұни жақсы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеп, жұртты жаман мінез, жат қылықтардан аулақ болуға шақырады. [4, 19б.]


Білім дастанда бар жақсылықтың көзі саналады. Кісі құдіреті мен қасиеті таныммен десек, таным оқып-үйрену, білім алу барысында қалыптасады. Оқу мен білім алу адамның ең асыл танымдық әрекеті, өйткені білім адамды ізгілікке, адамшылыққа үйретіп, оның бойында адами құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Білімнің адам болудағы қасиетті көрінуі оның таным көзі болуымен байланысты. Дастанда білімнің мәні осы тұрғыдан терең ашып көрсетіледі, себебі, адам өмірі мен тіршілігінің мәні танып-білумен құнды болып есептеледі. Әрбір адам өзі мен дүниені танумен ғана өмірін мәнді етіп, арман-мұратына жетеді. «Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» дей отырып, ғұлама бақытқа жетудің жолы білім екендігін баса айтады. Ж.Баласағұнидің педагогикалық тұжырымдамасынан оның білімге әр қырынан сипаттама бергенін айқындауға болады. Білімнің тағы бір сипаты ретінде ғұлама оның адамды құрметті, абыройлы ететіндігі, яғни адам білімімен беделді, құрметті бола алады деген тұжырым жасайды. Дастанның өн бойында білімнің құрмет көзі екендігі жиі айтылып тұрады. Бұл жерде ғұламаның өзі таныған ақиқатты жастардың санасына сіңіру қажеттілігін көздеп отырғаны анық байқалады.
Ж.Баласағұнидің еңбегінде дидактиканың көкейкесті мәселесі білім беру мазмұны қарастырылады. Білім беру мазмұны арқылы жеке тұлғаны қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруі мен жүйелі білім алуы, білік пен дағдының қалыптасуы, ақыл-ойы мен сезімінің дамуы, таным арқылы көзқарастарының қалыптасуы жүзеге асырылады. Ж.Баласағұни білім беру мазмұнын білім, білік, дағды, шығармашылық іс-әрекет, дүниеге және қоршаған адамдарға қатынас құрайтынын негіздеп, мұның өзі дүниенің бейнесін қалыптастырудың әдіснамалық негізін, мәдениетті қайта жаңғырту мен сақтауды, мәдениетті дамытуды, еңбекке, оның нәтижелеріне, адамдарға қатынасты қамтамасыз ететіндігін тұжырымдайды (Сурет 5).



Сурет 3 - Ж.Баласағұни еңбегіндегі білім беру мазмұны

Ж.Баласағұнидің тәрбие теориясының негізін жетілген тұлғаны тәрбиелеу ілімі құрайды. Бұл ілім тәрбиенің төрт тұғыры - әділет, дәулет, парасат, қанағат арқылы адамда адамдық ізгі қасиеттерді тәрбиелеу идеясына негізделеді (Сурет 6). Ізгілікті - адами қасиеттерді тәрбиелеуде Ж.Баласағұнидің ойынша, жоғары адамгершілік сана мен мінез-құлықты қалыптастыру басты роль атқарады, соның негізінде ішкі және сыртқы дүниесі бір-біріне сай, рухани және дене әсемдігі өзара үйлескен жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуге болады.



Сурет 4 - Ж.Баласағұнидің тәрбие теориясы
Ж.Баласағұнидің педагогикалық теориясын терең оқып-үйрене отырып, оның педагогика ғылымының шыңында тұруға лайықты ғұлама екендігіне көз жеткіздік. Ғұламаның адамзат қоғамы алдындағы маңызды үлесі - тұлғаны тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі бойынша барлық құндылықтарды игере отырып, ізгілендіру идеясына негізделген педагогикалық ілімді жасауы. Педагогика ғылымының қайнар көзі болып табылатын оның ілімі өзі өмір сүрген қоғам үшін де, қазіргі қоғам үшін де, болашақ үшін де өміршең, ешқашан құндылығын жоймайтын, аса бағалы еңбек болып табылады.
М.Қашқари еңбегінде ғылымның әр саласынан білім беру көзделген, егер білім берудің басты қызметі алдыңғы ұрпақ өкілдерінің жинақтаған тәжірибесін жеткізу болса, ғұлама ең алдымен, білім берудің осы қызметін іске асыруды мақсат етіп қойған. «Бұл бір мәңгілік жәдігерлік уа таусылмас-түгесілмес, азып-тозбас бір байлық болсын деп, бір Тәңірге сыйынып, осы кітапты түзіп шықтым да, оған «Диуани лұғат-ит-түрк» деген ат бердім» дей отырып, өз оқырманына түркі өркениетінің тарихы, тілі, әдебиеті, географиясы, қоғамы және өмір салты туралы білім беруді көздейді.



Сурет 5 – М.Қашқари ілімі мен қазіргі педагогика ғылымындағы тәрбие мазмұнының тұжырымдалуындағы өзара байланыс
Қазақ халқы өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болып, қоғамдық ой-сананы қайта құрып жатқан қазіргі жаһандану дәуірінде көненің көзіндей болып, бізге ғасырлар қойнауынан жеткен педагогикалық мұраларымызды өзара ықпалдастық пен тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырудың маңызы өте зор. Біз зерттеу барысында әлемдік мәдениеттің көшбастаушылары әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің және М.Қашқаридің еңбектеріне жан-жақты, әрі терең тарихи-педагогикалық талдау жасау негізінде олардың педагогикалық ой-пікірлерінің арасында өзара ғылыми үндестік пен мазмұндық ықпалдастықтың бар екенін анықтадық. Оның дәлелі әл-Фарабидің трактаттарының, Ж.Баласағұнидің «Құтты білігінің», М.Қашқаридің «Түрік сөздігінің» мазмұнына арқау болған педагогиканың басты ұғымдары, жалпы педагогиканың негіздері, тәрбие теориясы мен дидактика мәселелері болып табылады. Ғұламалардың педагогикалық теорияларындағы өзара ықпалдастық педагогика ғылымының тамыры тереңге жайылғандығын аңғартады.
Адамгершілік қасиетке ие болып тумайды, ол адам бойына тәрбие арқылы дариды. Сыр бойының 12 ғасырдағы терең білімді, оқымысты ғалымы әрі ақыны Ахмет Иүгенекидің ойынша: "Адамгершілік мінез-құлық уағыздау жолымен ғана емес, оларда моральдық сенімді дамыту және адамгершілікке бейімділікті туғызу арқылы қалыптасады"-дейді. [5, 87б.]
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы адамгершілікке тәрбиелеу әдістемесінде ұлттық құндылықтың негзі ретінде тыйым сөздердің мәнін аша отырып, "Қырық бірге жұғыспау", "Жетіге тиіспеу", "Он екіден айырылмау",- деген мағыналы ережелерді ұсынады. Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов рухани адамгершілік сезімді әсемдік болмыстан, сұлулық негізін – табиғат жаратылысынан іздеп, адам мен табиғат құндылығының үйлесімділігін айқындады. [6, 27б.]
Ы.Алтынсарин еңбектерінде рухани адамгершілікке тәрбиелеу проблемасындағы атап көрсеткен құндылығы: имандылық, әділдік, адалдық, ақкөнілділік, сыпайылық, шын берілгендік, адал-ниеттілік, өсиет, жомарттық, кеңпейілдік, үнемді-орынды жұмсау. [7, 67б.]
Абайдың рухани әлемінің арқауы, яғни оның негізгі зерттеу обьектісі – адам. Ол адамның мінез-құлқын, адамгершілік ізгі қасиеттерін тәрбиелеуді өмір бойы басты идея етіп ұстап, оны кісілік тұрғыдан жетілдіру қажеттігін айқындаған. Абайдың бүкіл шығармашылығы жастарға "адам бол", "азамат бол", "қатарыңнан қалма" деген философиялық қағидада негізделген. Ол философиялық, педагогикалық, психологиялық көзқарастарында адамгершілігі мол адам – қоғамға ең пайдалы адам деген ойды тұжырымдаған. [8, 146б.]
Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген адамгершілік мәселелерін талдап, жүйелесек: біріншіден, өз шығармаларында олардың адам бойындағы ең асыл қасиеттерді дәріптеуі бүгінгі ұрпақтың дүниетанымын кеңейте түсуге көмектеседі; екіншіден, қоғамның даму тарихын адамгершілік тұрғыдан қабылдай білуге, талдау жасауға, терең түсіне білуге үйретеді; үшіншіден, олардың еңбектері жастардың адамгершілік мінез-құлықтарының қалыптасуына бағдар береді; төртіншіден, ғұламалардың рухани қазынасы қазіргі жастардың адамды сүйе білу, адамды тану талғамын қалыптастыруға септігін тигізіп, адами жетілуіне, үйлесімді дамуына негіз болады.
Ұлы ойшылдардың және ағартушылардың шығармаларындағы рухани адамгершілік құндылыққа жетелейтін қағидалары қазіргі таңда өз мәнін жойған жоқ. Одан кейінгі ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілдері, ғалым-педагогтар өз еңбектерінде рухани адамгершілік идеяларын кеңінен уағыздап, көптеген мәдени деректер қалдырған. Мәселен Ш.Құдайбердиевтің "Үш анық" шығармасы жан мен тәннің өзара байланысын көрсете отырып, ақылдылыққа, мейірімділікке, парасатылыққа шақырады.
М.Жұмабаев "Педагогика" оқулығында баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, оның өсіп жетілуіне, адам болып дамуына жанына рухани азық беретін, тәрбие қажеттігін ғылыми тұрғыдан негіздеді. Адамның мінез-құлқынан сезімнің (ұялу, еліктегіштік, намыс, достық т.б. сезімдер) алатын орнын физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дәлелдей келіп, адамгершілік қасиет-сапалардың – адамның болмыс-бітімінде біртіндеп қалыптасу ерекшелігін ғылыми негізде саралап айқындайды. Демек, М.Жұмабаев адамгершілікті мінез-құлықтың қалыптасуын психология ғылымының жетістіктері арқылы негіздеп көрсете білді. Шыр етіп дүниеге келген періште сәбиге адами асыл қасиеттер ана сүтімен, берісі бесіктен дариды десек, әсте асылық айтпаған болар едік. Ал баласының тәрбиесінің ошағы саналатын -мектеп тәрбиесі бала бойында ізгі қасиеттердің қалыптасутыруда үлкен де маңызды роль атқаратыны даусыз. Асылы, тәрбиенің негізгі іргетасы адамгершілік тәрбиеге байланысты. Өйткені адам бойындағы мыңдаған қасиеттердің ішінде негізгі орын алатын қасиет – адамгершілік қасиет.Бұл-аксиома. "Ұлттық тәрбиенің негізі – адамгершілік, еңбек тәрбиесі" - дейді Мағжан Жұмабаев. Десе дегендей-ақ, шынында, адамгершілік тәрбиеге баланы сәби шақтан дұрыстап, озық түрде баулу керек. [9, 123б.]
"Рухани" деген ұғымның мән-мағынасы қаншалықты терең екіндігін С.Торайғыров пен Әбіш Кекілбайұлы сынды атақты жазушылардың мына айтқандарын оқыған азаматтар өздері де түсіне жатар деп есептейміз.
С.Торайғыров: "Адамның өсуі жолында екі азық бар: бірі-дене азығы, яғни материалдық азық, адамның тіршілігі үшін жағдайлар жасауы; екінші-рухты азықтандыратын ар азығы; ол әділдік болса ғана өседі; көріктене түседі",- десе, Әбіш Кекілбайұлы: "Жалпақ әлемді аузыңа қарату үшін рухани ерлік, жалпақ әлеміне қысылмай, қымтырылмай қарау үшін рухани байлық керек",- дейді. [10, 78б.]
Екі жазушының да айтып отырғаны – ар азығы мен рухани байлық. Арлылық пен жоғары рухани деңгейге жетсең, өсесің, өркіндейсің, ғаламдастыруға жұтылмайсың, жалпақ әлемді аузыңа қаратасың деген ой ұстынын жеткізіп отыр. Жетесіз болмасақ, осы ғибраттан көп нәрсені түюге болады.
Зерттеушілердің "құндылық", "рухани-адамгершілік құндылық", "рухани", "адамгершілік" ұғымдарының мағыналарын негізге ала отырып, өз анықтамамызды ұсынуға қадам жасадық.
"Құндылық" – ұғымын адам бола білу, қадір-қасиетті сезіну, өмірдегі өз орны (кәсібі, тәртібі, мінез-құлық, білімі, білігі) мен өмір сүру жолын білу деп түсінеміз.
Рухани-адамгершілік құндылықтар дегеніміз – адамның ішкі жан дүниесінің даму жағдайын көрсететін, адамдық деңгейін ашатын, сипаттайтын, оның тұрақтылығы мен жетілу деңгейін, әлеуметтену дәрежесін, қоғамдық мәнін айқындайтын жеке тұлғаның ішкі ең мәнді құрылымдық элементі-деп білеміз.
Өйткені, рухани-адамгершілік құндылық адам санасында орын алып, сана арқылы игеріліп, іс-әрекетке жетелейді. Сондықтан біз үшін құндылықтың өзегі – Адам, тәрбиесі – Адам болуға ұмтылыс жасау.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі – адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі.
Елімізде жүріп жатқан терең әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер адамдардың бір-біріне деген көзқарасын өзгертіп, келеңсіз жағдайлардың өрбуіне, рухани адамгершілік құндылықтардың төмендеуіне әкеліп соқтырды. Ал ол өз кезегінде жас ұрпақ тәрбиесін жаңаша жүргізуді талап етеді. Бүгінгі таңда жас ұрпақ тәрбиесін жаңаша жүргізу үшін жаңа Қазақстан құру жағдайында рухани-адамгершілігі мол және дамыған тұлға қалыптастырудың маңызы зор.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, әлемнің бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру үшін жаңа Қазақстан құрудың дербес жолын таңдап алды. Еліміз әлемдік қауымдастыққа зор құрметпен, беделмен кіруі үшін ұрпақ тәрбиесін әрқашанда назардан тыс қалдырмауымыз керек. Себебі, бүгінгі балалар еліміздің ертеңгі болашағы екенін ескерер болсақ, бәсекеге қабілетті, жаңа уақыттың өктем талаптарына үн қоса алатын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Ол үшін жалпы орта білім беретін мектептің педагогикалық құрылымының негізгі құндылығы болып саналатын оқушыны жеке тұлға ретінде қарау және оның ішкі жан дүниесінің ерекшелігін дамыту – жалпы білім беретін оқу орындарының басты мақсаты. Оқушыларды рухани адамгершілік сапа қасиеттерге тәрбиелеу қаншалықты қиын болса, соншалықты маңызды да. Рухани-адамгершілік тәрбие оқушының тәртібін және рухани дағдысын қалыптастырады. Яғни ол – адамның ішкі жан дүниесінің ерекшелігін көрсететін, адамгершілік деңгейін анықтайтын, сипаттайтын, оның тұрақтылығы мен үздіксіздігін, дамуын, әлеуметтану дәрежесін, қоғамдық мәнін айқындайтын жеке тұлғаның ең маңызды ішкі жан дүниесінің элементі.
Бүгінгі таңдағы сұраныс қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, оқу-тәрбие жұмысын рухани-адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастырып, оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр.
Қазір тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Әрине, бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында исі адам баласын адамгершілік тәрбиеге баулу өте-мөте маңызды мәселе болмақ. Осыған орай, бүгінгі таңда мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беру мақсатында «АТАМЕКЕН» бағдарламасы қабылданған. Бағдарламада "Салт", "Асыл мұра", "Бабалар өсиеті", "Қыз бен жігіт", "Заманай", "Достық", "Ата-ана", "Қайырымдылық", "Сөнбес жұлдыз" атты тәрбиелік мәніне орай топтастырылған бөлімдер бар. Олардың қай-қайсысы болмасын бала бойында асыл да ізгі қасиеттердің қалыптасуына үлкен септігін тигізері даусыз. Біздің қоғамда игілікті шараларды қабылдау мен енгізу бар да оның жүзеге асуын талап ету, қадағалау жағы ақсап жатады, ақиқатын айтсақ. Егер біз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, көп болып жұмыла осы бағдарламаның өз дәрежесінде іске асырсақ, тамшыдай үлесімізді қосар болсақ, ұлтымыздың жұлдызының жоғары болуына, еліміздің еңселі де іргелі өркениетті ел қатарына сатылауына мол үлес қосқан болар едік. Осы бағыттарды іске асыруда төмендегі әдіс тәсілдерді пайдалану қажет деп білеміз. [11, 127б.]
Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап, пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.
Тәрбие мәселесін ұстаздар қауымының мойнына арта салумен іс бітпейді. Оның нәтижелі болуы ата-аналар мен қоғамдық ортаның тәрбие ісінен шет қалмай, белсене араласуына, адам тәрбиелеудегі жауапгершілікті бірлесе көтеріп, жұмыла істеуіне тікелей байланысты. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заң жобасының 35-бабында: "Ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілік жағынан дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті" делінген. Мұндай жағдайларда отбасылық дәстүрлердің тәрбиеге тигізер ықпалы зор. Білім министрлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында былай деп жазылған: "Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениетін жетілдіру әділетті қоғамның басты міндеті". [12, 234б.]
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. "Өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар!",- дейді Л.Н.Толстой. [13, 243б.]
Өткеннен нәр алмай, рухани азық алмай, болашаққа қадам басу және ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Тәуелсіз ел болғандықтан, адамгершілік, ұлттық рухани мәдениетіміздің бүгінгі заман талабына сай жаңа бағдарламасын жасап, соны күнделікті өмір салтымызға ендіруіміз қажет. Сонда ғана біз өзінің дербес рухы мен мәдениеті жоғары, адамгершілікке бейім, санасы дамып жетілген өркениетті ел болып адамзаттың ұлы көшіне ілесіп, басқа халықтармен терезесі тең халық ретінде өмір сүре аламыз. Рухани адамгершілік қадір-қсаиеттер мен сапаларды оқушының бойына дарыту үшін ең алдымен олардың санасын көтеру; екіншіден, адамгершілік тұрғыдан сезімталдығын тәрбиелеу және дамыту; үшіншіден, оқушының бойына жағымды мінез-құлықтың дағдылары мен қылықтарын үнемі сіңіріп отыру қажеттілігі талап етіледі. Ол үшін жасөспірімдердің өздері өскен аймақпен қоғамдық ортамен тікелей байланысты, оған тәуелді екендігін өзінің жүріс-тұрысы мен мінез-құлқын өмір сүріп отырған ортада қабылданған тәртіп ережелеріне сәйкес үййлестіре қалыптасу қажеттігін түсіну, оларды халықаралық аренада қолданып келе жатқан өзара сыйластық пен құрмет тұтушылық сезімді тәрбиелеу мәселелері жүзеге асырылуға тиісті басты бағыт-бағдар ретінде белгіленуі тиіс сияқты. Қазақ мектептеріндегі адамгершілік тәрбиесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырғаны белгілі. Өйткені кешегі күні өткен тоталитарлық жүйе ұсынған белгілі бір ұлтқа немесе жалпы адамзатқа тән құндылықтар деп бағаланып келген рухани-адамгершілік тұғырлар ауыстырылып, заман талабына байланысты жаңартылуда. Мысалы, нарықтық өтпелі кезеңдегі басты құндылықтарға жекеменшік, нарық, пайда, ғаламдану, қулық, бәсекелестік т.с.с. жатқызылып жүр. Дей тұрғанмен, жалпы адамзат дамуына аса қажет еңбектену, салауатты өмір сүру, бостандық, сөз бостандығы, дін еркіндігі, өркениетке ұмытылу, ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, ар-ұят, төзімділік, жауаптылық, тиянақтылық т.с.с. жан тазалығын сақтау сияқты қоғамдық құндылықтар өз мәні мен маңызын жоймағаны анық. Біздің ойымызша, жасөспірімдер бойындағы шынайы рухани адамгершілік тәрбиесі оны қоршаған ортада, отбасында, мектепте, жұртшылық қауыммен қарым-қатынаста, жолдастар арасында, көшеде, еңбекте көрініп, нәтиже береді. Рухани адамгершілік тәрбие – жасөспірімнің шынайы тәрбиесінің нығаюына игілікті әсер ететін, оның тұлғалық дамуына өзек болатын, еркіндігін жасампаздықпен шығармашылықпен паш етуге мүмкіндіктер ашатын түрткі деуге болады.
Жаңашыл білім беруде рухани-адамгершілік құндылық тәрбиесі – адамның ортамен қарым-қатынасы, айналысатын ісі, білімі мен өмір сүру салты, санасы, сезімі, сенімі мен сапасынан тұратын жүйе. Бұл жүйенің сапасы төмендегідей бөлімдерден тұрады.
Білімділік сапа – бұл зердені байытып, ойлауды белгілі бір дәрежеге көтеру үшін керек дүние. Өткен дәуірде Сократ "Менің білетінім ешнәрсені де білмейтіндігім"- дегені адамның әлі де ғалам құпиясынан бейхабар екенін көрсетеді. Қазіргі ақпарат ағыны заманыңда адам баласы күнде естіген көрген білгендерін қорытуға, өз білімдері арқылы үлес қосуға мәжбүр болып отыр. Сондықтан алған білімді жинақтауда сандық нәтижеден гөрі, оның сапалық жағына көп мән берілсе, адамға өмір өз пайдасын тигізеді.
Имандылық сапа немесе рухани күштердің адал жанды қолдайтынына сенім, болашаққа деген үміт, адамды, табиғат және бүкіл әлемді жан-тәнімен сүйе білуі.
Эстетикалық сапа – бұл адамның жан сұлулығы, ой тазалығы, іс-қимыл мен ниетінің ақтық үйлесімділігі. Мәселен, қас шебер үшін өз жүрегінің әмірімен жасалған өнер әрқашан да адам жанына әсер етері сөзсіз, сондықтан руханилықтың әсемдікпен байланысы да адам үшін құндылық болып есептеледі.
Психологиялық сапа – бұл адам бойындағы "жан дүние", "жүрек жылуын" қалыптастыру қажеттілігі арқылы мейірімділікке, жылылыққа, сұлулыққа әкелетін дүние. Бұл физиологиялық қажеттілік емес, бұл психологиялық ерекшеліктерден туындайтын адами қасиет.
Өнерлілік сапа – өнерге құндылық ретінде дұрыс қатынасты қалыптастыру қажеттілігін туғызуы. Өнер арқылы адам бойындағы дарындылықты әлемге танытады.
Шығармашылық сапа – бұл адамның бүкіл әлемді тануға ұмтылысы, оны тек бейнелеп қана қоймай, әрі қарай жетілдіріп, дамытуға тырысуы. Бұл сапа қызметі адамның өмірдегі орнын біліп, мәнін түсініп, сол арқылы санасын қалыптастырып, күнделікті өмірдегі дағыдға айналдыра отырып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде маңызы үлкен. Осы сапа негізінде адамның рухани-адамгершілік дағдысын қалыптастыруға ықпал жасайтын құндылықтардың жүйесі құрылады.

1.2. Рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу өлшемдері, деңгейлері


Қоғамдық қатынастарының өзгеруіне орай, білім беру жүйесі де жаңа кезеңде күрделі өзгерістерге бет бұрады. Қазіргі таңда білім берудегі ең негізгі мәселе – адам проблемасы, оны жан-жақты тұлғаландыру және жетілдіре өсіріп өркендету, мұны педагогика ғылымы – гуманистік бағытта дамыту деп түсіндіреді.
Гуманизм (ізгілік) жалпы алғанда дүниетаным принципі десек, бұл адам өз мүмкіншілігін түсіну, өмір сүру жолындағы құқығы мен сенімі, өмірдегі өзіндік жолы, адам өмірінің рухани дамуы, өзінің өмірдегі орны, атқаратын қызметі, дүниенің күрделі құрылымы – құндылыққа саяды.
Бұл құрылым төмендегідей білім мен танымнан тұрады:

  • Өмірлік философияның мәнін іздеу (адам өмірі, өмірдің мәнін іздеу, өмірді жақсартуға ұмтылу, өмір сүру т.б.)

  • Адамның өзін-өзі тануы (өз мүмкіндерін түсіну, өзіне-өзі жақсылық тілеу, адамдарға көмектесу т.б.)

  • Рухани даму (өзінің ішкі мүмкіндіктерін ескере отырып, рухани дүниесіне қажеттіліктер іздеу, жетілу, өсу арқылы бүкіл дүниені жетілдіру).

Сондықтан жас ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды (рухани, адамгершілік, жауапкершілік т.б.) сіңіру-адам өмірінің құндылығын, рухани үйлесімділігін, адами ізгілігін, өмірге деген құлшынысын қалыптастыру болып табылады.
Б.С.Гершунскийдің "Философия образования 21-го века" атты еңбегінде: "Рухани-адамгершілік құндылықтардың сапалық деңгейінің төмендеуі, өркениет пен дүниетанымның тұйыққа тірелуінде. 21-ші ғасыр қоғамдық өмірдің жүйесін; білім, дін, ғылымды қамтитыны сөзсіз. Келешекте білім беру арқылы білім мен сенімнің арасындағы алшақтықты жоюға болатындығын және білім арқылы материалдық және рухани әлемді тану көзделеді"-деген болатын. [14, 34б.]
Олай болса, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу науқанды іс деп түсінбей, дамыған мемлекеттер білім беру жүйесінде қалыптасқан неше түрлі "ойын түрінде"өткізілетін өзгерістерді бастан өткірмей, оны тарихи келешек ретінде дәстүрге айналдырып, рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы оқушылардың адамгершілік дағдыларын қалыптастыру мүмкін емес екіндігіне көз жеткіздік.
Білім беру саласындағы рухани-адамгершілік құндылықтың негізі өмірге деген ерік, табиғатқа сүйіспеншілік, адамзаттың бірігуі, адамның өмірі мен адам санасы тәрбиесінің мәнінде.
Білім берудегі нәтиже – негізгі мектеп бітіруші түлектің жеке тұлға ретінде өмірде адам болып қалыптасуы. Бұл рухани-адамгершілік құндылықтардың білім беру мазмұнындағы негізгі мақсаты – біртұтас жүйені қалыптастыру. Құндылықтарды білім беру үрдісіне еңгізудің адамзаттық мәні үлкен зерттеу барысында жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы мүмкіншілігін ашып, оны жинақтау үшін модель жасауға мүмкіндік туды.
"Модель" термині латынның "modues" сөзінен шыққан, ол "өлшем", "әдіс" "бейне" деген ұғымдарды көрсетеді. Жалпы педагогикада модельдеудің неше түрлі формалары бар, біз соның ең қолайлы, біздің зерттеуіміздегі тиімді интегративті кешенді, көп құрылымды, көп жақты түрін пайдаланып модельдеудің теориялық әдісін басшылыққа алдық.
Модельдің негізгі бағыты, мақсаты, принциптері, қағидалары, нормативтік негіздері, мазмұны, әдіс-құрал түрлері мен нәтиже сипаты қарастырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет