3.3 MH-Z19 датчигі және оның техникалық талаптары
Бұл ауадағы көмірқышқыл газының (CO2) деңгейін анықтауға арналған датчик MQ135 ұқсас датчигіне қарағанда, ол жақсы сезімталдық, үлкен өлшеу дәлдігі, өлшеудің кең ауқымы (5000 ppm дейін), төмен энергия тұтыну, температураны өтеу, дайын ppm мәндері шығуда. Яғни, бұл да интеллектуалды датчик болып келеді.
Сурет 3.5 – MH-Z19 датчигі
Сурет 3.6 – MH-Z19 датчигінің распиновкасы
PIN 1 – шығыс кернеу 3,3 В;
PIN 2 – UART (RXD 0~3,3 В) сандық пині;
PIN 3 - UART (RXD 0~3,3 В) сандық пині, бұл шығыс/кіріс әдісі арқылы жұмыс істейтін пиндар;
PIN 4 – қолданбайды;
PIN 5 – HD пині, бұл калибровканы қамтамасыз етеді. 7 секунд бойы LOW сигналы жіберіледі;
PIN 6 – Vin, қоректену пині – 3,3 В ~ 5,5 B;
PIN 7 – GND минус қоректену көзі пині;
PIN 8 - AOT қолданбайды;
PIN 9 – PWM – ШИМ пині;
Техникалық сипаттамалары:
Анықталатын газ: CO2
Жұмыс кернеуі: 3.6 ~ 5.5 В
Ток тұтыну: < 18мА
TTL деңгейі (логикалық деңгей): 3.3 В
Өлшем диапазоны: 0-5000 PPM (0 ~ 0.5%)
Өлшеу дәлдігі: + немесе - 5%
Шығу сигналы: UART( Tx, Rx), PWM
Жылыту уақыты: 3 мин дейін
Тану уақыты: < 60 сек.
Жұмыс температурасы: 0 ~ 50 °C
Қоршаған ортаның жұмыс ылғалдылығы: 0 ~ 95% RH (конденсатсыз)
Өлшемдері: 33 мм*20 мм*9 мм
Салмағы: 21 г
Бұл датчиктің жұмыс істеу принципі оптикалық өлшеуде жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |