Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «ҚазМетрИн»


Ішкі жүйеге техникалық талаптарды әзірлеу



бет10/29
Дата24.03.2022
өлшемі4,38 Mb.
#136673
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
Диплом титулки

3 Ішкі жүйеге техникалық талаптарды әзірлеу


3.1 Arduino Nano және оған қойылған техникалық талаптар


Arduino - өз процессоры мен жады бар шағын платформа. Сондай-ақ платада ондаған контактілер бар, оларға түрлі компоненттерді қосуға болады: лампочкалар, датчиктер, моторлар, шәйнектер, роутерлер, магниттік есік құлыптары және электрден жұмыс істейтіндердің барлығы.


Arduino процессорына берілген алгоритм бойынша барлық құрылғыларды басқаратын бағдарламаны жүктеуге болады.
Бағдарламалық бөлім бағдарламаларды жазу, олардың компиляциясы және аппаратураны бағдарламалау үшін тегін бағдарламалық қабықтан (IDE) тұрады. Аппараттық бөлігі ресми өндіруші және бөгде өндірушілер сататын құрастырылған баспа платалары жиынтығы болып табылады. Толық ашық жүйе архитектурасы Arduino өнімдерінің тізімін еркін көшіруге немесе толықтыруға мүмкіндік береді.
Arduino автономды автоматика нысандарын жасау үшін де, стандартты сымды және сымсыз интерфейстер арқылы компьютерде бағдарламалық жасақтамаға да қосылуы мүмкін.

Жалпы Arduino бұл программаланатын платформалар сериясы:





Сурет 3.1 – Arduino платалар сериясы


Мен бұл жұмыста Arduino Nano платасымен қолданамын. Ол ең қарапайым және жалпы түрі осындай:



Сурет 3.2 – Arduino Nano

Arduino Nano (орыс. Ардуино Нано) - ATmega328P чипінде жұмыс істейтін және шағын құрылғыларды жасау үшін ең жақсы қолайлы ең төменгі өлшемдері бар платформа.


Кесте 3.1 Arduino Nano сипаттамасы





Микроконтроллер

Atmel ATmega168 или ATmega328

Жұмыс кернеу (логикалық деңгей)

5 В

Кіріс кернеу

7-12 В

Кіріс кернеу (шектелген)

6-20 В

Сандық кіріс/шығыстар

14 (6 ШИМ)

Аналогтық кірістер

8

Тұрақты ток (шығыс/кіріс)

40 mAh - 500 mAh

Флеш-жад

16 Кб (ATmega168) немесе 32 Кб (ATmega328) біарқ 2 Кб жазғыш ретінде

ОЗУ

1 Кб (ATmega168) немесе 2 Кб (ATmega328)

EEPROM

512 байт (ATmega168) немесе 1 Кб (ATmega328)

Тактілік жиілік

16 МГц

Көлемі

1.85 см x 4.2 см




Сурет 3.3 - Arduino Nano распиновкасы

Arduino Nano әр түрлі қуат көздерінен жұмыс істей алады, оны компьютердің Mini-B USB арқылы немесе әдеттегі реттелмейтін 6-20 вольттан (pin 30) немесе реттелетін 5 вольттан (pin 27) қосуға болады. Плата ең жоғары кернеумен қоректендіруді автоматты түрде таңдайды.


Arduino Nano – пиндары:
1 – TX ( беру UART) немесе порт D0;
2 – RX (қабылдау UART) немесе порт D1;
3,28 – сброс (RESET);
4,29 – жер (земля);
5...16 – порттар D3...D13;
17 – кернеу 3,3 В;
18 - АСТ арналған тірек кернеу ;
19...26 – 8 канал АСТ A0...A7;
27 – кернеу 5,0 В;
30 – модульді қоректендіру пині 2-20 В
Бұдан бөлек кейбір пиндары көмекші функциялары бар:
5 – үзіліс (прерывание) INT0;
6 – үзіліс INT1 / ШИМ / AIN0;
7 – таймер-санағыш T0 / шина I2C SDA / AIN1;
8 – таймер-санағыш T1 / шина I2C SCL / ШИМ;
9,12,13,14 – ШИМ;
16 – светодиод.
Arduino принципиалдық схемасы қосымша парақта көрсеттім:
Микросхема FTDI FT232R ATmega328P микроконтроллері мен компьютердің USB-портын қосады. Компьютерге Arduino Nano қосқан кезде визуальдік COM-порт ретінде қабылдайды.

Кесте 3.2 Светодиодтық индикациясы





Светодиод аттары

Бағыты

RX , TX

Arduino Nano мен компьютер арасында ақпарат жүрген кезде жарқырайды.

L

Микроконтроллердің 13 пинына жалғанған светодиод. Жоғары сигналда жанады, ал төменгі сигналда сөнеді.

ON

Қоректену көзі болған кезде жанады.



Mini-USB қосқышы: Mini-USB қосқышы компьютер арқылы Arduino Nano платформасын программалауге арналған.
5 В кернеу стабилизаторы: 5 вольт шығуымен lm1117mpx-5.0 сызықтық кернеу реттегіші ATmega328P микроконтроллерінің және платформаның басқа логикаларының қоректенуін қамтамасыз етеді. Максималды шығыс тогы-800 мА.
ATmega328 үшін ICSP қосқышы: ICSP-ұясы atmega328 микроконтроллеріне программатор арқылы программалауді жүктеуге арналған. ICSP Arduino Nano байланыстары арқылы SPI интерфейсі бойынша кеңейту платаларымен байланысады.
Arduino ішіне программалық кодты енгізу үшін, компьютерге Arduino ID программасын жазып алу керек. CH340G драйверін де жазу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет