1 Автоматтандыру (бақылау) объектісін талдау
1.1 Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер
2010 жылдан бастап "Қазақстан метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды филиалының базасында республикада алғаш рет жаңа өндіріс – салыстырып тексеру, газ қоспаларын тексеру (ГҚТ) игерілген.
Салыстырып тексеру газ қоспалары газ талдау бақылау аспаптарын: мұнай-газ, химия өнеркәсібі, энергетика кәсіпорындарында технологиялық процестерді реттеу үшін қолданылатын газ талдағыштарды, газ сигнализаторларды, масс-спектрометрлерді, хроматографтарды және т.б. градуирлеу, салыстырып тексеру және калибрлеу үшін, қоршаған ортаны қорғауды сақтау және еңбек жағдайларының қауіпсіздігін бақылау мақсатында, стандартталған және аттестатталған әдістемелер бойынша орындалатын өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бақылау және метрологиялық жұмыстардың өзге де түрлері үшін қажет.
"Қазақстан метрология институты" РМК Қарағанды филиалы ("ҚазМетрИн" РМК ҚФ) Қазақстан Республикасының кәсіпорындарымен аса талап етілетін салыстырып тексеру газ қоспаларының 373 түрін шығарады. 2014 жылға дейін салыстырып тексеру газ қоспалары РМК ҚФ 38969790-003-2009 СТ бойынша шығарылды. Техникалық шарттар", 2014 жылдан бастап ҚР СТ 2352-2013 " салыстырып тексеру газ қоспалары.
Салыстырып тексеру газ қоспаларының сапасы шетелдік аналогтардан кем емес.
Мен осы жұмыста атмсофера жағдайын өлшейтін аспап жасаймын. Яғни, атмосфераның температурасын, ылғалдылығын, қысымы, және газдың ауадағы концентрациясын бақылайды. Ол газдар тұншықтырғыш газ және CO2 газы ауадағы мөлшерін өлшейді.
Ең бірінші схема бойынша қосамыз да, кейін Arduino Nano программалық код енгіземіз. Бұл жұмыста мен жалпы төрт датчикті қолдандым. Оның әрқайсысын техникалық тапсырмасы, сипаттамасы, және номиналдары, диапазондарын көрсеттім. Олар MH-Z19B СО2 датчигі және BME280 температура, ылғадылық, қысым датчигі.
Достарыңызбен бөлісу: |