Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: бастауыш сыныпта математиканы оқыту процесінде компьютерді пайдалану


Бастауыш сыныпта математика пәнінде компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану



бет13/15
Дата27.02.2022
өлшемі266 Kb.
#133561
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дип.-БАСТАУЫШ-СЫНЫПТА-МАТЕМАТИКАНЫ-ОҚЫТУ-ПРОЦЕСІНДЕ-КОМПЬЮТЕРДІ-ПАЙДАЛАНУ

2.2. Бастауыш сыныпта математика пәнінде компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану

Компьютерді оқыту құралы ретінде оқушыны белсенді ететін диалогтық бағдарламалар түзу қажеттігі туындайды Мектеп оқушыларын бастауыш сыныпта компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндіктерін қарастырайық.


Компьютер, ол өзінше бір, потенциалды политехникалық бағытта, себебі ол халық шаруашылығының барлық саласында қолданылатын қазіргі заманғы техника болып табылады және оны оқушыларды еңбекке баулудың барлық құрылымдық компонеттеріне қолдану политехникалық білім берудегі көп мәселелердің бірі - қазіргі заманғы техникамен танысуды шешеді. "Компьютер - оқушы – мұғалім – оқу материалының мазмұны – оқыту процесі" деген күрделі арақатынас жүйесі енетін және мектепте политехникалық принципті жетекші принцип ретінде жүзеге асыруды есепке ала отырып құрылған анық айқындалған теориялық тұжырым негізіндегі нақтылы әдістемені зерттеп дайындау оқу-тәрбие процесінде қолданылатын техниканың политехникалық маңыздылығының деңгейін сөзсіз арттырады. Қазіргі уақытта компьютерлік техниканы мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығында қолдану жөніндегі зерттеулер жүргізілуде, оқушылардың кәсіби бейімделуіндегі компьютердің мүмкіндіктері анықталуда.
Компьютерлік техниканы математиканы оқытуда қолданудың теориялық негіздері мазмұнды зерттеулердің үш аспектісін қарастырады: оқу бағдарламасының мазмұнына және оқыту процесін ұйымдастыруға байланысты компьютерді математиканы оқытуда қолдану; компьютер және оқушы; компьютер және мұғалім.
Бағдарламаның мазмұны теориялық мағлұматтар мен практикалық жұмыстар да жүзеге асыруды қарастырады. Мектепте арнайы пән ретіндегі информатика сабағында шешілетін мәселелерді талдау бізге сабақта компьютерді қолданудың негізгі жолдарын тұжырымдауға мүмкіндік береді. Математкианы оқытуда компьютерді:

  • оқу процесінде нақты мәселелерді шешуге көмектесетін дидактикалық құрал ретінде;

  • оқушылар орындайтын амалдарының теориялық деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін құрал ретінде;

  • арнайы пән ретіндегі еңбек сабағын политехникалық бағыттылығын күшейтуші құрал ретінде қолдануға болады.

Атап айтқанда, осы барлық үш бағытта біз компьютерді оқу процесінде қолданылатын дидактикалық құрал ретінде қарастыруға болды. Бірақ бастауышта математиканы оқытудағы уақыттың айтарлықтай бөлігі практикалық есептер шығаруға кетеді.
Кеңес психолог - ғалымдары П.Я. Гальперин, В.В.Давыдов, Д.Б. Эльконин мектептерде дәстүрлі оқыту әдісін қолдану оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін төмендетіп жібергенін өздерінің зерттеулерінде атап көрсетті.
Оқу үрдісінің басты элементтерінің бірі – оқушылардың алған білімін, машығы мен икемдігін тексеру. Бақылау бағдарламаларын құру арқылы өте шапшаң да әділ бағалауға болады. Бақылау бағдарламасында да тапсырма беру, жауапты қадағалау жаттығу бағдарламасындағыдай бұл режимде ереже немесе ұқсас жаттығудың орындалу барысы берілмейді, қате талданбайды.
Оқушылардың білім деңгейлеріне сәйкес бақылау бағдарламасының тапсырмалары мен сұрақтарын әртүрлі деңгейлерге бөлуге болады. Мысалы, а) “ия-жоң”, “дұрыс-дұрыс емес” сияқты жауаптарды талап ететін, бір типті тапсырмалар беретін бағдарлама; б) әр түрлі типті бірнеше варианттан тұратын жауабы бар тапсырмалар беретін бағдарлама; в) шығармашылық ойлауды қажет ететін (нәтиже жоғары бағаланады) бақылау бағдарламасы.
Бақылау бағдарламасын әр оқушының жеке қабілетін ескеріп құруға да болады.
Бақылаудың қорытындысын да экранға әр түрлі беруге болады. Мысалы, оқушы бақылауды өте жақсы орындаса: “Жарайсыз, Сіздің біліміңіз өте жақсы”, ал оқушының білімі қанағаттанғысыз болса: “Сіз материалды жеткілікті менгермепсіз, мына материалды қайталап оқыңыз, мынадай жаттығуларды орындаңыз” – деп нұсқау беріп өз жұмысын аяқтауы мүмкін. Бағаны қысқаша түсініктеме беріп бес баллдың жүйемен де қоюға болады.
Жаңа, күрделі материалды оқып-үйренуге арналған бағдарлама үйретуші бағдарламалардың ішіндегі ең күрделісі және оның атқаратын функциясы мұғалімнің қызметіне өте жақын.
Мұғалім сабақты қалай өткізсе, бұл бағдарламамен жұмыс жасайтын компьютерде де өз “сабағын” солай өткізуге тиіс. Бағдарламаның сабаққа арналған көрнекі құралы, тиімді әдістемелік нұсқаулары және оқушы қолданады-ау деген сұрақтарға дайындаған жауаптарына қоса бір шама бай білім қоры болуы тиіс. Көрнекілік талап етілген жерде машиналық графиканың мүмкіндіктері, ал есептеу қажет болған жерде машинаның есептеу қасиеті пайдаланылады. Мұндай бағдарламаны құру оңай емес, тіпті көптеген бағдарламалау тілдерінің бұған шамасы да жетпейді. Қазіргі кезде бағдарламалардың ішіндегі ыңғайлысы Паскаль тілі.
Сабақ барысында кездескен қиындыңтар стандартты компьютерлік сынып 12 компьютермен жабдықталған, ал қазіргі кезде әр сыныпта 25 оқушыдан 35 оқушыға дейін отырады. Бұл жағдай компьютерді оқу материалын қорытындылауға және бекітуге, ал кейбір жағдайларда жаңа материалды түсіндіруге қолдануға мүмкіндік беретінін көрсетті. Қазіргі кезде компьютерді пайдаланып оқушылармен әр түрлі әдіспен (әр түрлі формада) жұмыс істеуге талап етілуде. Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп бірінші топты компьютерге өз бетінше жұмыс істеуге отырғызып тапсырмалар беру, ал екінші топпен мұғалім өзі жұмыс жасауға болады. Бірінші топ өзіндік жұмысты орындап болғаннан кейін, екінші топпен орындарын ауыстырады (әр оқушы өзіне бекітілген орынға отырады) өзіндік жұмыс жасағанда компьютер әр оқушыға баға қояды. Барлық оқушы өзіндік жұмысты орындағаннан кейін мұғаліммен жұмыс істеуді жалғастырады.
Өзіндік жұмыс әр түрлі нұсқа бойынша беріледі, сондықтан әр оқушы жанында отырған оқушыдан көмек ала алмайды, бұл әр оқушының жеке-жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Компьютерді сабақта қолдану мүмкіндігі оқушылардың қызығушылығын арттырады, мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді және үлкен маңыздылығын жекелеп немесе топтап даралауды қамтамасыз етеді. Оқу іс - әрекетін басқару функциясын жүзеге асыруда компьютерді оқыту құралы ретінде қолданудың маңызы зор. Айта кететін жағдай, оқушыларға тапсырма беруде дисплей экранында пайда болған проблемаларды оқушының өзінің шешуіне компьютердің мүмкіндік жасай алатындығы.
Бұл бағдарламалардың негізгі мақсаты – мұғалімге оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыруға көмектесу.
Бұл бағдарламалардың негізгі міндеті - өтілген материал бойынша оқушымен дербес жұмыс істеу, білімін тексеру, сонымен қатар бұрын өтілген материалды жүйелі түрде қайталау.
Сонымен компьютердің көмегімен оқытудың мынадай жақсы жақтарын атап өтуге болады:
- компьютерді пайдалану сабаққа деген қызығушылықты арттырады;
- компьютерге арнап оқушылардың ойлану дәрежесіне, материалды қабылдау ерекшелігіне байланысты әр оқушы үшін жеке бағдарлама құрып, оқушылармен дербес жұмыс жасауды күшейтеді;
- компьютер арқылы сөйлеу қабілеті дамымаған, нашар еститін т.с.с. кемшіліктері бар балаларды оқытудың тиімділігі артады;
- компьютер оқушыға материалдың қай тұсына баса назар аудару керек екенін көрсетіп, көмектесіп отырады, оны асықтырмайды, оқушы компьютер алдында қысылып ұялмайды. Сондықтан білмеген нәрсесін машинадан қайталап сұрап алады;
- компьютерді сабаққа пайдалану оған жұмсалатын уақытты үнемдейді.
Бұдан компьютерді оқыту үрдісінде жан-жақты пайдалану керек дегеннен кез келген барлық сабақтарын түгелдей үйретуші бағдарламалар арқылы оқыту керек деген ой тумауы керек, бұл бағдарламалар қайталау сабақтарын өткізу үшін немесе меңгеруі қиын таңырыптарды оқытуға пайдалану үшін құрылуға тиіс. Оның басты себебі компьютермен ұзақ жұмыс істеудің денсаулыққа зиянды екендігінде. Демек, пән мұғалімдері, әдіскерлер өз пәндері бойынша үйретуші бағдарлама құруды талап ететін тақырыптарды іріктей білуі керек.
Компьютерді оқыту процесінде пайдалану ісінде шешілмеген мәселелер әлі көп, бұл жөнінен тәжірибе жинақтаған мұғалімдер некен- саяқ.
Нақтылы жағдайға (оқушылардың дайындығына) байланысты қай сабаққа болса да бұл бағдарламаларды пайдалану мәселесін мұғалім өзі шешеді. Мұғалім өз қалауынша белгілі бір бағдарламаны толық немесе оның бір бөлігін ғана ұсынуына болады. Тапсырмаларды орындауға қажет уақыт сұрақтың қиындығына да байланысты. Сондықтан компьютерде берілген тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт бөлінгендіктен, осы талаптардың ара жігін айқын бөліп айту керек. Біздің бұл ұсыныс шамамен ғана айтылып отыр, өйткені бір ғана тапсырманы әр оқушының орындау мерзімі әр түрлі.
Бағдарламалардағы тапсырмаларды және санын нақтылы жағдайға байланысты (мысалы, бір сыныпта білім деңгейі әр түрлі оқушылардың отыруы т.б.) мұғалім өз қалауынша өзгертуіне болады. Сондай-ақ бағдарламаны мұғалім өз қалауынша кейбір оқушылармен жеке жұмыс жүргізу үшін де пайдалануға болады.
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту бағдарламаларындағы компьютерді қолдану тиімді болатын тақырыптарды анықтау қойылған мақсатқа жетудің бірінші қадамы болып табылады.
Математикада есеп шығару үшін керекті дұрыс жолды, тәсілді таңдаудағы нақты мысалды келтірейік. Компьютерге салынған осындай бағдарламаның блок-схемасы мынандай болып көрсетіледі:




Блок-схеманы дайындаған кезде мұғалім оқушыға таңдау құқығын беру үшін әр тапсырма бойынша (10 атқа дейін) информация массивін анықтауы керек. Компьютердің көмегімен тапсырманы орындаудан бастаудан бұрын оқушыға тапсырманы орындау бойынша нұсқа ұсынылады.


Компьютерді бақылау режимінде қолдануға болады: оқушылардың тапсырманың әрқайсысынан жіберген қателер санын есептеп, дисплейдің экранында немесе распечаткада бағасы шығарылған нәтижесін беруге болады. Оқушылар есеп шығарудың мәнін, оның айырмашылық белгілерін, есептеуін нашар біледі. Сондықтанда осы тұста ең көп қате жіберіледі.
Білімдегі осы “кемшілікті” толтыру үшін, оқушыларға сабақтан тыс уақытта есепті шығаруды анықтауға өз бетінше орындауға жаттығу ұсынуға болады.
Компьютерлерді қолданудағы кейбір мүмкіндіктер күнделікті өмірде қолданыс табады. Оны ұйымдастыруда оқушыларды белгілі бір түсініктерге үйрету, оларда іскерліктерді қалыптастыру міндеті қойылмайды. Компьютерді оқыту құралы ретінде оқушыларға көрсету мүмкіндігі көбірек.
Танымдық белсенділікті қалыптастыру әдістемесін жасау барысында оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдаструдың барлық түрлері, сондай-ақ оқушыларда қалыптасатын танымдық дербестіктің бөліктері ескерілді.
Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы өзіндік жұмыс және ол оқушы жастардың дербес танымдық іс-әрекетін жандандыруда ерекше орын алады. Осыған сәйкес өзіндік жұмысты сабақ жүргізудің, ұйымдастырудың формасы оқыту әдісі ғана емес, ол оқушыларды дербес танымдық іс-әрекетке тарту, қызықтыру құралы деп есептеуге болады.
Оқушыларыдң білім, білік және дағдыларын да кездесетін негізгі кемшіліктер мектептердегі білім беру, олардың өзіндік жұмыс жасау біліктерінің төмендігінен деген қорытынды жасауға тіреп отыр. Бұлай деуге негіз, теориялық тұрғыдан, алғанда оқу үрдісін дамытатын кез-келген мәселені шешу арнайы ұйымдастырылған өзіндік жұмысынсыз жүзеге аспайтындығымен түсіндіріледі.
Танымдық белсенділікті қалыптастыруда тағайындаған психологиялық, педагогикалық,, дидактикалық шарттары орындалуы тиіс. Мұндай шарттың бірі-сабақ жүргізу кезінде мәселелік оқыту әдісін (мәселелік ахуалдар құру, мәселелік сұрақтар қою, шығармашылық тапсырмалар беру және т.б) пайдалану. Екіншісі оқу үрдісіне сабақтың барлық түрін жекелендіруге, оқушының өзіндік жұмысын дамытуға мүмкіндік беретін компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін қолдана білу.
Айта кетерлік бір жайт, оқу үрдісінде компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін қолдану жеткілікті дәрежеде дайындығы бар оқушымен ғана емес, қабылдау, ойлау, оқуға және берілген мәліметті қайта жаңғыртуға қабілеті әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл кезде оқушының танымдық белсенділігін дамытудың негізгі қажетті шарты – оқу үрдісін дараландыру.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әртүрлі тапсырмаларды орындау барысындағы өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен, деңгейімен анықталады. Оны тағайындау үшін біз мынандай көрсеткіштерді пайдаландық: тапсырма өз бетінше орындалған; оны орындауда біршама көмек керек; тапсырманың орындалуы кезінде үнемі көмек көрсетіледі.
Танымдық белсенділігі төмен оқушылар білімдерінің төмен екендігін көрсетті: игерілетін материалдың негізгі мәнін ашып бере алмайды; логикалық байланысты таба алмайды. Бұндай оқушылар заңдар мен заңдылықтарды формальды түрде игереді, өз білімін тәжірибеде қолдана алмайды. Алгоритмдік үлгі бойынша тапсырмалар мен стандарттық емес үлгідегі тапсырмаларды орындауда оларға тапсырманың орындалу барысын, шарттың жүзеге асуы және нақты әдістердің көрнекті үлгісін жасау үшін мұғалімнің көмегі қажет болды.
Оқушылардың оқу үлгерімінің жүйелі түрде өсіп отырытынын мынандай факторлар анықтап берді:
- оқу және оқудан тыс өзіндік танымдық белсенділікті арттыруда компьютердің жиі қолданылуы;
- математикадан басқа барлық сабақта компьютерді кеңінен қолдану арқылы мәселелік жағдайларды туғызу;
- компьютерді қолдану арқылы үнемі бақылау және өзін-өзі бақыла.
Компьютерді қолдану арқылы оқушыларды танымдық белсенді іс-әрекетке жүйелі түрде тарту теориялық білім сапасын арттыруға және ол білімді одан әрі тереңдету қажеттігін түсінуге, олардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Компьютерді қолдану арқылы танымдық белсенділікті қалыптастыру үрдісі кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдер жүйесін білім базасын жасауда арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалану, оқушылардың білім мен дағдыны игеруіне арналған негіз жасау, компьютердің көмегімен оқушылардың оқу үлгерімін бақылаву және өзін-өзі бақылау жұмыстарын жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет