Қорытынды
Мектепте оқытудың әдістерін жетілдіру арқылы оқушылардың дербес жұмыс істей алуын, ойлау икемділігін, білімнің мәнін түсінікті де терең қабылдауын келешекте алған білімді халық игілігіне жұмсай алуын қамтамасыз ету білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай оқушыларға сапалы білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілетін дамыту бүгінгі күнде негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан арнайы ұйымдастырылған оқыту әдістері оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына әсер ететінін ескеріп оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған мақсатты оқыту әдістерін пайдаланудың қажеттілігі туындайды. Бастауыш сыныпта оқушылардың қабілетінің дамуы әр түрлі оқыту әдістерін кешенді түрде ұйымдастыруға байланысты, яғни оқыту әдістерін дұрыс пайдаланғанда нәтижелі болып табылады. Бұл оқушылардың зердесін, зейінін, ой-өрісін, қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Білім беруде жаңа сапалық жетістіктерге жету педагогикалық тәжірибелерде жаңалықтарды қабылдап, оны жұмыс барысында қолданумен тығыз байланысты. Барлық оқу орындарының алдына қойған мақсаты білім берудің жалпы мазмұнымен бағаланады.
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін оқыту әдістері аз емес. Осылардың бірі компьютермен оқыту әдісі.
Осы мақсатта дипломдық жұмысты орындау барысында мынадай іс-әрекеттер орындалды:
1. Ақпараттандыру технологиясын пайдаланып оқытудың психологиялық мәселелеріне талдау жасадық.
2. Оқу үрдісіндегі компьютердің ролі мен орнын анықтадық.
3. Компьютерді пайдаланып оқытудың теориясы мен практикасына талдау жасадық.
Бастауыш сыныпта математика пәнін оқытуда компьютерді қолдану мәселелеріне зерттедік.
Достарыңызбен бөлісу: |