Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Бейорганикалық химияны оқытудахалықтық педагогика элементтерін қолдану әдістемесі»



бет29/30
Дата25.05.2023
өлшемі1,24 Mb.
#177657
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
бейорг Бексултан 1бар

3. Қорытынды
Тәуелсіздік алған соң елімізде М.Жұмабаевтың: «Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, терең тіл жоқ» деген ұлағатты тұжырымына сүйене отырып , ұлттық ерекшеліктің бірден – бір белгісі анна тіліне маңыз берілді. Халықтың педагогика құндылықтарынан нәр алудың өзі аталған ана тіліне тікелей байланыстылығына С.Жиенбаевтың еңбегіндегі қазақ тілін оқытуға қатысты ой – пікірлеріне талдау жасалынды. 30 – жылдардың аяғы 40 – жылдардың бас кезінде халықтық педагогика құндылықтарына назардан шығып, А.С.Макаренконың коммунарлық тәрбиесі, коммунистік идеология қарама басымдық мәнге ие болғаны айқындалды. А.С.Макаренкомен қатар Г.Г.Белик, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский мақалалары еңбектері де қазақ мектептеріне міндеттеліп, халық педагогика құндылықтарының ысырылуына жағдай жасағаны байқалды.
Тәуелсіз Қазақстан мәртебесіндегі қазақ мектептерінің ғылыми – педагогикалық негіздегі даму барысы ашылды; А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов секілді кемелді тұлғалардың игі істерін жалғастырушы зерттеушілердің мектептерді халықтық педагогика құндылықтарымен теориялық – педагогикалық негізде құру туралы тұғырлы тұжырымды тұтас талдау арқылы сараланды.
Білім мазмұны туындайтын халықтық педагогика құндылықтары сараланып, оның өзі мектепті басқару ісіне тәуелді екні айқындалды.
Ғаламдық жаһандасу үдерісінде бұл мәселе шешімін таппаса, ұлттың өз мәртебесін сақтап қалуға қаупінің бар екеніне барлық зерттеушілердің еңбектерінің тұжырымдар іріктелді. Теориялық қағидалар мен зерттеу жұмыстарын тарихи қағида мен талдау барысында төмендегідей ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.
-халықтық педагогика құндылықтарымен ұсынылған А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, М.Әуезовтың және т.б кемелді тұлғалардың еңбектерін мектеп өміріне қайтадан енгізу;
-қазақ мектептерін барлық пәндерді оқыту негізіне халықтық педагогика құндылықтарының білім мазмұнын туындайтын тұстарын тиімділікпен пайдалануды зерделеу.
Мектепте химияны оқыту процесінде аталған геориядан нені басымдықта алу қажет деген сұрақтарға төмендегідей жауап беруді зерттеу барысында қарастырдым;
-ата бабаларымыздың ежелден өз тұрмыстарында қандай заттарды металдар мен олардың қоспалары қолданғанын білу – химиялық сана ұғымының негізі болмақ;
-халықтың тұрмысындағы химиялық құбылыстарды химия сабағында алған білімдерімен ұштастыра білу;

  • халықтық педагогика кез-келген халықтың тарихи қалыптасуының ажырамас бөлігі болып саналады. Сондықтан мектептердегі білім беру процесінде халықтық педагогика элементтерін пайдаланудың оқушыларға тәрби беруде маңызы үлкен;

  • химия ғылымы жаратылыспен, яғни табиғатпен тікелей байланысты болғандықтан халықтық педагогикамен тығыз байланысты:

  • мектепте химияны оқыту барысында халықтық педагогика элементтерін пайдалану арқылы оқушыардың химияны меңгеріп қана қоймай, олардың күнделікті тұрмыстағы заттар мен құбылыстарға химиялық тұрғыдан назар салуына жол ашады;

  • халықтық педагогика элементтерін пайдалану оқушыларға химияны меңгеруде күнделікті өмірде болып жатқан құбылыстар арқылы білім беруге жағдай жасайды.

Көріп отырғанымыздай, химияны ғана емес, мектепте кез-келген пәнді оқытуда халықтық педагогика эелементтерінің маңызы өте зор. Ол саналы да, сапалы ұрпақ дайындаудың алғы шарттарының бірі борлып табылады.
Қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуына сай, жоғары білім берудің жаңа сипатына сәйкес химияны оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып, оқушыларға заман талабына сай терең білім берудің әдіснамалық ғылыми-теориялық сипаты күрделі және сан қырлы болғандықтан, зерттеудің болашақтағы зерделенетін бағыттары ретінде: оқушылардың мектептерде этнопедагогикалық тәрбиеленуін құндылық ретінде дамыту, оқушылардың шынайы өмірге деген ғылыми көзқарастарын халықтық педагогика элементтерін оқыту негізінде қалыптастыру, болашақ мұғалімдерді оқушыларға этнопедагогикалық білім беріуге даярлау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет