Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Бейорганикалық химияны оқытудахалықтық педагогика элементтерін қолдану әдістемесі»


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ



бет2/30
Дата25.05.2023
өлшемі1,24 Mb.
#177657
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
бейорг Бексултан 1бар

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ




р/с

Бөлімдері

Беттің саны

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

1.

Кіріспе







2.

Теориялық-әдістемелік бөлім







3.

Эксперименттік бөлім







4.

Қорытынды







5.

Пайдаланылғанәдебиеттертізімі









Ұсынылған негізгі әдебиет
1 Тәуелеіз Қазакстан мәртебесіндегі ғылыми-теориялык негіздегі даму барысы. Әдістемелік кұрал. Павлодар: Қазак мектетерінің ПМУ баспасы. 2010.- 66 б.
2. Халыктық педагогика кұндылықтарымен кұрылған теориялык негізді құру Әдістемелік құрал. Павлодар: ПМУ баспасы 2010. -52 б.
3. Әл-Фараби Fылымдардың шыуы туралы. Алматы, «Наука», 5. 1987ж., 100-101 бб.
.

Тапсырманың берілген күні __.__. 2022 ж.


Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі Р.Д.Абишева


(қолы) (Т.А.Ә.)
Тапсырманы орындауға алған студент _______________М.К. Бексултан
(қолы) (Т.А.Ә.)










МАЗМҰНЫ







Кіріспе.........................................................................................................

7

1

Әдебиеттік шолу------------------------------------------------------------------

10

1.1

Халықтық педагогика оның оқыту әдістері мен мәні.......................

10

1.2

Қазақ халық этнопедагогикасының қалыптасу тарихына жалпы сипаттама.....................................................................................................

12


1.3

Қазіргі қазақ халық педагогикасының қалыптасуы................................

18

1.4

Халықтық педагогика элементтерін оқыту мен тәрбиелеу процесінде тиімді қолддану..........................................................................................

21


2

Эксперименттік бөлім




2.1

Химияны оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану.................

25

2.2

Халықтық этнопедагогикасы элементтері арқылы оқушылардың химия пәнінен шығармашылықтарын арттыру.......................................

29


2.3

Химия сабағында халықтық этнопедагогика негізінде оқушыларды ғылыми көзқарас қалыптастыру...............................................................

35


2.4

Химия сабағынан сыныптан тыс жұмыстардағы қазақ халық педагогикасының рөлі................................................................................

38


2.5

Көмірсулар тақырыбында қысқа мерзімді сабақ жоспары....................

41

2.6

Парниктік әсер. Пайда болуы мен одан туындайтын салдарлар тақырыбында қысқа мерзімді сабақ жоспары.........................................

52


2.7

Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс тақырыбында қысқа мерзімді сабақ жоспары.........................................

59


2.8

Металдармен бейметалдардың және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы тақырыбында қысқа мерзімді сабақ жоспары........

59


3

Қорытынды.................................................................................................

71

4

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................

73



Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен үндесуде. Қазіргі педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа модулін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Сондықтан бүгінгі таңда ғалымдар оқытудың әдістерін зерттеп, тиімді де жаңа әдісті құрумен айналысуда.


Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыруға негізгі бағдар адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық қабілетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейінде дамуына, жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау [1].
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту үрдісінің мазмұндық болмысына химиялық білімді жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдістер сабақ барысында шығармашылықты артыратын әдістер мен оқыту формаларын пайдаланудың қажеттігін көрсетіп оқушылардың танымдық, шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып , шығармашылық қабілетін қалыптастыруда білім мазмұнының жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Мектептегі білім берудің жаңа тұжырымды идеялары мен даму жолдарына сай оқытуды саралау, бағдарлы оқытту, білім мазмұнын кірістіру, мектеп өмірін ізгілендіру идеяларын іске асыру мәселелері қарқынды жүргізілуде. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі – мектепте оқытылатын барлық пәндерге халықтық педагогика элементтерінің енгізіле бастауы [2].
Мектеп оқушысы пән мазмұнына тек ақпарат пен дайын білімді алумен ғана шектелмеуі тиіс, ол оқушының қабілеттерін жан-жақты дамытатындай, өз қызығушылықтарын іске асыруға, шығармашылық ойлауын және өмірлік құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, халықтық этнопедагогика элементтерінен сусындауға көмектесетіндей болған жөн. Сонымен қатар мектеп оқулығы педагогикалық тәжірибенің жинақталған ақпараттық моделі ретінде білім мазмұнын іске асыра отырып, оқушылардың жалпы ақпарат көздерінен алған мәліметтерін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік жасауы қажет. Осы орайда белгілі қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев еңбектерінде оқытудың ғылыми-педагогикалық мәселелері мен оқу процесіне халықтық педагогика элементтерін пайдалану жөнінде келесі ойлар көрініс тапқан. Оқытудың этнопедагогикалық мәселелерімен айналысқан көптеген көрнекті зерттеушілер этнопедагогика негізінде мектеп оқулықтарының моделін жасау үшін олардың әрбір құрылымдық элементінің қызметін ғылыми түрде терең функционалды сараптаудан бастауды ұсынған. Осы бағытта И.Нұғыманов химия оқу-әдістемелік кешеніндегі химиялық тілдің маңызы, Ж.Шоқыбаев химиядан жоғары мектепке арналған оқу-құралдарының педагогиккалық негіздері жөнінде зерттеу жасаған. Оқыту мәселелерін педгогикалық және психологиялық тұрғыдан жан-жақты талдауға бағытталған осы еңбектердің маңызды міндеттерінің бірі – ғылыми әдістемелік тәжірибені жинақтап, химияны оқыту процесінде халықтық педагогика элементтерін пайдалануды жетілдіру болса, мақсаты – этнопедагогикалық негізінде жазылған оқу құралдарының сапасын арттыру.
Сондықтан жұмысымда, химия пәнін оқытуда, жоғарыда көрсетілген әдістердің бірі «Химияны оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану» химия пәнінде қолдануды зерттеу қарастырылды.
Дипломдық жұмысымда «Химияны оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану» сияқты күрделі міндеттермен қатар, қарастырылмаған болжамдар мен құндылықтарды, мәселелерді мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, басымдықтарды бекітудің маңыздылығы мен міндеттерді шешудегі артықшылығын түсіну қарастырылды.
Зерттеу нысаны: Орта мектепте химияныоқыту
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың химияны оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану бойынша жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету.
Зерттеу міндеттері:

  1. Химияны оқытудағы халықтық педагогика элементтерінің маңызы мен рөлін анықтау.

  2. Халықтық педагогика эелементтерін негізінде оқытудың жаңа бағыттарын ұсыну.

  3. Химия сабақтарында халықтық педагогика элементтерін пайдалану жолдарын қолдану.

Тақырыптың жаңашылдығы: егер химия курсы бойынша жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнына халықтық педагогика элементтері енгізілсе, осының негізінде әлеуметтік сұранысқа сай әзірленген, оқу материалдары оқушыларға түсінікті болатын кешен дайындалса, және оны сабақта қолданудың ерекшеліктері анықталып, тиімді әдістемесі жасалса, онда мектепте химияндан білім беру сапасына тигізетін әсері болар еді. Нәтижесінде оқушылардың химия пәніне қызығушылықтары артып, химияның негізгі мәселелерін меңгеруіне, ғылымның қазіргі даму деңгейіне сай дүниетанымын және соған сәйкес өмірлік дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік жасалады.
Зерттеу әдістері:

  1. Білім беру ісінде халықтық педагогика элементтерін пайдалану маңыздылығы туралы ғылымдардың тұжырымдарын зерделеу.

  2. Оқу-тәрбие мәселелері мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді, сондай-ақ, әр кезеңдегі химия оқулықтарын теориялық, жүйелік және мазмұндық тұрғыдан талдау.

  3. Қазіргі химияны оқыту әдістерін кешенді сараптау нәтижелеріне талдау жасау және оны қорытындылау.

Диплом жұмысының құрылысы: диплом жұмысы бет, кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, кестеден, схемадан, сызбанұсқадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, нысанасы, пәні, әдістері, ғылыми болжамы, міндеттері, практикалық маңыздылығы қамтылған.
Негізгі бөлімде жалпы педагогикалық технология туралы және тірек-сызбанұсқаларының құрылымы, теориялардың әдеби шолуы, тірек-сызбанұсқаларын даярлау технологиясы, өтілген сабақ бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бағалау, зерттеу нәтижелерін талдау келтірілген.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет