Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Бейорганикалық химияны оқытудахалықтық педагогика элементтерін қолдану әдістемесі»


Қазақ халық педагогикасының қалыптасу тарихына қысқаша сипаттама



бет4/30
Дата25.05.2023
өлшемі1,24 Mb.
#177657
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
бейорг Бексултан 1бар

1.2 Қазақ халық педагогикасының қалыптасу тарихына қысқаша сипаттама

Қазақ халқы, түрлі қоғамдық сатыларды басынан өткере отырып, өзіне тән адамгершілік-эстетикалық мәдениетінің алтын қорын жасап келеді. Ол құндылықтар: ауыз әдебиетінің сан алуан жанрлары мазмұнында, ақын-жыраулар толғаулары мен ғұламалардың қанатты сөздерінде, теңдесі жоқ тарихи-сәулеттік ескерткіштерінде, Қорқыт ата қобызынан бастап халықтың мұң-мұқтажы мен көңіл-күйін домбыра үнімен күмбірлеткен күйлері мен ұлт табиғатымен бірге қайнасқан ән-жырларында, жүн мен теріні, ағаш пен мүйізді, алтынды аптап, күмісті қаптап жасаған қолөнер туындыларында, табиғат сұлулығын танып білудің сапалы жемісі саналатын, біздерге мәңгілік мирас болып қалған айшықты ою-өрнек өнерінде сақталған. Міне, осы бай құндылықтар, қазақтың ұрпақ тәрбиесінде пайдаланып келген тәлім-тәрбие құралдары, асыл арналары саналады.


Қасиетті ата-бабаларымыз өз бойындағы барлық асыл қасиеттерін ұрпақтарының сана-сезіміне сіңіруді басты мақсат ете отырып, ұрпағының ақылды, адамгершілігі мол, мейірімді, сыпайы мінезді қалыптасуымен бірге, оның бойынан сымбаттылықты, сұлулықты, өнерге деген бейімділік пен шеберлікті көруді арман еткен және сол қасиеттерге баулудың жолдарын, құралдарын, әдістерін жасап отырған. Осылардын халқымыздың арманы мен талап-тілегін көреміз.
Қазақ халқының адамгершілік-эстетикалық тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бәрі атадан-балаға жазылмаған заң ретінде халық педагогикалық құралдары арқылы өңделіп, толықтырылып отырған. Біздің пайымдауымызша: моральдық-этикалық дәстүрлер дегеніміз моральдық сана тәжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар.
Халық педагогикасында ең негізгі қағида адамнан, адамның өмірінен артық, одан қымбат, одан қасиетті ешқандай құндылық жоқ деген көзқарасты ұстану және адамды айырбастайтын, оның өмірі пида боларлық дүниеде ешқандай құндылықтың жоқтығын түсіну болып табылады. «Адам деген ардақты ат», «Адам болып туған соң, адам болып өлу ләзім», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», т.с.с. халық даналығында мақал-мәтелдер адамның құндылық екенін дәлелдейді.
ХХІ ғасырдағы тасқындаған толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер аясында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеудің күрмеуі қиын күрделі мәселелері жеткілікті. Ғаламдану өріс алған қазіргі заманның тәрбие жүйесіне ұлттық тәрбиені дарыту одан да өзекті болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап, уақыт тезінен өткен тәрбие тәжірибесінің ауқымды бір саласы – ата-бабадан мирас болып қалған ұлттық құндылықтарымыз.
Қазақ этнопедагогикасының алтын діңгегін адамгершілік тәрбиесі құрайды. Адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына байланысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кең пейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та адамгершілікке жатады. Адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмнің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада да қолданылады.
Жалпы түркі тілдес халықтардың барлығына ортақ алғашқы педагогикалық ой-пікірлер, оның ішіне де адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру жайлы құнды ой-тұжырымдардың дамуы VI-IX ғасырлардан бастау алады, бұл қоғамдық сананың алғаш дүниеге келу кезеңі ( Орхон-Енисей жазу ескерткіштері, Қорқыт ата тағылымдары, т.б. ) басталады. Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың тарихи ертедегі тас жазулардан ( Күлтегін, Білге қаған т.б. ) басталады.Одан кейінгі қолжазба, баспа арқылы бізге жетіп, оқу-жазу үрдісімен этнопедагогиканың арқауы болған тәлімдік ойлар тарихи өзектестігімен ұлттық педагогиканың (этнопедагогиканың) дамып, ғылым болып қалыптасқанын көрсетеді.
Орхон-Енисей ескерткіштерінен кейін түркі тілдес халықтардың алғашқы педагогикалық ой-пікірлерінің дамуы Қорқыт есімімен байланысты. «Қорқыт ата кітабында» ел басына қиын-қыстау күн туғанда халқын жаудан қорғап, қамал бұзған қас батырлардың ерлігі, халқына ақыл-өсиет айтып, өз заманында елге ұйтқы болған ақылгөй даналардың, дуалы ауыз шешендердің өнегесі жырланады. Сонымен бірге аталмыш шығармада тәлім-тәрбиелік мәні зор афоризмдер, қанатты сөздер мен ұстаздық тағылымдар жиі кездеседі. Мұның өзі баба кітабының тарихи-этнографикалық шығарма ғана емес, сол дәуірдегі түркі тектес халықтардың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын педагогикалық туынды екендігін білдіреді.
Адамзат тарихында ұрпаққа тәрбие берудің жалпыадамзаттық идеяларын жүзеге асырып, жаңа педагогикалық жүйенің қалыптасуында өз заманында Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама ғалым, халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу Насыр әл-Фарабидің алатын орны ерекше. Әл-Фараби алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре білді. Халық даналығы туғызған данышпандық ой-пікірлерге, шығыс мәдениетінің озық үлгілеріне ден қоя отырып, өзінің төл педагогикалық тұжырымдамасын жасады. Адамгершілік, ізгілік қасиеттер әл-Фарабидің педагогикалық идеясының негізгі өзегі болған, ғұлама білім берудің ізгілендіру принципіне негізделуі қажет екендігін өз уақытында ғылыми тұжырымдалған ой-пікірлерімен айқындап кеткен. Міне, бүгінгі таңда әл-Фарабидің көрегендігі мен ғұламалығы дәлелденіп, мыңдаған жылдар өтсе де, жаңа білім беру парадигмасы ретінде ізгілендіру танылып отыр.
Педагогикалық ойлардың тарихында Әл-Фарабидің эстетикалық ой-пікірлердің дамуына қосқан үлесі орасан зор. Оның шығармаларының ішінде «Музыканың үлкен кітабын» ерекше атап өтуге болады. Қазіргі педагогика ғылымында білім беру мазмұнының әрбір түріне тән меңгерудің белгілі бір тәсілі бар екендігі анықталған. Әл-Фараби «Музыканың үлкен кітабы» еңбегінде музыкалық білім беру мазмұнын меңгерудің тәсілдері мен деңгейлерін анықтап береді.
Жалпы педагогиканың бір саласы болып табылатын тәрбие теориясының әдіснамасын әл-Фарабидің тәрбиенің заңдылықтарын, принциптерін, мақсатын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, нәтижесін тұжырымдамалық тұрғыдан негіздейтін жетекші педагогикалық ой-пікірлері айқындайды.
ХІ ғасырда өмір сүрген түркі данасы, ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегінің негізгі идеясы педагогиканың ең маңызды мәселесі тәрбиеге негізделіп, оның мазмұнында педагогиканың жалпы негіздері, дидактика және тәрбие теориясының негізгі мәселелерімен қатар, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене, құқықтық, т.б. тәрбие мазмұны қарастырылады.
Жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан алып қарасақ, «Құтты білік» дастанының бүгінгі адамзат қоғамы үшін құндылығы мынада болып табылады: 1) «Құтты білік» - халықтың құты, ырысы болған ілім; 2) әрбір адамға бақыт сыйлайтын, құт әкелетін білім; 3) ғасырлар бойында көзі ашық, көкірегі ояу, кемел ұрпақтың бойына адамдық, азаматтық қасиеттерін, адалдық дәстүрлерін сіңіріп, жан дүниесіне рухани күш дарытатын тәрбие тұжырымдамасы. Ғұламаның «Кітап атын «Құтадғу білік» қойдым – Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың» деген ой-пікірі дастанның әрбір адам үшін құндылығын аша түседі.
Түркі өркениетінің шежіресін жазып, өз есімін мәңгілік еткен данышпан ғалым, кемеңгер ұстаз Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігі» еңбегін оқып-үйрену және теориялық тұрғыдан талдау бұл тек сөздік немесе тілтану мәселелерін ғана қарастырған еңбек еместігін, онда біздің ата-бабаларымыздың ұрпақ тәрбиесі бойынша тәжірибесі жинақталып, түркі халқының педагогикалық тұжырымдамасы негізделгенін айқын көруге болады. Ғұламаның адамгершілік, тәлім-тәрбиелік идеялары өнегелі өмір сүру үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудің маңыздылығын дәріптеуге бағытталған. Сондықтан оның педагогикалық тұжырымдамасының негізгі өзегі – орта ғасырдағы түркі баласының бейнесі – «ұлылыққа ұмтылған», «білімділікті іздеген», «даналықты таңдаған», «біліктіге серік болған», «бабалардың әдеп-ақлақты насихатын ұстанған» ірі тұлға. Зерттеу барысында қазіргі педагогика ғылымындағы тәрбие мазмұнының М.Қашқари ілімінде тұжырымдалуы ашып көрсетіліп, теориялық тұрғыдан негізделді.
Данышпан, кемеңгер ақын ағартушы Ахмет Йассауи жазған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған. Қожа Ахмет өзінің атақты «Даналық кітабы» аталатын циклді өлеңдерін жазған.
«Диуани Хикмет» бастан-аяқ үлгі-өнеге, ақыл-насихат түрінде келеді. Жақсылық пен жамандық, әділетсіздік пен адалдық , мейірімділік пен қаталдық, ізгілік пен жауыздық, ерлік пен ездік, сараңдық пен жомарттық, жастық пен кәрілік тәрізді жауабы күрделі мәселелердің кең жырланып, байыппен сипатталуына осы «Диуани Хикметтің» әсер-ықпалы ерекше болды.
Түркі тілдес халықтар ортақ тарихына ортақ тұлға болып Ахмет Иүгінекейдің ғұлама ойшыл, ағартушы ретіндегі жан-жақты ғылыми мұрасының бүгін де жастардық имандылыққа, әсемдікке, адамгершілікте тәрбиелеуде және рухани құндылықтарымызды насихаттауға мәні ерекше.
Қазақтың біртума ғұлама ғалымы М.Х.Дулати педагогика ғылымының дамуына, оның ішінде адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дәріптеу, әсемдікке баулу жайлы іргелі тұжырымдар қалдырған. Онын «Тарих-и Рашиди» атты әлемге әйгілі еңбегі – ХIV ғасырдан ХVI ғасырдың орта кезеңіне дейін, яғни бірнеше ғасырды қамтитын энциклопедиялық сипаттағы еңбек.
Қазақ халқының данышпан ғалымы, белгілі би Қадырғали Қосымұлы Жалайыри еңбектеріне де тоқталып өткен жөн. Ол 1600 жылы өзінің «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы» деп те аталады) атты шежіре кітабын жазуға кірісіп, оны 1602 жылы аяқтаған.
Қазақ дүниетанымында ақын-жыраулар поэзиясының, оның идеяологиялық мәнінің орны ерекше.
XY-XYII ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жыраулар поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-санасын, ой-өрісін, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені жыраулар толғауларынан халықтың небір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші, келер ұрпаққа айтар өсиеті, тәрбие тағылымы өзекті орын алады.
Ақын-жыраулардың шығармашылығын талдау олардың өз заманы үшін белгілі бір деңгейде рухани көсем рөлі атқарғаны, өз руластарының моральдық бағдарына жауап берген көрінеді.
Жыраулар поэзиясы әрекет еткен кеңістік өзінің барлық тәжірибесін сөз арқылы бейнелеуге тырысатын көшпенділердің эстетикалық ойлауының ерекше типіне негізделді. Негізінен жыраулар қалыптасқан этникалық қауымдастықты (қазақтардың) біріктіру идеясын қалыптастыру функциясын атқарды. Сонымен қатар жыраулар поэзиясының этикалық және эстетикалық құндылықтар мен символдар қалыптастыраудағы рөлі ерекше болды. Жыраулар өз шығармаларына рух аристократизмі мен данқты өзек етті. Оның символдары ретінде бостандық, еркіндік, адамгершілік, батырлық, сөзге беріктік алынады.
Ақын-жыраулар шығармаларын бірнеше аспектіде қарастыруға болады. Өйткені жыраулар поэзиясының ауқымы дәстүрлі поэзия ауқымына қарағанда кеңірек болып келеді. Мәдени-философиялық аспектіде қазақ мәдіниетіндегі гуманистік принциптердің қалыптасу мәселесінің жыраулар шығармаларындағы көрінісі қарастырылады. Бұл жерде сонымен қатар мәдениеттегі дарадық мәселесіне, оның ішінде мәдениеттің рухани дәстүрлеріндегі даралықтың және даралық сананың көрінісі мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.
Жыраулар поэзиясының әлеуметтік-тарихи аспектіде қарастырылуы адам даралығының қалыптасуының әлеуметтік тұжырымдарын қарастырады. Бұл жерде индивидтің адамгершілігі, оның этикалық жауапкершілігі туралы сөз болады.
Жалпы, қазақ қауымында ( басқа да түркі тілдес қауымдастықтардығы сияқты) жырау бейнесі ерекше құрметке ие болған, олардың дарынын «Тәңірдің сыйы» деп есептеп, қауым толығымен мойындаған. Сондықтан да жыраулардың ерекше белгісі – ымыраға көнбестігі, айтқан сөзі үшін жауаппкершілігі, халықтың алдындағы ашықтығы болып табылады. Өз шығармаларында еркіндік, бостандық, теңдік идеяларын ұстана отырып, олар өз заманының тәрбие мақсатын анықтады.
Қазақтың белгілі жырауларының ішінен Асан Қайғы, Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз, Сыпыра жырауларды және т.б. ерекше атауға болады.
Жыраулардың шығармашылығы олар өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланысты. Олардың кейбіреулері ханға қызмет етсе, үстем тап өкілдерінің мүддесін көздесе, басқалары бұқара халықтаң атынан сөйлеп, халықтың мұң-мүддесін, көңіл-күйін білдіреді және батырлар жырларының, аңыздардың сақтаушылары және орындаушылары болып табылады.
XY-XYII ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жыраулар поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-санасын, ой-өрісін, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені жыраулар толғауларынан халықтың небір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші, келер ұрпаққа айтар өсиеті, тәрбие тағылымы өзекті орын алады.
Толғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, т.б. бейнелеу тәсіліне насихаттық, өсиеттік сарын, мәселені жан-жақты терең толғап айтатын ойшылдық тән болған. Толғауда маңызды қоғамдық-әлеуметтік, саяси-философиялық тақырыптар, азаматтық әуендер кеңінен орын алады. Әрбір даму кезеңінде толғау мазмұны жағынан да , бейнелеу тәсілі жағынан да бірталай өзгеріп, жаңаша сипат алды.
Өзінің толғауларында эстетикалық талғамның жоғары деңгейін көрсете отырып жыраулар эстетикалық тәрбие туралы құнды ойлар айтады. Өз шығармалары арқылы олар жан сұлулығы мен тән сұлулығының гармониясына үндейді, әсемдікке ұмтылуға шақырады.
Бейнелерді, кейіпкерлерді көркем сипаттау арқылы сөз өнерінің жоғары үлгісін көрсеткен Бұқар жыраудың шығармаларының эстетикалық-тәрбиелік маңызы осында.
Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз, Сыпыра-жырау сияқты жыраулар заман, қоғам жайлы, ел басына түскен әр алуан оқиғалар жайынан толғау – жыр айтушы болған. Қазақ поэзиясында жыраулар жеткіншек, ақылгөй тәрбиешінің рөлін атқарады. Ақын-жырауларға тән бейнелі сөз айшықтары билердің шешендік сөздеріне де арқау болған.
XYIII ғасырда өмір сүріп, өзінің артынан үлкен поэтика қалдырған ақын Тәтіқаранің шығармашылығының қазақ педагогикалық ойлар тарихындағы алатын орны ерекше. Өзінің өлеңдерінде ақын салыстырулар арқылы түрлі эстетикалық категорияларды көрсетіп, олардың мәніне үңілген.
Сөз болып отырған кезеңдегі жырдан дауыл тудырған саңлақ жыраудың тағы бірі – Үмбетей жырау. Үмбетейдің жыр-толғауларында эстетикалық ойлар өзі өмір сүріп отырған заманның тұрмыстық келбетінен туындап, сол кездің құндылықтарын сипатттау арқылы көрінеді. Мәселен, тұрмыс-тіршілігі көшпелі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болған қазақ қоғамында төрт түліктің орны ерекше болғандығы мәлім.
Ұрпақтың адамгершілік-эстетикалық тәрбиесі үшін маңызы зор өлеңдер Шал ақында көптеп кездеседі. «Дос болма майда тілді күлгенменен, сырты ғана жылтырлап жүргенменен» - деп өсиет айтқан Шал ақын сыртқы сұлулық пен ішкі сұлулықтың арақатынасын ашып берді.
Осы кезде өмір сүрген тағы бір ақын – Жанақ өз шығармаларында «...Шешен – шеңбер болғанда, би – таразы, ән – сәнің, күйші – көркің, ақын – жорғаң» деп, көркем өнердің эстетикалық тәрбие жүйесінде алатын орнын көрсетеді. Эстетикалық категория ретінде өнердің және әдеміліктің орны Дулат Бабатайұлының шығармаларында да айқын көрсетеледі. Ақын өлеңдеріңдегі эстетикалық ойлар туралы айтқанда, оның табиғат әсемдігін сипаттайтын жырларына тоқталмай кету мүмкін емес.
Өз өлеңдері арқылы эстетикалық талғам қалыптастыруға үлес қосқан ақындардың бірі - Шөже Қаржаубайұлы. Оның «Бәйтікті мақтағаны» және «Бәйтікті жамандағаны» өлеңдерінде эстетиканың бір-біріне қарама-қарсы категориялары – әсемдік пен ұсқынсыздық, асқақтық пен төмендік бір адам мысалында қатар беріледі.
XIX ғасырда өмір сүрген Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармаларында жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысты ойлар аз емес. Оның ішінде эстетикалық талғам қалыаптастыруға, жақсы мен жаманның парқын білуге, әсемдік пен ұсқынсыздықтың ара-жігін ажыратуға бағытталған өсиет жолдар да жеткілікті. «Қызыл ала киініп, барын бойға жиініп, қыз-бозбала өседі» деген Майлықожа ақын өз шығармаларында әсемдікке баулуға, үйлесімге шақыруға аса мән береді.
Адамгершілік – эстетикалық тәрбие мәселесі қазақ ағартушыларының шығармашылығында терең орын алған. Қазақ ағартушылары – Ш.Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев өздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ халқының адамгершілік – эстетикалық тәрбиеге аса қатты көңіл бөлді. Халық шығармашылығын жинап зерттеу арқылы қазақтардың адамгершілік қасиеттерін және эстетикалық талғам деңгейін, болмысқа деген эстетикалық көзқарасын көрсете білді, эстетикалық тәрбиеге байланысты көптеген құнды пікірлер айтты.
Қазақ ағартушыларының адамгершілік – эстетикалық көзқарастары мен орнықты пікірлері халықтың дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз байланыстылығы сол өздері өмір сүрген дәуірдегі тарихи жағдайлардан туындап отыр. Ол - заңды құбылыс. Бұл жердегі басты мәселе ағартушылардың адамгершілік – эстетикалық Тәрбиені жан – жақты, жүйелі талдап зерттеуінде емес, керісінше мүмкіндігінше сол проблемалар жайлы сөз қозғап, өз көзқарастары мен пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр.
Ұрпағына сөзімен де, ісімен де, ақылымен де, парасаттылығымен де үлгі – өнегесін қалдырған ата – бабаларымыздың мәдени қарым-қатынасқа бағытталған дәстүрлері сарқылмас қазына. «Ата сөзі – бата сөзі» деп, ата-бабаларымыздың нақыл сөздері мен ақыл сөздерін - өрнекті өсиеттерін қастерлей қабылдап, жадымызда сақтаймыз. Елге бірлік, тыныштық тілеп, халқының қадірлі, қасиетті болуын армандаған данышпан ата-бабаларымыздың жолын қуып, жоралғысын жасау – біз үшін міндет, парыз, ұрпақтық борыш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет