Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Бейорганикалық химияны оқытудахалықтық педагогика элементтерін қолдану әдістемесі»



бет8/30
Дата25.05.2023
өлшемі1,24 Mb.
#177657
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
бейорг Бексултан 1бар
Презентация на тему Өнеге отбасынан , 3, Щадяир 16 маи бет болды , Мақсат Н.Т. Жаңартылғын бағдарлама негізінде химияны оқытуда қашықтықтан білім беру технологиясын қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу, Шалғынбай М.Д.Химияны оқытуда жаңа материалдың логикалық құрылымын жақсы анықтау үшін оқушы өзіндік жұмыс әдісін қолдану мүмкіндіктері, 22.05.2023ж әдебиет 9ә, Қожан Динара Жм-05-23
Эксперименттік бөлім



2.1. Химияны оқытуда халықтық педагогика элементтеpін пайдалану

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдің тәуелсіз, әрі тегеурінді, терең мазмұнды үздіксіз білім жүйесі болуы керек. Ол мемлекеттің экономикалық, корғаныс қабілеттерін күшейтері анық.


Жас жеткіншектерді ұлтын, елін шексіз сүюгеқұрал, оку тәрбие ісіне қазақ халқының этнопедагогикасын сәтті ендіру болып табылады.
Халқымыздың дәстүрлі білім мен тәрбиелер жиынтығы ғұмыр бойы жинақтаған тәжрибелерінің корытындысы. Оларда талай ғасырлар сүзгіcінен өткен ұғымдар, түсініктер, пайымдар жатыр. Мәдени мұралар уақыт озып, қоғам дамыған сайын екшеленіп, жаңарып жаңа мазмұнға ие болады. Сондықтан қазақ халқының мәдени мұралары адамзат баласының қол жеткізген дана пікірлер мен асыл ойларына, тәжірибелік тұжырымына өте бай. Мәдени мұралардың тәрбиелік мәні әрқашанда адамзат баласына нәр беріп, байытып отыратын қуатымен бүгінгі білім беру саласының алтын желісі болып отыр.
Көшпелі елдің барлық тіршілік болмысы табиғатта және табиғатпен бітене қайнасып отырады. Ұлы далада көшпелі өмір сүруге бейімделген олар өзі мекен еткен кеңістіктің барша қадір қасиетін танып біліп сол кеңістіктегі құбылыстарды уақытымен зерделеуге, теңдестіруге, пайымдауға машықтанды.
Ертедегі қазақ халқы қоршаған ортаның бір-бірімен оқшау тұрған заттар мен кұбылыстардың ретсіз жиынтығы емес, тұтастай байланысты бірліктегі дүние деп таныды.
Табиғат заттар мен ондағы жүретін кұбылыстардан тұратынын пайымдады. Табиғат туралы қазақ халқында оның кеңістік уақыттық мөлшері жағынан бар екенін, ондағы заттар мен құбылыстардың (реакция) мәңгі әрі шексіз екендігі бойынша дүниетаным қалыптасты.
Дүние тану ата-бабаларымызда алғаш дайын тұрған материяларды, кұбылыстарды танып, білуден басталады. Бұл кез адам санасы дамуының төменгі сатысында тұрған шақ еді. Мыңдаған жылдар өте келе көшпелі өмір кешкен бабаларымыз тіршілік барысында практикалық ic-әрекеттің нәтижесінде жаңа заттардың қасиетіне үңіле түсіп, құбылыстардың сырын аша білді.
Адамзат баласының даму эволюциясына байланысты дүниетаным деңгейі де өсіп күрделене түседі. Өйткені адамның дүниені тануы табиғат туралы білімдерінің жиынтығының сол кездегі өмір сүрген қоғам арасындағы байланысы негізінде өрбиді. Адамның ой-өрісі өзін қоршаған табиғат, ондағы кұбылыстар туралы білімдермен неғұрлым толыққан сайын, дүниетанымы да соғұрлым байып тұрақтанады.
Тарихи зерттеулер тас дәуірден бері өмір сүріп келе жатқан қазақ халқының арғы ұрпақтарының малмен, егіншілікпен айналысып, жартылай көшпелі өмір сүргенін дәлелдейді. Тіршілік ету барысында осы аталған кәсіптің барлығында да еңбек құралдары қажет болды, әрі олардың сапалы болуына да мән берілді. Көшпелі өмір салты үнемі көшіп жүруге ыңғайлы тұрмыс бұйымдарының формасына әсер етті, яғни бұйымдар көбіне дөңгелек шар тектес не түбі жалпақ болуы керек болды. Мұндай пішіндер дала көшпенділері үшін қолайлы болды.
Өзін қоршаған табиғаттағы заттар мен ондағы жүріп жатқан құбылыстар (реакциялар) туралы ата-бабамыздың мынадай реттегі (алгортм) түйсінуі қалыптасты. Затқа ат берді- атап, оны таныды-құрамын білді-құрастырды (мәлімет жинады) сипаттап себебін түсіндірді- оны анықтады — құбылысты жүргізді және өмірде қолдана білді. Осы бағыт бойынша ғасырдан ғасырға өте «заттар», «құбылыстар» туралы мағлұматтар көбейе түсті.
Құбылыс - қоршаған дүниеде, айналада болып тұратын әр түрлі (химиялық, биологиялық, физикалық) өзгерістер. Жалпы кұбылыс -сезімдік мүшелердің қабылдау түйсігі. Металдарға байланысты кұбылысты ата-бабаларымыз темірден жасалынған бұйымдардың далада көп уақыт тұрса, тат басып бүлініп кететіні бойынша байқаған. Темірді көрікте қыздырып балқытқан кезде балқымадан түрлі бұйымдар жасауға болатынын білді. Қатты қызған пышақ, қанжар тәрізді заттарды мұздай сумен суарғанда қасиетінің жақсаратынын білді.
Ата-бабаларымыздың өзін қоршаған заттар және құбылыстар туралы ой-пікір, түсінігі, пайымы осы тәрізді бағытта қалыптасқаны анық.
Заттар құбылыстар туралы ой-пікірлер ертедегі ата бабамыз түркілерде болды. Олардың ойынша төбемізде «көк» аспан, төмендегі «қара» жер ортасында адамзат баласы тұрақ етеді деген. Бұл сөздегі «көк», «қара» деген сөздердің магиялык, төтемдік мәндері болды. Аспандағы барлық дүниенің иесі, қорғаушысы, қолдаушысы — «атаң» деп көк аспанды ал, барлық табиғатты құшағына алып жатқан жерді - «анаң» деп ұқты. «Жоғарыда көк аспан» ,төменде «қара жер» пайда болған сон, екеyінің арасында Адам баласы жаралған - деп Күлтегін құлпытасында жазылуы осының айғағы.
Ұлы бабамыз Әл-Фараби да дүние туралы, заттар мен кұбылыстар туралы философиялық ой, түйін, зерделі пікір айтқан. «Ғылымдардың шығуы туралы» атты шығарма жазды.
Әл-Фарабидің пайымдауынша дүниедегі өмір сүретін материялық заттар, денелер алтыға бөлінеді:
● аспан денелері;
● есті жануарлар, адамдар;
● еcсіз жануарлар;
● өсімдік;
минералдар;
● торт тупкі негіз;
Олардың әр алуан қосылуының нәтижеcінде олардан гөрі күрделі материяның қалған түрлері пайда болады.
Денелер пайда болып жойылып отыруы мүмкін ал 4 түп негізі мәңгі өзгермейді. Олардан Жаңа тіршілік негіздері пайда болып отырады.
Әл-Фарабидің «зат» туралы дүние ең алғаш жаратылғанда болмашы ғана орын алған нұр сәуле күйінде болған, сол таралу арқылы кеністік үсті-үстіне дами түскен - деген постулаты бар. «Дүниеде затсыз бос бөлшектерсіз кұр кеңістік (вакуум) жоқ». Ұлы бабамыздың «зат» туралы түсініктері ертедегі грек ойшылдарымен ұштасып, бүгінгі ғылым- дәлелдерімен толықтырылып отырғанымен құнды.
Қазақ халкының ғұлама ақыны, философы өткен ғасырларда өмір сүрген Шәкәрім Ҝұдайберді ұлы (1858 — 1931 ж.). Шәкәрім дүниетанымы өзі туған көшпелі қазақ елі тұрмысы мен Шығыс, Батыс мәдениетінің рухани қазына көздері негізінде калыптасты. «Үш анық» деген еңбегінде дүниетаным бірінші анық материялық заттарды тану, екінші анық — идеалистік теологиялық саладан тұрса, үшінші анық ой таным ұжданнан тұрады. Шәкәрім материалистік пен идеалистік танымның екі аралығында болды. Негізгі қағидасы «Бар нәрсе жоғалмайды, өзгереді» — деген терең магъналы тезистен кұралады.
Шәкәрім «Дүниенің негізгі атомдардан тұрады жаңа туып, өсіп-өніп, өліп- өшіп жатады, дуние (табиғат) үнемі қозғалыста өзгерістер болады» - дейтін көзқарасты қуаттап:
- «Кетті, келді, толды, семді, өзгеленді бұл ғалам,
Туды, өлді. жанды, сөнді, өршіп өнді қайтадан» - дей келіп,
«Іздедім таптым анығын,
Тастадым ескі танығын» -деп ой түйеді.
Шәкәрім бабамыз айтуынша дүние тірегі 5 зат бір біpіне айналып, әрекеттесіп (реакцияға түсіп) отырған. Мысалы, ағаш жанғанда от туады, оттан күл топырақ туады, күлден — темір, темірден су туады деген пікірдің қалыптасуы табиғатта жүретін құбылыстың (реакция) сырын сезгендіктің белгісі.
Ертедегі ата-бабаларымыз табиғатпен бірге қайнаса тіршілік етіп, табиғатта жүретін реакцияларды сезінді, әлі келгенініше лайдаланады. Ол реакциялар:
Заттың жануы;
Темірдің тот басуы;
Тері өңдеген кездегі процестер болды.
Қазіргі замандағыдай химиялық түсінігі болмаса да, ертедегі қазақтар реакциялар туралы ой қорытып оның негізін сезінді.
Жаңғыш заттардың (ағаш, шүберек, шөп, көмір) жанатынын ол кезде жылу, жарық және түтін бөлінетінін білді С+О, - СО2 + Q
Оттың түтінін де пайдаланады. Жанумен бірге ұзақ уақытқа созылатын баяу тотығу, шіру процесі де жүретінін білді.
Қазақтар қоршаған ортада «даму», «өзгеру», «козғалу», «басқа заттарға айналу», процесі жүріп жатқанда оңың өзіне тән заңдылықтары бар екенін адамдар ертеден-ақ сезінгендігі анық. Мысалы, ағаш жанып күлге айналса, оның біраз бөлігі ұшып кетеді, осы кезде жарық пен жылу бөлінеді. Сүт ашып, қышқыл айранға айналады. Қайнап тұрған суға түскен тағамдық зат түрін де, дәмін де өзгертеді. Шын мәнінде бұлардың бәрі химиялык құбылыстар екенін ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ сезген.
Ертедегі қазақтар отты ерекше қадірледі, бның көптеген қасиетін білді. Оттың «өмір» екенін оның әрі жарық, әрі жылу бөлетінін ескеріп, отты қорлауға болмайды деп әртүрлі тыйымдар салады. Мысалы: «отқа түкіруге болмайды», «оттан аттауға», «отты кесуге» болмайды.
Қазақ халқында өте ерте кезден отқа байланысты салт дәстүрлер қалыптасқан. Олар: жас нәрестені бесікке саларда бесікті отпен аластау, жас келін үйге алғаш енгенде табалдырықтан отқа май құю, ел жайлауға көшкенде, көшті жанған екі от ортасынан өткізу. Ескі қоқыс жарамсыз заттарды өртеп отыру т.б. Мұның бәрі оттың тазартқыштық қасиетін ертедегі ата- бабаларымыздың айқын аңғарғандығы.
Отқа қатысты тағы бір ерекшелік егер отты үрлесе онын жақсы жанатынын білген. Ошақтағы от бықсып жақсы жанбай жатса оны үрлеп «Қоян ақсақ, от жүйрік» деп дәріптеуі бір жағынан отқа табыну болса, екіншіден отты үрлегенде ауадағы оттектің мол келуіне мүмкіндік жасап, оттың жақсы жағдай тудырған. Осыдан келіп ертедегі қазақ ұсталар, теміршілер, зергерлер ұстаханада көрікті кеңінен пайдаланған.
Ата-бабаларымыз кең өңдеуде, металл өндіруде, бұйым жасағанда да жану процесіне ерекше мән берген. Ертедегі халық «тот басу» процесі үзбей жүретініне көз жеткізді. Ылғалды жерде қалған темір бұйымның аздан соң сырты қызыл-қоңыр түске боялып, мүжіле беретінін байқау қиын емес еді.
Темірден жасалынған бұйым ауадағы оттектің әсерінен ылғалды жерге түссе тотығу процесі жүреді.
Тот басу процесінің жалпы реакциясын былай жазуға болады

4 Fe+2H2O+3O2=2Fе2O3 H2O


Түзілген қызыл-қоңыр түсті «тат» металл бетінен бөлшектеніп түсе беретіндіктен арасында ұсакқ қуысшалар пайда болады. Сондықтан ол темір бұйым эрі карай желіне береді. Бұндай тот басқан темірді ата-бабаларымыз пайдаланбаған.


Табиғатта ашу процесі жүреді. Ашу органикалық заттардың (қантты заттар) тотыу-тотықсыздану процесі. Оның нәтижесінде организмдер өмір сүруге қажетті энергия бөлінеді. Ашитын заттың қүрамына және оның метаболизміне байланысты ашыту нәтижесіне байланысты ертедегі қазақтар iшімдік заттарын (қымыз, шүбат, боза) органикалық қышқылдар (сүт қышқылы) туындылар айран, қатық, ipімшік алған.
Ертедегі ата-бабаларымыз сақ заманынан бері қымыз ашытып, айран ұйытқан. Қазақ халқы ашыту процесінің екі түрін игерген. Ол ерте заманнаннан осы таңға дейін жалғасын тауып келеді. Спирттік ашу. Бұл астық тұқымдастықтар не картоп құрамындағы қантты заттардың ашыту бактериялары нәтижесінде ашу процесінің жүруі. Бұл өте көп реакциялардан тұрады. Қысқаша түрде былай өрнектеуге болады:

С2H12О6 ---→ 2С2H5OН+2СО2


Глюкоза спирт немесе дәндегі крахмал қанты — амилаза ферменті – мальтоза қанты, мальтоза ферменті — глюкоза – глюкоза қанты — зимаза ферменті – этил спирті + СО2 түзіледі.


Ертедегі ата-бабаларымыз осы реакцияларды пайдалана отырып қымыз, шұбат, боза ашытқан бұл процесс осы күнге дейін жалғасын тауып келеді.
Aшу процессін Европа халқы Х ғасырда ғана білсе, біздің ата-бабаларымыз сақ, ғұн тайпалары біздің заманымызға дейінгі ғасырдан бастап пайдаланып келе жатқанын көшпелілерге саяхат жасаған Г.Рубрук, М.Поло, М.Платини жазып кеткен.
Осы тәрізді көшпелі ата-бабаларымыз тұрмысында сүт қышқылдық ашуды да пайдаланып айран, қатық, сүзбе алған. Ол кезде мынадай реакия жүреді:

С6H12О6 –CH3 -CHOH-COOH+18ккал


лактоза сүт қышқылы

Қазақ халқы ерте кезден пайдаланып келе жатқан кәсіптік ісінің бірі тері өңдеу. Көшпелі тіршілікте өмір сүруіне байланысты үй жануарлардың (жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі) және жабайы аңдардың терісін пайдалана білді. Теріні өңдеп қажетті аяқ киім, тон, ішік, саба, мес, көнек, ер-тұрман бұйымдарын жасаған. Теріні ертедегі ата-бабаларымыз екі әдіспен өңдеген.


Бірінші малмаға салып бұқтырып өңдеген. Малма-дегеніміз ашыған айран және оның сары суы немесе ашыған сүт. Бұдан басқа тұзды суды пайдаланған.
Екінші жағу. Иді қатықтан айраннан жасайды.
Екі әдістің екеyінде де айран мен сүт құрамындағы сүт канты (лактоза) ашу процесінің нәтижесінде күрделі реакцияға түсіп тері құрмындағы белокты заттармен әрекеттесіп теріні жұмсартады.
Тері өңдеудегі келесі реакция теріні бояғанда жүреді. Біріншіден теріге түс, өң беру болса, екіншіден су өткізбеу үшін өңдеді.
Қазақ халқы тері ендеуге табиғи бояуларды сәтті пайдалана білген. Табиғи бояуларды қынадан және тал терек, емен қабықтарынан, сонымен бірге шеңгел мен көк тікеннің бүрлерінен алған. Бояу үшін алған өсімдік мүшелерін суға салып, тазанан жуып, кептіріп, келі не диірменге салып ұнтақтайды. Ұнтағын тұз салып қайнатады. Қайнатқан соң қоюын сүзіп алып тастайды да қан жылым болып суығанда теріні бояған.
Орыс, батыс ғалымдарының айтқанындай қазақ халқы сауатсыз жабайы емес. Тіршілік барысында олар табиғаттың объективті заңдарын, құбылыстарын сезініп, пайымдап, оның негізін түсініп, оны қажетіне байланысты игере білді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет