Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Бейорганикалық химияны оқытудахалықтық педагогика элементтерін қолдану әдістемесі»


Химия сабағында халықтық педагогика негізінде оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыру



бет10/30
Дата25.05.2023
өлшемі1,24 Mb.
#177657
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Байланысты:
бейорг Бексултан 1бар

2.3 Химия сабағында халықтық педагогика негізінде оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыру.

Химияны жаратылыстану пәндерінің бірі ретіндегі міндеті оқушыларда қоғам, табиғат және олардағы адамның орны туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру екені айтылады. Жеке адамның ғылыми көзқарасының құрам бөліктеріне жататындар: жалпы түрдегі білім мен біліктер жүйесі, оның объективті түсіне білуі пайдалануы, ғылыми білімнің акиқатына және қолдану тиімділігіне шүбәсіз сену, асқақ мұраты мен негіздерінің болуы және оларды іс жүзіне асыра білуі.


Ғылыми көзқарас жеке пәндерден алған білімнің қорытылуынан туады. Дүниеге көзқарас тудыратын білімді қорытындылаудың үш деңгейі бар. Олар философияляқ деңгей жаратылыстану ғылымының деңгейі және жеке ғылымдық (мысалы:химияляқ) деңгей. Осы деңгейлерге сәйкес дүниенің философиялық жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық (химиялық, физикалық т.б) бейнелері қалыптасады.
Химия материяның нақтылы бір түрі-заттарды және материя қозғалысының химиялық формасы –заттардың сапалық өзгерістерін зерттейтін ғылым. Химияны үйренгенде заттармен құбылыстар туралы білімді жалпылып қорыту арқылы оқушыларда табиғаттың химиялықбейнесі қалыптасады. Химиядан алынған нақтылы білімді басқа жаратылыстану ғылымдарынан берілген біліммен ұштастыру нәтижесінде табиғаттың жалпы ғылыми бейнесі пайда болады. Дәлірек айтқанда, табиғаттың химиялық бейнесі дегеніміз- химиялық жалпы білімнің оғамдық пәндерден алған білімімен бірігуі біртұтас ой –пікірге сенімге айналуы.
Ғылыми білімді сатылап қорытындылаудың нәтижесі де оқушыларда.Ғылыми көзқарас идеяларының мынадай жүйесі қалыптасуы тиіс: дүниенің материалығы мен бірлігі материяның шексіздігі мен мәңгілігі, құбылыстардың өзара шарттастығы қозғалас материяның тіршілік тәсілі екені материя қозғалыс түрлерінің байланыстылығы: таным-объективті дүниенің адам санасында бейнеленуі екені, дүниені танып білуге болатыны, танымының шексіздігі.
Оқушылыардың жас ерекшеліктеріне, өтілетін материялдың мазмұны мен теориялық деңгейіне, пәнаралық байланыстың күрделенуіне қарай дүниетанымның қалыптасуы бірнеше кезеңде жүзеге асады.
Бірінші кезкеңде беиорганикалық химия курсын өткенде, заттармен және химиялық реакциялармен байланысты жеке көзқарастар химиялық ұғымдар деңгейінде, химиялық терминдер арқылы қалыптасады. Заттардың қасиеттері сезім мүшелері арқылы білінеді және құрамы мен құрылысына тәуелді болады. Заттар үнемі өзгеріске ұшырайды, бірақ ізсіз жойылмайды, бір зат екінші затқа айналады. Бұл өзгерістер затты құрайтын бөлшектер-молекулалар бұзылады, ал атомдар сақталады. Физикада алған білімді сүйеніп, атомдардың күрделң бөлшек екені, құрылысындағы өзгерістер туралы пікір қалыптасады. Заттар мен химиялық реакциялардың жіктелуін олардың арасындағы генетикалық және себеп салдар байланысын өткенде қарама қарсылық, жалпы мен жекенің шарттастығы, сананың сапаға аусуы туралы көзқарас орнығады.
Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң мен периодтық жүйені қалыптастырғанда химиялық элементтердің барлық көрсеткіштердің жүйедегі орнымен сипатталатыны, бір-біріне айналатыны және жойылмайтыны туралы түсінік қалыптасады. Периодттылық табиғаттың ақиқат заңдарының бірі екеніне, оның ашылмаған элементтерді алдын ала болжауға мүмкіндік бергеніне және олардың расталғанына оқушылардың көзі жетеді. Бұдан соң химиялық элементтердің топтарын, топшаларын, жеке элементтерді және олардың қосылыстарын өткенде өтілген заңдар мен теорияларды негізге алып, заттардың қасиеттерін, реакция нәтижелерін болжай білуге үйренеді.
Екінші кезең-органикалық химияны өтуге байланысты. Бұл кезеңде оқушылар заттардың сан алуандығы, олардың электрондық және кеңістіктегі құрысылсына тәуелді екені, органикалық заттардың түзілуі, рекциялары, қасиеттерінің жалпы заңдылықтарға бағынатыны, ешқандай «тіршілік түшінің» жоқ екенә жөнінде түсінік алады. Өлі табиғат пен тірі табиғаттың бірлігіне көз жеткізеді. Химия мен биологияның арасында пәнаралық байланыс нығаяды.
Үшінші кезең орта мектеп үшін жаңа қорытындыкурс – жалпы химияны өткенде жүзеге асады. Жалпы химия курсына заттардың құрылысы, химиялық реакциялары, металдар мен бейметалдар туралы оқушылардың білімі тереңдетіліп, бір дүйеге түсіріледі, қорытып, жаопыланады. Жаратылыстану пәндерінен және қоғамтанудан алған философиялық біліммен ұштастарады. Химиялық ұғымдар мен қалыптасқан дүниетаным философиялық ұғымдар дәрежесіне дейін көтеріледі.
Төртінші кезеңде биологиялық химиядан, органикалық химиядан, химиядан және жалпы химиядан алған білімді қортындылағанда әрбір хямиялық ұғым диалектикалық ұғым ретінде қарастырылады.
Халықтың тұрмысындағы барша химиялық құбылыстар табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын қарастырғандықтан, химия саласындағы өзгерістер мен даму осы заңдылықтарға бағынатыны нақтылы мысалдар мен түсіндіріледі. Затқа материяның нақтылы бір түрі, реакцияға қозғалыстың химиялық формасы деген анықтама береді. Зат үздіксіз өзгерістің бір буыны ретінде қарастырылып, оның өткен қазіргісі және болашағы жөнінде қорытынды жасалады. Заттардыңхимиялық қасиеттері жүйелік негізі тұрғысынан ішкі қайшылықтарды және сыртқы жағдайдың әсері бойынша түсіндіріледі. Мәселен, бір элементтің S-2, S0, S+4, S+6, тотығу дәрежелеріндегі атомдардың алғашқысы-тотықсыздандырғыш, сонғысы оған қарама-қарсы – тотықтарғыш ортасындағылары рекция жағдайына қарай әрі тотықтарғыш әрі тотықсыздандырғыш қасиеттер көрсетеді. Бұл заңдылық басқа химиялық элементтерде қайталанады.
Ғылым айналамызға ақиқат дүниені түсіндіріп қана қоймайды, оны адамның игілігіне сай өзгертіп, өндіруші күшке айналдыруда. Химияның ғылым ретіндегі негізгі міндеті – адамға аса қажетті қасиеттері бар заттар өндіру. Сондықтан химия ауыр индустрияның ең маңызды саласына айналды, оның жетістіктері де аз емес.
Біздің елімізде химия өнеркәсібін жедел өркендетуге әрдайым жете көіл бөлінуде, бұл саладағы жетістіктер әрқашан оқушыларды мақтаныш сезімге бөлейді. Осыған орай тәрбие беру мақсатында мынадай мәселеоерге баса назар аударған жөн:
-табиғи шикізаттарды іздеу және тиімді пайдалану тәсілдерінің дамуы;
-химия өнімдерін өндіру қарқынының өсуі;
-саны мен сапасының артуы;
-химия шаруашылығының түрлі салаларында қолдану үлесінің молаюы;
-химияның өзге өндіріс салаларымен ұштастырылуына және табиғаттың табыс көздерін тиімді пайдаланудағы мәні;
-Қазақстан химия өнеркәсібі мекемелерінің салынуы және өркендеуі, негізіне химиялық әрекеттер жататын металлургияның дамуы;
-бұл өндіріс орындарындағы негізгі мамандықтарды, адамдардың қажырлы еңбегімен қоса, химия өнеркәсібін мысалға алып, ғылыми техникалық прогрестің жаңа бағыттарымен таныстыру, табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие беру шараларын жүзеге асыру;
химия ғылымы мен өнеркәсібінің дамуына қомақты үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін баяндау арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Білім және тәрбие берумен бірге химияны оқытудың тағы бір аса маңызды міндеті – оқушылардың ақыл ойын дамыту.
Педагогикалық теориялардың тұрғысынан қарағанда дамыту оқыту деңгейінің және қарқынының көтеріңкі болуына, соларға сәйкес оқушылардың таным әрекетінің балсенділігіне тәуелдә болады. Мұның мәнісі – оқушылардың білім алудағы «ең таяу биігі» көрініп тұруы, оған жету жолында бойына біткен қабілеті мен күш-жігерін аямай еңбек істеуі тиіс деген сөз.
Психологиялық жағынан алғанда дамыту білімді игеру мен жаңғырту, таныс және жаңа жағдайда қолддана білу, логикалық ойлануды қалыптастыру болып табылады.
Әдістемелік әдебиеттерде оқушылардың дамуы химиялық білімнің мазмұнына байланысты химиялық эксперимент жасағанда, сан және сапа есептерін шығарғанда және мәселелерді оқыту кезінде жүзеге асатыны баяндалады.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды қамтамасыз етуде теориялар мен заңдардың маңызы зор. Ю.В.Ходаковтың еңбегінде оқушылардың логткалық ойлауын дамытудың мазмұнына мыналар жатқызылады: бақылаған нәрселерін салыстыру арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай білу; нәрсені ой жүзінде жеке бөліктерге жіктеу, оларды қайтадан біріктіру арқылы нәрсенің тұтас күйін және жеке бөліктерінің арасындағы байланысты танып білу, нәрселердің елеулі қасиеттерін елеусіздерінен ажыратып, бөле білу; бақылаулардан және жеке деректерден тиісті қорытынды жасап, дұрыстығын дәлелдеп жалған болжамдарды теріске шығара білу; өз ойын анық, жүйелі және нанымды баяндауға үйрету.
М.В.Зуева бұл ойлау тәсілдерін әдістемелік жағынан жүзеге асырудың мәселелерін нақты мысалдармен талдады.
Оқушылардың ақыл-ойы білім мен білікті игеру барысында дамиды. Жеке сыныптар бойынша теориялық және деректер материалдардан, химиялық тілден, химиялық эксперимент жасаудан, сан есептерін шығарудан қаоыптасатын білім мен біліктердың тізбегі мемлекеттік бағдарламада көрсетілген.
Оқушылардың ой-өрісі алған білімнің мазмұны мен ауқымынан, іске жарата білуінен айқын көрінеді. Мұның үш деңгейі бар. Бірінші деңгейі – алған білімді еске түсіріп жаңғырту. Бұл білімді мұқият қабылдап, жадында ұстай білуінен аңғарылады. Екінші деңгей – алған білімді оның қалыптасуына ұқсас жағдайда қолдана білу. Мұнда білімді қайта жаңғырта отырып, тасымалдау және іске жарату жүзеге асады. Үшінші деңгей – алған білімді бұрын кездеспеген жаңа жағдайда қолдана білу. Бұл жаңа жағдайда бұрынғымен жақындастыратын, байланыстыратын ашатын ойлау тәсілдерін жүзеге асыруды қажет етеді.
Білім алу мен оны қолдану үрдісінде жүзеге асатын ойлау тәсілдері: салыстыру, анализ, синтез, жіктеу, жүйеге түсіру, себеп салдар байланысын ашу, қорыту және жалпылау. Бұл бір-бірімен ұштасып, жүзеге асырылғанда ақыл-ой әрекетінің негізгі тәсілдері деп аталады. Мәселен, нәрселер мен құбылыстарды салыстырудан қорытынды жасалады. Жалпылау кезінде елеулі белгілері таңдалып, жүйеге түсіріледі, қорытынды жасалып, жіктелуі жеке бөліктерінің арасындағы өзара байланысы ашылады.
Оқушылардың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру химияның алғашқы сабақтарынан басталып, біртіндеп дамытылады. Ол үшін әр тақырыпқа лайық сұрақтар, жаттығулар мен тапсырмалар әзірленеді. Осы орайда білімді бір жүйеге келтіру және қорытындылау сабақтарының маңызы зор. Бұл сабақтарда ақыл-ой әрекетінің айтылған тәсілдерін қолдану арқылы оқушылар материялды жаңа қырынан көруді үйренеді. Жеке бөліктерінің арасындағы өзара байланысын тауып, алған білімді қолдана білуге дағдыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет