2.4 Химия сабағынан сыныптан тыс жұмыстардағы қазақ халық педагогикасының ролі
Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра келе, оқушылардың халқымыздың тұрмыс тіршілігіндегі құбылыстарды химиялық тұрғыдан түсіне білуінің негіздерін қалыптастырудың педагогикалық мәні анықталды. Оқушылардың химиялық білімдерін қалыптастыру мәселесінің теориялық негізінен айқындау «халық», «халық педагогикасы» ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты.
Жеке тұлғаның білімін немесе мәдениетін қалыптастыру және дамыту үшін оның ғылыми әдебиеттерде кездесетін қайнар көздерін, түпкі нәтижелерін анықтауға назар аударуды талап етеді. Осыған байланысты этнопедагогикалық тұрғыдан химиялық білім берудің мәні және құрылымы ашып көрсетіледі.
Жоғарыда айтыоған қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың химиялық білімдерін қалыптастырудың төмендегі ерекшеліктерін анықтауға негіз болды:
Біріншіден, халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың химиялық білімдерін қалыптастыруда салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпжетекші фактор болып табылады;
Екіншіден, халықпедагогикасы химиялық білімді қалыптастыруда өлкетану және этнографиямен тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді;
Үшіншіден, өлкетану жұмытарының ерекшелігітопонимика, ономастика сияқты ғылымдардың, білімдердің өзгешеліктермен анықталады;
Төртіншіден, аталмыш жұмыстардың келесі ерекшелігі тарихи мәлметтермен тығыз байланысты болғандықтан, тарихи ғылымдары және тарихи оқу пәнінің негізгі ұстанымдары, әдістерә, құралдарымен сипатталады.
Бесіншіден, халық педагогикасын химиялық тұрғыдан тану мақсатында сыныптан тыс уақытта танымжорық, оқу-танымдық соқпақ, саяхат, экспедициялар сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырылады;
Алтыншыдан, танымжорықтар арқылы халық педагогикасымен сусындату оқушыларды алған химиялық білімдерін практикада қолдануға нақты мүмкіндік беріп, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған өзіндік ерекшелігі бар оқу-тәрбие процесіне айналады.
Өлкетану жұмыстарының түрі, әдістері мен құралдарын халық педагогикасында пайдалану эмпирикалық жүйеде жасалады. Тұлғаның жерді орта мекен, Қазақстанды ортақ Отан есебінде жақсы көру сезімі секілді қасиеттерін айқындайды.
Бұл ерекшеліктер химиялық білім мен этнопедагогика элементтері кірістірілген тұлғалық білім ретінде мынадай міндетті компонеттерді қамтиды деген тұжырымға келуге негіз болды:
Танымыдқ компоненті жаратылыс пәндері бойынша теориялық білімдері берік, әрі терең қабылдаудағы, қосымша білімдер халықтың рационалды және иррационалды білімдері бойынша түсініктерін меңгерудегі тұлғаның мүмкіндіктерін жүзеге асырады;
Эмоционалды компоненті химиялық білім ала отырып, халық педагогикасыныңмаңыздылығын мойындаумен, туған жерінің табиғатына, сұлулығына тамсанып сезіну және ондағы құбылыстарға химиялық көзқарас тұрғысынан қарай алуымен анықталды.
Көрсетілген екі компонентті алғанымыздың себебі оқушы бойында белгілі бір білім жүйесіне баулуының нәтижесі ретінде қарастырылатын сәйкестіліктің қалыптасқанын білдіреді. Олай болса кез келген сәйкестілігі өз құрамына аталған үш компонетті енгізеді.
Химиядан сыныптан тыс жұмыстарда қазақ педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың химиялық білімдерін қалыптастыру процесін мүмкіндігінше толық қарастыру үшін оның негізгі нәтижесін анықтау қажет. Сондықтан химиядан сыныптан тыс жұмыстарда қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың химиялық білімін қалыптастырудың моделін жасамастан бұрын, оның нәтижесін болжай білу қажет.
Осыған орай, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сүйеніп, интелектуалдық, сезімдік, эстетикалық, адамгершілік және еңбек дамуын қозғайтын сапалық өзгерістер, сонымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетінің көріну деңгейі басшылыққа алынып оқушылардың химиялық білімінің қалыптасуының өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды.
4-кесте. Оқушылардың халық педагогикасы негізінде қалыптасқан химиялық білімдерінің өлшемдері мен көрсеткіштері.
Компоненттер
|
Өлшемдер
|
Көрсеткіштер
|
Танымдық
|
Химиялық білімдер
|
-жаратылыстану пәндері бойынша білімдерді игеру;
-халықтың рационалды және ирроцианалды білімдері туралы түсініктердің қалыптасыу;
|
Эмоционалды
|
Химиялық сана, сезім
|
-химиялық білімдерге қызығушылық;
-химиялық білімнің маңыздылығын сезіну;
-туған жерінің табаиғатына қатынас;
|
Мінез-құлықтық
|
Химиялық тәжірибе
|
-сыныптан тыс жұмыстардағы белсенділік;
-химиядан алған білімдерін жетілдіру жұмыстарындағы белсенділік;
|
Аталмыш өлшемдер негізінде оқушылардың химиялық білімдерінің қалыптасуының үш деңгейі белгіленді.
Жоғары деңгей: жаратылыс пәндері бойынша теориялық білімдерді жетік, білімдері оқу бағдарламаларына сай, химия пәні бойынша білім жүйесі , халықтың рационалды және иррационалды білімдердің мәнін, мағынасын түсінеді; теориялық деңгейдегі химиялық білімдерге және оларды игерудегі шығармашылық іс-әрекетке деген қызығушылық көрінеді, халықтық тәжірибені химия сабағында жүзеге асыра алады.
Орташа деңгей: жаратылыс пәндері бойынша білімдері оқу бағдарламаларына толық сәйкеспеген, химиялық білімдері үстірт, халықтың рационалд, иррационалды білімдері жартылай түсінеді, ізденіс жұмыстарын орындау бойынша дағдыларды толық игермеген.
Төменгі деңгей: жаратылыстану пәндері бойынша білімдері қанағаттанарлықсыз, химия пәні туралы түсінік қалыптаспаған, халықтың рационалды, иррационалды білімдерінің мәнін аша алмайды, мағынасын түсінбейді.
Анықталған өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлерге сәйкес ғылыми- теориялық еңбектерді, мұғалімдердің озат тәжірибесін талдау нәтижелерін, сонымен қатар тұтас педагогикалық процестің жүйесін және химиялық білімі қалыптасқан тұлғаның біз құрастырған моделін негізге ала отырып, химия сабағында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың химиялық білімін қалыптастыруға болады.
Көмірсулар тақырыбында қысқа мерзімді сабақ жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |