В қосымшасы
Мазасыздық тесті (Р. Теммпл, В. Амен, М. Дорки)
Баланың мазасыздану деңгейін арнайы проективті мазасыздық тесті арқылы анықтауға болады.
Өлшемі 8,5х11 см болатын 14 сурет. Әр сурет баланың өміріне тән жағдайды білдіреді.
Әр сурет екі нұсқада жасалған: қыз және ұл үшін. Суретте баланың беті толық салынбаған, тек бастың контуры берілген. Әр суреттің қасында суреттегі беттің контурына сәйкес келетін мөлшерде баланың басы салынған екі қосымша сурет берілген. Қосымша суреттердің бірінде баланың күлімсіреген бет-бейнесі, ал екіншісінде жабырқау түрі бейнеленген.
Суреттерді балаға бірінен соң бірін көрсетеді. Әңгіме бөлек бөлмеде өтеді. Балаларға суреттерді таратып, мұғалім нұсқау береді.
Нұсқау
1. Балалармен ойнау. «Қалай ойлайсың, баланың жүзі қандай: көңілді ме, жабырқау ма? Ол балалармен ойнайды».
2. Бала және құшағында нәрестесі бар ана. «Қалай ойлайсың, баланың жүзі қандай: көңілді ме, жабырқау ма?Ол анасымен және оның құшағындағы сәбимен бірге қыдырып жүр».
3. Агрессия объектісі. «Қалай ойлайсың, баланың жүзі қандай: көңілді ме, жабырқау ма?».
4. Киіндіру. «Қалай ойлайсың, баланың жүзі қандай: көңілді ме, жабырқау ма? Ол киініп жатыр».
5. Үлкен балалармен ойнау. «Қалай ойлайсың, баланың жүзі қандай: көңілді ме, жабырқау ма? Ол үлкен балалармен ойнап отыр».
6. Жалғыз ұйықтату. «Қалай ойлайсың, баланың жүзі қандай: көңілді ме, жабырқау ма? Ол ұйықтауға бара жатыр».
7. Жуындыру. «Қалай ойлайсың, баланың жүзі қандай: көңілді ме, жабырқау ма? Ол ваннада».
8. Сөгіс алу. «Қалай ойлайсың, баланың жүзі қандай: көңілді ме, жабырқау ма?».
9. Елемеу. «Қалай ойлайсың, баланың жүзі қандай: көңілді ме, жабырқау ма? ».
10. Агрессивті шабуыл «Қалай ойлайсың, баланың жүзі қандай: көңілді ме, жабырқау ма?».
11. Ойыншықтарды жинау. «Қалай ойлайсың, баланың жүзі қандай: көңілді ме, жабырқау ма? Ол ойыншықтарды жинайды».
12. Оқшаулау. «Қалай ойлайсың, баланың жүзі қандай: көңілді ме, жабырқау ма?».
13. Баласы ата-анасымен. «Қалай ойлайсың, баланың жүзі қандай: көңілді ме, жабырқау ма? Ол анасымен және әкесімен бірге».
14. Жалғыз өзі тамақ ішіп отыр. «Қалай ойлайсың, баланың жүзі қандай: көңілді ме, жабырқау ма? Ол тамақ іше ме?».
Достарыңызбен бөлісу: |