Дипломдық жұмыс Тақырыбы: Талдап оқыту әдістемесі Орындаған: 4517 у тобы. Ақынбекова Д



бет3/4
Дата24.04.2017
өлшемі0,87 Mb.
#15003
түріДиплом
1   2   3   4

ғ

І б.

ІІ бағыт

ІІІ бағыт

ІҮ бағыт




Кім шебер? Тақтайға бедер өрнек, ою. 30 ми.

«Кім жылдам?» жарысы. Үй макетін құрастыру. 5-мин.

«Кім тапқыр?» еңбек тақырыбында мақал- мәтел жарысы. 4-мин.

1



Саз балшыққа бедерлеп ою- өрнек салу бойынша жарыс. 10-мин.

Капитандар сайысы:

1. Нақыл сөздер. 3 мин.

2. Ребус. 3 мин.

3. Кеспе бойынша сұрақ- жауап. 3 мин.




Тест. 9 мин.

2




3

Эскиз сызу. 7 мин.

Бүктеу тәсілі мен ою, қырқу. 6 мин.

4

Сергіту минуты. 3 мин.

5

Композицияға мінездеме беру. 5 мин.

6




Эстефеталық жарыс. 5 мин.

7




Қорытынды. 2 мин.

Әр жарыстың соңында әр топқа 5 баллдық жүйеде баға қойылып отырылады.

Міне, жарыстың бағдарламасымен де таныс болдыңыздар. Енді, жарысымызды бастаймыз. Қазір «Кім шебер?» жарысын ұйымдастырамыз. Оған әр топтан бір оқушыдан шығып, берілген тақтайға геометриялық фигураларды бедерлеп ою керек. 30 минут беріледі. Осы жарыс өтіп жатқан сәтте әр топтан тағы да бір оқушыдан шығып, «Кім жылдам?» сайысы бойынша 5 минут ішінде үй матекін құрастыруы қажет. Осы жарыспен қатар қалған оқушыларға еңбек туралы мақал- мәтелдер бойынша «Кім тапқыр?» сайысы ұйымдастырылып, оған 4 минут уақыт беріледі. Осы жарыстардың үшеуінің де нәтижелері бағаланып, тіркеледі.

Тақтаға екі оқушы шақырылып, саз балшыққа бедерлеп ою- өрнек салу бойынша жарыс ұйымдастырылып, оған 10 минут уақыт беріледі. Капитандардан басқа оқушыларға тест сұрақтары таратылып, оған 9 минут уақыт беріледі. Осы сәтте «Капитандар сайысы» жүрісі жатады. Ол әрқайсысы 3 минуттан тұратын үш түрлі жарыстарды қамтиды. 1- ші «Нақыл сөздер сайысы», 2-ші ребус шешу, 3- ші кеспе бойынша сұрақ- жауап.

Жарыс нәтижелерін есепке алғаннан кейін, эскиз сызу бойынша жарысқа екі оқушы шақырылып, 7 минут уақыт беріледі. Осы уақытта қалған оқушылармен бүктеу тәсілі мен ою қырқу бойынша 6 минуттан тұратын жарыс ұйымдастырылады. Жарыс нәтижелері түгел тіркеледі.

Сергіту минуты. 3 минут.

«Композицияға мінездеме беру» жарысына оқушылар түгел тартылып, 5 минут уақыт беріледі. Қай топтың оқушылары қандай жауап бергеніне қарай бағаланады.

Енді сабақты қалыптастыру, бекіту мақсатында «Эстофета» ойыны ұйымдастырылп, оған да оқушылар түгел тартылып, 5 минут уақыт беріледі.

«Этофета» ойынында бір оқушы қарсы топқа сұрақ қояды. Екінші топтың талапкер оқушысы сұраққа жауап беріп, қарсы топқа сұрақ қояды.

Осылайша белгіленген уақытқа дейін жалғаса «Эстофета» береді.



Үйге тапсырма: Келесі сабаққа осы материалдар бойынша тесттік сынаққа дайындалып келу.

Талдап оқыту әдістемесінің негізгі идеясы оқу материалын тиянақты терең түсіну, нақты байланыстар жасау, иллюстрациялы – түсіндірме әдісін пайдалану.

Қалай болғанда да өзімізге таныс иллюстрациялы- түсіндірме әдісінің қатаң тәртібі сақталынуы керек. Баладан ыждағатпен тыңдап, мүлткісіз орындау ғана талап етіледі.

Талдап оқытуда баланың ізденушілік- зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта- ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.



  1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

  2. Оның шешудің жолын бірлесе қарастыру.

  3. шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі талдап оқудың Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылатын кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытндылауға үйренеді.

Баланың даму процесі, оның қоғамның белсендіде пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қатысуымен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы осы факторлардың бірде – бірі, қандай да бір кемеліне келген болса да басқа екеуінен ерекшеленіп, жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнекті психолок Л.С. Выготский.

Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.


  1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

  2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың бамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады.

Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы, адамның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін болады. Бұл оқуды- қабюілетін нығайтын жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетін өз үлесін қосады. Баланың потенциалдық мүмкіндіктері неғұрлым жан- жақты үйлесімді, толығырақ дамыса, есейген кезде, оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан- жақсы, табысты болады.

Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды талдап оқыту сабақтары деп білеміз.

Талдап оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек.

Талдап оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым- қатынас, мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс- әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын талдапты.

Талдап оқытудың Л.В.Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешеліктері айқындалады;

- оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;

- мақсаттағы айырмашылықтар;

- дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;

- әдіс- тәсілдердегі ерекшеліктер;

- оқытудың өзгеше ұйымдастыру;

- мұғалім еңбегінің нәтижелігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;

- мұғалім мен оқыту арасындағы жаңаша қарым- қатынастар.

Л.В.Занков жүйесіне дәстүрлі оқыту жүйесінен басқаша дидактикалық принциптерге негізделеді. Енді ерекше тоқталуды қажет ететін кейбір принциптердің мәнін аша кетейік.

Жүйедегі бүгінгі күннің өлшемімен қарағанда айрықша көкейкестілігімен ерекшеленетін принцип, жоғары қиындықта оқыту- принципі. Бұл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындатуға мүмкіндігінің бар екенін көз жеткізеді.

Дәстүрлі педагогикадағы «оқыту мазмұны баланың жас ерекшеліктеріне сай жеңіл болғанда ғана, оқушылар білім, білік, дағдыны меңгереді» деген қағида төңірегінде. Л.В.Занков бұл анықтаманың көнергендігін, тіпті дұрыс еместігін дәлелдейді. Оқыту жұмысында баланың жас ерекшелігінің ескерілуінің керек екендігін жоққа шығармай, дегенмен әр даму кезіндегі жас ерекшелігінің оқыту барысында өзгеріп, жаңа кескінге алмасып отыратындығы ақиқат екенін еске салады. Оқыту бұл жағдайда абстрактіден қарапайымға қарай түзіледі деген пікір айтады. Бұған соңғы уақытта көз жеткізе бастаған сияқты.

Бұл принциптердің мақсатына жету үшін дәстүрлі оқулықтардағы жеңіл- желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін талдатып шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже беретіндігіне тәжірибе барысында көзіміз жетті. Ағылшынның философы Б.Шоу адамды қызған сайын ширай түсетін кірпішпен салыстырған екен. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау, баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шыңдайды.

2.2. Талдап оқыту әдістемесін іс- тәжірибеде пайдаланулар

Бастауыш сыныптардан білім берудің тиімді әдістерін қолдану мақсат, ол міндет кіші жастан талаптарға сай білім алуына, ауыз екі сөйлеуін дамыту, ойын жазбаша сауатты жеткізу біліктерін қалыптастыруға, дүниекі сөз немесе математикалық өрнектер арқылы бейнелеп қабылдауға, сондай- ақ танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктерге жеткізетін әдістеме талдап оқыту.

Талдап оқыту әдістемесі озық тәжірибелерде, жаңа педагогикалық технологияларда, инновациялық элементтерде кездесетін, оларға қосымша талап, міндеттерін тереңірек игеруге, тиянақты оқуға, жүйелі зерделеуге ұмтылыстар тудырумен маңыздылығын байталады. Оқушының тіл байлығын, тіл құбылысын, оның заңдылықтарын біршама бағдарлауға мүмкіндік беретін, әдеби сауаттандырып, шығармашылққа жол ашатын, абстрактылы ойлау элементтерін дамытуға себепкер болатын талдап оқыту әдістемесі екендігін зерделеп, нәтижелер мен тәжірибеген, бақылаулар мен қорытындылаулар жеткізеді. Оқытудың мұндай тиімді әдістерін қолдану білім мазмұнының рөлін күшейтіп, бастауыш сыныптардан бастап ғылым негіздерін нәтижелі зерделеуге дайындық деңгейін арттырады.

Талдап оқыту әдістемесі оқыту барысында тілдік ерекшеліктердің бала ұғымына лайық дәрежеге талдау арқылы жеткізеді, берілген тапсырмаға түсініктеме, үлгісіне талдаулар, өзінің тікелей іс- әрекеттерімен, ережесін, жазылуын, оқуын еске түсіріп, толықтырумен игереді, олар біртіндеп күрделенсе шығармашылықпен ойлауына мүмкіндік беретін байқалады.

Оқулықтағы шартты белгілермен көрсетілген арнайы тапсырмалар оқушының шығармашылығымен жұмыс істеу дағдыларын дамут үшін таддап оқыту әдістемесі пайдалану қажет. Оқу үрдісінің кез келген сәтінде, сабақтың құрылымын элементтерінде сабақтың тақырыбы, мақсаты, сабақтың барысы, жаңа сабақ, сабақты бекіту, үйге тапсырма талабымен талқыланып, түсініктеме беріліп, үлгілері көрсетіліп, алдын- ала даярланған корточкалар- үлестірмелі материалдар орынды пайдалану- ол талдап оқыту әдістемесінің мәні, осыған орай білім нәтижесі- мұғалім мен оқушының бірлескен еңбектерінде, оқытуда тиімді әдістерді қолдануға, әрине жаңа озық технологияларды зерделеп, нәтижелеріне қатысты пайдалануда, электронды оқу материалдарын қолдануда.

Оқушылардың қисынды ойлауын, қиялын дамытуға, сөз қорын молайтуға ықпал ету үшін ауызша да, жазбаша да сөйлемдерді дұрыс құрап, айта білуге, түсініктеме жасауға, өзінше мысал келтіруге, талдаулар жасау, үйрету қажет. Осыған қатысты 4- сыныптың «Қазақ тілі» пәніне арналған «Сөз тіркесі туралы жалпы түсінік» тақырыбы бойынша сабақтың талдамасын ұсынып байқайық.

Сөйлемдегі сөздердің байланыстары туралы оқушылардың түсініктері бар. Осыған сүйене келе, сөз тіркесі таныстырылады. Ондағы мақсат- оқушыларға жай сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесі арасындағы айырмашылықтарды үйрету. Негізгі мақсат- талдап оқыту әдістемесімен берілген сөз тіркестерінің қандай сөз таптарынан жасалғандығын анықтау, ол үшін оқушылардың талдау, жазбаша, ауызша талдау, түсініктеме беру, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестеріндегі дауысты дыбыстарға с.к.т.-лық талдау жасап, оқушылардың есте сақтау қабілетін жетілдіру. Еліміздегі халықтар достығы, халықтар ассамблясының орны, мәні татулық, тыныштық, бірлік, қуаттылық, сыйластық, мейірімділік, ізгілікті насихаттау арқылы тәрбие деген тәңір бар, білім деген бақ бар, олар- қуат, даму көздері.

Тренинг және аралас түрде өтетін сабақ түсіндіру, көрнекі құралдар пайдалану, проблемалық сұрақ қою, сұрақ- жауап алу, с.к.т. қолдану, әрине талдап оқыту әдістемесі қамтылады.

Сабақты өту барасында:

- Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілімі.

Қастерлейді ұл- қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім!-

деп ұлағатты ой салдыратын, талдап қарап ұғатын, тәрбиелік мәні үлкен- барлық тіршіліктің төркіні, түп тамыры- тәрбиеде деген ойды жеткізеді.

Балалар кемеңгер, ғұламалардың, ақын- жазушыларымыздың, ата- бабаларымыздың өнеге мен өсиеттерін, тамаша ойлары мен тәжірибесін біздерге жеткізген туған тіліміз- Қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Сабақ барысында үй тапсырмаларын оқушылардың орындаудағы сапалары өздері құраған сөйлемдерін оқып, түсініктеме беруімен сараланады, талдаулар арқылы үздік оқушы көркем, сауатты, мәнді, мазмұнды тілмен баяндап жазған оқушының аты- жөнін атаймыз.

Тапсырма тексерілгеннен кейін өткен сабақты пысықтау жүргізіліп келесі сабақтарға жауап берулері үшін оқылады, тақтаға жазылады:

«Сөз тіркесі дегеніміз не?»

«Сөз жұмыстарының байланысын қалай анықтаймыз?»

Жазылған жазуға қатысты жауап беріліп, жауаптары талданып, сынып талдап оқыту әдістемесі арқылы білімдерін іс- тәжірибеде байқайды, толықтырады.

Жаңа сабақта қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің жай және тұрақты тіркес болып екіге бөлінетіндігі, жай тіркес немес еркін тіркес сөйлем құрау үстінде ұшырасады, ойдың берілуіне қарай құралы өзгере береді. Мысалы, «Алыстан жақсы көреді», мұндағы еркін тіркес- «жақсы көреді». «Жақсы» сөзі бұл сөйлемде пысықтауыш болса, «көреді» сөзі баяндауыш қызметін атқарып тұр. Демек, тіркестегі сөздердің орнына басқа сөздерді ауыстыруға немесе сөз тіркестерінің шегін жылытуға болатын сөз тіркесі еркін тіркес.

Ал тұрақты сөз тіркестері сөйлемде даяр күйінде қолданылады, құрамындағы сөздер өзгермейді. Олар- бұрыннан қалыптасқан, орныққан дайын сөз тізбектері. Сөйлем ішінде бір ғана сұраққа жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесі болады. Мысалы, «Алыстан көрінген көлік көзді ашып, жұмғанша келді». Осы сөйлемде анықтауыш болып тұрған сөз тізбегі «көзді ашып, жұмғанша». Мағынасы- тез.

Жаңа сабақ түсіндіру сәтінде талдау жасау, саралау, мысал келтіру оқу материалын игеруге, есте сақтауға үлгі болып есептеледі. Педагогикалық қызметтің мәні және құрылымы, және онымен айланысты өнімділік- педагогика ғылымы мен практикалық көкейкесті мәселелерінің бірі. Әдетте шығармашылықпен, шеберлікпен сабақ өтуге даярлану, талдау, талдап оқыту әдістемесін пайдалану, ғылыми талдау маңызды, педагогикалық ойда жайлы талдау- таразылау, саралау болып алмасады.

Педагогикалық еңбекке, педагогикалық даярлыққа, педагогикалық қызметке ғылыми талдау, салыстыру, сапалы және сандық талдау, нәтижесіне сай жүйелі талдау болып, үлкен еңбек бағаланады.

Сабақ түсіндірілген соң, оқушының оқу материалын игеруі бекітіліп, оқушының деңгеійн байқау мақсатымен үлгі мысалдар келтіреді. Айталық «ашық аспан», Ашық- қандай? Сын есім. Аспан- не? Зат есім. «Ашық аспан»- еркін сөз тіркесі. Бұл тіркесті «бұлтты аспан», немесе «көгілдір аспан», «көк аспан» деп ауыстыруға болады. Қалған тіркестер осылай талданады, ауызша айтылады, жазбаша тақтаға жазылады.

Сабақ барысында оқушыларды сергіту үшін басқа жаттығулар орындалады. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болатын сөз тіркестерін өзгертпей, етістік қосып, сөйлем құрастырып жазамыз. Мысалы, «суық жел»- суық жел соқты.

Жаттығулар арқылы балалардың оқу материалдары игеру деңгейін анықтау арқылы сабақты бекітеміз. Қандай тұжырымдамаға келгендерін, еркін сөз тіркестерін қалай құрауға болатындығын игеру дәрежесіне сай талдап оқыту әдістемесін бағалаймыз.

Көрнекі құралдар пайдалану жазылған сөйлемде еркін сөз тіркестерінің қандай сөз таптарынан жасалғанын, ал тұрақты сөз тіркестері болса, онда ол қандай мағынаны білдіретініне талдау жасаймыз.

Өз кезегінде, шәкірттерге «Ажыратып айта ғой» ойыны ұсынылады, плакатта жазылған:

- Бұл қол- сенің қолың емес.

- Бұл жұмыс сенің қолың емес.

- Біздің сиыр көзіңе түсті ме?

- Шөп көзіңе түсті ме?

- Кішкентай Берік бөркін аспанға лақтырып ойнап жүр. Емтиханнан жақсы баға алсаң, бөркіңді аспанға лақтырып қуанасың және т.б. сөйлемдерді беру арқылы оқушыларға асты сызылған сөз тіркестеріне назар аудартамыз.

Мақсатымыз- тіркестің қай түрі екенін анықтай білуге баулу, амал- ьалдап оқыту әдістемесімен оқып, қайталап, салыстыру, үлгілерін көру, әдістемесінің мәнін білу, ұғу, түсіну, игеру, пайдалану, толықтыру, дамыту, қорытынды шығару.

Сабақтың қорытындысы ретінде бір топ тұрақты тіркестер айтылады, тәрбие жайлы айтылып сөз тіркестері келтіріледі. Мысалы, бармағын тістеуді- «өкіну», бетінен оты шығуды – «ұялу», құлақ қоюды- «тыңдау», қызыл кеңірдек болуды – «дауласы», түйені түгімен, биені бүгімен жұту – «парақор» деп оқушылар тіркестің мағынасын мүдірмей ашып, талдау арқылы, бір сөзбен дәлме- дәл қайталауға жетуі, оқытудың нәтижесі.

Үйге тапсырма беріледі, 122- жаттығудағы жазылған сөз тіркестерін құрастырып, сөйлем құрау.

Жүйелі талдап оқыту әдістемесі оқушының сабаққа қызығушылығын арттырып, санасына салмақ түсірмей жүйелі, үздіксіз, ізденіп, шығармашылықпен оқуға қалыптастырады. Оқыту үрдісінде жаңа технологияларды пайдалану, оқу материалдарының негізін білу, өздігінен білім алуға қалыптастыру терең, тиянақты білім алуға жеткізеді.

Бастауыш мектепте оқытылатын әрбір пәннің өз ерекшеліктері, дегенмен музыка сабағында да талдап оқыту әдістемесінің берері мол, ең негізгісі дау жасап, терең мән беріп түсіндіріп, кері байланыс жасау, ұтымды сайыс, жарыстар үлгісінде оқытуды ұйымдастыру.



Сабақтың тақырыбы:. Өтілген тақырыптарға шолу.

Сабақтың дидиктикалық мақсаты: Жыл бойы өтілген материалдарды еске түсіру, жүйелеу және қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың музыкалық сауаттылығын, өнерге деген құштарлығын, ізденушілігін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабақ өту процессінде қазақ халқының салт- дәстүріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық тәлім- тәрбие алу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақ өту әдісі: Талдау, ойын элементтері, пәндік, сынақ, еліктеушілік.

Сақтың мазмұны: Білімдік, танымдық.

Сабақтың көрнекілігі: Жарысқа байланысты әртүрлі плакаттар, баян, домбыра, сөзжұмбақ, тесттік және кестелік сұрақтар, көрме...

Сабақтың пән аралық байланысы: Музыка, математика, әдеп, әдебиет, бейнелеу.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтау.

ә) Оқушыларды жарыс сабағына дайындау.

б) Жарыс бағдарламасымен таныстыру.

ІІ. Жарыс сабағын өткізу.

ІІІ. Үйге тапсырма.

ІҮ. Жарыс сабағын қорыту.

Сабақтың барысы:

Оқушылармен амандасып болған соң, сабақты еліміздің әнұранымен бастаймыз. Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтап, сабаққа қажетті оқу құралдары мен тақтаны және оқушыларды сабаққа дайындаймын.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- «Өтілген тақырыптарға шолу». Мақсатымыз- өтілген тақырыптарды еске түсіру, жүйелі және қалыптастыру.

Сабақты «Жарыс сабақ» түрінде өтеміз.

Өткен сабақтағы берілген тапсырма бойынша сынып оқушылары 2 топқа бөлініп, бірі –«Реприза» деп аталып, капитаны –Уалиханов Айдос сайланса, екіншісі «Вольта» деп аталып, капитаны –Пазылова Алия сайланған.

Енді, жарыстың бағдарламасымен таныстыратын болсақ, жарыс қиындығына сәйкес үш бағытта жүргізіледі. Бірінші бағыттағы жарыстар қиындау болып, білім деңгейі жоғары оқушыларға арналып, екінші бағыттағы жарыстар қиындығы орта болып , білім деңгейіорта оқушыларға арналса, үшінші бағыттағы жарыстар жеңілдеу болып, қалған оқушыларды қамтуы тиіс.

Жарыс бүкіл сабақ процессінде барлық оқушыларды қамтуы тиіс.

Әр жарыстың соңында әр топқа 5 балдық жүйеде баға қойылып отырылады.



Ғ

І бағыт

ІІ бағыт

ІІІ бағыт

1

!Кім тапқыр?» жарысы. Мажор, минор бойынша. 5-мин.

«Нота тану» жарысы. Сөйлем құрау. 5-мин.

«Кім жылдам?» жарысы. Қазақ сазгерлерінің аты- жөнін жазу. 4-мин.

2

Есеп. Тактіге бөлу. 10-мин.

Капитандар сайысы:

1. Күй. 3-мин.

2. Ребус. 3-мин.

3. Карточка бойынша сұрақ- жауап. 3 мин.



Тест. 9 мин.

3

«Акорд құру» жарысы. Тоника, доминанта, субдоминанта бойынша. 5 мин.

1. «Ырғақ табу» жарысы. 2 мин.

2. «Басқыштарды анықтау» барысы. 2 мин.



4

Сергіту минуты. 3 мин

5

Әңгіме мінездеме беру. 7 мин.

6

Эстафеталық жарыс. 5 мин.

7

Қорытынды. 2 мин.

Әр жарыстың соңында әр топқа 5 балдық жүйеде баға қойылып отырады.

Міне, жарыстың бағдарламасымен де таныс болдыңыздар. Енді жарысымызды бастаймыз. Қазір «Кім тапқыр?» жарысын ұйымдастырамыз. Оған әр топтан бір оқушыдан шығып, мына плакаттағы жазылған тональдықтарға қарап, мажорлық тональдықтарды бір бағанға, екінші бағанға минорлық тональдықтарды теріп жазу керек. Оған 5 минут уақыт беріледі. Осы жарыс өтіп жатқан сәтте әр топтан тағы да бір оқушыдан шығып, плакаттағы ноталармен байланыстырылап құрылған сөйлемдерді тауып оқуы қажет. Осы жарыспен қатар қалған оқушыларға қазақ сазгерлерінің аты- жөнін жазу жарысы ұйымдастырылып, оған 4 минут уақыт беріледі. Осы жарыстардың үшеуінің де нәтижелері бағаланып, тіркеледі.

Тақтадағы екі оқушы шақырылып, «Ребус» жарысы ұйымдастырылып, оған 10 минут уақыт беріледі. Осы сәтте «Капитандар сайысы» жүріп жатады. Ол, әрқайсысы 3 минуттан тұратын 3 түрлі жарыстарды қамтиды. 1-ші «Күй сайысы»», 2-ші тактіге бөлу бойынша есеп, 3-ші кеспе бойынша сұрақ- жауап. Қалған оқушыларға тест сұрақтары таратылып, оған 9 минут уақыт беріледі.

Жарыс нәтижелерін есепке алғаннан кейін, тоника, доминанта, субдоминанта бойынша «Акорд құру» жарысына екі оқушы шақырылып, 5 минут уақыт беріледі. Осы уақытта қалған оқушылармен бубенчик және честушка аспаптарымен соғылған «ырғақтарды» және «басқыштарды» анықтау бойынша 2 минуттан тұратын 2 жарыс ұйымдастырылады. Жарыс нәтижелері түгел тіркеледі.

Сергіту минуты. 3 минут.

«Әнге мінездеме беру» жарысына оқушылар түгел тартылып, 7 минут уақыт беріледі. Қай топтың оқушылары қандай уақыт бергеніне қарай бағаланады.

Енді сабақты қалыптастыру, бекіту мақсатында «Этафета» ойыны ұйымдастырылып, оған да оқушылар түгел тартылып, 5 минут уақыт беріледі.

Үйге тапсырма: Келесі сабаққа осы материалдар бойынша тесттік сынаққа дайындалып келу.

Педагогикада жалпы жүйе теориясын педагогикалық қызметтерде қолданудың көптеген нұсқалары бар. Ғалым Н.В.Кузьмина педагогикалық жүйе ұғымын ендіріп, құрылымдық құраушыларды қарастырады, онымен бірге педагогикалық қызмет нұсқаушыларының функциясын қоса байланыстырады. Бұл модельдің форматында бес құрамды бөліп анықтайды:

1) педагогикалық ықпал ету субъектісі;

2) педагогикалық әсер ету объектісі;

3) олардың бірлескен қызметі;

4) сақтау мақсаты;

5) педагогикалық коммуникациялар.

Аталған құрамдастар жүйені құрайды, олар бірін- бірі толықтырады. Бұл модельде бес компонент функцияларды атқарады, олар:

1) гностикалық;

2) жобалаушылық;

3) абструктивті;

4) ұйымдастырушылық;

5) коммуникативті.

Белгілі жүйеде талдап оқыту әдістемесі ұтымды қосылып, мән береді. Оған мысал есебінде «Атаның сөзі- ақылдың көзі» тақырыбын қарастырамыз, олай болса, оқу- тәрбие жұмыстарының ықпалын арттыру үшін талдап оқыту, талдап түсіну, талдап пайдалану қажет.

Мұғалімнің қызметінде бірнеше функцияны орындауы шарт, сонымен бірге әрине оқушының белсенділігі, белгілі дәрежеде оқуға ынта- ықыласы қажет. Міне, осы арада оқытудың белгілі әдістемесін жүзеге қосу, асыру туындайды. Мұғалімнің еңбегіне қатысты тұжырымдамада келесі құраушылар атап көрсетіледі:

1) кәсіби, психологиялық және педагогикалық білімдер;

2) кәсіби педагогикалық іскерлік;

3) кәсіби психологиялық позиция және мұғалімнің қойылымы;

4) кәсіби білім, іскерлік және бағдыны игертуге, қамтамасыз етуге әрекеттік және ерекшелігі.

Бұл арада айтылатын пікір теория мен тәжірибе көрсеткендей оқу- тәрбие үрдісінде атап өтілген, құраушылар, құрамдастар қажет, шарт, сонымен бірге жаңа технологиялар, инновациялық элементтер, жаңа он- лайн- тәсілі, оқытудың жаңа технологиялық құрамдарын пайдалану, электронды оқу құралдары, электронды оқулық, басқа да қажетті жаңа плакаттар, талдамалар, зерттеу жұмыстарының әдістемелік ұсыныстары бәріне келесі қосымша бәрін талдау байланыстыру, талдап оқыту әдістемесін пайдалану қажеттігі анық.

Оқытуды ұйымдастыру формасы- оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғаліммен оқушылардың іс- әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері біріңғай жүзеге асады.

Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысының ұйымдастыру тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке- дара, топтық және сынып- сабақтық жүйе. Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындалған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсетеді, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін қолданатын.

Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқыту да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдына жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.

Жаңа дәуірде Англияда оқытудың «белл- ланкестер» жүйесі тарады. «Сатылы» немесе «өзара оқыту» түрінің ерекшелігі: бір оқу жолында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200- 300 немесе 600- ден астам оқушыны мұғалім сатылып оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларды өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.

АҚШ-та ХХ ғасырдың басында «Дальтон жоспары» оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.

Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бртгадалық- зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3- 4 топқа бөлінеді. Әр топтағы басқаратын бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бридага атынан жауап береді. Бригадирдің жауабына қарай, бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылады. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарылды.

Оқытудың кең таралған сынып- сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Анос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.

1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.

2. Сыныптағы оқушылар құрамының әр кезде тұрақты болуы.

3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алма кезек оқыту.

4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негізделген.

5. Оқытудың жылдың тұрақты бір мезгілде бастап, аяқтау.

6. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.

Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әр кезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.

Неміс педагогі И.П.Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынды. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды, өткен материалды байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қышқаша қорытынды жасау кезеңі.

Сынып- сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт- бағдар беріп, жетекшілік ролін атқарады.

Сабақ- оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани- адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.

Сабақ- күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым- қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.

Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі- оның түрлері мен құрылымы.

Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмады. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оның топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.

Сабақ классификациясы (жіктелуі)- сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікір әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құралатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс- тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.

Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктерінеде байланысты болып келеді.

Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иванов оқу процесін ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсатына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір- біріне өте ұқсас келеді.

Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:

1. Крісіпе сабағы.

2. Жаңа білімді хабарлау сабағы.

3. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.

4. Жаттығу және тәжірибе сабақтары.

5. Зертханалық сабақ.

6. Қайталау- қорытыу сабағы.

7. Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы.

8. Аралас сабақ.

9. Өздігінен білім алу сабағы.

Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгілі бір заңдылықтары бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалім оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай «Жаңа білімді хабарлау сабағы» деп аталса, сабақта оқушылардың қабылғана жаңа білімі іс жүзінде пайдалана білу жолын қарастырса, онда ол «Жаттығу немесе практикалық сабақ» деп аталады.

Ал сабақты «Аралас сабақ» түрі оның құрамына байланысты болып келеді.

Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап, қорытады, сонымен бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас өтеді. Міне, осындай сабақ түрі «Аралас сабақ» деп аталады.

Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір- бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын атайды. Олар мынадай болып келеді:

1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау).

2. Сабақта үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.

4. Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).

5. Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.

6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлы айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болады.

Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтастыру оның құрылымын белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтардың кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде.

Кіріспе сабағының құрылымыны:

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат- міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.

2. Жаңа оқу материалын ендіру.

3. Жаңа білімді пысықтау, бекіту.

4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасының жаңа тақырыптарын немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың немесе тақырыптың оқу- тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы сабақтарда оларды өткізу тәртібін оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу материалдарының мазмұнын оқып үйренудің тәсілдерін көрсетеді.

Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы:

1. сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтық мақсат- міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.

2. Жаңа оқу материалын ендіру.

3. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.

4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Алғашқы тарау немесе тақырыптық кіріспе сабақтарына қатысты мәселелерді шешіп алған жағдайда, ендігі жерде мұғалім ағымдағы әрбір оқу материалын меңгеруге сай сабақтарын жүргізуді ұйымдастырады. Сабақ үстінде жаңа білімдерді баяндау немесе түсіндіру жұмыстары оның өн бойында жүріп отырады. Сондықтанда ол сабақтың негізгі бөлімі болып есептеледі.

Сабақта қойылған мақсатқа сәйкес және оқушылардың жаса ерекшеліктерімен таным қабілеттеріне орайластырып жаңа білімдердің баяндалуына тиісті мөлшерде уақыт бөлінеді.

Жаңа сабақты (білімді) хабарлау барысында мұғалімнің оқу материалын түсіндіруі оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінен істейтін жұмыстарымен ұласып отырады.

Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы:

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат- міндеттерін түсіндіру. Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

2. Бұрын өтілген оқу материалдар қайталау, пысықтау.

3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығулар мен практикалық және лабораториялық жұмыстар атқаруы.

4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, түсіндіру.

Жаңа білімді оқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың пысықтау және бекіту кезеңдеріде белсенді қызмет атқарады. Себебі жаңадан оқып үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың елеулі элементі болып табылады. Алған білімді бекітбейінше, оны сапалы да берік меңгеруі мүмкін емес.

Сондықтан білімді бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр алуан болып келеді.

Мұғалімнің түсіндіру жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз бетінше жаттығу істерін және тәжірибелік- зертханалық жұмыстарында тәжірибелер жүргізіп, көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса атқарылады.

Оқу жұмысының мұндай алуан түріне қарамастан мұғалімнің сөзі жетекші рөл атқарады.

Мұндай сабақтарда бұрынғы ұғынған оқу материалдарын оқушылардың қаншалықты терең меңгергенін, көлемін, сапасын тексеру жұмыстары да кіреді.

Жаттығу және тәжірибелік сабақтың құрылымы:

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат- міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.

2. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығулар мен практикалық және лабораториялық жұмыстарын атқару.

3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Практикалық сабақ оқушылардың алған теориялық білімдерін практикамен байланыстыру, пысықтау және бекіту мақсатын көздейді.

Зерттеулер, бақылаулар, тәжірибеде, озық тәжірибені зерделеп игеру, нәтижелерін сабақтарда пайдаланулар талдап оқыту әдістемесін пайдалану оқу материалдарының негіздерін сапалы түсінуге, ал түсіну оқуға, өздігінен оқуға, білімін тереңдете түсуге жетелейді, үздіксіз оқу- қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет