Дипломдық жобаның өзектілігі. Заманауи ет нарығында таңдау өте үлкен және ет өнімдерінің алуан түрін кездестіруге болады. Қазақстандағы ет нарығы азық-түлік нарығының ең алып саласы болып табылады. Еліміздегі өндірістің өндірістік қуаты күніне 50 мың тоннаға дейін жартылай фабрикат өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Жартылай фабрикат өнімдерінің пайда болуы өте көп, қазіргі күні олардың 200 атауы белгілі. Нақты уақытта жартылай фабрикат жасаудың тиімді және арзан әдістерін іздейді. Мұздатылған жартылай фабрикат өнімдерін зерртеу жүйесі толыққанды жүйеленеді. Осыған сәйкес,жартылай фабрикатталған өнімдерді жүйелі түрде зерттеу жүргізіледі.
Зерттеу мақсаты: Жартылай фабрикат өнімдерін термиялық өңдеу кезінде физика-химиялық процестерді зерттеу қарастырылады.
Зерттеу міндеттері: Зерттеулер оқу және анықтамалық әдебиеттерден, нормативтік-құқықтық актілерден, статистикалық есептілік мәліметтерінен құралды.