Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Тартылған ет жартылай фабрикаттарын өндіру технологиясында құндылығы төмен шикізатты пайдалану


Жартылай фабрикат өнімдерінің көрсеткіштерін жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар



бет17/20
Дата07.07.2022
өлшемі0,9 Mb.
#147343
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
ГУЛ1 (Автосохраненный) (1)

2.7 Жартылай фабрикат өнімдерінің көрсеткіштерін жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар
Жартылай фабрикатты ет өнімдері кәзіргі уақыттағы сұранысқа ие екендігі белгілі. Жартылай фабрикатты ет өнімдері әсіресе тұшпара өнімдерінің сапасын және қауіпсіздік деңгейін жетілдіру барысында алынған нәтижелердің сапасын жоғарылату мақсатында және сауда орындарына келіп түскен өнімдердің сапасын және қауіпсізідігін бағалайтын арнайы, біліктілігі жоғары тәуелсіз сарапшылар дайындау және олардың санын арттыру мәселі болып табылады. Қазіргі уақытта өнім сапасын тексеруші орындар мен мекемелердің көп екендігіне сәйкес, тауарлардың сапасын анықтайтын мамандарға үлке жауапкершілік артырылады. Сонымен қатар, түрлі өндірушілерден келіп түскен тұшпара өнімдерінің анықталған сапасын анықтау нәтижелерін математикалық өңдеу керек, сапасын бағалауды жүйелі түрде жүргізу керек; егер де тауарда ақау байқалса, өндірушінің өнімінен бас тарту керек.
Сауда орындарына келіп түскен тұшпара өнімдерінің физико -химиялық және микробиологиялық қауіпсізідігін анықтау үшін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін анықтайтын аймақтық жүйесін құру керек. Осыған сай ретте сауда нүктелеріне келіп түскен тұшпара партияларынан сынаманы стандарқа сай алып, ары қарай аккредитацияланған зертханаларға тапсыру керек. Зерттеу зертханалары білікті мамандармен және заманауи құрал -жабдықтармен қамтамасыз етілуі керек. бұл зертханалардың мақсаты -тұшпара өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін бағалаудың тиімділігін арттыру және тұтынушыларға барынша жоғары сапалы өнімді ұсыну. Зертханада сапасы стандар талаптырана сай келмейтін шұжық өнімдері сату нүктелеріне жіберілмей, алынып тастау керек және оны өндірушілер заңды түрде жауапқа тартылуы керек. Қазіргі таңда нарықтық экономикада маңызды фигурант – тұтынушы болып табылады.
Тұтынушылардың күнделікті сұранысқа ие өнімдерге және олардың сапасына деген сұранысын толық қанағаттандыру нарықтық қатынаста маңызды әлеуметтік-экономикалық міндет болып табылады. Қатаң нарықтық бәсекелестік жағдайындажартылай фабрикатты ет өнімдері мен тұшпара өндірушілеріне оңайға соқпайды. Өндірушілер жартылай фабрикат өнімдерін өндіру үшін шикізаттың жаңа түрлері пайда болуда, өндірушілер өнімдердің ассортиментін үнемі ұлғайтуға және қолданыстағы өнімдердің ұзақ уақыт бойы дәмдік және тағамдық қасиеттерін сақтау үшін жарамдылық мерзімін ұзартуға тырысуда. Қазіргі таңда Қазақстандағы жартылай фабрикат өнімдерін ірі ет холдингтері мен ет өңдеу өнерсіпорындары, сонымен қатар, шағын жеке меншік кәсіпорындар да шығаруда. Осыған байланысты, ең бірінші кезекте шұжық өнімдерінің сапасын қалыптастыру және оларды сақтау барысында тұрақты түрде ұстап тұру бірінші кезекті мәселеге шығады. Отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ фабрикат өнімдерін өндірушілер тұшпара дайындаудың жаңа технологиялары мен рецептурасын әзірлеу үшін дәстүрлі емес шикізаттың қосымша көздерін, тамақ қоспаларын, биологиялық белсенді заттарды іздестіруге байланысты ғылыми - зерттеу жұмыстарына белсенді жүргізуде. Осы жүйелерді жақсартып,мұздатылған жартылай фабрикатты өнімдерінің құрамы мен маңыздылығына мән берілітін болса өнімнің сапасы жақсарылатыны анық. Өнім көрсеткіштері ұдайы өзерісте болғандықтан,сараптау жұмысы маңызды болып табылды. Сапалы өнім мен таңдау бар кезеніңде халық сұранысы үлкен жауапкершілікті талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет