Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.
Зерттеу пәні: мектеп психологінің бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету мазмұны.
Зерттеудің ғылыми болжамы: оқушылардың шамадан артық зорлануының себептерін анықтап, одан шығару амалдарын өз уақытында жүргізу арқылы балалардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік туады.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шамадан артық эмоционалдық зорлануының алдын алу және коррекциялаудың ерекшеліктерін анықтау және коррекциялық әдістерді пайдалану жолдарын үйрену.
Зерттеу міндеттері:
мектеп жасындағы балалардың психоэмоционалдық дамуының ерекшеліктері проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;
оқушыларда орын алатын шамадан артық эмоционалды зорлануының түрлерін және себептерін анықтау;
психоэмоционалдық зорлануға стресс, мазасыздану, депрессия жағдайында болудың әсерін анықтау және дмагностикалау;
психоэмоционалдық зорланудың балаларды агрессивтілікке, мазасыздану жағдайларына алып келуін дәлелдеу;
мектеп психологінің балаларда кездесетін шамадан артық эмоционалдық зорлану ерекшеліктерін коррекциялау.
Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы Н.Ондасынов атындағы № 38 гуманитарлық мектеп-гимназиясы және № 36 орта мектеп.