Дипломдық ЖҰмыстың тақырыбы: Қыналардың экологиялық және биологиялық ерекшеліктер Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет1/7
Дата07.05.2020
өлшемі13,18 Kb.
#66522
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
доклад диплом




ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Қыналардың экологиялық және биологиялық ерекшеліктер

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Табиғаттағы маңызы ерекше- қыналар басқа өсімдіктер өсе алмайтын жартастарды тіршілік етіп, онда шаң-тозаңның жиналуына және басқа төменгі сатыдағы өсімдіктермен бірігіп,қарашіріктердің құрылуына көмектеседі. Мұндай жерлерге мүктер және басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктер өсе бастайды. Сөйтіп қыналар өсімдіктердің таралуында алғашқы болып жағдай жасайды, сондықтан оны «өсімдіктердің пионері» деп атайды. Шаруашылықтағы аса маңызды қыналарға солтүстік жақтарда өсетін бұғы мүгі мен, исландия мүгі жатады. Бұлар бұғы шаруашылығының негізгі азығы. Оңтүстік аудандарда басқа шөптер болмаған жағдайларда қыналарды қой, сиыр малдары да жейді.

Жапонияда жартастарда өсетін жапырақты гидрофора (Gydrophora esculenta) қынасын тамаққа пайдаланады. «Исландия мүгініңң Рeltіgera canіna Labarіa pulmonarіa, Xanthorіa parіetіna т.б. қыналардың шайын бұрын іш, өкпе, эпилопсия, безгек ауруларына қарсы дәрі есебінде қолданған. Жалпақ жапырақты ағаштарда көп тараған «емен мүгің (Еυernіa prunastrі) парфюмерия өндірісінде қолданады. Египетте оны нанға жақсы дәм беру үшін пайдаланады. Роччелла (Rоссеllа tіпctora, R.fucіrmіs, R. fucoіdes) қыналарының кейбіреулерінен лакмус бояуын алады. Қыналардың кейбір түрлерін косметикада қолданады. Сепtrarіa cucullata қынасында С витамині көп. Ал, летарияны (Letarіa υulpіna) солтүстік аудандарда қасқырды уландыру үшін пайдаланады. Қыналардың зиянды жақтары шамалы. Тек ағашта өсетін қыналар ағашқа зиян келтіретіп насекомдардың жиналуына қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан ағаштарға бордосс сөйығын бүріксе, қыналар солып қалады.

Биологиялық индикациялау және рекультивациялау әдістері ең тиімді және экологиялық тұрғыда таза әдістерге жатады. Биосфераның ластану параметрін анықтау үшін, міндетті түрде ластаушы факторлардың және ластаушы элементтің, ластауға дейінгі және кейінгі жағдайын білу қажет. Бұл жағдайда, ластанған аймақтарда экологиялық бақылау жүргізу аса маңызды іс. Табиғи қоршаған ортаны биологиялық жолмен бақылау - антропогендік факторлардың әсерінен тіршілік иелерінің өмірлік циклінде болып жатқан өзгерістерді бақылау жүйесі. Экожүйенің ластану дәрежесін бақылау биологиялық мониторингінің бірден-бір тапсырмасы.

Экожүйенің биотикалық үрдістеріне, сыртқы ортаның әсері анықтаушы фактор болып табылады. (биотиканың популяциялық қауымдастығы, түрлік қөрылысының динамикасы, түрлік ерекшеліктері). Қоршаған орта факторларына жарық, температура, су режимі,

тұздылығы және басқа да жағдайлар жатады. Бұл факторлар тірі ағзаның тіршілік циклінің барлық этаптарына әсер етеді. Осы жағдайлардың кез-келгенінің кері әсері, тірі ағза тіршілігінің тепе - теңдігін бөзып, өзгеріске ұшырауына әкеп соғады.

Қоршаған орта антропогендік жүктемелердің әсерінен ластанған жағдайда, экологиялық жағдайдың өзгеруіне сезімтал тірі ағза түрінің немесе олардың қауымдастығының биологиялық өзгерісін, биоиндикациялық және биотесттік әдістер арқылы анықтайды. Су ортасына биотесттердің көмегімен эколого-гигиеналық баға беруге болады Ал қыналардың кейбір түрлері сол ауыр металдарды адсорбциялап отырады екен. Сондықтан қыналардың табиғаттың экологиялық мәселелерді шешуде ерекше маңызы бар.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет