Дипломдық жұмыстың


Маятниктің кинетикалық энергиясы



бет11/22
Дата20.10.2023
өлшемі122,64 Kb.
#187063
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
Дипломдық жұмыстың-emirsaba.org

Маятниктің кинетикалық энергиясы

Тербеліс процесінде маятниктің кинетикалық энергиясы үздіксіз өзгеріп отырады, оны мына формуламен есептеуге болады: . Формуладағы υ – кинетикалық энергияны есептеу мезетіндегі (сол нүктедегі) жылдамдықтың мәні. Тепе-теңдік қалпынан өткен мезетте маятниктің кинетикалық энергиясы максимал мәнге ие болады. Осы мезеттегі оның жылдамдығы да максимал мәнге ие болады: υе.ү., сондықтан .



Маятниктің потенциалдық энергиясы Серіппелі маятниктің кез келген уақыт мезетіндегі (кез келген нүктедегі) потенциалдық энергиясын анықтайық. Маятник х тепе-теңдік қалпынан ауытқыған екен делік -сурет
Маятникке қайтарушы күш әсер етеді:


F=-k x.
Маятникті тепе-теңдік қалпына қайтарарда бұл күш k x – тен 0-ге дейін өзгереді. Оның атқарған жұмысы қарастырылып отырған нүктедегі маятниктің потенциалдық энергиясына тең болады:


A=Fорx.

Ал күш 0-ден х- ке дейін сызықтық түрде өзгеретін болғандықтан, оның орташа мәні , ал істелген жұмысы . Сонымен тербелістің потенциалдық энергиясының лездік мәні ығысу квадратына пропорционал болады: .

Маятник ең шеткі қалыпта ең үлкен потенциалдық энергияға ие болады: .
Потенциалдық энергияның ығысудың квадратына пропорционалдығы – гармониялық тербеліске тән белгі.


Ығысу формуласын қорытып шығару
Алдыңғы параграфта гармониялық тербелістегі ығысу синусоидалы өзгеруі тиіс деген ұйғарым айтылған еді. Соны дәлелдейік.

Гармониялық тербелістегі дененің толық энергиясы мынаған тең: немесе . Екі жағын k –ға бөлсек, немесе . Соңғы теңдікті геометриялық түрде катеттері және гипотенузасы болатын тік бұрышты үшбұрыш түрінде кескіндеуге болады. осы үшбұрыштан .


Шыққан формула гармониялық тербелістегі ығысу синусоидалы өзгереді деген ұйғарымның дұрыстығын көрсетеді.

Гармониялық тербелістер кезіндегі ығысудың синусоидалық өзгерісі – оған тән белгі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет