Аналитикалық әдіс. Бұл әдіс есептің мазмұнын талқылап, күрделі процесті қарапайым процестерге жіктеп, белгісіз ізделініп отырған физикалық шаманы қарапайым процесс заңдылығының формуласын көмегімен өрнектеп жазамыз. Алынған өрнектің оң жағында есеп шартында берілген шама болса, онда құбылыстар арасындағы байланыстарды тағайындап, бұл шаманы белгілі шамалар арқылы анықтап алатын формулалар жазылады. Осылай негізгі іздеп отырған шаманы белгілі шамалар арқылы анықтайтын өрнегін алуымыз керек.
Синтетикалық әдіс. Синтетикалық әдісте есеп шартындағы көрсетілген физикалық шамалар сипаттайтын процесстердің заңдылықтары қарастырылып, оларды басқа шамалармен байланыстары анықталады. Осы байланыс формулалары арқылы анықталған аралық шамалар көменгімен өрнегінде белгісіз, ізделініп отырған шама бар теңдеу жазылып, есеп шығарылады.
Есеп шығарудың осы екі әдісінде жиі қолдануға болады. Олардың бір-бірінен артықшылығы жоқ. Бірақ дидактикалық планда оқу процестерінде ескеру қажет әрқайсысының ерекшіліктері бар. Күрделі есептерді шығаруда аналиикалық - синтетикалық және синтетикалық - аналитикалық, яғни комбинацияланған есеп шығару тәсілдері қолданылады.
Физика есептерін алгаритмдік әдіспен шығару. Бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі оқушыарды электрондық есептеу машиналарында жұмыс істеуге үйрету, оларға қажет программалады жазуға және оларды тиімді пайдалануға білгірлігін қалыптастыру болып табылады. Осы орайда физика есептерін шығару кезінде алгаритімдік әдісті пайдаланудың маңызы артып отыр. Кез келген нақтылы есепті шығаруға жарамды дәл тұжырымдалған орындалуын қажет нұсқауларды алгаритм деп атайды.
Физика есептерін шығаруда программалаушы микрокоркульяторды пайдалану. Микрокоркульятор - жеке адамның пайдалануына ыңғайлы ең көп тараған Э.Е.М.Олар көп таңбалы сандары бар арифметикалық амалдарды жоғары дәлдікпен әрі тез орындауға және функциялар мен алгебралық өрніктің мәнін автоматты түрде есептеуге арналған.
Микрокаркульяторды физика сабағында есептер шығаруда класта пайдалану нәтижесінде есептеулерді жеделдетіп,едәуір уақытты үнемдеуге және көптеген есептерді каллективті түрде шығаруға мүмкіндік туады.Яғни әрбір оқушы өзіне тиісті есебін алады,ал есептеу кезінде пайда болған проблемалар каллективті еңбектену,ойлану арқылы шешіледі.
Программалаушы МК- ды зерттеу элеметтері бар физика есептерін шығаруға қолдану өте тиімді.Себебі оқушылардың творчествалық іздеу қаблеті,белсенділігі және қызығушылығы артады.ЭЕМ - нің керемет мүмкіндіктеріне көздері жетеді.