АНЫҚТАМАЛАР
Орман - ағаш пен бұта өсімдіктерінің және тірі табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасатын, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен.
Орман қоры – барлық ормандар, сондай-ақ орман шаруашылығының қажетті үшін арналған ормансыз жерлер.
Орман тұқымбағы (питомнигі) – орман қоры аумағының ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарды өсіруге арналған учаскесі.
Орман дақылдары – орманның ағаш және бұта тұқымдыларынан қолдан өсірілген екпелер.
Орман екпелері – тұқым себу немесе көшеттер отырғызу арқылы өсірілген орман екпелері.
Орман мелиорациялық қоры – қорғаныш (орман мелиорациясы) екпеағаштарын отырғызуға арналған жер учаскелері.
Орман пирологиясы – орман өрттерінің сыры және олардың салдары, орман өрттеріне қарсы күрес туралы және орман шаруашылығында отты пайдаланудың оңтайлы жақтары туралы ғылым.
Орман питомник - бұл өсімдіктерді жасанды өсіру, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыру және қорғаныш орман екпелерін құру үшін пайдаланылатын отырғызу материалын өсіруге арналған кәсіпорын немесе оның мамандандырылған бөлігі.
Орман өрттері – жер бедеріндегі өрт түрлері, оларға даладағы, шабындықтағы, орман батпағындағы және басқа өрттер де жатады.
Орманның су режимі – атмосфера мен жерасты суларының орманға жиналуын және оған сіңірілуін, сондай-ақ судың орман ішімен одан тысқары алмасуын айқындайтын құбылыстар жиынтығы.
Су қорғау аймағы – жерүсті және жерасты суларын қорғау үшін бөлінген аумақ, су қорғау ормандарының аймағы.
Суғару – топырақпен немесе атмосфераның жерүсті қабатын қолдан сан рет ылғалдандыру.
Суландыру жүйесі – суды су көзінен суармалы учаскеге жеткізетін су мелиорациялық жүйесі.
Гидрант – суаруға, өрт сөндіруге, көшелерге шашуға керекті суды алуға болатын, су құбырларының бойымен орнатылған су алу крандары.
Достарыңызбен бөлісу: |