3.4 Экономикалық тиімділігін есептеу
Ормандардың өнімділігін арттыруға және сапалық құрамын жақсартуға, олардың тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралардың экономикалық тиімділігі экономикалық әсердің оны туындатқан шығындарға қатынасы бойынша айқындалады[28].
Стандартты көшеттерді өсіру және сату кезінде алынатын шартты пайда (П, теңге) мынадай формула бойынша есептеледі:
П=Ц-С,
мұндағы Ц – көтерме (босату) бағадағы стандартты екпе көшеттердің құны, теңге, С-отырғызу материалының технологиялық өзіндік құны.
Стандартты көшеттердің құны 1 мың теңгеге көтерме бағаға отырғызу материалының санын көбейту арқылы алынады. Өсірудің өзіндік құнын есептеуге арналған деректер питомник егісіне топырақты дайындауға жұмсалатын нақты шығындардан алынады, олардың құрамына мынадай баптар енгізіледі: топырақты дайындауға, көшеттерді өсіруге және қазуға арналған өндірістік жұмыстардың негізгі және қосымша жалақысы; әлеуметтік аударымдар. Сақтандыру; тракторлар мен машиналарды ұстау құны; қызмет көрсететін өндірістердің қызметтері; өзге шығындар; тұқым, тыңайтқыш және гербицидтердің құны.
Тірі және қоғамдық еңбек шығындарының тиімділігін (Эс) мына формула бойынша есептейді:
Эс=Ц / С
Неғұрлым прогрессивті технологияны енгізуден үнемдеу есептеледі:
Эга=(С1-С2) · / Пс (3);
Эст.с.=С1-С2 (4);
Эс=(С1+Е·Ф1)- (С2+Е·Ф2)·К (5)
Мұндағы Эга-көшеттерді 1 гектарға өсіру кезіндегі шығындарды үнемдеу, теңге;
С1 және С2 – прогрессивтік технологияны енгізгенге дейін және енгізгеннен кейін 1 мың дана стандартты көшеттерді өсірудің технологиялық өзіндік құны, теңге;
К-стандартты көшеттер саны, мың дана.
Пс-стандартты көшеттер өсірілген алаң, га
Эст.с. - 1 мың дана стандартты көшеттерді өсіру кезіндегі шығындарды үнемдеу, теңге;
Эс-стандартты көшеттерді өсірудің экономикалық әсері, теңге.
Е-көшеттерді өсіруге арналған негізгі өндірістік қорлар мен материалдарды пайдаланудың экономикалық тиімділігінің нормативтік коэффициенті (0,12), жаңа техника мен материал пайдаланылған кезде-0,15;
К1 және К2-нұсқалар бойынша 1 мың дана стандартты екпе көшеттерді өсіруге пайдаланылатын негізгі өндірістік қорлар мен материалдардың құны, теңге.
Орман питомниктерінде отырғызу материалдарын өсіру жөніндегі жобалық ұсыныстардың экономикалық тиімділігі:
а) Жаңа питомниктерді жобалаудың немесе қолданыстағы питомниктерді қайта құрудың орындылығын негіздеу;
б) питомник алаңының оңтайлы мөлшерін және өсірілетін отырғызу материалының түрлік құрамын таңдау;
в) отырғызу материалын өсіру жөніндегі ұсыныстардың болжамды экономикалық тиімділігін бағалау және т.б.(кесте 8).
Кесте 8 - 30 га орман питомнигі аумағына арналған тұқым түрлері мен сатып алу бағасы
№
|
Тұқым түрлері
|
Саны
(дана)
|
Бағасы
(теңге)
|
Қортынды бағасы, мың теңге
|
1
|
Кәдімгі қарағай
|
120
|
500
|
60000
|
2
|
Ақ терек
|
150
|
300
|
45000
|
3
|
Терек
|
150
|
300
|
45000
|
|
Жиыны:
|
|
|
150 000
|
Ауданы 30 га орман питомнигі аумағына арналған тұқым түрлері мен саны және сатып алу бағасы. Питомникті орналастыру бойынша отырғызылатын тұқым саны мен сатып алу бағасы кесте 7-де есептелді.
Орман питомнигін тамшылатып суару жүйесін ұйымдастыру бойынша керекті құрал-жабдықтар мен қондырғылардың тізімі және бағасы (кесте 9-де) көрсетілген.
Кесте 9 - Орман питомнигін тамшылатып суару бойынша қажетті материалдар
№
|
Қондырғылар және құрал-жабдықтар тізімі
|
Саны
(дана )
|
Бағасы
(теңге)
|
Қорытынды бағасы (теңге)
|
1
|
Тамшылатып суару түтігі
|
5
|
15000
|
75000
|
2
|
Тамшылатып суару шлангы
|
3
|
30000
|
90000
|
3
|
Тамшылау түтігіне арналған өту шүмегі
|
30
|
130
|
3900
|
4
|
Тройник
|
10
|
125
|
1250
|
5
|
Муфта түтікке арналған
|
15
|
95
|
1425
|
6
|
Бітеуіш(заглушка)
|
10
|
70
|
700
|
7
|
Тот баспайтын қысқыш қамыт
|
25
|
150
|
3750
|
8
|
Клапан
|
15
|
300
|
4500
|
9
|
Сорғы
|
1
|
35000
|
35000
|
10
|
Тыңайтқыш инжекторы
|
1
|
5500
|
5500
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |