§ 1 Сәнге бағыттама.
Орнамент - композиция маңызды мәнге ие, әсіресе дәстүрлі символды, тиімді әрі стилистикалық маңызы зор. Орнамент ұқсас ою өрнектердің қайталануы. Өрнектің ұқсас бөліктерінің кіші ауданда қайталануы « рапорт» деп аталады (француз тілінен аударғанда « қайту » деген мағынаны білдіреді).
Рапорт - горизонталь мен вертикаль бағытта қайталануы рапорт торы деп аталады.
Жалпы сәндегі бағыттамаға келетін болсақ, сән, мода деген сөз біздің тілімізге шет тілінен енген термин сөз ретінде қабылданған. «Мода» сөзі француздың «mode» деген сөзінен алынған, ал бұл сөз латынның «modus» сөзінен бастау алған. Ол белгілі бір өлшем, тәртіптің немесе образ деген мағынаны білдіреді. Моданы өмірдің немесе мәдениеттің белгілі бір саласында белгілі бір мәнердің аз уақытқа дәуірлеп тұруы деп те атауға болады. Талғам ұғымынан моданың айырмашылығы ол көркем туындыларға және күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарымыздың сыртқы түрінің неғұрлым аз ауқытқа үстірт өзгеруін білдіреді.
Қазақтың ұлттық киімдеріде өзінің сипаты мен, сырымен, сұлулығымен, санмен осындай ғасырлық тарихтың иісін сақтаған, беделін жеткізген. Қазақтың ұлттық киімдеріне қарап-ақ, қазақтардың қандай халық болғанын айтқызбай немесе көрмей білуге болады.
Типтік ұсыныс дегеніміз- аталмыш топ бұйымдарына тән сипаты бар негізгі конструкциялық-технологиялық белгілерді мейлінше мол қамтыған бұйым.
Қазақ халқының ұлттық болмысы өзіне тән оқшау қалыппен сақталып, өзге ұлттардан дараланып тұратындығымен ерекше. Сол қатарда халқымыздың бай тарихи дәстүрге ие ұлттық киім-кешек мәдениетін де атауға болады.
Ұлттық киімдеріміз басқа халықтардың киімдеріне ұқсай бермейтін өзгеше даралығы және жарасымды сән-салтанатымен бағалы.
Ендеше, осы ғасырлар бойы тамырын үзбей, ұлтымыздың бойына жарасымды көрік сыйлаған киім мәдениетін қанық білу, ұрпақтан-ұрпаққа аманатталып отыруы орынды. Бұл мақалада қазақ әйелдерінің киім үлгілеріне қатысты деректерді ұсынуды жөн көрдік.
Әйел киімдерінің әр аймақта әр түрлі үлгілер мен әр алуан атаулары бар. Солардың ішінде қазақ елінің бәріне ортақ түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекше сияқты заттар. Әйел киімдері әшекей, ажар жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері. Бұлардың әрқайсысының тігілу мәнері де әшекейі де әр қилы.
Қазақ қолөнер шеберлері киімге қатысты әртүрлі әшекейді зерделей білген. Маусымдық, өлкелік, әлеуметтік және жас ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстық және сән-салтанатты киім-кешек түрлерін тігуде мата, басқа да қажетті заттарға үлкен мән берілген.
Қыз киімдері қынамалы, кеуде тұсы мен жаға-жеңі кестелі, көйлектері қос етекті, бас киімдері үкілі, моншақты, аяқ киімдері биік өкшелі, ыңғайлы және қай киімі болса да алтын, күміс, меруерт моншақтармен әшекейленген.
Қазақ қыздары шаштарына шашбау тағып, құлақтарына алтын сырға, мойындарына алтын-күміс алқа тағып, білегіне білезік, саусақтарына жүзік салып жүретін болған. Сондай-ақ, қос етекті алты қиық, төрт қиық койлектерін киіп, кестелі тізе қап, аяқтарына оюлы қызыл, көк, қара былғары етік киген.
Ал, жас келіншектер бір құрсақ көтергенше қыз киімдерін кие береген. Бірақ олар бөрік, тақия кимейді, үкі тақпайды және жалаңбас жүрмейді. Осы кезеңде жас келін басын толық жауып тұрмайтын, жаулық салған. Құрсақ көтерген келіншектер киімдерін мол етіп тігеді. Олардың киімдерінде қызға қарағанда әшекей заттары аздау болып келеді. Бала туғаннан кейін әйелдер «кимешек» киген.
Орта жастағы әйелдер құбатөбел киінген. Олардың көйлектері қос етексіз, белі мен жеңі кең болып бүріледі. Бұл жастағы әйелдер шаршыны орап тартады. Жақтарын оқаламайды, жәй кестелейді. Қарт әйелдердің киімі неғұрлым етекті, мол қаусырмалы, қалталы, әшекейлерінің көбі тана, түйме, қапсырма, оқалы өңір сияқты заттар болған. Олар шолпы тақпаған, алқа салмаған. Ал оқалы жақ, көксауыр кебіс, кестелі мәсі, білезік, сырға, сақина, күміс түйме, теңге сияқты әшекейлі заттарды қай жастағы әйелдер болсын тағына берген.
Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақ әйелдерінің бас киімдері өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді және жасалуының өзіндік ғұрыптық, салттық негізі бар.
Әйелдердің бас киімдері: сәукеле, бөкебай, қарқара, кимешек, күндік, желек, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық. Бұл бас киімдер олардың жасы мен отбасыдағы жағдайына байланысты ерекшеленеді. Жаздыгүні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт, мақпалдан тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тақыя (тебетей) кисе, қыс маусымында ауқаттылар камшат бөрік киген. Бойжеткендер мен қыздар зере, тақия, төбетай, қарқара бөріктерінің төбесіне үкі таққан, себебі қазақ наным-сенімінде үкі құсы киелі саналады. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, т.б. бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабатталып сырылып тігіледі. (Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия.)
Әйел киімдерінің ең маңызды және жалпылама көп қолданылатын түрлеріне көйлек, сәукеле, бөрік, тақия, кимешек-жаулық сияқты киімдерді жатқызуға болады. Төменді осылардың бірнешеуіне жеке-жеке тоқталып, сипаттама бере кетейік.
Қыздардың құндыз, кәмшат терісімен жиектелген бас киімдері «кәмшат бөрік» деп, алтынмен кестеленгені «алтын бөрік», маржандармен әшекейленгені «қалмаржан бөрік» деп аталған.
Тақия – барқыттан немесе қамқадан тігілген жаздық жеңіл бас киім. Үкінің үлпек қауырсынымен, күміс және алтын кестелермен әшекейленеді.
Сәукеле – әйелдердің бас киімдерінің ішіндегі ең сән-салтанатымен ерекшеленетін, қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі. Төбесі үшкірленіп, биік етіліп тігілетін ол алтын және күміс тиындармен, інжу-маржандармен, алқалармен безендірілді. Сәукелені ұзатылатын қыздар және сол қызға еріп жүріп сыңсу айтатын нөкерлер киген. Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Келіншек оны той өткенше киіп, той өткен соң желекті жаулық киетін болған.
Қамзол – әйелдер ұлт киімінің бірі. Ол барқыт, мақпал, пүліш маталарынан тігеді. Қамзолда жең де, жаға да болмайды. Тек тыс пен астардан тұрады. Астарына кобінесе атласты пайдаланады. Түйме орнына әшекейленіп жасалған қаусырма тағылады. Алдынғы бөлігі мен етегін ою – өрнектермен әшекейлейді. Камзол- әйелдердің күні-бойы үй шаруасымен айналасуына, жұмыс істеуіне, бойын жылы ұстауына өте қолайлы киім. Камзолдың алдыңғы өңірі бір-бірімен айқаспай беттесіп тұрады, оған ілгекті-ілмекті қапсырма қадалады, кей жерде ақ тана тақса, кейде әшекейлі күміс не болмаса қарапайым металл түймелер тағылады. Камзол киімі туралы мәліметтер 19 ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. Қазақстанның әр облыстарында әр түрлі аталады. Көбінесе бешпент немесе камзол дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |