Дипломдық жоба орындаған: А. Шолахова Жетекші



бет5/6
Дата25.05.2020
өлшемі358,01 Kb.
#71089
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дипломдық жоба

§ 1. 2 Үлгі таңдау.

Қазақтарда балалар мен жасөспірімдердің киімі, құрылымы жағына ересек адамдардың кішірейтіліп алынған түрдегі киіміне сәйкес келеді.

Ит көйлек пен мақта сырып тіккен кеудешелер мен шалбарларынан басқасының үлкендер киімімен ұқсастығы олардың өз балаларын тезірек ересек болуын көргісі келетіндіктерінен болса керек.

Қазақтарда ерлер костюмі әйелдер костюміне қарағанда біркелкі. Ол ішкі жейдеден (көйлек, шалбардан), шапаннан, бір тектес шұғадан жасалған шекпеннен, қой жүнінен жасалған табиғи түсті кең дамбалдан (шалбардан) тұрады, шалбардың балағы саптама етікке салынады, кейде ішінен киіз шұлық-байпақ киіледі.

Оңтүстік Қазақстанда бешпент жамбастан сәл төмендеу, мықынға жабысыңқырап тігілген, жоғарғы жағынан бір ғана түймемен түймеленген. Осы бешпентке сәйкес тік жағалы жұқа мақта-матадан көйлек тігілген, ол қиғаштау түймеленіп, белдікпен шалбарға салынған. Жігіттің костюм комплектісі шалбарының түймеленуі, кең белдікпен белдену ХІХ ғасырда орыс пішімінің әсерінен пайда болған. Үлгінің сыртқы түрінің сипаттамасын бергенде алдымен үлгіні тұтас алғандағы жалпы сипаттамасы беріледі, содан соң оның негізгі бөлшектері жекелей сипатталады. Камзолдардың белдері қынамалы, жеңі шынтақтан ғана келетін шолақ, бүрмелі қатарма түсіріп тігілген, ұзындығы етіктің сірі өкшесіне ілінердей ұзын үлгілері де болады. Белдің тарылып тігілуі жастардың дене бітімін көркемдей түскен, « талшыбықтай» немесе «құмырсқа бел» теңеулері осындай көрікті көріністен кейін айтылса керек. Камзолдарға жең салынатын болса « жеңді камзол» ал жеңсіз болса төс камзол немесе шолақ жең камзол деп бөлген. Камзолдың қысқа жеңдісі, иықтан сәл түскен жеңдісі немесе жеңсізі қозғалысқа өте ыңғайлы, әйелдердің күні бойы үй шаруасымен айналысатынын ескерсек, бұл камзолдар иесін суықтан қорғайды, оның үстіне оның иіліп-бүгіліп жұмыс істеуіне өте қолайлы келеді. Камзолдың жүн тартылып, аң терісінен қос астарланып тігілетін түрлері де болады. Камзолдың әдетте етегі кең болып келеді. Камзол ХVІІІ-ХІХ ғ-да қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім.

Қазақстан ою-өрнектерінің түстік шешімі, басқа да әлем халықтарының өрнегі сияқты түстік шешімін анықтай білген. Ою-өрнек бояуларының түстік шешімі көзге ғана емес адам психикасына да әсері барын білген, әсіресе қызыл, сары, жасыл, көк, қоңыр түстерге көңіл бөлген.

Ою-өрнектер ежелгі кездерде дәстүрлік, ырымдық, діни ұғымдық сипатқа ие болған. Дипломдық жобадағы ою-өрнек түрі тасқа шегіп жазу мәдениеті арқылы стилденіп төрт түлік малға байланысты алынған. Қос мүйіз, сыңар мүйіз, түйе мойнақ ою- өрнектері стильденіп, өзгертіліп алынған.

Киім жиынтығының формасы, көлемі үлкен сахна шарттарына жауап бере алады, ондағы конструктивті сызықтар, сәндік тігістер, ою-өрнектер өте сауатты орындалған. Бүгінгі күні Қазақстан сән өнеріне және оның өркендеуіне аса зор мән беріп отыр. Оның дәлелі көптеген сән үйлері, сән агенствалары және суретші модельдердің қатысуымен үлкен конкурстар өтуде.

Халықтың этнографиялық әдет-ғұрпының кейбір элементтері ою-сызу, бедерлеу, бейнелеу өрнектерде ерекше орын алған. Қазақтың ою-өрнектерінде әр түрлі әдемі ою-өрнектер бар, бізге әлі кездеспеген, әр түрлі айтылатын атаулары өте көп екенін зерттеуші этнограф ертеден айтып келеді.

Қазақ халқының қол өнері, текеметке түсірілген ою-өрнектер көбінесе малдың денесіне, ізіне байланысты оюлар болған, яғни мал өсіру, аңшылық, жер мен су, көшіп қонудың мағынасын білдірген.

Қазақстан сәнінің ерекше тағы ұлттық сән мен қәзіргі кездегі әлем сәні үйлесімін тауып жатыр. Көне заманнан келе жатқан қазақ халқының кестелеп, оюлап тіккен қалпақ, тақия және әйелдердің нымша комзолдарын айтуға болады. Олардың бір-біріне сыйға тартатын қымбат бағалы маталары, бас киімдер ұмытылмас салт-дәстүрімізді байқатады. Егер кеңістіктегі форманы жазықтыққа түсіретін болсақ, сұлбаны алуға болады.

Силуэт- форманың жазықтықта қабылдануы. Киім дамуының ұзақ уақыт бойы сұлбаның көптеген түрлері пайда болды, бірақ олардың барлығына бірнеше негізгі түрлерге біріктіруге болады. Көйлек сұбасы қынамалы болғандықтан сұлбаның осы түріне кеңірек тоқталғанды жөн көрдік.

«Қынамалы сұлба» ұғымының астарында екі түрлі форма жатыр. Олар «Х сұлбасы» және «құмсағат» деп аталады. Бұл екі форманың өзіндік ұқсастықтары бар; фигураны қынап тұратын кеудеше, белдің өте жіңішке болуы.

Тігін өнімдері, бұйымдардың ассортименті деп түрлі мақсаттағы және алуан түрлі материалдардың жиынтығы деп түсініледі. Бұйымның әр түрлі артикуль деп аталатын шартты сандық белгілер бекітіледі. Тігін өндірісі бұйымдарының ассортименті өте кең. Оны меңгеру мен практикада қолданудың ыңғайлылығы үшін түрлі жүйелеу қолданылады. Стиль модамен тығыз байланыста бола тұрса да, өзінің тұрақтылығымен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың атақты модельері Коко Шанель «Мода келеді, кетеді-стиль қалады!» деп айтқан.

Жалпы, ассортимент дегеніміз- жиынтық, таңдап алу, яғни түрлі мақсаттағы және алуан түрлі материалдардың жиынтығы деп түсініледі. Байқап отырсақ, мода барған сайын қоғам өмірінің барлық жақтарына, саясатқа, экономикаға, социологияға және басқаларына демдей еніп келеді. Сол себепті де қоғамдық өмірдің барлық жақсылықтары мен қарама-қайшылықтары сән үлгілерінен өзіндік көріністерін тауып отырады. Көйлек тарихының адамзат қоғамындағы ең бір маңызды түсініктердің бірі « сарын».

Сарын- суретшілердің, дизайнерлердің ойлауындағы ортақ категория, сарын- бұл тұрақты, мақсатты түрдегі жүйе.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет