Дипломдық жоба орындаған: А. Шолахова Жетекші



бет4/6
Дата25.05.2020
өлшемі358,01 Kb.
#71089
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дипломдық жоба

Кимешек – қазақ әйелдерінің киелі бас киімі. Әдетте кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұратын етіп тігеді. Кимешекке қарап әйелдердің жас мөлшерін, тұрмыс-жайын анық ажыратып алуға болады екен. Әйел адамның ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен аңғарылып тұрған. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.

Кимешек әшекейсіз болмайды. Әшекей орнына алтын, күміс, лағыл, шырымтал, меруерт секілді металл және қымбат бағалы тастар қолданылған. Әрине, олар да әйелдің жас мөлшеріне, алеуметтік орнына орай тағылған. Кимешек пен оның алдыңғы өңірі ою-орнексіз болмаған.

Кимешектің егде және қартаң тартқан әйелдер киетін қарапайым түрлерін шылауыш, күндік деп атайды. Аса қарт бәйбішелер шалма да киген.

Әйелдердің ақ матадан жасаған бас киімінің жалпы атауы – ақ жаулық. Ақ жаулық апаларымыздың ақ ниетінің, иманжұзділігінің, кіршіксіз, адам табынарлық мөлдір мінезінің де белгісі еді.

Бүгінгі күні осы мәйекті дәстүріміз солғындап, ұлттық киімдер күнделкті өмірде қолданыстан жырақтап, оны заман өзгерісімен сирек пайдаланатын болдық. Десе де, ұлттық киім-кешек мәдениеті халықымыздан мүлдем ажырап, ұмыт болып, тарих қойнауына сіңіп жоғалып кеткен де жоқ. Ел арасында ұлттық болмысымызды қастерлейтін ақ жаулықты әжелеріміз әліде болса бар. Сондай-ақ, елдік мереке-мейрамдарда ұлттық киімдерді киіп шығып мереке тойлау дәстүрі де жалпыласып келеді. Біз қазіргі күні ұлтымыздың дәстүрлі киім кию мәдениеті арқылы ұлтты тәрбиелеуге болатындығын білгеніміз жөн. Бұның қоғамда белең алған халқымызға жат батыстың ашық-шашық киімін киетін немесе дінді желеу етіп тұмшаланып Хиджаб киетін қазақ қыздарына берер тағылымы мол.

Ежелгі қазақ дәстүрінде қыздардың құқықтарына шектеу қоймаған, еркін өсірген. Боз балалармен бірге олар ұлттық ойындарға қатысып, музыкалық аспаптарда ойнаған. Күнделікті өмірде қазақ қыздары ешқашан бетін жабатын киім киген емес. Бет пен шашты қарамен жабу қазақ әйелдерінің табиғатына жат. Шашқа бойжеткен мен оның жеңгелері ерекше құрметпен, күтіммен қараған. Халық өлеңіндегі «Көрінер қыздар сұлу шашбауымен, бұрымын кейін сілкіп тастауымен» деген жыр жолдары бұл сөздерімізге дәлел. Тағы да қазақта мынадай ырым-тиым бар: «Қыз басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулық, қара – қайғы».

«Жалпы ұлттық киім, әсіресе, бас киім – әйел адамның әлеуметтік мәртебесін, жас ерекшелігін айқындап тұратын дүние. Қазақ қыздары тұрмыс құрғанға дейін бөрік, тақия сияқты жеңіл киім киіп жүрген. Шашы жалпы ашық тұратын болған.  Қыз ұзатылған кезде сәукеле кисе, ұзатылып, тұрмыс құрғаннан кейін де жас келіншек жаулық деп аталатын жеңіл бас киім киген. Алғашқы баласын дүниеге әкелгеннен бастап әйелдер кимешек киетін болған. Мұның барлығы қазақи ортада әйелдердің әлеуметтік мәртебесін, олардың қоғамдағы орнын айқындайтын сатылаған киім үлгілері болып табылады»

Адам әрдайым қоғамда, ортада өмір сүреді, сондықтан да қоғамда болып жататын қозғалыстар жеке адамды айналып өтпейді. Моданы қоғамның күнделікті көріністерінің белгісінің бірі десек, одан қәтелеспейміз. Рас, әл-ахуалына, дәулетіне, біліміне, сәулетіне, ой-өрісіне, мәдениетіне, жұмыс істейтін жері мен мамандығына байланысты біреулер моданың тереңіне деңдейді, енді біреулер болса мода қуудың өз жағдайына сай келмесін көріп іштей тынады.

ХХ ғасырдың модасында стильдің төмендегі бағыттары қалыптасты. Мода тенденцияларының тоқтаусыз өзгеруіне қарамастан аталған стильдер ХХ ғасырдың әр уақыт аралығындағы киімінде өз орнын тапқан және де бұл стильдер ХХІ ғасырда да өз өзектілігін жоғалта қоймақ емес, бұл олардың дәстүрлі стильдер деп аталуына негіз болады. Дипломдық жұмыс тақырыбына неғұрлым жақын стильге фольклорлық стильге тоқталатын болсақ, бұл стиль этникалық деп те аталады.

Фольклорлық стильге жататын киімдер әртүрлі халықтардың ұлттық киімдерінің кейбір элементтерін ала отырып орындалады.

Этникалық стиль модада ХХ ғасырдың басынан бастап кең етек жайды. Ұлттық мәдениетке деген қызығушылық ұлттық өнерді зерттеудің, сақтаудың қәжеттілігін түсіну негізгі себепші болған еді. Этникалық стильде орындалған киім, ұлттық костюмде дәлме-дәл қайталануы керек.

Ұлттық киім мен қәзіргі заман талабына сай киім арасындағы байланыс неғұрлым нәзік болса, соғұрлым дайын бұйым әдемі, жоғарғы талғамға сай болады.

«Мода» сөзі латынның « modus »- өлшем, ереже деген сөзінен шыққан. Моданы зерттеушілер оған томендегідей анықтамалар берді.

Мода- әлеуметтік ақпаратты өңдеудің ерекше өлшемі, түрі, сипаты (психолог Л. Петровтың анықтамасы).

Мода- бір топ адамның жаңашылдыққа жауап ретінде әсерінің типі (әлеуметтік психолог Э. Богардустың анықтамасы).

Мода мәдениетінің барлық құбылыстарына дерлік таралады, атап айтқанда үнемі өзгерісте болатын материалдық және рухани құндылықтарға: өнер, әдебиет, ғылым (әсіресе медицина, әлеуметтану, экономика, философия), техника, саясат, идеология, спорт.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет