Дипломдық жоба рұқсатсыз қатынас құрудан ақпаратты қорғауға


Өрттен қорғау жүйесіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет38/41
Дата09.04.2022
өлшемі3,55 Mb.
#138631
түріДиплом
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Дипломды жоба р сатсыз атынас рудан а паратты ор ау а
биология тест сурактары, 2 тур Информатика, 125 приказ 2022
5.3 Өрттен қорғау жүйесіне қойылатын талаптар
Адамдар мен мүлікті өрттің қауіпті факторының әсерінен қорғау және 
(немесе) оның салдарын шектеуге мына тәсілмен қол жеткізіледі: 
а)
көлемдік-жоспарлық шешімдерді және ошақтан тыс өрттің таралуын 
шектеуді қамтамасыз ететін құралдарды қолданып;
б)
өрт кезінде адамдарды қауіпсіз көшіру талаптарын қанағаттандыратын 
эвакуация жолдары құрылғысымен;
в)
өртті анықтау, өрт кезінде адамдарды хабарландыру және көшіруді 
басқару жүйесі құрылғысымен (өрт сигнал беру жабдығы қондырғысы және 
жүйесі); 
г)
өрттің қауіпті факторы әсерінен адамдары ұжымдық қорғау жүйесі 
(оның ішінде түтінге қарсы) және жеке қорғау жүйелерін қолдану; 
д)
ғимараттардың, имараттардың және құрылыстардың талап етілетін отқа 
төзімділігі дәрежесіне және оның құрылымдық өрт қауіпсіздігі класына сәйкес 
келетін отқа төзімділік шектерімен және өрт қауіпсіздігі кластарымен, сондай-ақ 
көшіру жолдарында құрылыс құрастырылымдарының беткі қабаттарының 
(әрлеу, қаптама және оттан қорғау құралдары) өрт қауіпсіздігін шектеумен 
негізгі құрылыс құрастырылымдарын қолдану
е)
құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділік шектерін арттыру үшін 
оттан қорғау құрамдарын (соның ішінде антипиренттерді және оттан қорғау 
бояуларын) қолдану; 
ж)
өртке қауіпті сұйықтықтарды апаттық төгу және жанғыш газдарды 
аппаратурадан апаттық жою құрылғылары; 


86 
86 
з)
жарылысқа қарсы қорғау жүйелерінің технологиялық жабдығына 
орнату; 
и)
өрт сөндірудің алғашқы құралдарын қолдану;
к)
өрт сөндірудің автоматты қондырғыларын қолдану;
л)
өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру.
Әрбір ғимараттар мен имараттарда өрт кезінде адамдарды қауіпсіз 
көшіруді қамтамасыз ететін эвакуациялық жолдарды көлемдік-жоспарлық шешу 
және құрастырылымдық орындау болуға тиіс. Адамдарды қауіпсіз көшіру 
мүмкін болмаған жағдайда, ұжымдық қорғау жүйелерін қолдану арқылы оларды 
қорғау қамтамасыз етілуге тиіс.
Адамдарды қауіпсіз көшіруді қамтамасыз ету үшін: 
а)
көшіру жолдары мен шығатын жолдардың қажетті санын және оларды 
тиісті құрылымдық орындау белгіленуге; 
б)
Эвакуация жолдарымен және эвакуациялық шығу жолдары арқылы 
адамдардың еркін қозғалуы қамтамасыз етілуге;
в)
адамдарға хабарландыру тарату және олардың көшіру жолдарымен 
қозғалуын басқару (соның ішінде жарық көрсеткіштерін пайдаланып, дыбыстап 
және сөйлеп хабарландыру) ұйымдастырылуға тиіс.
Егер өрт анықталған сәттен бастап адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру 
процесі аяқталғанға дейінгі уақыт аралығы өрт кезінде адамдарды көшірудің 
қажетті уақытынан аспаса, өрт кезінде адамдарды ғимараттардан, имараттардан 
және құрылыстардан қауіпсіз көшіру қамтамасыз етілді деп есептеледі.
Қажетті және есептеу уақыты, сондай-ақ адамдарды кедергісіз және өз 
уақытында көшіру шарттары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға 
рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың, 
құрылыс нормалары мен ережелерінің және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт 
қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес 
анықталады. 
Өрттің қауіпті факторлары әсерінен адамдарды ұжымдық қорғау жүйелері 
мен жеке қорғау құралдары өрттің қауіпті факторлары әсер ететін барлық уақыт 
ішінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. 
Адамдарды ұжымдық қорғау жүйелері өрттің даму және өртті сөндіру 
уақыты немесе өртке қауіпті аймаққа адамдарды көшіруді қажетті уақыт ішінде 
олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Осы жағдайда адамдардың 
қауіпсіздігі ғимараттардағы, имараттардағы және құрылыстарда қауіпсіз 
аймақтарды көлемдік-жоспарлық және құрастырылымдық орындау арқылы 
(соның ішінде түтіндемейтін саты торларын салу арқылы), сондай-ақ өрттің 
қауіпсіз факторлар әсерінен көшіру жолдарына адамдарды техникалық қорғау 
құралдарын пайдалану арқылы қол жеткізілуге тиіс.
Адамдарды жеке қорғау (соның ішінде көру және тыныс алу органдарын 
қорғау) құралдары қауіпсіз аймаққа адамдарды көшіруді қажетті уақыт ішінде 
немесе өрт сөндіру жөнінде арнайы жұмыстар жүргізуге қажетті уақыт ішінде 
олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Адамдарды жеке қорғау құралдары 


87 
87 
эвакуацияланатын және құтқарылатын адамдарды қорғау үшін де, сол сияқты 
өрт сөндіруге қатысатын өрт сөндірушілерді қорғау үшін де қолданылуға тиіс. 
Ғимараттарды және құрылыстарды тыныс алу және көру органдарын жеке 
қорғау құралдарымен, сондай-ақ құтқару құрылғыларымен қамтамасыз ету 
қажеттігі осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы аумағында 
қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормалары мен ережелерінің және 
белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік 
құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады. 
Ғимараттарды немесе құрылыстарды түтінге қарсы қорғау жүйесі көшіру 
жолдарында және қауіпсіз аймақтарда қауіпті өрт факторлары әсерінен 
адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіруді қажетті уақыт ішінде немесе өрттің 
дамитын барлық уақыты және жанатын және термикалық бөлшектенетін 
өнімдерді жою және (немесе) олардың таралуының алдын алу арқылы өртті 
сөндірудің барлық уақытында адамдарды қорғау қамтамасыз етілуге тиіс. 
5.4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет