Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына


Гобелен өнерінің шығу тарихы XV ғасырдан басталады



бет14/26
Дата27.02.2022
өлшемі351,56 Kb.
#133580
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
Жумагелдина А. диплом
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Бижанова Алма
Гобелен өнерінің шығу тарихы XV ғасырдан басталады. Ең алдымен Франция, Италия және Германия елдерінде дамыды. Кейінен Балтық жағалауында, Кавказ және Ресей елдерінде кең өріс алады. Орта ғасырдағы Батыс Европа шпалерінің биікке өрлеу кезені болып табылады. Париж, Аррас, кештеу Брюссель қалалары шпалера тоқу өнерінің орталығына айналды. Ол кездердің ірі ғимараттардың интерьерлері шпалерамен және гобелендермен безендірілген. 1620 жылы Париждегі Сен Марсель предместьесінде париждік отбасы гобеленовтардың сюжетті өрнекті композитциялары «гобелен» атауымен халыққа танымал болып, корольдік денгейде өзінің ашылуы салтанатын өткізді және ерекше үрдіспен өріс ала бастады. 1716 жылы Петрдің шақырылуымен гобелен тоқушы француз шеберлері Санкт Петербургке келіп россиялық гобелен тоқу өнерін қалыптастырады. Олардағы картиналар қолмен тоқылған атақты Ш.Лоберн, П.П.Резбенс, Ф. Раффали, Ф.Буше, К.Лионе сияқты суретшілердің туындылары еді. Біздің қазақ халқы да сәндік-қолданбалы өнерге бай.
Гобелен өнерінің қазақ қол өнеріне қадам басуы, қарқындап дамуы 1970 жылдан басталды. Осы жылдары біздің елімізде тақырыптың терең философиялық мазмұндағы көркем туындылардың алғашқы бастамасы қалыптасты. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен тоғысты. Қазақ гобелені әрқашанда дәстүрмен сабақтас қызмет етуге тиіс. Гобелен – кілем сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірбиелі суретшілер қолға алып,жаңа өрнекпен тоқиды. Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй жай алуды, киім кешек тігуді, азық түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсіп етіп оларды күнбе күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап өмірді сән-салтанатты құра білді. Бұдан біз халық творчествасының қандай түрі болса да халық өнерімен сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн-көрісімен, кәсібі мен тығыз байланысты екенін көрсетеміз.
Гобелен негізінен көркем шығармашылық туынды болып табылады. Сондықтан гобелен өнерінің сәндік қолданбалы өнерде алатын орны ерекше.

Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар аң аулауға, мал өсіруге немесе егіншілікке қажетті құрал-жабдықтарда кіреді. Күйіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша түрлі бау басқұрлар тоқып, арқан жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім-өрім қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, асадал, бесік және т.б көптеген заттарды халық шебері өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекелейтін болады. Қол өнерінде көңілге қонымды мәнерлермен, оңдалған, қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді.

Ертеден б.з.д. сақталған мазарлар мен ескерткіштердей діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді, ою-өрнектер, ағаштар, қиюлар тастан қажалып, жасалып діңгектер халық қол өнерінің тамаша туындылары.
Кілем күнделікті кеңінен таралған жүннен жасалған бұйымдардың ішінде басты орын алып, әлі күнге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Тоқылатын кілемдер.Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан кілемдері көрнекілігі жағынан көзге түседі. Ұлттық кілемдер сол республика халықтарының қол өнерінің негізгі түрі. «Қазақстанда қалыптасқан салт бойынша тоқыма бұйымдар атам заманнан қолданылып келген және үй ішіне оңашалық пен жылулықты дарытқан». Осыдан кейін кілемдердің тоқылуы да, материалы да, өрнегі де әр түрлі болып келеді. Кілемдер мен кілем бұйымдарды ерте заманнан шығарып келе жатқан елдердің бірі түркімендер, сондықтан кілем өрнегі республикада өте кең таралған. Гобелен кілемінде белгілі тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді. Оның жай кілемдерден айырмашылығы суреттері мен түстерінде әсем тоқу ерекшелігі бар. Гобелен – қызық, әрі қиын өнер. Ол ұзақ ізденісті, ыждағатты, қол еңбегін қажет етеді. Қазақ халқының қолөнерінің аса қымбат, қайталанбаған сұлулығын, ғажайып көркем тоқымашылық өнерден көреміз.

Қазіргі кезде қолөнер туындылары қолға түспес асыл дүние, қымбат бұйымға айналды. Көз жауын алатын осындай дүниелерге сұраныс өсті. Әр кім өз халқының қымбат қазынасын сақтап, оны қастерлеп отыруы тиіс. Бұл өнерге деген іңкәрлікті анғартады. Ең үздік жұмыстарда гобеленді асқақтатуға деген ұмтылыс және де оны сәулеткерлік ортаға икемдеу, пластикалық композицияларға деген құлшыныс астасып жатады. Әдетте монументалистердің гобелендерді толыққанды болғандағы, қоғамдық ғимараттардың ішкі әшекейіне «құйып қойғандай» әсер қалдырады. Соңғы жылдары Қазақстан жас суретшілері бұл дәстүрді қолданбай келеді. Оған деген ынтазарлығыда кеми түскендей. Мұның бірнеше объективті себептері бар. Біріншіден, асқақ –қолданбалы жұмыстарға деген мемлекеттік тапсырыс жүйесі сарқылды. Кеңес үкіметі кезінде, осы жүйенің арқасында, суретшілер өзінің ішкі ойын жүзеге асырып, қоғамдық орындардың интерьерін әшекейлей алатын. Екіншіден, біздің заманда осы тектес жұмыстар жеке меншік интерьерлерге ғана қондырылып жүр. Әлбетте, мұндайда, гобелен өнері «станковизацияланып», асқақ-қолданбалы өнер туындысы аталуда. Қазақстан территориясының жер бедерінде, күн территориясының ең алғаш жайлаған тайпаларда мыңдаған жылдар ішінде неше түрлі өзгерістерге ұялады. Табиғатта көркейіп жер қайнауының қысқа байлықтары молая түсуде. Осыдан кейін халықтың нұсқауларының асқан үміттері туындайды. Халық шеберлері байлыққа-байлық қосып, молшылық жасау мен қатар, сол баршылықты байыпты етуге тұрмыстың жиһаз мүліктерімізді сәндеуге, безендіруге үлкен үлес қосты. Тоқымашылықтың жоғары деңгейін көрсететін гобелен тоқу өнерінің жас ұрпақтың рухани қалыптасуына да әсері зор. Осы орайда елімізде гобелен тоқуға баулитын бірнеше көркем сурет оқу орындары бар екендігін атап өткен лазым. Дәлірек айтқанда, Қазақстан мемлекеттік көркем сурет академиясы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, Т. Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр және кино өнері институты, О. Тансықбаев атындағы көркем сурет колледжі және де тағы басқа. Жыл сайын гобеленші шәкірттерді тәрбиелеп келеді. Гобелен өнерін оқытып үйретуде үлес қосқан ұстаздар да аз емес. Қысқаша айтқанда, гобелен өнерін оқытып, үйрету дегеніміз көнеден келе жатқан дәстүрлі тоқыма өнеріміздің әдіс тәсілдерін жетілдіріп, алға асыру болып табылады. Қазақ гобелені де дәстүр сабақтастығына қызмет ете бермек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет