ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«Жібек жолы мектеп-лицейі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«ҚАРАЛДЫ:»
Ә/б отырысында
Бірлестік жетекшісі:
Г.Г.Самондарова___________
«____»_____________2019ж.
|
«КЕЛІСІЛДІ:»
ДҒӘІЖО:
К.Е.Ибашова____________
«____»____________2019 ж.
|
«БЕКІТІЛДІ:»
Мектеп директоры А.Т.Джангарашева____________
«____»____________2019 ж.
|
Сабақтан тыс іс шара:
ӘН ШАШУ.
Дайындаған:
Сансызбаев С.Т.
2019-2020 оқу жылы
ӘН ШАШУ
І жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, шырқалады.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
5 «а» сынып оқушылардың орындауында би «Испан биі»
2) І жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар ән салады деп вокал үйірмесінің» Ән шашу атты концерттік бағдарламасын қош келдіңіздер.
Жексен Ерасыл орындауында
жургізуші: Арайлап әрбір таңымыз,
Көрікті әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде ,
Шырқайық кәне бәріміз.
4б сынып оқушысы Давлет Жәнияны «Мен қазақтың қызымын» әнімен ортаға
шақырайық.
жүргізуші: Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан, - ән Сыған серенадасы» орындайтын Үйсінбай Нұрайды қабыл алыңыздар.
5) жүргізуші: Әндер - әндер!
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, - деп келесі әншіміздің өнерін қабыл алыңыздар.
Тателбекова Мерей 9б сынып оқушысының орындауында «Ана» әнімен
қарсалыңыздар
жүргізуші: Өнермен
терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, - деп келесі әншіміздің өнерін тамашалайық.
Құрманжан Гулназ 9б сынып оқушысының орындауында «Сәлем саған туған ел» әнімен қарсалыңыздар
7) жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін күйші атанбақ.деп
Келесі өнерпазымыз Қайролла Жантөрені «Адай» күйімен қабыл алыңыздар
жүргізуші: Жез таңдай күміс көмей өнерпаз,
ән шырқап әуелеткен дүлдүліміз. ,
– дей келе келесі аншіміз Жанарқұл Самал 10а сынып оқушысының өнерін тамашалаиық
жүргізуші: Жинаған өн бойына өнерлерін,
Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.
бұл кеште шарықтата әнге салған ,
Жарайсың, айналайын әншілерім, - вокалдық топ 4 «в», 5 «в» сынып оқушылары
жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы – деп келесі әншімізді 10 «а» сынып ооушысының Асылхан Наргиз орындыуында «»
Осымен вокал үйірмесі дайындаған концерттік бағдарламасы аяқталды
Келесі кездескенше сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |