Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына


Зерттеудің нәтижелерін енгізу және апробациялау



бет8/26
Дата27.02.2022
өлшемі351,56 Kb.
#133580
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
Жумагелдина А. диплом
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Бижанова Алма
Зерттеудің нәтижелерін енгізу және апробациялау: Гобелен өнері дамуына үлес қосқан Қазақстандық суретшілердің өмірбаянымен де таныстық. Гобеленнің даму тарихымен одан әрі өркендеуінің осы күнгі нәтижесіне көз жетерлік. Гобеленнің кең ауқымды дамуына өз үлесімді қосуды тұжырымдадым.

Дипломдық жұмыстың көлемі: 40 бет.
Дипломдық жұмыстың мазмұны:
Кіріспеде: Гобелен кілемнің тоқылу мәнерінің қазіргі кезеңде қолданылуы, оның маңызы, халық қолөнерінің бұл түрін жоғалтпау, оны болашаққа насихаттау. Жас ұрпақтың санасында гобелен өнерін ұмыттырмау.

I Бөлімде: Қазақстандағы тоқыма өнерінің даму тарихы мен тоқылу ерекшеліктері, гобелен өнерінің шығу және даму тарихы, гобеленге сипаттама, гобелен өнерінің қазақ қолөнеріне қадам басуы туралы айтылады. Гобелен өнерінің дамуына үлес қосқан Қазақстандық суретшілер мен зерттеушілер Бәтиме Зәуірбекова, Құрасбек Тыныбек т.б. жайында баяндалады.

II Бөлімде: Гобелен кілемінің – сәнді тоқыма жиһазы ретінде қолданылуы, оның түкті және түксіз, аралас түрлері мен олардың тоқылу техникасы суреттеледі. Кілем тоқудағы түс ерекшеліктері көрсетіледі. Ою – өрнектердің кілем бетіне қалай орналасуы керек жөнінде мәлімет беріледі. Гобелен тоқу барысында қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар туралы ақпарат бар.

III Бөлімде: Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі мен дип жұмыстың орындалу барысы, қандай құрал-жабдықтар мен материалдар қолданылғаны, жіптің түрлері мен түстері, жалпы кеткен қаражат мөлшері жазылған.

Қортындыда: Гобелен – тың, қызықты һәм болашағы бар көркемдік құбылыс. Бірнеше жылдың ішінде оның толыққанды тамыр жаюына салт – дәстүріміздің сақталғаны септігін тигізсе керек. Біздегі тоқыма өнері, кестелеп өрнек салу, киіз басу мен кілем тоқу – осының бәрі түптің түбінде жаңа қолданбалы өнердің қалыптасуына негіз болады. Гобелен кең ауқымдағы дамуына өз үлесімді қосуды тұжырымдадым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет