Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына


Гобелен өнерінің түрлері мен техникасы



бет12/17
Дата27.02.2022
өлшемі98 Kb.
#133579
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Бижанова Алма
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Жумагелдина А. диплом
1.4. Гобелен өнерінің түрлері мен техникасы.

Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, неше түрлі қол өнер мен тоғысты. Гобелен тоқылатын бұйымына, сапасына, бояуының түріне қарай әр алуан атауларға бөлінеді. Тоқыма өнерінің бір өзі неше түрге бөлінеді.Атап айтқанда: текеметтер, сырмақтар, киіз басу, гобелендер. Гобелен негізінен көркем шығармашылық туынды. Гобелен өнерінің түрлері де аз емес. Гобелен түкті және тақыр кілем болып екіге бөлінеді.Ал түкті гобелен тұрмыстық қолданыста «кілем» деп аталады. Кілемнің қазақстанда көп тараған түрі - түкті кілем және тықыр кілем. Кілемнің ежелгі түрлері біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырда «Позырық» қорғанынан табылған. Түкті кілем тоқу, әсіресе Сыр бойында, оңтүстік аудандарда кеңінен дамыған. Қазіргі кезеңде шетелдердің кілемдеріне еліктеп, соларға ұқсас кілем тоқылғандықтан, кілемнің түрлері өте көп. Негізінен қазіргі қолданыста көбінесе осы екі түрі өз талғамымен техникасы жанашалап тоқылып жүргендер аз емес. Түк салу - жоғарыда аталған кілемдердің бәрі түкті кілемге жатады.( бұхар, түркімен, парсы, араб.) Түкті кілемді тоқу асқан шеберлікті қажет етеді. Жүнді өрмек жібінен сәл жуандау етіп, бірақ бос иіру керек. Кілем түгіне арналған жіпті біз дайындап аламыз, желіге орап, қаттылап екі жағынан тартамыз. Бір қатарға кергенше түгел түп шалынып болған соң түкшелерді шанышқымен ұрғылап нығырлаймыз. Мықты болу үшін араларына желі жіп өткіземіз. Әдісі: екі жіпті арқау жіпке орап астынан аламыз. Түк салынып болған соң шанышқамен соғып нығырлаймыз, артынан кесіп тастаймыз. Түгінің ұзындығы 5-7мм болу керек.


Теріп тоқу - желі бойынша түк салынбай арқау өткізу арқылы тоқылады. Түсті жіпті кілем өрнегінің ретіне қарай өткізілмей отырып тоқиды. Түкті гобелен - кенеп матаны ағашқа керіп, жобаны кенеп матасына түсіріп, инені сабақтап, шыққан жіпті түйіншектеп, жіпті шымшып ұстап қалу. Тақыр кілем - жібі терме алашаға иіргендей ширатылған түксіз кілем. Тақыр кілем өрнегіне өз атынан - ақ көрініп тұрғандай түк салынбайды, кілем түріне арналған жіп, желі жібіне ұқсас иіріліп, ширатылады. Бұл кілемді тоқу үшін көптеген кілем жабдықтары қажет. Олар: адарғы тарақ, тартпа, отырғыш, кесермен пышақ, қайшы, желі жіп, арқау, түкті жіп, түкті жүндер т. б. Алаша - әр түрлі жіптерден өрмек арқылы жолақтап немесе өрнектеп тоқитын тақыр кілем. Ол жай және терме алаша болып бөлінеді. Жай алаша - көп мәнерлі геометриялық өрнектер салынып тоқылатын алаша. Алаша - бүктеуге жайып салуға қолайлы мүлік. Гобелен тоқу әдістері түрлеріне қарай жолдары да әр түрлі болады. Кесте гобелен тоқу үшін ірі жай ақ мата, селдір, мата, кенеп, дәке және мақта тоқылған маталарды пайдалануға болады. Шебердің таңдауына байланысты оның материялы ағаш әлде пластмасса, формасы дөңгелек немесе төртбұрышты болуы мүмкін. Гобелен үшін бірнеше ине пайдаланылады. Себебі, бір мезгілде түрлі -түсті жіптерді орналастыруға тура кекледі. Алғашқы жұмысты қарапайым тігістердің бірі айқышты тігісінен бастаған жөн. Қазіргі уақытта осы тігісте тоқылған кесте - гобелен кеңінен қолданысқа енген. Түкті кілем гобелен дайындау технологиясына қарай қолдан және машина станоктарында тоқиды. Оны тоқуға жүн, мақта, жібек, зығыр, кендір жіптер қолданылады. Түкті гобеленнің түгінің ұзындығы 3 мм - ден 18мм - ге дейін болады. Түкті гобелен тоқу үшін қажет құралдар:төсек жіп, кергіш ағаш, бел ағаш, түрлі жіптер, арқау, тоқпақ, қайшы, тарақ, тағы басқалар. Түкті гобелен тоқу үшін екі түрлі түйін қолданылады. Олар «тордес» және «сенне». Тордес екі түйіннен тұратын симметриялы өте қарапайым әдіс. Оның тоқылуы сенне әдісіне қарағанда жай түрі. Тықыр гобелен шахмат әдісімен шегелер қағылған станокта жүзеге асады. Оның арқау жібі мықты болғаны жөн. Жіптердің ара қашықтары 5 мм ден аспау керек, ал арғы жағына эскизді қағазға салып кнопкамен бекітеміз.Тақпен жұп жіптерді бөліп тұрү үшін диаметрі 20 - 30 мм болатын таяқша қажет. Содан кейін керілген жіптің төменгі және жоғарғы жақтарынан марап байлап шығамыз. Бұл дайын жұмыстың тарқатылып кетпеуі үшін қажет. Онымен қатар оған арнайы құрал - жіп орау үшін үйрек ауыз, тарақ, қайшы, ілмек, түрлі түсті жіптер қажет. Тықыр гобеленді дайындаудың екі әдісібар. Біріншісі - «босмис» әдісі. Онда жіпкөлденең тартылып осы арқау бойынша тоқылады. Екіншісі - «готлис» әдісі. Ол арнайы станокта тігінен керілген арқау жіп бойынша тоқылады. Тоқылу барысында алдын ала өткізілген жіптер кейін тарақпен төмен басылып, тығыздалып отырады. Гобеленді тоқудың бірнеше түрі бар. Олар сумохов өрімі, онда жіптер ұзынынан кішкене қисайып түседі. Ал, ешпеттікөрім бойынша тоқылғанда оның оң беті көлденең өрілген арқан сияқты ою береді. Тағы бір жиі қолданылатын - өрім түрі жай гобелен өрімі, оның оң және теріс жағында өзгеше түстер бөлініп көрініп отырады. Гобелен әдісін таңдау шебердің ықтиярында. Гобеленнің әдемі шығуы - нобай және түстің үйлесіміне байланысты. Гобеленшілер нобай таңдау, оны жобалау гобелен тоқудың жауапты кезеңіне жатқызады. Ең тиімді және әдемі нобайды таңдап алу үшін белгілі бір тақырыпқа салынған бірнеше нобайлар салынады. Шебер қиялы, оның философиялық ойы осы нобай арқылы ұйымдастырылады. Суретшінің көркемділігі үшін үш жіп жоғары кететін (төменгі жіп) көк түсті, ал төменгі (жоғарғы жіп) қызыл түсті. Осы бағытта домалақ жіпті үзбей жіпті бүкіл станокқа кереміз. Сонымен қатар жіп өте қатты керілмеу керек, керілген жер қолдың астына аздап бүгіліп қалу үшін жіпті соның жоғары алдынан оң жағына өте берік етіп бекітеміз. Егер сіз жоғарғы және төменгі жіптерді шатастырмай дұрыс керген болсаңыз, керілген полотноңыздың сол жағында сегіздік құралып шығады.Сегіздіктің сақинасының жоғарғысынан станоктың ұзындығындай сым немесе сызғыштың қандай болмасын жалпақ таяқшаны қоямызда оны жоғарыға тартылатындай етіп, екі қолымызбен төменге тартамыз. Енді осыған жіптерді бұрама арқылы бекітуге кірісеміз. Көркемдеп тігу өнері қаншама уақыт өтсе де, негізінен ешқандай өзгерістерге ұшыраған жоқ және гобеленді әзірлеуде оның басты құралы болып, негізінен жіпті тоқып, өткізіп отыратын адамның қолы болып қалады. Негізгі станокқа керілген ендір жіп, станокта керілген жіпті жақсы ұстау үшін, өте берік, төзімді етіп дайындау керек. Ол үшін станоктың бұрыштарын бұрыштап байланыстырады, басқа әдістермен бекітеді. Станоктан да өлшемі қандай болса, дайындайтын ноьайдың өлшемі де сондай болады. Осы мақсатта оған бөгетті шеберханаларда дайындалған ағаш кергіштер дәл келеді. Ал, негізін құрайтын жіп, қолмен тартқанда үзілмейтін, төзімді болуы керек. Басында қолдағы жіптің түрі мен фактурасы қандай болса да бәрі бір, тек барынша түйіндері аз болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет