1/03 күні мектеп психологы мен әлеуметтік педагог жалпымектептік тренинг өткізді. Тренингте шаттық шеңбері жасалды. Таңертеңнен бастап «Алғыс айту» мерекесін ескере отырып, линейка өткіздік. Линейкада оқушылар мұғалімдерге, мұғалімдер оқушыларға алғыстарын айтып, ерекше ықылас танытты.
2/03 күні «Ана мектебі» клубы мен мектеп медбикесі «Қызға қырық үйден тыю» атты әңгіме ұйымдастырды. Әңгімеде жасөспірім қыздарға ерте жастан жүктіліктен сақтану және қыз бала әдебі туралы әңгіме- кеңес айтты. Бұл шараға барлығы 20 қыз бала қатысты.
3/03 күні Дукенбаев Е. Ж. 1-8-сынып оқушыларына «Мен бақытты баламын» тақырыбына сурет салу сайысын ұйымдастырды. Сайыста жеңген оқушылар мадақтамамен марапатталды.
4/03 күні онкүндіктің жабылуы салтанатты түрде өтті. Белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздарға алғыс айтылды.
Жалпы алғанда бұл шараға 80 оқушы, 20 мұғалім, 30 ата-ана қатысты.
Директор: Мунаев Т.К.
Достарыңызбен бөлісу: |