Мұғалім:
|
Г.Бозғұланова
|
Күні:
|
14.02.2017ж.
|
Сынып:
|
7 "Ә"
|
Тақырыбы:
|
Ә.Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі
|
Негізгі түйінді идеясы:
|
Оқушылардың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін оятады. Анамызды қалай құрметтесек, туған жерді де солай бағалай білуге шақырады
|
Оқу мақсаты:
|
Автордың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, «Сырдария» өлеңінің мазмұны мен идеясын сыни тұрғыдан талдауға үйрету
|
Табыс критерийлері:
|
Барлық оқушылар:
|
Көпшілік оқушылар:
|
Жекелеген оқушылар:
|
Өлеңді құрылысына қарай талдап, табиғат лирикасына арналған өлең екенін біледі.
|
Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ажыратып, өмірмен байланыстыра алады.
|
Өлеңнің көркемдік ерекшеліктерін анықтап, тақырыптың маңыздылығын түсіндіре алады.
|
Сабақтың барысы
|
Кезеңдер
|
уақыт
|
Мұғалім не істейді?
|
Оқушылар не істейді?
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
І. Кіріспе кезең
Психологиялық жағымды орта қалыптастыру
«Сиқырлы сөз»
|
2 минут
|
Оқушыларды ортаға шығарып, бір-біріне сиқырлы сөз айтуды сұрайды.
|
Оқушылар бір-біріне сиқырлы сөздер айтады.
|
Ауызша мадақтау,
Жарайсыңдар!
|
Интербелсенді тақта
|
ІІ. Қызығушылығын ояту
Топқа бөлу
|
2 минут
|
Қызылорда облысынан шыққан атақты спортшылар, өнер адамдары, қоғам қайраткерлері, әдебиет өкілдерінің есімі жазылған парақшалар таратылады.
|
Таратылған парақшалар арқылы әркім өзінің саласына қарай топтасады.
|
|
парақшалар
|
Негізгі бөлім
ІІІ. «Ой қозғау»
|
2 минут
|
Суреттер көрсетіледі. Сыр өңірінің әдебиет өкілдерін сұрай отырып, сабақтың мақсатын ашу
|
Оқушылар өздері танитын әдебиет өкілдерін айтып, сұрақтарға жауап береді.
|
|
Интербелсенді тақта, дәптер, қалам
|
ІҮ. Мағынаны тану кезеңі
|
2 минут
|
Түрткі сұрақтар қойылады:
-Ә.Тәжібаев кім?
-Қандай шығармаларын білесіңдер?
-Ә.Тәжібаевты насихаттауға қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
|
Сөзбен марапаттау жүргізіледі.
|
жұлдызшалар
|
Ү. Ой толғаныс кезеңі
|
7 минут
|
Берілген мәліметтерді, оқулықты пайдаланып, ақын өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу, ізденіс жұмыстарын жүргізу тапсырылады.
|
Зерттеу жұмыстарын жүргізеді,ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет береді.
|
Бағдаршам арқылы бағалау
|
Кітап, таратпа қағаздар
|
«Біліміңді толықтыр»
|
10 минут
|
Ә.Тәжібаевтың өміріне қатысты видео көрсетіледі. Өлеңнің мазмұны мен шығармашылығы түсіндіріледі.
|
Оқушылар видеоны тамашалайды, тезистеп дәптерлеріне түсіреді.
|
Бас бармақпен бағалау
|
Интербелсенді тақта
|
ҮІ.Кеңейтілген тапсырмалар
«Ойлан, жұптас, бөліс»
«Сергіту сәті»
|
8 минут
|
Мұғалім 4 топқа өлеңді әр түрлі қырынан талдауға тапсырма береді.
Географ. Өлеңде кездесетін жер-су аттары: Рейн, Днепр, Еділ, Сырдария жер қайда орналасқан?
Лингвист. Өлеңдегі жалқы есімдерді тап.
Этнограф. Сырдария өзенінің тарихы туралы не білесіңдер?
Филолог. Өлеңдегі туған, су, ана, ел, сүт сөздеріне мақал-мәтел тауып жазыңдар.
Сынып оқушысы Ізтілеуова Жанетта терме орындайды.
|
Топ мүшелері берілген тапсырмаларды орындайды.:
1-топ – географтар географиялық карта арқылы түсіндіреді.
2-топ- лингвистер өлеңдегі жалқы есімдерді тауып, түсініктеме береді
3-топ – Сырдария өзені туралы мәлімет береді
4-топ -мақал-мәтел жазады
|
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
Үлестірмелі парақшалар, географиялық карта
|
ҮІІ.Жаңа сабақты бекіту
Жеке жұмыс
|
4 минут
|
Оқулықпен жұмыс «Сырдария» өлеңін сатылай кешенді талдау.
1. Авторы: Ә.Тәжібаев
2. Тақырыбы: Туған жер
3. Жанр түрі: Лирика, туған жер лирикасы.
4. Идеясы: Туған жерді бағалау.Ыстық екенін ұғына білу.
5. Шумақ саны: 6
6. Тармақ саны: 24
7. Бунақ саны: 2
8. Буын саны: 7-8
9. Ұйқас түрі: АБВБ Кезекті ұйқас
10. Өлеңнің тәрбиелік мәні: Оқушылардың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін оята білу.Анамызды қалай құрметтесек, туған жерді де солай бағалай білуге шақыру.
11. Әдеби теориялық талдау
Әдеби - теориялық ұғымдар:
Эпитет - Сұлу өзен, қарт ана, қадірлі ана.
Метафора –
Ел анасы - менің анам.
Кейіптеу –
Жасарыпсың қадірлі ана,
Ақ түспепті шашыңа.
Параллелизм –
Неге маған жырламасқа,
Сырда туған елімді.
Ел анасы – менің анам,
Сырдың сұлу өзені
|
Сатылай кешенді талдауды топта орындайды.
|
Смайликтер арқылы бағалау
|
Оқулық, интербелсенді тақта
|
ҮІІІ.Қорытындылау
|
5 минут
|
«Туған жерім-жер жаннаты» тақырыбында эссе жазу
"Түйінді ой" стратегиясы оқушылар бір-екі сөйлеммен өздерінің түйінді ойларын айтады.
Елімізді қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту, табиғатын аялау – бәрімізге парыз. Ана алдында қалай қарыздар болсақ, туған жер алдында да солай қарыздармыз.
Туған жер - Әбділдә ақын шығармашылығының қайнар бұлағы. Дәл осындай тақырыптағы ақын шағармалары әлі де талай ұрпақты сусындатып, өз бағасын биіктен алатын мол мұра боп қала бермек.
|
Әр топтан бір-бір оқушыдан оқиды. Қалған оқушылар бір-екі сөйлеммен өздерінің түйінді ойларын айтады.
|
«От шашу арқылы» бағалау
|
|
Рефлексия
|
1минут
|
Оқушыларға сабақтан алған әсерлерін тақтадағы «Мен Сырдария өзенін неге теңеймін?» деп, өз ойларын стикер арқылы плакатқа жазу тапсырылады
|
Оқушылар Сырдария өзенін ақын Әбділда атамызша неге теңейтіндерін стикерлерге жазып, тақтаға жабыстырады.
|
|
«Сырдария» өзенінің суреті тұрған плакат
|
ІХ. Бағалау
|
1 минут
|
Бағалау парақшалары сұралады.
|
Топ басшысы бағалау парақшаларын толтырады.
|
Топтық бағалау
|
Бағалау парақшасы
|
Үйге тапсырма
|
1минут
|
«Сырдария» өлеңін жаттау
|
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
|
|
күнделік
|