Директордың оқу ісі


Әбділда Тәжібаев  Өмірбаяны



бет4/4
Дата31.12.2019
өлшемі478,69 Kb.
#54085
1   2   3   4





Әбділда Тәжібаев  Өмірбаяны


Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүлдің қолында қалған. Жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыныболып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Әбділдаға шешесі Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі – Әбділда болған. Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі қисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршылары жиі келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай БегежановпенАйманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына қуанып тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі әуеніне іштей үн қосатын болған.

Жаңа бір түсіп, шам сөнді,

Ашыла түсіп, гүл солды, –

деген, ол кезде мағынасын өзі жете түсінбеген жолдарын да есінде сақтап қалған.

Ал ақылды, мейірбан нағашы атасы 1919 жылдың қысында сүзектен қайтыс болғанша Әбділданы қасынан тастамай, қайда барса да бірге алып жүрген. Әбділда атасына көмектесіп, ау жайысып, тарысын суғарысқан. Той-томалаққа да бірге барып, атасының жанында төрде отырып, үлкендерден қазақтың ескілікті қызық әңгімелеріне қаныққан. Неше түрлі аңыз, ертегілерді көп білетін атасы да тыңдауға құмар жиеніне айтып беруден жалықпайды екен. Ақын кейін өзінің "Еске алу" деген шағын поэмасында отбасының жетім-жесірлік қайғылы тағдырын, беті-жүзін түстеп тани алмай да қалған әкесі туралы жүректе шер боп қалған аңсары жайында:

Есімде жоқ шын суреті,

Әкем менің қандай кісі.

Тек елестей бұлдырайды

Әлдекімнің көлеңкесі, –

десе, өмірге де, еңбекке де, өнерге де бейімдеп тәрбиелеген аяулы нағашы атасы туралы "Сыр жырлары" топтамасында жер ортасы жасқа келген ақын:



Кейде түске кіреді,

Дәл өңімдей баяғым.

Тай қып мініп жүремін,

Нағашы атам таяғын.

Шығармашылығы және еңбектері

Оның «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай» және 5 томдық жыр жинақтары жарық көрген. «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Той боларда», «Дубай Шубаевич» т. б. пьесалары қойылған. «Өмір және поэзия», «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы», «Жылдар, ойлар» т. б. зерттеу еңбектерін жазған.


Ә.Тәжібаев «Портреттер»толғау эссесі, «Монологтар» поэмасы

Ә.Тәжібаев поэмаларының ұзын с эпикадан гөрі, лиризм, оқиғалардан гөрі сезім толқыны басым түсіп отырады.Көлемдері де шағын болып келеді.Солардың ішіндегі мағынасы жағынан терең, көркемдік жағынан кемелдісі- «Портреттер» поэмасы.

Шағын ғана поэмада бір отбасының тағдыры, қырық жылдық өмірі көрсетілген.Поэма сол отбасының бір мүшесі-бір кездегі жас бала- лирикалық қаһарманның атынан баяндалады.Поэмада шытырман оқиға, ширыққан тартыс жоқ.Әке, шеше, аға, қарындасы мен өзінің тағдыры лирикалық қаһарманның толғанысы, ой түйіні арқылы көрінген.Қырық жыл бойы бір отбасы бастан кешкен қайғы-қасірет жетіп артылатын, қуанышы да жоқ емес үлкен өмірдің куәгері болған лирикалық қаһарман монологі арқылы заманның таным-түсінігі, құлқы, адамға, өмірге көзқарасы ой елегінен өткізіледі.

Мұны өмір, уақыт, адам туралы философиялық толғаныс деуге болады.

Есімде бәрі ескірмес іздер,

Ауысты талай қайғы мен шаттық.

Қақпасын жаңа жылдардың біздер

Қырық рет аштық, қырық рет жаптық, дейді өткен өмір жолына көз жіберген лирикалық қаһарман.

Тынбай жел бұрқыратып құмды айдайтын,

Ақ шаңдақ көк аспанды лайлайтын.

Қойныңда үрей боран әлсіз үйшік

Жатқандай жер тістенәп құламайтын.

Мен соны тіл білгеннен « үйім» дедім.

Дегенде «үйің жаман» күйінбедім.

Көтеріп зіл салмағын қап-қара түн,

Үйімнің мұржасынан ұшып түтін,

Әйнектен алақандай қарап жарық.

Ішінде тірлік барын ескертетін.

Алқынып түнгі ойыннан оралғанда,

Қараушы ем қуанып-қуанып жанған шамға.

Болар ма хан сарайы баспанаңдай,

Десе де бізді өзгелер «жай жұмыскер»

Тәтті ұйықтап, көретінбіз жақсы түстер.

Міне өстіп барды қанағат қып, сүттей ұйып отырған отбасының тірегі- пойыз жүргізуші әкесі жауқолынан қайтыс болудан бастап, талай рет өшіп барып, өзегіндегі өмірлік оты қайта тұтанып, қайта көгереді.Өйткені өмірден көшкен ұрпақ өлімімен өмірге негіз қалап кетеді. Ол негізден жаңа өмір өсіп шығады.Ол да, өз кезегінде, өмірді, болашақты қорғап күреседі.Өмір осылайша жалғаса береді.Ақынды терең толғандырған бір отбасының тағдырынан шығарылған философиялық ойдың түйіні- осы.Әкеден балаға, баладан ініге көшкен шойын сағат- осы идеяның, яғни өмір жалғастығының символы.Осы философиялық түйін мына үш шумақта көрініс тапқан.

Сағатым, міне, алдымда менің,

Әкемнен қалған тозбайтын шой

Отырмын бағып минутын оның,

Уақытпен бірге қозғалып ойым.

Ой деген қандай,ой деген қандай,

Теңіздей терең кетемін батып.

Қараймын сонау ертеңге талмай,

Теңіздей ойдың түбіне жатып.

Қалады сағат мен өлсем егер,

Тоқтамай уақыт тартады алға.

Ертеңнің тағы иесі келер,Тапсырдым, сендім жас балаларға.

Осы түйінде кейіпкерлер өмір сүрген қоғамның әр кезеңінің өзіндік сипаттарына тән табиғи көріністер арқылы, әр ұрпақтың келбетіне сай портреттер арқылы, дараланған образдар арқылы бір отбасының тағдырына ұштастырылып, реалистік жоспарда көрсетілген. Бұл- поэманың үлкенидеялық көркемдік құндылығы.

Осы орайда поэманың тағы бір атап көрсететін ерекшелігі-лирикалық қаһарман қарындасының қаза болуына байланысты.Бұл өзі поэманың трагедиялық ширығуға жеткізілген тұсы. Қарындасы қандай

еді, шіркін! Өмірдің гүлі, өмірдің жыры, қуанышы еді ғой.Талабы мен таланты ше?

Көңілі кірсіз,көзі де мұңсыз, кірбіңсіз,

Мына бір қызға қарап кім дерсіз.

Таныңыз, жігіт, бауырым менің осы қыз,

Сіздің де ертең болады берік досыңыз.

Сыйлаңыз оны, біліңіз жақын, жігітім,

Осы қыз менің ұлымнан артық үмітім.

Көрмеген жасып, өмірге ғашық әрдайым.

Сүйдірген күнге, сүйдірген айға маңдайын,

Өзеннің досы, орманның досы, жүрегі.

Гүлдердің сырын, құстардың сырын біледі.

Қағады тынбай сауық пен сайран дабылын,

Осы қыз менің бауырым, менің бауырым.

Шекспир оған соншалық қызық, ұғымды,

Секілді досы айтысар сырын бүгінгі

Джульетта ролі әзірлеп қазір жүргені,

Аумайды содан сөйлегені, күлгені.

Ағызса кейде жалынды монологтарды,

Көремін кілең көзінде жанған оттарды.

Жақпай-ақ грим сахнаға шықса жетеді,

Шашы да ұзын, шаш жалғап өзге не етеді.

Күлкісі көктем,үні де жаздың лебіндей,

Қимылы жеңіл, даланың көбелегіндей.

Іздемес ешкім лампадан түсер жарықты,

Өзі де аппақ, кішкене ғана жарық күн.

Міне, қыздың қазасы жалғасар өмірге, гүлденер өнерге, көркейер мәдениетке- бір ұлттың тағдырына оңайлықпен орны толмас зиян келтіреді. Қыз- өнерлі, талантты жас қана емес, болашақ ана да ғой.

Бұл да философ ақынның үлкен табыстарының бірі.Поэманы оптимистік трагедия дәрежесіне көтерілген дегенде, ойға оралатын жайлардың бірі-осы.



Мұқан Иманжанов «Алғашқы айлар»
Мұқан Иманжанов қазіргі Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 1916 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келген. Жазушы есімін танытқан туындыларының бірі - «Алғашқы айлар» повесі. Мұқан Иманжановтың әдеби-шығармашылық қызметі 1938 жылдан басталғанымен, оның республика жұртшылығына анық таныла бастағаны Ұлы Отан соғысы жылдары. Қаламгердің романтикалық сарында жазылған көркем әңгімелері мен очерктері баспасөз бетіне жиі басылады. Алғашқы әңгімелер жинағы «Жастық» деген атпен – авторы "Тау ұлы" деп 1948 жылы басылып, оқырман қолына тиеді. Мұқаңның қазақ оқырман қауымы арасында кеңінен танылып, жазушы есімін әйгілі еткен «Алғашқы айлар» хикаяты мектептегі оқу-тәрбие тақырыбына арналған. Оның басты кейіпкері білімді де жігерлі жас мұғалім Жақыпбек бүкіл оқу-тәрбие мәселесін өмірмен, өндіріспен байланыстыра жүргізу мәселесін көтереді және сол мақсат-мұратын жүзеге асыру жолында бар күш-жігерін салып, аянбай күреседі. Хикаят авторынан қалың оқырман арасында абырой-беделін арттыруға 1950 жылы «Алғашқы айларға» Жамбыл атындағы республикалық бәйге берілуі де кәдімгідей әсер етеді. «Алғашқы айлар» повесі 1950 жылы шыққан. Повесте ауылдық жердегі мектеп өмірі, мұғалімдер ұжымының сан салалы жұмыстары, оқушылардың мінез-құлық, іс-әрекеттері, адамдар арасындағы қарым-қатынастар шынайы әрі терең суреттелген. Мектеп өмірі, оқу мен еңбекті ұштастыру мәселесі, мұғалімдердің ауыр да абыройлы еңбегі шебер бейнеленеді. Балалардың арман-мақсаты, отансүйгіштігі, еңбекқорлығы, көпшілдігі, турашыл адалдығы әрі нанымды, әрі тапқырлықпен тартымды суреттеледі.

«Алғашқы айлар» повесіндегі басты тұлға – Жақыпбек мектеп мұғалімі қандай болу керек деген талапқа жауап бергендей. Жақыпбек оқушылардың әрқайсысымен жақындасып, бала мен мұғалім арасындағы сенімсіздіктің жігін жойып, тіл табыса білу қияңқы баланы тәрбиелеуде бірден-бір дұрыс жол екенін дәлелдейді. Рас, бала жүрегіне жол табу оңай емес, Жақыпбек осы жолда табандылықпен күресіп, мақсатына жетеді. Жазушы Жақыпбекті балалардың жақсы көріп, үйір болуының себебін ашады. Ол бала табиғатына тән, әр нәрсені білсем деген құштарлық мінезін қолдап, оқушыларды колхоз шарушылығымен де етене жақындатып, көп мағлұмат береді. Немесе экскурсияға апару секілді қызықты жұмыстар жүргізеді. Жазушы баланы еңбекке баулып өсіруді тәрбиенің басты шарты деп қарайды. Мектеп білім беруді ғана мақсат етпей, ата-анамен ынтымақтасып, қайткенде нағыз азамат тәрбиелеп өсіреміз деген мақсатты алына қою керек. Осы ойын кейін бір жас талапкерге жолдаған хатында Мұқан: «Біз балаларды оқы деп қана үгіттей бермей, еңбек етте, өмірді біл, колхоз шаруашылығын сүй дегенді де құлақтарына сіңіріп, қажетті жерінде дәріптеп отырумыз керек», - дейді. Міне, «Алғашқы айлар» повесінде осы идеяны негізгі нысана етіп ұстайды жазушы. Уақыт тынысын әрдайым қадағалап, тамыршыдай тап басып отырған жазушы қоғамның даму процесін, болашағын сол кезеңнің биігінен қарап бағалайды.

Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын», «Қыран дала» поэмалары
Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысында Сайқұдық деген жерде туған. Мектептен кейін Орал ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. 1940—1947 жылға дейін әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әскерден оралғаннан кейін түрлі қызмет атқара жүріп, шығармашылықпен айналысады. "Жас алаш", "Қазақ әдебиеті" газеттері мен "Жұлдыз" журналы редакцияларында жұмыс істейді.

Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көреді. Адуынды жырларымен ұлттық әдебиет әлемінде тез танылады.

Жұбан — өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады.

Жұбан Молдағалиев өзінің кейбір лирикалық өлеңдерінде: "Аққу", "Махаббатты жырласаң", "Аққуым аспанда емес, жер бетінде", "Көзімде қалды суретің", т.б. сияқты жырларында адамды сүю, бағалау, жар сүю, ана махаббатын аялау, Отан сүю сезімдерін сабақтастыра жырлайды. Мәселен, "Махаббат ерлігі" атты өлеңінде махаббаттың құдіретті күші нені болса да жеңетінін паш етеді, екі мүгедектің (соқыр мен ақсақ) бірін-бірі демеп, сүйеп жүріп өнер көрсетуі өмір мен тіршіліктің өлмес күші екенін танытады.

"Тірілерге тіл қату монологы" жаралы жауынгердің өлім алдындағы жан сырын жеткізуге арналған. Соғыстың, арпалыстың, азаптың ортасында от оранып жатқан жауынгердің тіршілікке, жарық дүниеге құштарлығы

қушыны бей-жай қалдырмайды. Ажалмен арпалысқан жанға шипа болған, тыныс берген, асыл сезімді, махаббатты паш етеді. Бұл пенделік емес, адамзаттық асыл сезім, үзілген өмір қосқан сезім екенін айқындай түседі.

Көптеген лирикалық өлеңдер жазған ақынның эпикалық талантының да жоғары екенін көреміз. Ол жазған поэмалар стильдік, жанрлық үлгілері жағынан әр түрлі және қазақтың эпикалық поэзиясын биікке көтеріп, жаңа сапамен байытқан туындылар болды. Алғашқы поэмаларында — "Нұрлы жол", "Қызыл галстук", "Қиял қанатында" — ақын жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, еңбекке баулудың проблемаларын көтерді. Балалардың келешегі үшін, олардың болашағы әрқашан күн тәртібінен түспейтіні кімді болса да толғантар мәселе екенін ақын айқын, дәл суреттей отырып, жастарға үлкен сеніммен қарайды. Заман, дәуір шындығын шебер суреттеуде ақын жеткен табыстар аз емес.
Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.

Мен – қазақпын
Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген,

Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

Мен - жігітпін, айқасқа, сынға асықпын

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым

Мен - қара көз сұлумын, сайтан қызбын

Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.

Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,

Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.

Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым.

Бәлки қайсақ, бәлки бір түннен тудым.

Деп шаттантты біреулер «күннен тудым».

Жоқ, сірә, мен қара күні күннен тудым.

Руым көп солардың аттарындай,

Мінезім бар таулардың қатпарындай.

Ән-жырым бар бабалар хаттарындай,

Әжімім бар бейнеттің таптарындай.

Қаза тапқан солдаттай ізгі өлімнен.

Қоштасар да өтіпті түз белінен.

Қанқалары табылып жатыр қазір

Соғыстар мен жорықтар іздерінен.

О замандас, соларды бір қараңыз:

Әр кірпіші, әр тасы бір қораңыз.

Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп,

Өшкендерді табатын бір ғана біз.

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен,

— деген өлең жолдарынан-ақ ақынның қазақтық азаматтық, патриоттық намысын бірден танимыз. Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз.



Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романы
Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Қазақстан Республикасының халық жазушысы. Алматы қаласындағы Тау-кең институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. Қаламгер сомдаған Бауыржан, Мәлік тұлғалары асқақтықты танытса, Ербол, Меңтай образдары әдебімен оқырманын сүйсінтеді. М.Мәметова, Ы.Сүлейменов, Т.Тоқтаров, т.б. майдангерлер бейнесі қаһармандық мұраттарға жетелейді. Нұршайықов “Махаббат қызық мол жылдар” романы мен “Ескі дәптер”, “Әсем”, “Ботагөз” повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектикалық үйлесіміне баса назар аударған, кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген. Қаһармандық рухтағы “Ақиқат пен аңыз” романы мен “Тоғыз толғау”, “Махаббат жыры”, “Ғажап адам”, “Невель түбінде”, “Великие Луки ұрыстары”, т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған. И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың “Адам тағдыры”, П.Павленконың“Жарияланбаған хат” әңгімелерін, А. Якобсонның “Қорқау” пьесасын, т.б. туындыларды қазақ тіліне аударды. Нұршайықов 2-дәрежелі Даңқ, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы”, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Біз бүгін жазушының "Ақиқат пен аңыз" романына тоқталамыз. Ақиқат пен аңыз - Әзілхан Нұршайықовтың қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі. Роман-диалог 1978, 1980, 2009 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты.



Қысқаша мазмұны

Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия палковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.



Шығарманың басты кейіпкері

Бауыржан - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Шығармада Бауыржан өзі айтқанынан қайтпайтын, тәкаппар, өр мінезді кісі болғанын көрсетеді. Жас кезінен бастап әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам. Өлсе де өтірік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі болған.

1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады.

Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. 1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.

Міне, өмірге осындай тамаша туынды әкелген Әзілхан Нұршайықов әлем әдебиетіндегі алып тұлға. Оқырман қауым ардақтап, қадір тұтатын, көпшілікті өзіне үйіре алатын, көпке үлгі бола білетін жазушы қазақ халқы үшін қашан да биікте.


З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссе үзінді

Зейнолла Қабдолов (1927—2006) — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінде дүниеге келген. 1945 жылы қазіргі әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітірген. Осы білім ордасында елу жылдан астам үздіксіз білім және ғылым жұмыстарын қатар жүргізген.

Ширек ғасыр бойы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің әдебиет кафедрасын басқарып, бірнеше жыл «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы міндеттерін негізгі қызметімен қоса атқарған.

«Ұшқын» және «Жалын» романдарының, «Адам», «Сыр» атты жинақтарына енген әңгіме-очерктері мен Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық және бірнеше облыстық театрлардың сахналарында қойылған «Сөнбейтін от» драмасының авторы. «Менің Әуезовым» романы үшін 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдары докторы дәрежесін тағайындау жөніндегі тұрақты диссертациялық кеңестің төрағасы қызметін атқарған.

Тұңғыш көлемді шығармасы «Өмір ұшқыны» 1956 жылы қазақ, 1958 жылы «Искра жизни» повесі орыс тілінде жарық көрген. 1964 жылы «Адам» атты әңгімелер мен очерктер жинағы шыққан. 1967 жылы республикалық байқауда «Сөнбейтін от» пьесасы сыйлық алған. «Мұхтар аға» документалды кинофильмінің сценарийін жазған. Мұнайшылар өмірінен жазылған «Жалын» романы 1970-1971 жылдары қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген. Бұл роман жұмысшылар табы туралы ең үздік туындылар жөнінде КСРО Жазушылар одағы жариялаған бүкілодақтық байқауда арнаулы сыйлық алған. 1964-2002 жылдары әдебиеттану ғылымы мен теориясын зерттеу, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазу ісінде де жемісті еңбек еткен. Оның «Арна» зерттеу-сын-эссесі, «Жанр сыры», «Сөз өнері» монографиялары, «Жебе» әдеби толғаныстар мен талдаулары, «Көзқарас» талдаулар мен толғаныстары, «Әдебиет теориясының негіздері» атты еңбектері студенттер мен мұғалімдердің және жазушы-журналистердің қажет кітаптарына айналды.

Басқа да көптеген еңбектері: екі томдық шығармалары, «Елеусіз қалған есіл ер» пьесалар жинағы, «Менің Әуезовым», «Ұшқын», «Жалын» романдары, таңдамалы шығармалар, бес томдық алғашқы кітаптары «Жазушы», «Санат» баспаларынан әр жылдары басылып шыққан.Ұзақ жылдар бойы З.Қабдолов өзі дәріс алып, аялы алақанның, ыстық лебізінің шапағатын көрген ұстазы - ұлы Мұхтар Әуезовтың ғылым ордасындағы киелі орнын жоғалтпай, Әуезов кафедрасының ісін жалғастырып, отын өшірмей келген.

ЮНЕСКО көлемінде әлемдік деңгейде аталып өткен М.Әуезовтың 100-жылдық мерейтойына арнайы жазылған «Менің Әуезовым» атты роман-эссесінде ұлы қаламгердің ұстаздық феноменін таныту арқылы оның әдеби бейнесін жасау тәжірибесін жаңа сапаға көтерген. Эссе әдебиетіміздің алтын қорына құнды қазына болып құйылды.Аударма жұмыстарымен де айналысып, А.Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін, Н.Гогольдің мақалалары мен хаттарын, В.Добровольскийдің «Сұр шинельді үш жігіт», В.Закруткиннің «Судағы станица» романдарын, А.Островскийдің «Ұшынған ақша»,

Алматы қаласындағы мекен-тұрағы болған Желтоқсан көшесіндегі 132 үйдің қабырғасына мемориалды тақта орнатылып, қаладағы көшелердің біріне жазушының есімі берілген.

Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» романы 1997 жылы жарыққа шыққан. Көлемі екі жүз жиырма бес беттен тұратын романның тақырыбы мен басты сюжеті қазақ әдебиетінің классигі, заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезовтің өмірбаянына, тағдырына, қаламгерлігіне, ұстаздық қызметіне негізделіп жазылған көлемді прозалық туынды.

Ұлы Мұхтар Әуезовтің көзін көріп, дәрісін тыңдаған, сүйікті шәкіртіне, жылдар өте келе дос-інісіне айналған Зейнолла Қабдоловтың дарыны ұлы суреткердің назарын бірден өзіне аударды. Суреткер жазуша Зейнолла Қабдолов ұзақ жылдар бойы ұлы ұстазының еңбегін, әр жанрдағы, әр жылдардағы шығармашылық мұрасын жинап, зерттеп келді.Романда Мұхтар Әуезовтің жан дүниесі, болмыс-бітімі, ұстаздық еңбегі автор көзімен бағаланып, авторлық баяндаумен ашылады. Романның негізгі оқиғалық арқауы – М.Әуезовтің 1930-60 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында ұстаздық қызмет еткен кезеңінен бастау алып, шегіністер арқылы, кейіпкерлер диалогы арқылы ұстаздың осыған дейінгі тағдыр белестеріне де шолу жасалады.Соның ішінде, Мұхтар Әуезовтің  бала шағы өткен туған жері – Шыңғыстау, Бөрілі өңірінің табиғаты, атасы Әуездің, немере ағасы Қасымбектің болашақ жазушыға әсер еткені, хакім Абай және оның ақындық аясы, оған үлгі болған Алаш арыстары, яғни оның ұлттық дүниетанымын оятып, тағылым ұсынған ұлы ұстаздары туралы ой-толғамдар кеңінен ширатылып жазылған. 1920-1930 жылдар арасында етек алған тарихи, саяси оқиғалар, сол тұстағы жазушының қудалауға түсіп, азап шеккен кезеңдері, барлығы роман ішінде терең суреттеледі.  Алты атарудан тұратын роман әсерлі баяндаумен оқырманды өзіне елітеді. Романда кездескен эпизоттардың барлығын да автор бірде өз көзімен көргендей, бірде шегіністер арқылы іштей сабақтастыра, жымдастырып, кейіпкері – Әуезовті әр тарауға белгілі бір бірізділікпен көрсетіп отырады.Ұлы тұлғаның бүкіл ғұмырын терең толғаныспен суреттеген. Образды, көркем, суреткерлік шеберлікпен Мұхтар Әуезовтің болмыс-бітімін, адами тұлғасын дәл әрі нақты жеткізе білген.

“... Көрген жерден көзді арбап, көңілді қоса баурап әкететін ғажайып сурет – тағы да айтайын, - Әуезовтің өлшеусіз кең, керіле жарқыраған әжімсіз жазық маңдайы мен жалтыр төбеден тайғанай сусып барып самайға ұйлығып қалған – оң шекеде бір уыс, сол шекеде бір уыс – шөкім-шөкім бұлт тәрізді көк мамық шашы.Сократ-маңдай деген маңдай болады деуші еді, сол осы екен ғой деп сүйсіндім ішімнен, кеудемдегі күллі діріліммен түйсініп...”. Бұл бейне шәкірт-автордың санасында мәңгілік сақталған. Суретті теңеумен, суретті метаформен әдемі кескінделген тұлғаның дәл бейнесі.

Әдеби теориялық ұғымдар


  1. Өнер түрлері:

Сәулет өнері (архитектура);

Кескін өнері (живопись);

Мүсін өнері (скульптура);

әуез өнері (әдебиет);




  1. Әдебиет салалары:

әдебиет теориясы;

әдебиет тарихы;

әдебиет сыны;


  1. Шығарманы талдау:

Тақырыбы мен идеясы (қандай оқиға болғанын айту);

Сюжеті мен композициясы (оқиғаның қалай болғанын айту);

Тип пен характер жайын айту (оқиға кімдердің басында болғанын айту);

Тіл мен суреттердің стилі (оқиға қалай баяндалғанын айту);

Суреткердің дүниетанымы мен көркемдік әдіс мәселесі (болған оқиғаға автордың көзқарасын айту);


  1. Көркем әдебиеттегі образ түрлері:

Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі (Желаяқ, Көреген, Саққұлақ, Таусоғар, Алдар көсе, Алпамыс).

Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі (Т. Ахановтың «Боран» романындағы Қоспан образы).

Этикалық образ – кескін – кейпі, мінез – құлқы, іс - әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип (Құнанбай, М. Әуезовтың «Абай жолы»романы.)

Лирикалық образ – өлең – жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл – күйінің нәзік сыры мен сылқым сезімнен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер.

Драмалық образ – сахнада көзбе – көз, қолма – қол жасалатын бейне.

Юморлық образ – күлкілі кейіпкер; юмор өміріндегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі (Олжабек, Ғ. Мұстафиннің «Шығанақ »романы).

Сатиралық образ – ұнамсыз тип.

Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқа ұқсас арманында бедерленген бейне (Ер Төстік, «Ер Төстік» ертегісі).

Трагедиялық образ – халықсы алыс арманы, алдағы бақыты жолындағы күрестің құрбаны (Төлеген, «Қыз Жібек» жыры).

Геройлық образ – ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің аяулы, асыл мұрттарынан туған тарихи тип.


5. Ажарлаудың түрлері:

1) Дауыс ырғағы (интонация)

2) Бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау (Аллитерация)

3) Бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау (Ассонанс)

4) Айқындау (эпитет)

5) Теңеу


6. Құбылтудың (троп) түрлері:
1) Ауыстыру (метафора)

2) Кейіптеу (олицетворение)

3) Пернелеу (аллегория)

4) Астарлау (символ)

5) Алмастыру (метонимия)

6) Меңзеу (синекдоха)

7) Кекесін (ирония)

8) Мысқыл (сарказм)

9) Ұлғайту (гипербола)

10) Кішірейту (литота)

11) Әсірелеу (гротест)

12) Тыйым салу (табу)

13) Сыпайылап сөйлеу (эвфемизм)

7. Айшықтаудың (фигура) түрлері:

1. Арнау:

а) жарлай арнау

ә) сұрай арнау

б) зарлай арнау

2. Қайталау:

а) жай қайталау

ә) еспе қайталау

б) әдепкі қайталау (анафора)

в) кезекті қайталау (эпифора)

3. Шешендестіру (антитеза)

4. Дамыту (нрадация)

5. сөз орнын ауыстыру (инверсия)

6. Сөз тастап кету (эллипсис)

7. Егіздеу (параллелизм)


  1. Әдеби шығармалардың түрлері:

әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия, т.б.


  1. әдебиеттің тектері: эпос (проза), лирика (поэзия), драма;

  1. Эпос:

а) шағын көлемді эпикалық түр: аңыз, ертегі, мысал, әңгіме, фельетон, очерк, новелла, оқиғалы өлеңдер.

ә) орта көлемді эпиакалық түр: повесть, поэма,

б) кең көлемді эпикалық түр: роман, эпопея;

2. Лирика:

а) баллада, ода, идиллия, мадригал, эпигея, романс, эклога, сонет, эпиталама; эпиграмма, арнау:

ә) саяси, философиялық, махаббат, табиғат, лирикалары;

3. Драма: трагедия, комедия, пьеса;


  1. Көркем әдебиеттің тілі:

проза – қара сөзбен жазылған шығармалар;

поэзия - өлеңді шығармалар;


11. Өлең құрылысы:

Буын – Бунақ – Тармақ – Шумақ (Ұйқас).


Ақын – поэзиялық туындылары ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі.

Аллегория (грек. Пернелеп айту) – жан – жануарларға адам мінез – құлқының сипаттарын беру. Мысалы, Түлкі – қулық, арыстан – зорлық обзыр, қасқыр – қастық, қоян – қорқақ , сужүректік, есек – ақымақтық.

Аллитерация – (лат. «дыбыстық») – дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Мысалы, Жан қысылса, жайтаңдап,

Жанды еріткен жайдары ау

(«Ж» әріпі қайталып тұр)

Иран шахқа мұның шақпа, Нимази, Біздің жақта гүл құшақта, Нимази.

(«Ш» әріпі қайталанып тұр)

Аннотация – (лат. Ескерту, аңдату) кітаптың тақырыбы, идеясы жәнебар мәселері өте қысқа түрде айтылады.

Аңыз – тарихи шындыққа негізделген халықтың жадында сақталған, уақыт өте келе өңделіп, көркемдік сипат алған оқиғалар баяндалады.

Ассонанс – (лат. үйлесім) – тармақ басында дыбыстардың қайталануы. Мысалы Еңсесі биік ақ орда,

Еңкейіп сәлем бер сана. (Ер Едіге)



Әдебиет – араб сөзі «үлгілі сөз» деген мағына береді. Қазақша «асыл сөз» деген ұңысды білдіреді.

Әңгіме – оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.

Әсірелеу (гипербола, грек. күшейту) әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі. Ол көбінесе батырлар жырында, ертегілерде, мақал – мәтелдерде көп қолданылады. Мыс,

Астындағы Бурылдың

Жоғары ерні көк тіреп

Төменгі ерні жер тіреп (қобыланды батыр).



Баяндау – жазушының өз оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеп айтып беруі. Мысалы, «Бандыны қуған Хамит» әңгімесінде С. Сейфуллин жас Кеңес үкіметінің ақ бандыларға қарсы күрес оқиғаларын әңгімелейді.

Бәдік жыр - әртүрлі ауруларды емдеу ниетімен айтылатын жырлар.

Бунақ - өлең жолындағы дауысты дыбыстар саны. Мысалы,

4 3 4

Қалың елім / қазағым / қайран жұртым

4 3 4

Ұстарасыз / аузына / n8cn3 v9hns47



Жанр – француз тілінен аударғанда «түр», «тек» ұғымдарын білдіреді. Ол әдебиеттің мазмұндық, құрылымдық, пішіндік т.б. белгілері ортақ бір түрі деген ұғымда қолданылады,

Идея – көркем шығармада айтылатын ойды айтады. Мысалы, «Керқұла атты Кендебай» атты ертегінің негізгі идеясы – ізгі мұраттарды арқалағандар жеңіске жетеді.

Импровизация – (лат. Кенеттен, тұтқиылдан) суырып салып айту өнері.

Инсценировка - прозалық немесе поэзиялық туындыларды сахнада, теледидарда, радио қойылымдарына лайықтап драмалық формада жазып шығару түрі.

Ирония – (грек. Келемеж, кекесін) сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келеге, әжуаға айналдыруды айтады.

Мысалы,


Ол рас, аталарың шенге алыпты,

Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты,

Апыр – ай, қалай бұлдаған сатқандарын,

Оқа, түйме, сылдырмақ, теңге алыпты.



Кейіптеу - әр түрлі жан – жануар немесе табиғат құбылыстарын жансыз нәрселеді жандынының іс - әрекетіне, қимылына суреттейтін көркемдік тәсіл. Мысалы,

Ауырып домбыра да ыңырады,

Санасыз саусақ ақғып, қыдырады

Бірде ысып, бірде суып, күйіа – жанып,

Жүректе сандыраған күй жанады.

(І. Жансүгіров)

Абайдың «Қыс» мағыналы «Жел» т.б. өлеңдері жатады.

Композиция (лат. Құрастыру, шығарма) – сюжеттік жамудың кезең – кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын тәсілі. Сюжеттің құрылымы болады, оны композиция дейді. Олар:

а) басталуы

ә) оқиғаның дамуы

б) оқиғаның шиеленісуі

в) оқиғаның шарықтауы

г) оқиғаның аяқталуы немесе шиеленісуі.



Көркемдік қиял – көркемдік ойлау ерекшелігі, суреттердің дүниеде, өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді, жай – жайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп көрсету тәсілі. Көркемдік қиял шындық пен шарттылықтың бірлестік – тұтастылығына негізделеді.

Лирика – ақынның сезімін, көңіл – күйін, қуанышы мен сүйінішін, арман – аңсарын, өмірге деген көзқарасын ішкі толғанысын дүниетанымын сыр қып шертетін өлең.

Лириканың түрлері:

    • саяси - әлеуметтік лирака

    • махаббат лирикасы

    • табиғат лирикасы

    • көңіл – күй лирикасы

    • философиялық лирика

    • азаматтық лирика

Мысалы, табиғат лирикасы:

Толқынды толқын қуады

Толқыннан толқын туады

Толқынмен толқын жарысады. (Мағжан)


Метафора – (грек. ауыстыру) құбылудың (троптың) бір түрі. Суреттеп отырған заттың не құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысты баулу.

Мысалы.


Таудан мұнартын ұшқан, тарланым

Арыстаным, көп болды – ау

Саған да менің арманым

Метонимия – (грек. Ауыстыру, алмастыру, қайтадан атау) заттың не құбылыстың өзара байланысты болама ұғымдарды қолдану немесе оның ерекше қасиетін көрсету.

Мысалы.

Көк темірді киініп

Шықты батыр жеңіп


Мінездеме – көркем шығармадағы кейіпкерге тән мінездерін, ой – пікірін, адамдармен қарым – қатынасын, сөйлеу әдебін, ішкі болмысы мен дүниеге көзқарасын, іс - әрекетін жинақтап айту. Көп ашуланбайды Дауысы жуан әрі ашық.
Мотив – тақырыптық сарын, қалыптасқан дәстүрлі тақырыптық әуен, оқиға желісіндегі кезең. әдеби термин ретінде Х ғ. 20ж. Бері А. Веселовский, В. Проп еңбектерінде зерттеле бастады.
Нақыл өлең – ғибратты, тағылым берерлік мәні бар, ойды ықшамды, ұтымды түрде жеткізеьін өлеңдер.
Новелла (итал. – жаңалық, әңгіме) – қара сөзбен баяндалған шағын прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. Оқиғасы қызу, ширақ дамып, күтпеген жерден кілт, тосын шешіммен аяқталатын әңгіме. Новелланың әңгімеден айырмасы онда әдеттен тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады. Мысалы, Ғ. Мүсіреповтің «ашынған ана», «Ер ана», «Ананың анасы»; С. Ерубаевтің әңгімелері жатады.
Өлең – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз ұйқасы.
Параллелизм – (грек. Қатарлас, қапталдас) екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі. Бұл көркем әдебиетте ақын өзінің көңіл – күйіне құсас жайларды, өзінің ой – сезімін көрсетуге тырысады. Масыла,

Неге маған жырламасқа

Сырда туған елімді

Ел анасы – менің анам

Сырдың сұлу өзені. (Ә. Тәжібаев)

Мысалы,


«Ер Тарғын» жырында:

Асыл туған Ақжүніс

Күнді байқап қарасам

Күнді болт қоршайды

Күнде жауарға ұқсайды.

Пейзаж (франй. Ел, жер) – шығармадағы қаратылыстың немесе табиғттың әсем көрінісі мен көркем бейнесі. Мысалы, жаздың бір түні, көркем аспандағы көп жұлдыз көк торғынға шашылған бриллиант осындай жылт – жылт етеді (Ж. Аймауытов «Қартқожа»)
Повесть – баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрі. Көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, романға жақындау болады. Мвсалы, Б. Соқпақбаевтің «Менің атым – Қожа» атты повесі бар.
Портрет – (франц. бейнеленген) - әдеби кейіпкердің сырт бітімін, кескін – келбетін, бой – тұлғасын, жүріс – тұрысын суреттеу. Мысалы, М. Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясында Тоғжанның суретелуі:

«Сылдыраған щолпысы әлдеқандай былдыраған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын қара көз қыздың жіп – жіңішке қасы айдай боп қиылып тұр.....»



Поэзия – (грекше – жасаймын, тудырамын) өлең үлгісіндегі әдеби туындылар және поэзияның ырғақты құрылысымен ұйқасына қарай негізделеді.

Поэма – белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. Мысалы, С. Мұқанов «Сұлушаш», І. Жансүгіров «Құлагер».

Пьеса – драмалық шығармалардың жазылу түрі. Комедия, трангедия, драма – үшеуі пьеса түрінде жазылады.

Риторикалық сұраулы сөйлем – ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен - өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айтту. Мысалы,

Балалық өлді, білдің бе?

Жігіттікке келдің бе?

Жігіттік өтті көрдің бе?

Кәрілікке көндің бе? (Абай)

Символ – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, оны астарлап, немесе ұқсас басқа бір нәрсеге байланыстырып түсіндіру. Символ – көркем шығармаға әсем ажар мен байсалды философиялық ажар береді.

Сатира – көркем шығармада суреттеп отырған кейіпкерлерді не құбылысты өткір сынға алып отырып күлкі етіп, мысқылдай суреттеу тәсілі. Мысалы, С. Торайғыровтың «Бір адамға», «Мағынасыз мешіт» өлеңдерінде және Абай өлеңдерінде ащы мысқыл, зілді кекесін түрінде берілген.

Синекдоха (меңзеу) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, көптің орнына жекені немесе керсінше ауыстырып қолдану тәсілі. Мысалы,

«Ақылды қара қылды қырыққа бөлмеп»

«Толғауы тоқсан қызыл тіл» (Абай)

Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз рулы елге жайылады. (мақал)

Синтактистік параллелизм – мақал – мәтелдерде көп қолданылатын көркем өрнекті құрал.

Суреттеу – шығарма оқиғасын баяндау барысында адамның, табиғаттың не бір нәрсенің тұрпатын ретпен айтып және оны көзге елестете сипаттауы. Мысалы, Күн ашық. Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сұлу көлшемектің қасы. (С. Сейфуллин)

Сценарий (итал. және лат. «сахнада») – кинофильмнің теледидар қойылымның композициялық негізі. Сценарий – кино мен теледидардың синтетикалық сипатынан туындайды.

Сюжет (французша, зат) – оқиғалардың жалғасқан тізбегі және біртұтас желісі деген ұғымды береді. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, кейіпкерлердің қарым – қатынасындағы қақтығыстарды бейнелейді.

Тармақ - әр шумақ көбінесе төрт жолдан тұрады. Жолды тармақ деп атайды.

Теңеу – затты немесе құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Мысалы,

Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға

Жігіттер, бәрін де сұқтанарсыз.
Ұйқас - өлең – жырларда тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтардың буындарымен үйлесуі. Ұйқас түрлері:

Қара өлең ұйқасы (а,а,б,а.)

Шұбыртпалы ұйқас (а,а,а,а.)

Ерікті ұйқас (а,б,в,г,б.)

Кезекті ұйқас (а,б,в,б.)

Шалыс ұйқас (а,б,а,б.)

Егіз ұйқас (а,а,б,б.)

Аралас ұйқас (а,а,б,в,б,в.б,б,б.)


Фольклор – ағылшын сөзі «халықтың ауызша шығарған шығармасы » деген ұғымды білдіреді. «Ауыз әдебиеті» терминімен қатар қолданылады.

Шендестіру (антитеза) – керағар екі затты немесе ұғымдары қарама – қарсы қолдана отырып келесі бір ұңыммен немесе заттың құбылыстың сипатын анықтайтын әдеби әдістердің бір түрі. Мысалы,

Қара жерге қар жауар

Қарды көр де естім көр ..... («Ер Тарғын»)

«Күлемін де жылаймын

Жылаймын да күлемін». (Қ. Аманжолов)

Шумақ - өлең ішінде белгілі бір аяқталған ойды білдіретін және тармақтардың белгілі бір ретпен топтасуы. Шумақ бірнеше тармақтан тұрады. Мысалы, 2,4,6 т.б. құрылуы мүмкін

Мысалы, 4 тармақты шумақ:

Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге.



Ішкі монолог – кейіпкердің ішкі ойы, өзіне қарата айтылған арнауы, көңіл – күй сырын білдіретін эмоциялық әсерді байқататын көркемдік құрал.
Экспромт (лат. дайын, әзір) – ақынның ешқандай дайындықсыз шыққан ауызша немесе жазбаша аз көлемді өлең. Бұл өлеңдер әзіл – қалжың мағынасында кездеседі.
Эпиграф – (грек. Жақзылғаг сөз) - әдебиетте және шығармалардың алдынан келтірілген үзінді, өнеге сөздер, не өлең жолдар.

Эпизод – (грек. Қоспа, үстеме, кірістіру) көркем шығарма сюжетіндегі өз мәні бар жеке оқиға немесе өзара байланысқан оқиғаның бір көрінісі мен бөлшегі.
Эпопея (грек. Тудыру, жазу) – бүкіл бір дәуірді кең көлемде қамтып бейнелеп суреттейтін, сан – салалы эпикалық шығарма. Мысалы, Қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін қамтып бейнелеп суреттеген көркем туынды М. Әуезовты «Абай жолы» роман – эпопеясы.
Эссе – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағыдан әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құралатын көркем әдебиеттің жанры. Эссе жанрын XVI ғ.II жартысында өмір сүрген француз философы М. Монтень негізін салған.
Этнография – халықтың байырғы тұрмыс – салтын зерттейтін сала


Ү 28 СМЖ АМПК КСТ 11 1 Басылым


Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар
2019 -> Біздің бағдарламаның бағыты: «Мен сенің жақсы болуыңа көмектесемін»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет