Директордың оқу ісі



бет1/4
Дата31.12.2019
өлшемі478,69 Kb.
#54085
  1   2   3   4




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласы Білім басқармасы

МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»


Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________ А. Бейсетбаев

______________ 2018 жыл


Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________ Аты-жөні

«____»__________ 20__жыл



ТЕОРИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
_ Қазақ әдебиеті ___________________________пәні

(пән атауы)



1304000 «Есептеуіш техника және бағдарламамен қамтамасыздандыру»_

1305000 «Ақпараттық жүйелер»1306000 «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы 1304012 ақпаратты қорғау технигі , 1305052 техник – бағдарламашы,____

1304012 электронды есептеуіш операторы 1306113 техник-электроншы __ біліктілігі

(шифр, атауы)

Оқыту түрі_______________________күндізгі______________________________

(күндізгі/сырттай)

Бақылау түрі_______________________сынақ______________________________

(сынақ/емтихан)



Келісілді

сапа жөніндегі сарапшы,

колледж әдіскері_________________ Г.Толымбек

(қолы)


_________________ 2018 жыл

Құрастырған



оқытушы ______________ А.Дюсембекова

(қолы)


« Қазақ тілі мен әдебиеті»

Кафедра отырысында қаралды

_______________ 2018 жыл

Хаттама №

Кафедра меңгерушісі __________ А.Ахметова

(қолы)


Кіріспе. Жалпы шолу

19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі.

ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті, қоғамның тарихи құбылыстарына қарай күрделі көркемдік сипат алды. Әдеби процестің осындай заңдылықтары қазақ қауымының қоғамдық-әлеуметтік жағдайларымен бірегей сабақтастықта қарастырылды.

Қазақ әдебиеті тарихының ең бір құнарлы, дәстүрі берік, мазмұны бай кезеңі ХІХ ғасыр. Бұл ғасыр үлкен-үлкен құбылысты оқиғаларға да, күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстарға да толы болғандығы дүние тарихының парақтарынан да белгілі. Ондай тарихи кезең құбылыстары қазақ даласына соқпай өткен жоқ. Қазақ елі бұл кезеңде де ауыр күндерді басынан кешті. Он сегізінші ғасырдың аласапыран дәуірінің зардаптары жалғаса түсті. "Ақтабан шұбырынды" атанған зарлы заманнан өткен қазақ жұрты, қазақ хандығы тағы да бір қилы заман, қиын кезеңге аяқ басты. Сол дәуірдің оқиғалары мен тарихи шындығы, негізінен, қазақ әдебиеті шығармаларында көрініс тапты. ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлттық әдебиетін дәуір шындығынан бөліп қарау мүмкін емес. Бұл кезеңде әдебиет пен халық тарихы біте қайнасып, кірігіп кеткендей еді. Соған орай әдебиет те жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Қазіргі әдебиеттануда "жаңа дәуір әдебиеті" деп атала бастаған бұл кезеңдегі әдебиет шынында да тарихи алғышарттары мен себеп-салдарларына орай дәстүрлі арнадан шығып жаңа сипаттарға ие бола бастады. Жыраулық әдебиеттің мектептері, әдеби дәстүр уақыт талаптарына сәйкес соны көркемдік соқпақтарға ойысты. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, саяси тақырыптар, күнделікті қауым тірлігіндегі жақсылы-жаманды көріністер тікелей әдеби шығармалардың өзекжарды саздарына, көкейкесті сөзіне ұласып отырды.

Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалы ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-салдарлары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс тапты. Көкірегі ояу ақын-жырау, сөз ұстаған би, шешендер ұлттың мұңын, ұлттың келешегін болжаған күңіреністі көзқарастарын толғады. Хандық басқару жүйесі ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан наразылық жалпыхалықтық қуатты күшке айналып кетуге түрлі ішкі-сыртқы жағдаяттар кедергі болса да, халықтың мұң-мүддесі тарихи жыр, дастан, толғауларда буырқанып көрінді. Бұрқ етіп басталып, езіп-жаншылып, қайта бас көтеріп өршіп отырған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының ұзақ мерзімді кезеңдерінде ақындардың сөзі, ұлттық әдебиет мұраты ғана өз жолынан да, жүрісінен де жаңылған жоқ.

Осы аласапыран кезеңдердегі қазақ әдебиетінің шығармаларын тереңдеп талдап тану, ұлттық әдебиеттің жаңа дәуірінің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын тарихи сабақтастықта зерттеу ел тарихының қастерлі беттерін ашады. ХІХ ғасыр әдебиеті өткен ғасырлардағы ұлттық сөз өнерінің өрнегін, дәстүрін сақтаумен бірге көркемдік құралдарын байытты, жаңа сипаттар дарытты. Әдеби шығармалар жанрлық жағынан да, көркемдік бітімі турасында да, идеялық мазмұны жөнінен де көп ілгеріледі. Зерттеу барысында осы дәуірдегі көптеген әдеби мұралар жаңа қырынан қарастырылды, бұрын белгісіз болып келген, әлде арнайы талдауға түрлі себептермен мүмкіндік болмаған шығармалар мен ақын-жазушылар мұралары ғылыми айналымға қосылды.

Дулат, Шортанбай мұраларына қазақ халқы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тереңдеп үңіліп, ашық жазуға мүмкіндік туды.

Соған орай қазақ әдебиеті тарихының ең бір тынысты, мазмұнға бай кезеңі - ХІХ ғасыр шығармаларын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарауға тура келеді. Демек, ХІХ ғасырды еңсеріп ХХ ғасырдың советтік дәуіріне аяқ басқан алғашқы ширегін қамтитын ұлттық әдебиеттің жаңа дәуір әдебиеті кезеңі үш дәуірге сұрыпталып қарастырылмақшы. Бірінші кезең - ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет, екінші кезең - ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет те, үшінші кезеңі ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі әдебиет деп желіленді. Ұлттық әдебиеттің бұл үш белесі негізінен қазақ ақын-жазушыларының, зиялы қауым өкілдерінің елдік құрылымды, мемлекеттік тәуелсіздікті, елдік әдебиетті көксеп, сол жолда жанын салып ізденіп жұмыс істеген, ашық саяси күреске бел шешіп кірген тұсы. Бір ғасыр бойы жүрген ұлт-азаттық күресі мен ұлттық азаттық аңсары ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қозғалысына барып ұласты. Қазақ әдебиеті мен қазақ елінің тарихында бұрын-соңды мұндай азаматтық-саяси бағыты айқын тегеуірінді дәуір болған емес. Алашорда қайраткерлерінің саяси күресі есіл кетіп, қазақ елінің кейінгі тағдыры советтік заманға жалғасқандығы мәлім.

19- ғасырдағы қазақ елінің әлеуметтік, экономикалық жағдайы.Орыс патшалығының отарына айналған қазақ даласындағы қоғамдық өмірдің өктем де шұғыл өзгерістерге ұшырауы.Әкімшілік жүйесінің алауыздықты қоздырғыш сипаты.Қазақ даласына «Қара шекпенділердің» патша бұйрығымен ағылуы.Демократиялық сыншыл көзқарастармен ағартушылық ой – пікірлер.Елдің қамы үшін жұмсалған қару қайраты мен сөз қайраты.Шортанбай, Дулат, Мұрат шығармаларындағы заманалық сарындар.

«Уақытша ереже» туралы түсінік беру.Халық ақындарының осындай өзгерістерге арналған өлеңдері.Шортанбай ақынның «Зар заман» өлеңінде: Мынау ақыр заманда

Алуан- алуан жан шықты

Арам,араз хан шықты,

Қайыры жоқ бай шықты.

Сауып ішер сүті жоқ

Ақша деген мал шықты.

Баяғыда құбылып, бұзылып келе жатқан заман өзге заман екен.Бұл арада дін ұғымы мен ескі қазақ көзқарасы бір араға қосылғандай болады.Ел өміріне бұрынғыдан өзгерген жаңалық, жаттық болса, барлығы да ақыр заман нысанасы сияқты болып көрінеді.Енді бұл заманды бұзған кім? Заманның зарын айтып, күңіреніп келгенде, сол қайғыға салып отырған себепті іздесек, ол орыс үкіметінің билігі болып шығады.

Мұрат ақынның: Тар шалбар, бешпент киді қынамалы,

Сусыннан шәйдан басқа сұрамады,-деуі

Әубәкір ақынның: Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,- деуі неліктен?

19 ғасырда өмір сүрген Шортанбай, Дулат, Мұрат т.б ақындар да замана жайын отаршылдықтың зиянды кесірі деп қарап, ашына, түңіле күйіну сарынында жырлады.М.Әуезов бұл ақындарды «Зар заман» ақындары деп атады.



Абыл Тілеуұлы «Арғымақ атта сын болмас» жыр толғауы, «Қырымның қырық батыры» дастаны

АБЫЛ ТІЛЕУЛЫ (1777 - 1864)
18 - ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген бұрынғы ақын - жыраулардың дәстүрін жалғастырушылардың бірі - суырып салма ақын - Абыл Тілеуұлы. Ол Маңғыстауда туып - өсіп, бүкіл Атырау аймағына танылған ақын. Әкесі Тілеудің тұрмысы төмен болған.
Абыл Атырау аймағын, қарақалпақ, түрікмен елдерін аралап, өзі тұтас ақындармен өнер сайыстырған.
Бұрын әдебиетте Абылдың «Арғымақ атта сын болмас»,«Ескерту» дейтін толғаулары ғана мәлім болатын. Ғалым Қ. Сыдиықов 1965 жылы оның өмір жолын, тағы екі - үш толғауын Сәттіғұл ақыннан жазып алған. Абылдың табылған жырлар түгел дерлік 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында», 1972 жылы «Ақберен» жинағында басылып шықты.
Абылдың көп өлеңдері ұмытылған. Бізге жеткені оның өмірінің соңғы кезеңіндегі шығарған арнау ретіндегі толғаулар мен бірлі - жарым нақыл сөз, термелері ғана. Осы бар азды - көпті шығармаларына қарағанда, Абыл өз заманындағы әдебиетке айтарлықтай үлес қосқан талант иесі екенін байқаймыз.
Абылды өзінен кейінгі көп ақындар жақсы білген, өздеріне ұстаз тұтқан. Мұрат, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Сәттіғұл сияқты бір топ ақындар легі Абылдың талантына бас иген. Оның өлеңдері негізінен ауызша таралған. Алғаш баспа бетін көрген толғау - 1924жылы басылып шыққан «Арғымақ атта сын болмас» атты өлеңі.

Арғымақ атта сын болмас,
Қиған қамыс құлақсыз.
Азаматқа сын болмас,
Арты болса тұяқсыз.
Айдын көлде сын болмас,
Жағасы болса құрақсыз.
Асқар тауда сын болмас,
Бауыры болса бұлақсыз.
Ақ киікке сын болмас,
Арты болса лақсыз.
Жеті арнада сын болмас,
Аяғы болса тұрақсыз.

Тіршілікте артыңда із қалу керек деген ой айтады.
Өмірінің соңғы кезінде Баймағамбет, Қайыпалды сұлтандармен кездесіп, бетпе - бет айтқан батыл сөздеріне қарағанда, ол шындықты айтудан тайынбаған, хан алдында қасқайып тұрып, оның мінін көрсетуге батылы жеткен ақын. Баймағамбетке айтқаны:
Бопайдан туған әкең Айшуақ хан,
Табаның таймай тұр - ау мінген тақтан.
Дәлірек дажал сынды дәрежеңді,
Деп жүрсің Құдай қорып, қыдыр баққан...
Ер өлді деп етек бұлап жылайтұғын
Байеке - ау, қай ісің бар елге жаққан?!

Қайыпалдыға айтқаны:
Жүр едім, тақсыр, сені дара біліп,
Халыққа жазықсыздан салдың бүлік.
Бұланның бүиірінен жебе тисе,
Бұл оны қаиғырмаиды жара біліп.
Немесе:
Баймағамбет өзіңнен арт десе,
Ұстайды сонда сенің жының, тақсыр.
Қолдаған сол сұлтанды губернатор,
Өзгеден артық па еді дінің, тақсыр.
Хиуаның қонышына кіріп кеттің,
Бір уыс болмаса игі еді күнің, тақсыр?!
Ақын сұлтанның ісін жақтырмай, бар жайды бетіне басады.
Абылдың толғаулары көпке насихат ретінде айтылып, адамгершілік, ізгілік жолын меңзейді.
Дүниеде дертті кісі ойнап күлмес,
Ер білер қадіріңді, сұлтан білмес.
Кірпігі арғымақтың кіржік тартса,
Жабыдай ол жазылып көтерілмес.
Жадырап жаз шықпаса, күн жылынып,
Баласы шаруаның егін екпес.
Шалғысы лашынның салғырт тартса,
Ілер деп қаз баласы қайғы шекпес.
Абыл Тілеуұлы - айтыстың да шебері. Бізге «Балдай қызбен айтысы», «Сушы қызбен сөз жарыстыруы», «Нұрымды сынауы», «Шерниязбен кездесуі»деген айтыстары жетіп отыр.
Абыл - шешендікте алдына жан салмаған, тәжірибесі мол, көп жасап, сан - саналы өлең шығарып өткен саңлақ ақындардың бірі.

Дулат Бабатайұлы

(1802-1871)

Туған жері: қазіргі Семей облы сы, Аягөз ауданы.

Қызметі: жыршы, заманы туралы терең толғаған ойшыл, әсем тілмен өрнектеген ақын. «Зар заман» ақындары аталған ағымның алып тұлғасы. Қазақ халқының қиын халін көрген, орыс отаршылдығын жаны ауыра жырлаған ақын.

Мұсылманша сауат ашып оқыған, өз кезіндегі көзі ашық, алдыңғы қатарлы адамдардың бірі. Оны Абай ақынның ұстазы деуге болады.

Шыққан тегі- найманның Қаракерей тобы.

Ақын жырлары 19ғ-дың 30-40 жж тарихи жағдайларға байланысты туған.



Дулаттың өзіне тән ерекшеліктері:

  1. Поэзияда бірінші рет қазақ жұртын тұтас алып қарай отырып, оны елбасшысынан бұқара халықты айыра бөліп алып сөз етуі;

  2. Патша өкіметінің отаршылық езгісін қоса сынау дәрежесіне дейін көтеру;

  3. Ол сыпыра жамандап, түңілудің ақыны емес, әрі көзсіз дақпыртпен мадақтауға да жоқ;

  4. Ол бұқара халықтың мұңын мұңдап, жыртысын жыртты.

Дулат өлеңдерін алғаш жеткізген- Байділда(1839-1919)

1880ж өлеңдері «Өсиетнама» деген атпен алғаш Қазанда басылып шыққан (баспаға даярлаған Мүлкен Сейілұлы). Жинақтағы жыр көлемі 800 жолдай.



«Еспенбет» атты поэмасы бар.

1939 ж құрастырылған хрестоматияда (С.Мұқанов, Қ.Бекхожин) ақын аты алғаш рет кездеседі.

Дулат өлеңдері еркін ұйқасты 7-8 буыннан тұратын жыр үлгісінде болып келеді. Ақының кіргізген бір жаңалығы кейбір толғауларынан шумақтарында өзара қайталап отыратын заңдылығы бар.

Өлеңдері:

«О,Ақтан жас,Ақтан жас»

«Аягөз,қайда барасың?»

«Тегімді менен сұрасаң»

«Кесеңбайға»

«Сүлейменге»

«Атаны бала алдады»

«Ақжайлау мен сандықтас»

«О, Сарыарқа!... »

«Ақтан жас»

«Ешенге»

«Саршымшық»

« Айтпасымды айтқызды»

«О, Барақ жас, Барақ жас»



« Еспенбет» поэмасы

Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді.

Еспенбеттей ер қайда?

Еспенбеттей ер туса,

Ер күтетін ел қайда?-
Деген жолдармен аяқталады. Шығарма, міне, осы аңсардан, яғни ақынның күллі шығармашылығына ортақ елге тірек ер, көсем шықса , халық соның қасынан табылса деген идеядан тұған. Хан-сұлтандар халқынан бөлініп, жатқа жағынған, батырлары «қазан бұзар үй тентекке айналған» заманда ер мен елдің бірлігі идеясын халықтың көкейіне жеткізіп, еңсесін тіктемек болған. Сол мақсатпен айбынды бейнелері халық жадынан өшпеген Ер Қосай, Қабанбай, Ақтамберді батырлары заманындағы қазақтардын, қалмақтарға қарсы бір шайқасын өзек етіп алып, батырлық дастан тудырған. « Еспенбет» поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен , онда, қиял- ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Бас қаһарман Еспенбет те, оның Ақберте аты да, қазақ батырлары да –бәр-бәрі өмір шындығы аясында алынып , суреттеледі.

Жырау поэмасын бастаған жерден бас қаһарманын:


Ер Еспенбет кешегі

Ерекше ер деседі.

Тіл біткеннің шешені,

Топта бермес есені.

Үлгі айтса – көшелі ,

Жауға шапса- көсемі,-

деп марапаттай таныстырғанымен,

Өзі болған жігіттен

Сұрама кім деп ата-анаң,-
дегеніне қарағанда, Еспенбет қандай да бір, артықшылығымен ел көзіне түспеген , қарапайым ғана кісінің баласы. Міне, осы Еспенбет жас күнінде әке-шешеден бірдей жетім қалып, нағашысы Ер Қосайдың (тарихта болған адам, батыр) қолында, уақ елінде өседі. Қосай жиенді бөтен санамайтын қазақ салты бойынша да, «Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен» де өған жетімдік көрсетпей өсіреді. Ер жеткенде таңдап жүріп қалындық айттырып , басына үй тұрғызып бермек ойда жүреді.

«Еспенбет» поэмасында ұлттық психология, салт- сана, тарбие- өнеге үрдістері молынан көрінеді.

Поэма көлемі шағын болғанымен, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақылығымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлганы аңсаудан тұған «Еспенбет» поэмасы- ХІХ ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды.

Махамбет Өтемісұлы «Менің атым Махамбет», «Тайманның ұлы Исатай»

(1803 - 1846)

Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерленген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.

Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Махамбет жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен.

Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойынсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала бекшісінің түрмесіңде отырып, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды.

Осылайша Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан еді. Одан кейінгі саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақовтың жалдамалыларының қолынан қаза тапты.

Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. "Жәңгірге", "Баймағамбет сұлтанға" деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, "Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. "Тайманның ұлы Исатай", "Исатай деген ағам бар", "Исатай сөзі", "Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. "Өкініш", "Қайран Нарын", "Жұмыр қылыш", "Терезе", т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет өлеңдері 1908, 1912, 1925 ж. Қазан, Орынбор, Ташкент

Махамбет болды. Ол Исатай батырмен бірге арыстандай ақырып, азаттық туын қолдаса көтеріп шықты. Азаттық үшін күрес Махамбеттің бүкіл өмірінің мазмұнына айналды. Ұлттың азаттығы мен халықтың әлеуметтік теңдігін Махамбет жеріне жеткізе жырлаған әйгілі ақын. Ол поэзияда қандай дара болса, күй өнерінде де сондай дара.

Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті опасыздықпен өлтіреді.

Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы — теңдік пен бостандық, әділдік үшін күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді де әрқашан жігерлі асып-тасып жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған көне дәстүр бойынша философиялық терең толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады.

Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын.

Ереуіл атқа ер салмай

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай.

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Әр түйірі ат болмай,

Атыңды байлап келгенде,

Қатын-бала жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық шөл көрмей,

Арып-ашып жол көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темірқазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!



Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым»,

«Ту алып жауға шапсаң сен», «Датқалар» өлеңі,

Сүйінбай мен Қатаған айтысы
Сүйінбай Аронұлы (1815, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы – 1898, сонда) – айтыс ақыны.

Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл ақын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен.Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде С үйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. “Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “Жабай батыр”, “Қарасай батыр” сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ “Датқаларға”, “Үмбетәліге”, “Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “Болыстарға баға”, т.б.) сақталған.Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген.[1] Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды “айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады

1920 жылы Түркістан АКСР-і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған. Ақын шығармалары әр кезеңде жарық көрген хрестоматия оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде насихатталды. С.Сейфуллин құрастырған “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинаққа (1931) “Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайған шағында айтқаны” деген өлеңі енген. 1935 жылы Қ.Жансүгіров пен Ф.Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы “Сүйінбай ақын” деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин 1939, 1940, 1941 және 1944 жылы орта мектептің 8-сыныбына арналған хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңін енгізген (“Сүйінбай мен Тезек төре”, “Сүйінбайдың Тезектің өлген баласына көңіл айтқаны”, “Кәрілік туралы”). “Ақын жырлары”, “17 – 19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, “Үш ғасыр жырлайды” атты жинақтарда Сүйінбай шығарм-на кеңінен орын берілген, “Айтыс” жинағының 1-томында “Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы” жарияланған.Сүйінбай ақынның “Ақиық” атты жинағына (1976) таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген, кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде “Әлем әдебиетінің кітапханасы” сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың “Кәрілік” атты өлеңі жарияланған. Бұл ақын шығармаларының дүниежүзілік сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды әдеби ескерткіш екендігін танытады. Сүйінбайдың Малыбай, Жетібай, Әзірбай атты ұлдары, Бағжан, Қойжан деген қыздары болған. Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған. Алматы облысы филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп, көшелер Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді

Қашаған Күржіманұлы «Есқали сұпыға айтқаны», «Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңдері. «Адай тегі» дастандары

Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласының маңында туған. Ол жалшы отбасында дүниеге келіп, жастай жетімдік, жоқшылықтың тауқыметін ерте тартқан.

Қашағанның шығармалары тұңғыш рет 1935 жылы «Әдебиет майданы» журналында (№5) жарияланды.

Қашаған өз өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяусыз әшкерелеп («Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға»), адамгершілік, ізгелік қасиеттерді («Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны») дәріптейді, елдік пен ерлікті, халық мұратын («Ізім шайырмен айтысы», «Ізбасқа айтқаны») жырлайды. «Атамекен», «Топан», «Адай тегі», «Әзірет Ғали» дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. «Атамекен» дастанының сюжеті тарихи оқиғаға негізделген. Дастандағы қазақтардың басқыншылыққа ұшырап, батысқа көшуіне, Адайлардың Маңғыстауға бет алуына, сондай-ақ жырда аталатын хандардың өмір сүрген дәуіріне қарағанда, шығарма, негізінен XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы жоңғар басқыншылығын, "Ақтабан шұбырынды" кезеңіндегі елдің ауыр тұрмысын суреттеуге арналған. Сол дәуірдегі батырлар бейнесін ашқан. Жоңғар басқыншылығы көрініс тапқан. Халықтың басынан кешкен тағдыры баяндалады. Дастандағы жер-су аттары қазір де бар.

Қашаған Күржіманұлының «Топан» дастаны төрт бөлімнен тұрады. Бұл шығармасында табиғат сұрапылына ұшыраған Атырау елінің қыруар малы мен жаны, мекен-жайы суға кетіп, баспана, азық-түліксіз калған қайғылы ел көп қиындық көргені баяндалады. Ақын ел басына түскен сол ауыр күндердің куәсі болып, халық мұңына ортақтасып, осы дастанын жырлаған.

«Адай тегі» шығармасы аңыз хикаяға құрылған.

Қашаған заман сырын сезіне алды, халық келешегіне сенді, әйел-ананың қоғамдағы рөлін түсінді, дүниенің мәңгі дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Ол халық тарихын, дін-шариғат қағидаларын мол білген. 

Ақынның құрметіне Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде табылған мұнай мен газдың алып кен орнын Қашаған кен орны деп атады. Бұл кен орны әлемдегі соңғы 40 жыл ішінде ашылған ең ірі кен орындарының бірі болып табылады.

Өмірі мен шығармашылығы А.Жұбановтың «Қазақ композитарларының өмірі мен творчествосы» (1942),Қ.Сыдиықұлының «Ақын-жыраулар» (1974), Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиеті.XIII-XIX ғ.ғ» (1981) деген еңбектерінде және «XIXғ. қазақ ақындары» (1988) деген зерттеулер жинағында қарастырылған. Қашаған - І.Жасүгіровтың «Көбік шашқан» поэмасының басты кейіпкерлерінің бірі. Қашаған шығармаларын өз айтуынан естіп, хатқа түсірген – ақынның немере інілері Көшен Өсербаев пен Шәдіман Үсембаев сияқты жыршылар мен Темірғали Күнтуғанов секілді жинаушылар. Әсіресе ақынның мол мұраларын жинақтауда, қағаз бетіне түсіртуде әрі ҚР ҰҒА-ның қолжазбалар қорына өткізуде ақын Сәттіғұл Жанғабылұлы көп еңбек сіңірді.

Қашаған Күржіманұлы - өз кезеңінің  белді, дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақыны.Ол 1929 жылы Маңғыстау  түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған.

Қашаған Күржіманұлы айтқан екен...

Дауылұлы Шаубай деген байдан Қашаған соғымдық мал сұраса, ол арық лақты ешкі беріпті. Ақын оны саудагерге әкеліп, Шаубай сараңдығын жиналған көпке айтып береді:

Саудагер жігіт, кұлақ сал,

Мынау Шаубай бай берген қара ешкі,

Әр жері шұбар ала ешкі.

Аузын ашып қарасам,

Дауыл түгіл, оның әкесі

Ержанның тұсында да бар ешкі.

Соңында бар лағы,

"Шек"дей келіп ақырсам,

Тіпті есітпейді құлағы.

Сатайын деп екеуін,

Өзіңізге келіп отырмын.

Екеуі төрт кез матадан

Артыққа міне өтпейді,

Бес кез матаға жетпейді.

Шаубайдың берген жәбірі

Тіріде естен кетпейді.

Сояйын десем, жануар,

Борбайында дымы жоқ,

Сорпаға шығар шыры жоқ.

Қабыртқалары қасықтай.

Омыртқалары асықтай,

Жей алмай тұрмын жасықты-ай.

Талай топқа салармын,

Тұра тұр, Шаубай, асықпай.

***

Қашаған бірде Мұрынқұл байдың ауылына келеді. Ауыл-аймақ жиналып, жыр айтқызады. Түн бойы жырлаған ақынға сараң бай шай-су да бермейді. Сонда Қашаған байды былай деп састырыпты:



Көбентайдың Мұрынқұл,

Бүгін емес, бұрынғың.

Мырза емесіңді білемін,

Таң атқанша жыр айттым,

Аз да болса, ырым қыл.

***


Жаяулық тауқыметін тартқан Қашаған тапқанын беріп, бір ат сатып алады. Саудагердің мақтап сатқан аты аяғын баспайтын шабан боп шығады. Сонда айтқаны:

Қуаңдаған қу Бисен,

Өтірікші су Бисен,

Маған сатты бір атты,

Шәртік қарын сұр атты.

Қазанаттай қампитып,

Түріменен тоқ қылды.

Он бес күннің ішінде

Үш қамшымды жоқ қылды.

***


Өкшесі ойылып, табаны сойылып, қой артында азап шегіп, қарыны ашып, қойшы бала Қашаған таяғын жерге шаншып, шапанын күрке етіп жата қалса көзі ілініп кетеді. Баланы бір шал түсінде қолынан тартып тұрғызып: 

- Дорбалап аласың ба, қапшықтап аласың ба? - деп сұрайды. 


-Бергеніңді аламын дейді Қашаған. Қара кісі қолын жайып бата береді. 
-Өнер бердім, елге шаш дейді. Қашаған осыдан кейін суырып салма ақын болады.¬ Қашаған ұйқыдан атып тұрса, жүрегі кеудесіне сыймай бір нәрсе керіп бара жатады, ал қой болса ұзап кеткен екен. Алқына жүгіріп мал шетіне жете бергенде, жел айдаған бір түйеқарын қойды дүрліктіре үркітіп, ұзатып әкетеді. Ызаланған Қашаған осы жерде іле шала түйеқарынға өлең шығарады: 

-Ассалаумағалейкум, түйеқарын! 


Адасқан ақылынан сен бір жарым. 
Келдің де қия шеттен қойды үркіттің, 
Алдыңда білмейсің бе қойдың барын? 

Және түйеқарын болып іле жауап береді: 

-Уағалейкумассалам, түйеқарын! 
Адасқан ақылынан дейсің жарым 
Жол жүріп алыс жерден келе жатсаң 
Алдыңда білер ме едің ненің барын?!

М.Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қарасай-Қази»
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген.

Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқал ғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.


Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.
Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан.
Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омарова, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған

Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», «Қазақ халық поэзиясының түрлері», «Жоңғар очерктері»

(1835-1865)

Шоқан (Мұхамедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов - қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы.

1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде, аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таниды. 1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Зерттеушілік қабілеті осы оқу орнында оқып жүргенде оянған. Сабақтан тыс уақыттарында көп оқып, саяхатшы болуды армандайды. 1853 жылы 18 жасында кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалдырылады, генерал-губернатор Гасфорттың адъютанты болып тағайындалады. Әскёри қызметте жүріп, Орта Азия халықтарының тарихы мен әдет- ғұрпын, тұрмыс-салтын, жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.

1855 жылы Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды.

1856жылы қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы туралы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиеті нұсқаларын жазып алады. Қырғыз халқының "Манас"'жырын бірінші рет баспаға ұсынып, жоғары баға береді.

1857жылы 2 ақпанда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланады.

1858-1859жылдары өзінің әйгілі Қашқарияға саяхатын жасайды. Қашқария мәліметтері Шоқанның дүниежүзілік ғылымға қосқан зор үлесі болып табылады.

1859-1861жылдары Петербургте шығармашылық қызметпен айналысады, Петербург университетінде дәрістер тыңдайды.

1861-1863жылдары денсаулығы нашарлаған Шоқан елінде болады.

1863-1864жылдары Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан Сот реформасын (басқару) дайындау ісіне қатысады.

1865жылдың сәуірінде Алтынемел тауының баурайында, Тезек төренің ауылында қайтыс болады.

Шоқан Уәлиханов әралуан ғылым саласын меңгерген энциклопедист ғалым еді. Шоқан ғылымның көптеген салаларында өшпес мұра қалдырды. Шоқан тарихшы, географ, этнограф, фольклорист болды. Ол тек ғана қазақ халқының ғана емес, бүкіл түрік тектес Сол кезден бастап ғылыми-зерттеу жұмысымен тығыз айналысқан Шоқан 1855 жылы Омбыда Семей арқылы Іле, келесі жылы Жоңғар Алатауына дейін, одан кейінгі жылы Омбыда Ыстықкөлге дейін келген әскери-ғылыми экпедицияларға қатынасып, Жетісудың, Ыстықкөлдің өсімдіктер және жануарлар дүниесін, халқын, әдет-ғұрпын, тарихын, ауыз әдебиетін зерттеп, көптеген материалдар жинады, әрбір халықтың ерекшеліктерін байқататын суреттер салады. Ал мұның адында ол Қытай империясына жататын Құлжа қаласына аттанып, онда үш ай болып, қайтадан Омбыға оралған болатын-ды. Осы сапарларының нәтижесінде 20 жастағы Шоқан «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген және т.б.құнды еңбектер жазды. Сол еңбектері және басқа да ғылыми табыстары үшін Шоқан 1857 жылдың 27 ақпанында Орыс география қоғамының толық мүшесі болып сайланды.

1858-1859 жылдардағы Қашқарияға сапары Уәлихановтың ғылым, ағартушылық саласындағы шығармаларының жаңа белеске көтеріліп, дәуірлеп өсуіне жол ашты.

13 ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, содан 1603 жылы саяхатшы Гоес болған. Қашқарияның географиясы, саяси құрылысы, мәдениеті мен тұрмыс-салтының ерекшелігі туралы үш жарым ғасыр бойы Еуропа ғылымында елеулі мәлімет болмаған. Еуропалықтарға жабық болып есептелетін Қашқария билеушісі Уәлихан-төре Шоқаннан бір жыл бұрын Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф Шлагинтвейттің басын кескен еді. Экспедицияны Қашқарияға жіберу туралы шешімге 1857 жылы тамыздың 22-інде Александр II қол қойған. Соғыс министрі Сухозанеттің тапсыруымен экспедицияны ұйымдастырған Гасфорт Айрықша Сібір корпусында Уәлихановтан басқа офицердің экспедицияны басқара алмайтындығын ескеркен. Сөйтіп, Жетісуда жүрген Уәлиханов экспедицияға аттануға тиісті Қарамола жотасының етегіндегі Сарыбас ауылына 1858 жылы маусымның 28-інде келіп, Семейде жабдықталған арнаулы керуенге қосылады. Қыркүйектің 19-ында керуен Зауқы өзеніне жетіп, Сырт арқылы Қашқарияға бет алған. Зауқы асуының оңтүстігінде Тянь-Шаньның Сырт деп аталатын биігінде Уәлихановқа дейін география тарихында ешбір географ болған емес. Сырттың өсімдік және жануарлар дүниесінің ерекшеліктерін, орографиясын, табиғаты мен климатын әлемдік география ғылымында тұңғыш рет Уәлиханов сипаттап берген. Қашқарияда 1858 жылғы қазанның 1-нен 1859 жылғы наурыздың ортасына дейін болған Уәлиханов Қашқар қаласы мен Алтышаһар елін зерттеген. Ол кезде Алтышаһар деп солтүстіктен Тянь-Шань, оңтүстіктен Кунь-Лунь тауы қоршап тұрған Қашқар, Ақсу, Үштұрпан, Янысар, Жаркент, Хотан қалаларын атайтын. Қоқан ханының Қашқардағы сауда консулы әрі саяси резидентінің жәрдемімен Уәлиханов Қашқардың экономикасы, саяси құрылысын зерттеп, тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинаған. Әр аймақтан келген саудагерлермен, Қашқарияның саяси қайраткерлерімен, ғалымдарымен, ақындарымен кездесіп, Алтышаһардың өткен тарихы мен бүгінгісі туралы нақтылы деректерді анық білетін кісілерден алып отырған. Жергілікті ғалымдардан сирек кездесетін шығыс қолжазбаларының бірнешеуін қолға түсіріп, нумизматикалық коллекция, гербарий, тау жыныстарының коллекциясын жасаған. Осы экспедиция барысында ол бейтаныс елді жан-жақты сипаттайтын, әскери, саяси, экономикалық, сауда-саттық жағынан үкіметке де, ғылымға да керекті бай материал мен сирек кездесетін деректер әкелген. Оның материалдары көп ұзамай неміс және ағылшын тілдерінде жарияланды. Шоқан өз еңбектерінде барлық ғылым мен мәдениеттің жан-жақты дамуына кедергі келтіретін ислам дінінің реакциялық сипатын қатты сынады.

ХІХ ғ.60-жылдарындағы Ресейде қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың, орыс педагогикасының озық идеялары Шоқанның ағартушылық көзқарасына тікелей ықпал етті. Шоқан арнайы педагогикалық еңбектер жазбаса да, оның қоғамдық және ғылыми еңбектері ағартушылық сиптта болды. Ол білімі мен мәдениеті озық елдерден үлгі -өнеге алуға, әсіресе, орыстың ғылымын, мәдениетінен үйренуге шақырды.

Ыбырай Алтынсарин «Азған елдің билері», «Жаз», «Атымтай Жомарт», «Мейірімді бала» әңгімелері

Қазақтың оқымысты, ағартушыларының ірі өкілдерінің бірі Ыбырай Алтынсаринның өмірбаяны, оның ағартушылық жолындағы жұмыстары, жазушылығы, педагогикалық еңбектері, көзқарастары жайлы жазылған мақала, таныстыру, талдаулар көп (М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратпаев, С.Сүлейменов, Қ.Жармағамбетов, т.б.).

            Алтынсаринның творчествосын мұқият зерттеп, терең түсінгісі келгендерге бәрі де керекті. Бірінде аз айтылған, не мүлде айтылмай, қалтарыста қалып қойған жазушының кейбір құнды пікір, өмірге көзқарастары екіншісінде айтылады. Сондықтан олардың барлығымен таныс болып, сын мұнарасынан әділ бағасын бере отырып пайдалану - әрбір оқушы, зерттеушілердің келелі міндеті.

            Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин туралы бірнеше монографиялық зерттеулер де бар. Солардың ішінде Алтынсаринның өмірбаянын және ағартушылық ісі мен педагогикалық ой-пікір, көзқарастарын мол қамтып, тереңірек зерттеген - Ә.Сыздықов жолдас. Оның «Педагогическая идея и просветительство Ибрая Алтынсарина» (1949ж.) атты еңбегі Алтынсаринды тануда бағалы еңбектердің бірінен саналуға тиіс.

            «Ы.Алтынсаринның жазушылық қызметі туралы» жас ғалым Ә.Дербісалин жолдастың бірінші кітапшасы 1957 жылы шықты. Бұл жоғарғы аталып өткен еңбектердің негізінде жазылса да, автор өзінше бірталай зерттеу жүргізіп, жаңа фактілер, салыстырулар арқылы көп жұмыстар жасаған. Әсіресе бір құндылығы - бұрынғы зерттеушілерде кездеспейтін, Алтынсаринның балаларға арналып, қысқа-қысқа, әр алуан тақырыпқа жазылған әңгімелерінің қайдан, кімдерден алынғандығын айқындауы деуге болады. Бұл кітапта да оның өмірбаяны айтылады. Сондықтан біз еңбегімізде Алтынсаринның өмірбаянына мейлінше аз тоқталамыз.

            Ыбырай (Ибрагим) Алтынсарин 20 октябрьде 1841 жылы Қостанай облысы бұрынғы Аманқарағай болысы, қазіргі Затоболь ауданында туған. Өз әкесі Алтынсары Ыбырайдың 4 жасар кезінде өледі де, үлкен әкесі Балғожаның тәрбиесінде өседі.

            Балғожа Жаңбыршыұлы - өз кезінің қабырғалы биі, патша өкіметіне де қызмет еткен адам. Бірақ оны өзі қатарлы қазақтың басқа феодалдарымен салыстырғанда, өмір ағымының бет алысы қалай бара жатқанын аңғара алатын адам болған. Балғожа ендігі жерде оқу, өнер-білім керектігін ерте түсінген. Келешекте ел басқару үшін де, күнкөріс үшін де оқу қажеттігін жақсы білген.

            1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жетіжылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі.

            Балғожа осы ашылмақ мектепке 1846 жылы 5 жасар немересі Ыбырайды жаздырып қояды. 1850 жылы 23 августе орыс-қазақ мектебі ашылып, қазақтардан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай Алтынсарин болады.

            Жеті жылда Ыбырай мектептен ойдағыдай, жақсы білім алып шығады.

            Мектеп программасы бойынша арифметика, тарих, татар тілі, дін сабағы, тағы басқалар өтілсе де, негізгі нысана орыс тілін жақсы білгізіп шығару болады да, басқалары осыған бағындырылады. Өйткені орыс-қазақ мектебін бітіріп шыққан қазақ балалары писарьлік, тілмаштық қызметтерін атқарып, патша чиновниктеріне көмекші болуын, солар арқылы қазақ даласына патшаның саясатын молырақ, кеңірек таратуды мақсат еткендіктен, орыс тіліне айрықша көңіл бөлінеді.

            Алтынсарин 1857 жылы мектепті жақсы бітіріп шығады. Біразырақ өз елінде писарь болып істейді де, 1859 жылдан бастап Орынборда тілмаштық жұмысын атқарады.

            Алтынсаринның жалпы білімін толықтыруда болсын, орыс тіліне жетілуінде болсын, не әлеуметтік мәні зор ірі мәселелерге құлаш серпуінде болсын оның өмірінде шешуші орын алған кез осы Орынборда болған жылдары тәрізді.

            Шығыс зерттеушісі, профессор В.В.Григорьевпен жақындасып, оның бай кітапханасын еркін пайдаланудың арқасында орыс әдебиетінің және шет елдердің ұлы адамдарының еңбегімен мол танысады. Сөйтіп кешегі жетіжылдықты бітіріп, писарьлік, тілмаштыққа ғана жарап жүрген Ыбырай Григорьевтің көмегі, өзінің талмай оқып, ерінбей еңбектенуінің арқасында, 1860 жылдары елде учитель боп, бала оқытуға жарарлық дәрежеге шейін көтеріледі. Осы мақсатпен ол 1860 жылы Торғайға келеді. Бірақ мектеп ашу оған оңайға түспейді. Жаңа талап жас мұғалім кертартпа феодалдардың әртүрлі бөгеттеріне кездесіп, көп қиыншылықтар көреді. Көп жылдар аңсап, өз өмірінің арманы болған мектебі тек 1864 жылы ғана ашылады. Бұл оқытушылық жұмысында бес жыл болып, өзінің оқу-ағартушылық майданында қабырғалы қайраткер екендігін танытады. Енді оны бір мектеп емес, Торғай облысының барлық мектептеріне басшылық етіп, ақылшы, жетекші боларлық орынға тағайындайды. Оны 1879 жылы облыстық мектептердің инспекторы етеді. Қысқасы, 1864 жылдан бастап, 1889 жылға шейін Алтынсарин өзінің барлық күш, барлық ынта-жігерін халық ағарту ісіне жұмсайды. Оның осы ағартушылық жолында, әсіресе, тарихи еңбегінің бірі - көп жылдар бойы жоғарғы үкімет орындарынан сұрана жүріп, ақыры 1887 жылы қазақ қыздары үшін Ырғызда мектеп-интернат ашқызып, әйел балаларды оқыту ісіне өз халқының тарихында бірінші рет жол салушылығы. Ыбырай қайтыс болғаннан кейін 1891-1896 жылдар аралығындағы Қостанай, Қарабұтақ, Ақтөбе қалаларындағы интернатымен ашылған әйелдер училищелері де Алтынсаринның ізденулерінің нәтижесі екендігі документ арқылы дәлелденіп отыр. Қазақ балалары үшін ауылшаруашылық қолөнер кәсібіне үйретерлік училищелер ашу туралы да көп ізденіп, үлкен әрекеттер жасағаны, ақыры Торғай қаласында ремесленное училище ашуы, басқа қалалардағы ауылшаруашылық оқу орындарына қазақ балаларын жіберуге, оларды орналастыруға күш салуы - бәрі де оның өз халқы үшін істеген айбынды іс, ұмытылмас еңбектері екені сөзсіз.

            Алтынсарин 25 жасында Достарқызы Айғанысқа үйленеді.
Залым төреге

Оразаның түбіне мақсұт жетер,

Азған елдің түбіне тақсыр жетер,

Әділеттен хан тайса, наным кетер,

Жылай – жылай жарлының малы кетер,

Ай, тақсыр, бұл дүние өтер – кетер,

Мал иесі артыңнан қуып жетер,

Жарлылар да бір табар әділ қазы,

Таразылы күн болса, арыз етер.


Абай Құнанбаевтың «Жаз», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат», «Сегіз аяқ»
Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп, табиғатты ғана жырлап, өмірден безу көйгейін тартты. Қайткенмен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды.

Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңінде:


Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.


Қалың ағаш жапырағы,

Сыбырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы

Құлпырған жасыл жер жүзі, -


деп, жазғы түннің әдемі суретін алдыңа тартады, жаз кезінің желсіз тымық күні, аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, жазғы ауыл, оның жанындағы терең сай, гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы тұтас бір картина ретінде көз алдыңа келеді.

Ақын жайнаған жаздың әдемі көркін осылай суреттесе, сол сұлу сурет өзгеріп, гүл, жапырақ солып, түсі қашқан күздің суық кескінін:


Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай, -


деп, күз түсумен бірге бәйшешек солып, ағаштардың сидиып, жапырағынан айрылғанын, ерке жазда мәз-мейрам болып келген жастардың, асыр салып ойнаған балалардың көрінбейтіндігін, қысқасы, көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде елестетеді.

Абай қыстың кескінін де аса шеберлікпен суреттейді. Үскірік бораны бұрқырап тұрған қысты рақымсыз адам бейнесіне ұқсатады. Қыстың малға да жағдайсыз соқыр, мылқау күш екендігін аңғартады.


Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.


Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.


Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің қайсысын оқысақ та, сол кездің суреті көз алдыңда тұрады. «Қылышын сүйреткен қыс», «Масатыдай құлпырған жаз» өз кескінімен көрінеді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің мына жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай етіп суреттелінеді.

Ақын өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қойған жоқ, оны адам өмірімен нық байланыстыра білді. Мал бағумен күн көріп, көшіп-қонып жүрген қазақ елінің өмір шындығын дәлме-дәл көрсетіп, жылдың әрбір мезгілінің мал баққан елге қандай әсер ететіндігін баяндады:


Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып, -


деп, Абай күн көрісі табиғатпен нық байланысты болған елдің алты ай қыста бүрсең қаққан, қалт-құлт еткен кейпі жаз келе жадырап, басқа түрге енгенін, мал баққан ел қандай қуанышпен жазды қарсы алатындығын, оның өзі өмір тіршілігімен байланысты екендігін көрсетеді. Сондықтан да ол осы өлеңінің екінші бір жерінде:
Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,

Диханшылар жер жыртып, егін егер.

Шаруаның бір малы екеу болып,

Жаңа төлмен көбейіп дәулет өнер, -


дейді.

Ақын қазақ даласындағы жазғытұрғы кездің барлық суретін толық берумен бірге, бұл кезді қазақ халқын еңбекке жұмылдыратын, тіршілік үшін күресінің қайнар көзі деп таниды.


Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,

Адамзат көңілі өсіп, көтерілер.

Қара тастан басқаның бәрі жадырап,

Бір сараңнан басқаның пейілі енер.

Тамашалап қарасаң, тәңір ісіне,

Бойың балқып, ериді іште жігер, -


деп, жаздың суретін өзі де сүйеді және оны жалпы жұрттың көңілін шарықтатып, жігерін туғызатын маусым деп ұғады.

Абайдың тағы бір өлеңі - жазғы шілде кезін суреттеген өлеңі. Ақын бұл өлеңінде жаздың дәл кемеліне келіп тұрған кезін көрсетпек болады. Жаздың әдемі көрінісін:


Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда,

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер,

Бүйірі шығып ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,


Арасында құлын, тай,

Айнала шауып бұлтылдап, -


деп суреттейді.

«Күз» өлеңінде шөп қуарып, күн салқындап, көңілсіз кездің келу суретін бұлжытпай берумен қатар, мал баққан көшпелі, шала көшпелі ел үшін күздің жағдайсыз кезең екендігін айқындайды.


Кемпір, шал құржаң қағып, бала бүрсең,

Көңілсіз қара суық қырда жүрсең, -


дейді. Жалғыз бұл ғана емес, қай жерін оқысаң да, көзіңе күзгі кедей ауылдың көңілсіз сүреңі елестейді.

Табиғатты оқиғамен байланыстыра суреттеу халық ауыз әдебиетінде де болды. Бірақ қазақ әдебиетінде табиғаттың өзін жеке тақырып етіп алып, Батыстың классик ақындарының үлгісімен суреттеу Алтынсарин мен Абайдан басталады. Әсіресе оны жоғарғы сатыға көтерген - Абай.

Абай «Қыс» деген өлеңінде қысты адам бейнесінде суреттеп береді. Бұрын қысты бұлай суреттеу болмаған-ды. Абай оны қазақтың ұғымына сай «кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды» деген тәрізді байырғы сөздер арқылы образдар жасайды. Қысты ақ сақалды шал бейнесінде суреттеу бұрынғы қазақ әдебиетінде, Абайдан басқаларда кездеспейді. «Қыс» деген өлеңнің басқа жағын былай қойғанда, бұл шығармадан қыстың қырдағы елге қандай әсері барлығын, мал баққан жылқышыға, жалпы шаруаға жылдың ең бір қолайсыз кезі екендігін айқын көруге болады. Өйткені қыс өз тұлғасында толық берілген. «Қыс» өлеңін оқығанда, аязды қыстың суық лебі бетке тигендей болады. Табиғат тақырыбында жазылған бұл өлеңдері - ақынның асқан суретші екендігіне толық дәлел.

А.Құнанбаевтың қара сөздері «Бірінші сөз» , «Алтыншы сөз», «Он сегізінші сөз», «Жиырма бесінші сөз», «Жиырма тоғызыншы сөз»

Абай ХІХ ғасырдың 90-жылдар өзінің ой толғаныстарын қарасөздермен жазған.Өз шығармасын қарасөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса,көркем қарасөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тарихында Ы.Алтынсариннен басталады.Ал одан әрі дамытушы Абай болды.

Абайдың қарасөздері көркем әңгіме емес-ғақлиялық даналық сөздер.Онда ғылыми-философиялық толғаныстар кең орын алған.Абай қарасөздері жазуға зор дайындықпен келген.Ол бұл еңбектерін діни сопылық-теологиялық ғылымды да,жаратылыс заңдарын ашқан Галилей,Коперник,Спенсор,Ньютон,Пифагор,Дарвин еңбектерінде,ертедегі философ ғылымдар Сократ,Аристотель,Платон шығармаларын да,Шығыстың ойшылдары Фирдоуси,Шамси,Қожа Хафиз,Бабыр және т.б. еңбектерінде оқып,ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жазуға кіріскен.Ол қарасөздердегі келтірілген терминдік атаулар мен сілтемелерден немесе ой-пікір үндестігінен байқалады.

Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар.Сөйлемдері қысқа,мағынасы терең,оқушыға ой саларлық,ғибрат беруді көздей құрылған.Көпшілік қарасөздерінде философиялық сұрау беріп,сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады немесе өзімен-өзі кеңесу,ой-пікір білдіру үлгісінде құрылады.Бұл-Батыс,орыс ойшылдарынң көп қолданған әдісі.Ғылым,көркемөнер,этика мәселелері туралы өз көзқарастаырын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған.

Абай өзінің қарасөздерін жазудағы мақсатын бірінші сөзінде былай баяндайды:”Ақыры ойладым:осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін,ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын,кімде-кім ішінен керекті сөз тапса,жазып алсан,я оқысын,керегі жоқ десе,өз сөзім өзімдікі дедім де,осыған бел байладым.Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ”.Бұл-ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір,қоғам,тіршілік,адамдар арасындағы қарым-қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы,философиялық ой топшылауы еді.

Қарасөздердің жалпы саны-қырық бес.Олардың әрқайсысы әлеуметтік өмірдегі белгілі бір мәселені сөз етіп,ой-пікір білдіреді

Абайдың қарасөздерін тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.

1.Дүниенің тылсым сырын танып-білу мәселесіне“Жетінші”,”Он тоғызыншы”,”Отыз бірінші”,”Отыз сегізінші”,”Қырық үшінші”қарасөздерінде тоқталып,ой қорытады.Ол өзінің “Қырық үшінші”қарасөзінде:”Көзбен көріп,құлақпен естіп,қолмен ұстап,тілмен татып,мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады да,содан білгені,көргені көп адам есті,білімді болады”,-дейді.Ал “Жетінші”қарасөзінде:”Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады:біреуі-ішсем,жесем,ұйықтасам деп тұрады.Бұлар-тәннің құмар…Екіншісі-білсем екен,көрсем екен,үйренсем екен деп талпынып,көзі көрген,құлағы естігеннің бәрін сұрап тыншымау.Бұл-жан құмары...“-деп,жан мен тән байланысын ашуға талпынады да,қырық үшінші сөзінде:”Адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты-ақыл,ғылым... Ол талаптылықпен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі”деген қорытынды жасады.

Абай естіген,білген нәрселерді еске сақтаудың,есті тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын да сөз етеді.Ол өзінің “Отыз бірінші” сөзінде:әуелі-көкірегі байлаулы берік болмақ керек;екінші-сол нәрсені естігенде я көргенде,ғибраттану керек,көңілденіп,тұшынып,ынтамен ұғу керек;үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше рет қайтарып ойанып,көңілге бекіту керек;төртінші-ой кеселі нәрселерден қашық болу керек.Егер бір кез болып қалса,салынбау керек.Ой кеселдері:уайымсыз салғырттық”,ойыншы күлшілдік , я бір қайғыға салыну,я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді.Бұл төрт нәрсе күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер»деп ынта қоя тыңдау,естігенді ойда қайталап бекіту,көңіл күйдің әр түрлі әсерлеріне үнемі салынып,беріліп кетпеу,ерік -жігерді тізгіндеп ұстау жөнінде педагогикалық тұрғыда ақыл кеңес береді.

2.Абайдың “Алтыншы”, “Сегізінші” , “Он біріншіқарасөздері ілім-білімге ұмтылуға бөгет болатын надандық ,талапсыздық,жалқаулық мінездерді сынауға арналған.Ол бірлік,тірлік деген сөздердің мәніні аша келіп,”Алтыншы” сөзінде ...Жоқ,бірлік ақылға бірлік,малға бірлік емес десе,енді бір жерінде»ырыс алды тірлік” дейді.Ол қай тірлік?Ол осы жан кеудеден шықпағандық,па?Жоқ,ондай тірлік итте де бар....Жанын қорғалатып,жаудан қашып,еріншек атанып,еңбек қылудан қашып,қызмет қылудан қашып,еріншек атанып,өз атнып,дуниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады.Ол айтқан тірлік олар емес,көкірегі,көңілі тірі болса,соны айтады.Өзің тірі болсаң да көкірегің өлі болса,ақыл табуға сөз қыла алмайсың....Одан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық”-дейді.

3.Ар-ұят,адамгершілік мәселелері “ Бесінші”,”Он бірінші”,”Он сегізінші” сөздерінде әңгіме болады.”Отыз үшінші” сөзінде мал табудың жолдарын өнерден іздеу туралы өсиет айтады.”Егер де мал керек болса,қолөнер үйренбек керек.Мал жұтайды,өнер жұтамайды.Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі-қазақтың әулиесі сол...”-дейді.Абай:”...Тегінде,адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озбақ.Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық“(“Он сегізінші”сөз),-деген қорытынды жасайды.

4.Абай ғылым,білім,өнер жайын сөз еткенде,ең алдымен,сауданың тегін білетін өзбек,татар жұртын,өнер-ғылымның жолын қуған орыс жұртын үлгі етеді.”...хикмет те,өнер де,мал да,ғылым да-бәрі орыста тұр.Залалынан қашық болу,пайдасына ортақ болуға тілін,оқуын,ғылымын білмек керек... Әрбір жұрттын тілін,өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына(“тең болу”деген мағынада)енеді... Орыстың ғылымы,өнері-дүниенің кілті,оны білгенге дүние арзанырақ түседі”(“Жиырма бесінші”сөз),-дейді.

Абайдың көптеген өлеңдеріндегі сияқты қарасөздерінде де нақыл,мақал-мәтелге айналып кеткен айшықты сөз тіркестері жиі кездеседі.Мәселен,”Еңбек етсең ерінбей,тояды қарнын тіленбей ”,”Бақпен асқан патшадан,мимен асқан қара артық”,”Қайғысыздан сақ бол,қайғылыға жақ бол”,”Қайратсыз ашу-тұл,тұрлаусыз ғашық-тұл,шәкіртсіз ғалым-тұл”,”Биік мансап-биік жартас,ерінбей еңбектеп жылан да шығады,екпіндеп ұшып қыран да шығады”, т.б.

“Қарасөздер” Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады.Себебі,1900-1904 жылдары арасында жүрек ауруының асқынуы салдарынан ұлы ойшыл өндіріп көп еңбек жаза алмаған.Сөйтіп,ол 1904 жылы 23 маусымда 59 жасында дүниеден қайтты.



А.Құнанбаевтың «Масғұт »дастаны
Масғұт

Я, Алла, құрметіне достың Махмұт,


Тілге яр бер, білінсін тұғры мақсұт.
Һаруан-Рашид халифа заманында
Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт.
Шаһардан бір күн Масғұт шықты тысқа,
Барды ма кезі келіп бір жұмысқа?
Бір ұры бас сап тонап жатқан жерде
Кез болды бір бишара шал байғұсқа.
Шал байғұс айғайлайды аттан салып,
Айырып алған жан жоқ оны барып.
Кім де болса, бір ерлік қылайын деп,
Масғұт ұшты ұрыға оңдайланып.
Масғұтты ұры шапты қылышпенен,
Тәуір-ақ жан сақтапты жұмыспенен.
Есен-аман шал дағы құтылыпты,
Масғұттан жау қашқан соң ұрыспенен.
Масғұтқа келді әлгі шал көзін тіктеп,
Көрсе, бастан ағып тұр қан дірдектеп.
Мұның қарызын мен де өтеп кетейінші
Жігіт қой ер көкірек, жау жүрек деп:
- Ей, жігіт, не қылсаң да, ер екенсің,
Көргейсің ерлігіңнің берекесін.
Себеп боп мені ажалдан сен айырдың,
Маған қылған қарызыңды алла өтесін!
Бай емен, батыр емен, хан емеспін,
Атақты артық туған жан емеспін.
Себеп болып айырдың мені ажалдан,
Жақсылықты білмейтін шал емеспін.
Мен - бір шал дүниеде жиһан кезген,
Ертең түсте кетемін шаһаріңізден.
Ертерек пәлен жерден тосып тұрып,
Алып қал бір базарлық, жаным, бізден.
Пұл үшін қызықпассың, сен де - бір ер,
Сені маған кез кылған пәруардигер.
Бір құданың хақы үшін мен тілеймін,
Қабыл көр, сертім үшін қолыңды бер!
- Ұрыға жібермедім мен намысты,
Кім бұлдар мұндай-мұндай қылған істі.
Алла хақы деген соң амал да жоқ,
Барайын, - деп уәде етіп қол қағысты.
Ол жерге ерте тұрып жігіт барды,
Шал да душар алдынан бола қалды.
Қолынан ұстап алып, ертіп барып,
Далада бір бұзылған тамға апарды.
Барса, тамда бір гүл тұр солқылдаған,
Басында үш жеміс бар былқылдаған:
Бірі - ақ, бірі - қызыл, бірі - сары,
- Таңдап ал, мен берейін бірін саған.
Ағын жесең, ақылың жаннан асар,
Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар,
Егерде қызыл жеміс алып жесең,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар.
Ол жігіт шал сөзіне құлақ салды,
Көзін төмен жіберіп, аз ойланды.
Ақ пен сары екеуін алмаймын деп,
Қызыл жеміс жеймін деп қолқа салды.
- Мен беремін, танбаймын айта тұра,
Өкінбесең түбінде жүре-бара.
Ақ пен сары екеуін алмағаның
Мәнісін айтсаң екен, жаным, сірә.
- Мен болсам егер ағын жемек дедім,
Ақылды болдым елден бөлек дедім.

Мен ақылды билемен не қылсам да,


Ақыл мені билесе керек дедім.
Ақылды жан табылмас маған сырлас,
Көріне тентек көп надан мойын бұрмас.
Әділетсіз, ақылсыз, арсыздарды
Көре тұра, көңілде тыныштық тұрмас.
Адам дертті болмай ма құса тартып,
Тұщы ұйқы ұйықтай алмай түнде жатып.
Ептеп бағып, есерге ем таба алмай,
Тәтті тамақ жей алман дәмін татып.
Сарыны жеп, мен болсам байдың өзі,
Аузына тамам жанның болдым сөзі.
Пәленшеден бір нәрсе алсақ-ау деп,
Тігілер жан біткеннің маған көзі.
Жұрт күндер жұрттан артық байлық үшін,
Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін.
Не қылса да, надандар алмақты ойлар,
Мал антұрған күйдіріп елдің ішін.
Еңбексіз мал дәметпек - қайыршылық,
Ақылды ерге ар болар ондай қылық.
Оны ойларлық бұл күнде адам бар ма?
Пайда ойламай қылады кім татулық?
Берсең, қалар оларда несі ардың?
Бермесең, сен дағы ит бірге болдың.
Не өзің ит, немесе бар елің ит,
Дауасыз бір пәлеге міне қалдың.
Қызылды жесем, мені әйел сүйер,
Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер?
Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса,
Деп едім бір пайдасы маған тиер.
Еркектің еркек адам болса қасы,
Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы?
Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,
Сонда ұрғашы болмай ма арашашы?
Тегінде адам басы сау бола ма?
Бойында тексерілмес дау бола ма?
Ері ашу айтса, әйелі басу айтып
Отырса, бұрынғыдай жау бола ма?
Соны ойлап, қызыл жеміс мен таңдадым,
Берсеңіз, жемек болып бел байладым.
Топа-торсақ бұл сөзді айтқаным жоқ,
Басында-ақ ойлап тегін абайладым.
Бұл сөзге салып тұрды шал құлағын:
- Ендеше тауып айттың, же, шырағым.
Ақыл, дәулет әуелден өзіңде екен,
Өміріңмен артылсын, жаным, бағың!
Бұл шал бөтен шал емес, қыдыр2 еді,
Ебін тауып даруға кезі келді.
Сөзіне, ақылына, қылығына
Разы болғаннан соң, бата берді.
Сол Масғұт қыдыр шалдан бата алыпты,
Соңында Шәмсі-жиһан атаныпты.
Мағынасы: «бұл дүниенің күні» деген,
Жетіліп бізге ғибрат сөз қалыпты.
Сол заманда-ақ надандар шырыш бұзған,
Жалғанның дәмін бұзып, қауіп қылғызған
Ақыл мен мал екеуін асырай алмай,
Арашашы іздепті қатын, қыздан.
Ендігіге не сұрау бұл жалғанда?
Ақыл-ой, ар-намыс жоқ еш адамда.
Өлген мола, туған жер жібермейді,
Әйтпесе тұрмас едім осы маңда.
Сол Масғұт халифаға уәзір бопты,
Тарқатыпты алдынан көп пен топты.

Бағанағы қыдыр шал бір уақытта


Түсіне аян беріп жолығыпты.
- Ей, балам, пәлен күні жауын жауар,
Сол жауынның суында кесапат бар:
Жеті күн жынды болар суын ішкен,
Жеті күн өткеннен соң және оңалар.
Ол судан тамам суға су құйылар,
Сел болып, судың бәрі кесел болар.
Ертерек таза судан су жиып ал,
Бұл - хабарым, сақтансаң, жаным, жарар.
Бұл сөзбен халифаға Масғұт барды,
Хабарын естіген соң хан да аңғарды.
Айтқан кезі жақындап келген шақта,
Ертерек таза судан құйып алды.
Болған соң уәделі күн, жауын жауды,
Судан ішкен жынды боп, ақылы ауды.
Күні-түні шуласып, таласады,
Ұмытты тамақ жеу мен және ұйықтауды.
Бұлар шулап бір күні келді ордаға,
Хан мен уәзір қарайды тамашаға.
Бәрі де есі шығып, жынды болған,
Бос шулап жүр кіші іні, үлкен аға.
Ол халқының алдына жақын барды
Сөз айтып әрбір түрлі, ақыл салды.
- Бір кеселге, байғұстар, жолығыпсың,
Үйіңе бар ұқтаңдар! - деп шығарды.
Олар шықты есіктен ханға өкпелеп,
Көшеде шулап және жылаған көп:
- Хан мен уәзір ақылдан айрылыпты,
Өлтірейік екеуін, жынды екен, - деп
Өлтіргелі ордаға қайта жүрді,
Бұлардың сөзін естіп хан да көрді:
- Бұрынғыдан мұнысы қиын болды,
Ойбай, уәзір, ақыл тап, қайттік? - деді.
- Құтылар хал болмады мына дудан,
Біз де ішпесек болмайды жынды судан.
Өлтірер өңкей жынды бізді келіп,
Жынды деп есі дұрыс бізді қуған.
Екеуі жынды судан ішіп салды,
Құтырып көп алдына жетіп барды.
Өңкей жынды байқамай айтыппыз деп,
Құлдық ұрып, бұларға көп жалбарды.
Сонымен бет-бетімен тарқап кетті


Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Ақындарға», «Кәрілік туралы» өлеңдері

(1858-1931)
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық , әлеуметтік, рухани , мәдени, әдеби өміріне кейде айтарлықтай белсене араласып , гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаған, мол көркем мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы еді.Ол-әрі ақын, әрі прозаик,әрі аудармашы , философ , тарихшы, біршама журналистикаға да араласты.

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыс тауы бөктерінде қазіргі Семей облысы Абай ауданында туған.

Шәкәрімнің әкесі Құдайберді –Құнанбайдың тұңғышы. Құнанбайдың бірінші бәйбішесі – Найманның терістаңбалы тарауынан шыққан Ағанас бидің қызы- Күңке еді. Күңкеден – Құдайберді жалғыз.Күңке Құдайберді жалғызсырамасын деп Ұлжанның Абайдан соңғы баласы Ысқақты бауырына салып, өз тәрбиесінде өсіреді.

Құдайберді жасынан жабысқан өкпе науқасынан айыға алмай , 1866 жылдың көктемі, мамыр айының басында 37 жаста дүниеден өткен.

Шәкәрім ерте жетім қалғанмен , Құнанбайдың ерке немересі болып, бұла өсті.Ол ештемеден таршылық көрмеді.Жас шағында молда алдында дәріс алды.Тоғыз жасында шешек шығып қатты ауырғандықтан, молда алдынан біржолата аластатылады. Ол жасынан «Мың бір түн» әңгімелерін оқып, ертек айтып төгілдіре жатқа соғады екен.

Ш.Құдайбердіұлы қазақ прозасы дамуына да едәуір үлес қосты.Қазақ әдебиетінде бұрын поэзия , эпос, дастан, поэма, өлең басым болса, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында шын мәнінде көркем проза пайда болып, жедел дамығаны аян.Онда прозалық туындылар-ғылыми, философиялық, шешендік сөздері де, новеллалар да, әңгімелер де, повестер де, роман да туып, жанрлық түрлері, өзіндік формалары, стилі қалыптасты, мазмұны байыды.Міне, осы процеске Шәкәрімнің прозалық туындылары – тарихи, ғылыми, философиялық шығармалары- шежіренама «Түрік, қырғыз қазақ һәм ханлар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Бәйшешек бақшасы» әңгімелер топтамасы, «Қайғылы роман» деп атаған шығармасы, «Мәңгі сөздер» афористік топтама, «Шын бақтың айнасы» тағы басқа толғамдар қосылды.Бұлардың әрқайсысының өзіндік идеялық – көркемдік салмақ бар, бірде адам болмысын, тағдырын жан-жақты суреттеуге тырысушылық, бірде күнделікті өмір құбылыстарының кейбір көріністері арқылы толғамды ой жүйеленуі кездеседі.

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі халқымыздың тарихымен біте қайнасып жатыр.

Ш.Құдайбердіұлының белгілі бес дастаны бар. «Нартайлақ- Айсұлу », «Қалқаман- Мамыр» және «Еңлік- Кебек»- қазақ өмірінен алынған, қалған екеуі «Ләйлі- Мәжнүн», «Дубровский» - аударма туындылар.



Дүние мен өмір

Бiлiмдiлер насихат көп жазады,

Адам үшiн уайым жеп жазады.

Байқап оқып отырсам, cоның бәрi

Дүниенi «сұм», «алдамшы» деп жазады.
Мен-дағы тiршiлiкке қадам бастым‚

Рахат, бейнет, әр iске араластым.

Өмiр бойы қуанбақ жынды iсi ғой,

Кейде асып, кейде қашып, кейде састым.


Рахат көрсем, сыйдырып мақтаныма,

Таласы бар кiмнiң деп тапқаныма.

Қарсы жалдап, қайраңдап шыға бердiм,

Көнбедiм деп жалғанның қаққанына.


Қайғы көрсем: «Дүниенiң жалғандығы,–

Дедiм‚ – алдап, мiнеки, алғандығы».

Ол не десең, бұрынғы жазғандардың

Сөзi орнығып көңiлiме қалғандығы.


«Мен де соққы жедiм‚ – деп‚ – сұм дүниеден»‚

Көп жазып ем, оныма өкiндiм мен.

Ойласам, көрген бейнет, тартқан қайғы

Болыпты не бiреуден, не өзiмнен.


Дүниенiң ол туралы жазасы жоқ,

Бiз сөктi деп тоқтай ма Алла атқан оқ.

Пәрменiмен айналған шархи фәләк1 –

Күн мен ай, жұлдыз, әуе, жер менен көк.


Кiмде-кiм қайғы тартып, бейнет көрсе,

Сұм жалғанның қылғаны бұл дей берсе,

Әлбетте, бұл – тағдырға наразылық,

Түбi Аллаға қарсылық, ондайға ерсе.


Кiм үйреттi дүниенi жамандатып,

Оны сөгiп, өзiңдi амандатып?

Mұны үйреткен – бiлiмсiз шала молда,

Қу қазыққа байлаған табандатып.


Кейбiреулер жазады: «Қу өмiр»,– деп,

«Тұрағы жоқ, алдамшы, су өмiр»,– деп.

«Көрген қызық, қылған iс – бәрi де ұмыт,

Иә, көлеңке, яки түс, у өмiр»,– деп.



Жастарға

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік

Бір білімді данышпан жан табалық.
Ал, енді, олай болса, кімді алалық?

Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?

Шын іздесек, табармыз шыны ғалым,

Күнде күйлей бермелік бозбалалық.


Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!

Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр, баралық!


Білімді сол кісіден ізденелік!

«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.

«Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге» делік.

«Көп қуға көзіңізді сүзбе» делік!

«Ұқпас деп бізден үміт үзбе» делік!

«Залымдар заң үйретіп адастырды,

Бізді сал жөнделерлік ізге» делік!


Шәкәрім Құдайбердіұлының 1879 жылы жазған "Жастық туралы", "Кәрілік туралы" өлеңдері адамның өмір жасын жыр етеді. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының жазу стилінде жазылғаны да байқалады. Шәкәрімнің шығармалар жинағындағы “Кәрілік туралы” өлеңі:

Қайратың қалып,

Ақылдан танып,

Кәрілік келсе басыңа;

Кәдірің кетіп,

Заманың өтіп,

Жан жуымас қасыңа.

Кәрілік деген жұмыс бар,

Артыңда таяу бір іс бар…

Жарығың өшіп көңілден,

Кәрілік жаман өлімнен,- деп кәріліктің еш пайдасыз жақтарын айтып, ескінің көзін жамандағанын, одан өлімді тілегені, бозбалалықты, жалындаған жастықты дәріптегеніне көзіміз анық жетеді.

Ақындарға

Өлең айт дарын өрге өрлегендей,

Сезімді қозғап, тәтті ой кернегендей.

Жанды сөз бойды ерітіп, маужыратып,

Әлдилеп жыр бесігі тербегендей.
Қауымның қалауына тап келгендей,

Болғанын, болашағын айт көргендей.

Кірістен тартып жырды жебелі оқтай,

Дәл тигіз қалағанға қас мергендей.


Сүйсініп ақынға елі мән бергендей,

Өлеңмен өміріне сән бергендей.

Қадалып жүрегіне ақ қанжардай,

Оятсын бойкүйезді жан бергендей.


Ерікті билеп алсын айтылған жыр,

Сырты – гүл, жарасымды, ішінде сыр.

Жаныңның ләззат алар жарығындай,

Мәңгілік өшпейтұғын төгілсін нұр.


Үйіріліп көкейіне ұйып жатсын,

Тазартып жүрек кірін жуып жатсын.

Қаңсыған шөл даланы қанықтырып,

Жыр тасып, дариядай құйып жатсын.


Арыңның болсын өлең айнасындай,

Көрікті, көптің ортақ пайдасындай.

Жосылып жатсын артта жортқан жолы,

Арынды асқақ өзеннің арнасында




Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмалары «Еңлік –Кебек» дастаны.
Шәкәрімнің эпикалық жанрында жазған көлемді шығармалардың бірі- «Еңлік-Кебек» поэмасы.Ұлы Абай кезінде жастарға қамқорлық жасап, өзініңі жолын қуған шәкірттерін айналасына жинап, нақты тақырыптар ұсынып, үнемі бағыт-бағдар беріп, тақырыптар ұсынып отырған. «Еңлік-Кебек» поэмасына арқау болған- ел ішінде болған оқиға желісі. Абайдың баласы Мағауия да «Еңлік-Кебек» дастанын жазған. Абай өзінің шәкірттерінің талантын, жазу шеберлігін ой-өрісін салыстыра отырып бағалағанын байқаймыз. XYIII-ғасырдың 80-жылдар шамасында Шыңғыстауда өткен оқиға Шәкәрім поэмасына негіз болған. Сол замандағы жер дауы, жесір дауы ақырында қайғылы оқиғамен аяқталған. Оқиға барысында ақын қыз бен жігіт арасындағы махаббат трагедиясын жан-жақты ашып көрсетумен бірге, қоғамдық қайшылықтар, әлеуметтік жағдайларға ерекше назар аударып отырған. Дастандағы негізгі кейіпкер- батыр Кебек, сұлу қыз- Еңлік.Тобықтының қолбасшысы Тоқтамыстың інісі Кебекті жас кезінен-ақ аты шыққан ер жүрек болғанын, жастығына қарамастан әдепті, өжет, қайсар, уәдеге берік жан ретінде суреттейді. Мысалы :

Сол Кебек мықты болған жас басынан,

Тоқаң да тастамайды өз қасынан.

Жасы жас болса- дағы, жаны отты деп,

Артық көріп сыйлапты жолдасынан,- дей келе, Кебектің он бес жаста аты шықты.

Атты, жаяу бәріне бірдей мықты,

Көзі өткір, қара торы жігіт екен,

Дембелше, орта бойлы, кең иықты.

Ел қамы үшін өлуге жанын сайлап,

Соғыс десе тұрмайды қойса байлап,-

деген өлең жолдарының өзі он бес жастағы жас елі үшін жанын аямайтын, жауына қатал болғанмен, адамгершілігі мол, кішіні іні тұтып, үлкенді аға тұта білген нағыз жайсаң азамат екеніне көз жеткізеді. Кебектің осал еместігін суреттейді. Кебек тағдырына қатысты оқиға біртіндеп шиеленісе түседі. Өзінің алдағы болашағын Нысан Абыздан естіген Кебек басында көп мән бермейді.

.....Қысылып Нсыан Абыз батты терге,

Қарйды, сөз сөйлейді Кебек ерге.

Ажалың биік қабақ, сұрлау қыздан,

Батырым, ондай қызға жолай көрме, - деген Абыз сөзі Кебектей ерді қорқытып, жасытпайды, тіпті ұмытып та кетеді.

Аң аулап жүріп, сұлу Еңлікке кездескен шақта бір кездегі Абыздың айтқанын есіне алады. Аруды құлай сүйген батырдың шынайы махаббатына еш нәрсе бөгет болмайды. Бір-біріне ғашық болған екі жас қашып, тауға тығылады. Қыздың қайын-жұрты бұл іске шыдамай екі ел арасында үлкен дау басталады.

Біржолата кім тұрар бұл дүниеде,

Өлім көрмей қоя ма туған пенде?

Қарап жүріп, қаңғырып босқа өлгенше,

Еңлік үшін өлгеннің қапысы не......, деп қайсарлық танытып,адал махаббаттың азапты жолын таңдайды.Басына түскен қиыншылық Кебекті ширата түседі.Сертіне берік ер жігіт сүйген жарымен бәріне бірге бөліседі, не көрсе де бірге көреді, кімді де болса сүйсіндіріп, нағыз батырды тани түседі.Әдет-ғұрып, заңды аттап өтуге Еңліктің атастырған адамының тең еместігі бірден-бір себеп болғанын ақын дәлелдей суреттейді. Оның кім көрінгенмен ойнап күлетін әдепсіз еместігіне көз жеткізе отырып, қыздың көркіне ақылы сай, талғампаз, тәкаппар жан екенін аңғартады. Кебек батырға осындай таза, адал жанның тең келетініне ешкім шүбә келтірмейді.Ол Кебектің сынынан да сүрінбей өтеді.


Шәңгерей Бөкеев «Бұл дүние пәнилығын етеді екен»
Бір дәурен өтіп, бірі жетеді екен.

Жұрт болар бір күндегі жоқ адамдар,

Ескілер бірден бірге кетеді екен.

Өзіне халық аузын қаратқан ер,

Тіріге өлсе қадірі кетеді екен.

Өлгенді қадір етсек, қанға рауа,

Рухын құрмет қылсақ нетеді екен!

Қанға еріп адам болған туғандары

Жылында барып дұға ете ме екен?

Шайтанға шаршап тұрған ат бергенің –

«Тамұққа жақынымды жақ!» дегенің.

Жыланды жолда жатқан соқпай кетсен –

Тап болған бір ғаріпті шақ дегенің.

Кең сарай сахара да өтті күнім,

Тас болат, тар қапада шықпайды үнім.

Жалғыздық жанға батса, шер тарқатқан

Қобыздай күңіренген қайран тілім!
Қайран жерім

Әр түрлі өлең өсіп көгеріңкі

Мақпалдай төсеп салған қайран жерім.

Мақпалдай көгеріңкі төсеп салған,

Жәннеттей десем мислі емес жалған.

Жап-жасыл жер жүзінің қоштығына

Аспанда торғай шырлап еткен сайран.

Бір сағат сап ауасын татқан адам

Табады неше түрлі дертке дарман.

Сәйір етіп аруменен жүрсең мұнда,

Көкіректе қалмас еді-ау титтей арман
«Қашқын» поэмасы

Шәңгерей Бөкеев «Қашқын» поэмасын М. Лермонтовтан («Беглец») қазақ тіліне аударған. Тілдік ерекшелігіне назар аударсақ, негізінен, түрік, араб сөздері көп қолданылған. Оған поэмадағы дұшпан, шілте, шаһит, гөзел, кәуір секілді сөздер мысал бола алады. Намыстан айрылып, жаудан қашқан жанның тағдыры поэмаға арқау болады.

Шығарманың басты кейіпкері - Һарун. Поэма атасы мен ағасының жанын жауға қалдырған Һарунның еліне қашып келе жатқан тұсынан басталады. Қашқынның жүрген жолдары арқылы оқиғаның кеңістігін және уақытын дәл көрсетеді. Жердің түн жамылғанын, перделенгенін кейіптеу тәсілімен берген: Күн батты сол арада, тұмандатты, Түнеріп жердің бетін мұнар жапты. Әлпелдің күн шығыстан иісі келіп, Жер жүзі перделеніп ақшыл тартты. Ай туып, балқып жерден сары алтындай, Көтеріліп бірден-бірге жарығы артты. Ағызып маңдай терін демін алып, Келеді Һарун шаршап арып-талып. Ай жарық, тау мен тастың арасынан Таныды ауыл жұртын көзі шалып. Тым-тырыс, айналада бір дыбыс жоқ, Келеді бұқпақтаумен тасаланып.

Оқиғаның кей детальдарын беруде теңеулер қолданылған. Киіктей орғып таудан Һарун қашты, Қояндай бүркіт қуған жаман састы. Ай туып, балқып жерден сары алтындай, Көтеріліп бірден-бірге жарығы артты. Тамшыдай домаланып уақыт-уақыт, Тамады тырс-тырс етіп көздің жасы. Төсек тартып жатқан досы Сәлімге келгендегі тұсы: «Һарунға Сәлім - үйден шық, кет! - деді. Масқара болдың тамам, сен жоқ, - деді. Кісіге сендей қорқақ пана үшін Не үйім, не дүр дұғам еш жоқ, - деді»,- деп берілген. «Жаудан қорыққан қорқақ»деп үйіне кіргізбеген. Ал сүйгенінің есік алдына барғандағы қыздың салған әні: «Ар, намысқа шыдамас Жас жігіттер, шын ерлер. Қорқаққа кет дер, қарамас Таудағы сұлу гөзелдер». Осыны тыңдап тұрған Һарунның басқа амалы құрып, анасына келді. «Сөйлеме, залым, кәуір бұ жасыңды, Қимадың жақсы өлімге бір басыңды. Кет жалғыз, қашқын болған масқараңмен, Қояйын қарайтпай-ақ ақ шашымды. Қорқақ құл енді маған бала емессін, Сүрттірмен ұятыңды көз жасымды!». Ана жауабы осындай болды. Ешкімі қалмаған Һарун өз ісіне өкініп, анасы айтқан «жақсы өлімнен» қашқаны үшін, әкесі мен бауырын жау жерінде қалдырғаны үшін өз-өзін кешіре алмай, уайымына алмас қылыш нүкте қойды, өз-өзін өлтірді.

Поэманың идеясы – жаудан қашпай, тұрысып, өз-өзін өлтірген алмас қылышпен бір жаудың басын алуға болатыны, өзінің емес, елдің, жердің, қара халықтың қамын ойлап, олар үшін жанын пида қылуды айтып, ерліктің туын ұстап, еліне қалқан болуға үгіттейді.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы «Хал -ахуал», «Шайтанның саудасы », « Сарыарқа кіндігі», «Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз»
Ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті менәдебиетінің белгілі тұлғасы.Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Жайзатыс деген жерде туған. Ауыл молдасынан бес жасынан оқып, хат таныған ол 1870 жылы Хамаретдин хазіреттің медресесінде, одан кейін Бұхарадағы діни жоғары оқу орнында оқып білім алады. Жасынан өнер білімге, әдебиетке құмар болған жас ақын ауыз әдебиеті үлгілерімен жас кезінен танысып халықтық жыр-дастандарды жаттап өскен. Мәшһүр Жүсіптің:

Айрылдым дәл он бесте ақыл естен,

Жабысып бір дауасыз ауру төстен, – деген жыр жолдарына қарағанда оның ақындық жолға бой ұруы, алғашқы шығармашылық қадамы он бес жасында басталған.

1875 жылдан бастап ол оқытушы бола жүріп, шығармашылық жұмыспен айналысады.


Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз бетінен де жинау­мен айналысады.

1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. шаһарларға сапарға шығады. Ол бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толықтырады. Араб, парсы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өзбек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.

Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түркістандағы атақты Қожа Ахмет Ясауидің басындағы Әмір Темір салдырған көк күмбезін көреді. Одан әрі Сыр өңірін аралайды. Майлықожамен жолығады, жеті атасынан бері ақындық үзілмеген дуана қожа Көшек, Күдері қожа тұқымдарымен танысады.
Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлытау мен Кішітауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қылған жұртты аралайды. Осындай екінші сапарына Мәшһүр Жүсіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар шамасында шықса, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.
Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сарыарқаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тама­шамыз” атты туындылары 1907 жылы Қазан қаласындағы Құсайыновтар баспаханасынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шыққан 14 қалам иесінің шығармаларын цензура сотқа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгімелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгімелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шектелмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақындар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фольклорлық үлгілерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырларының 30-40 шақтысы топталған.

Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” және т.б. лиро-эпостық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз­торғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған.

“Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжаз­басынан көшіріп алғанын білеміз. Сондай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жырының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар.



Хал-ахуал

Жігіттер, жақсы қайда өнер шашқан,

Жүдеген ғаріптердің көңілін ашқан,

Анау озық, мен кейін қалам ба деп,

Көз салып бірін бірі шамаласқан?

Сүрініп ат аяғы кетер болса,

Дұшпан түгіл, досың да табаласқан.

Бұл жұртта сұмырай нәрсе толып жатыр,

Өтірік, ұрлық, өсек араласқан.

Өңшең сәурік, теке мен бұқашықтар

Бір-бірін сүзіп, жаншып, жараласқан.

Жақсыны өзі болған көре алмаған,

Өрт қойып жан-жағынан қамаласқан.

Ақылшы шықты бізге үй басынан,

Данышпан ойы зерек, жұрттан асқан.

Биге-пара, байларға-өсім болды,

Бой тартқан, арамдықтан бар ма қашқан?

«Сен кімнен қорқасың!» деп жел береді,

Кісі жоқ «қой» дейтұғын, жұртты басқан.
Шайтанның саудасы

Сөз қылып жаза бердім жоқтан-бардан,

Далаға от жақтырдым қалап қардан.

Бір нақыл, жұртқа таңсық жәдігер сөз

Хазірет Ғайса рухолла пайғамбардан.

Бос сөзді ауызға алып айтпаймыз біз,

Ынсапты шын құлақпен тыңдаңыз сіз.

Базарға жұрт жиылған келе жатқан

Лағынға жол үстінде ұшырапты кез.

Қысқа айттым, қылмай мылжың сөзді ұзартып,

Тыңдаушы кетпесін деп жалқау тартып.

Ол малғұн келеді екен жолмен айдап,

Он қашыр, бес есекке жүгін артып.

-Жаныңа шын сөйлесең пайда,-дейді,-

Дінің қатты, құр тілің майда,-дейді.

Сұрады тақсыр Ғайса тұра қалып:

-Барасың,-Лағынға айтты,-қайда?-дейді.

-Сен шықтың тура жолдан асып,-дейді,-

Біздерге жол қисығы нәсіп,-дейді.-

Жалпақ жұрт бара жатқан ду базарға

Барамын мен де қыла кәсіп,-дейді.

-Топыраққа бас ұрмаймын деп қылып ар,

Бұрынғы дәуреніңе сен болдың зар.

Басқа жұрт тері-терсек, жүн сатады,

Сататын, малғұн, сенің не пұлың бар?

-Жүгім бар, көрмеймісің, он бес көлік,

Келемін айуанға артып екі түлік.

Жұрттың тыныштық, бүтінін ойламаймын,

Саламын көп бас қосқан жерге бүлік.

Ақан Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы

Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы. Лирикасы мен айтыстары
XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындарының ішінде өмірімен де,өнерімен де ерекше тұлға-Ақан Қорамсаұлы.

Ақан серінің шын аты-Ақжігіт.Ата-анасы Ақан деп еркелетсе.елі сері деген ат берген.Сал-Сері –сегіз қырлы,бір сырлы,яғни әнші,күйші,ойыншы, композитор,би,спортқа бейімі ерекше үздік жаратылған өнерпаз.Олар халық мәдениетінің көрнекті өкілдері.Сал мен сері әншілік,ақындық өнері жағынан ұқсас болса да,мінез-қылығы киім-киісі,жүріс-тұрысы жағынан өзгешелігі болған.



Өмірі.1843 жылы қазіргі Ақмола облысының Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған.Діни мектепте оқыған,мұсылманша саутты.Зерек ойлы бала діни мектептегі оқуды місе тұтпай,оқуды тастап кетеді.Кейінен Қызылжардағы Уәли медресесінде 2-3 жылдай білім алды.

Ақан-жақсылық,жамандық,адамгершілік,махаббат,сүйіспеншілік,дүние, қоғам,жаратылыс жайын сырлы әнмен жеткізген суреткер,шағатай әдебиеттерімен жете таныс болған.орыс тілін де білген.

Ақан серінің өмірі Ілияс Жансүгіров айтқандай:

Тұсында сері болсын,пері болсын,

Ұнайды өмірімен Ақан маған,-

Дегендей ел-жұртқа аңыз,талай шығармаға арқау болған.Белгілі жазушы Сәбит Мұқанов өмір мектебінің бірінші кітабында серімен кездескен шақты баяндауы халықтың өнерпазға құрметін суреттеуі ерекше.

Ақан-жанына ақын әнші,домбырашы,палуан ерткен сері.Ит жүгіртіп,құс салып,жүйрік ат ұстаған.Ақынның Қараторғай деген қыран құсы,Базаралы деген жүйрік тазысы,кейіннен Құлагер сәйгүлігі ел аузына аңыз болған ,Ақан өмірінің ешкімге ұқсамайтын өзгешелігі де жүйрік пен қыранды танып,бабын біліп баға білгендігінде болса да керек.

Еңбегі.Өлеңдері.Ақан сері өлеңдерінің басты тақырыбы-достық, махаббат.Сұлулықты сезімге беріктік пен адалдықты,еркіндікті жырға қосады.Ақынның “Жайықтың ақ түлкісі аралдағы...”,”Ақ көйлек”,

ән-өлеңдерінің лирикалық қаһармандары әдемілік пен сұлулықтың белгісіндей.Жанын жадыратар сұлулықтың көркі көз тартар әдеміліктің суретін Ақан дәл жеткізеді.


Жайықтың ақ түлкісі аралдағы

Алдымнан сен бір қашқан марал-дағы...

Көзіме мұнарланып көрінесің,

Түлкіддей тұра қашқан тұмандағы.

Немесе...

Етегін ақ көйлектің алтындаған,

Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған.

Сексен қызсеруенге шықса-дағы

Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған.

Ақын суреттеуіндегі қазақтың сұлулары туралы өлеңдерінің бір тобы нақты бір адамдарға арналған.Ақтоты,Ұрқия,Жамал-ақын ғашық болған арулар.Ақан сері орындалмас арманды,қол жетпес сұлулықты әнге қосса Мақпал қыз,Балқадиша,Нұрила тілектес жанның сыры.Ақынның “Ұзатылғалы жатқан қызға”,”Ғашық жарға”,”Қыз сипаты”,”ой,қалқа”,”жайықтың ақ түлкісі аралдағы...”,”Ақмарал”,”Зағипамен алысқан хат”,”Сүмбіл шаш”,”Хат жаздым қағаз алып,қалам,сия...”,”Көңіл жыры” т.б.жырлары-қазақ махаббат лирикасының да үздік үлгілері.



Ахмет Байтұрсынов шығармалары «Маса», «Жиған терген», «Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегі

Бүгінде қайта жаңғырған Алаш зиялыларының еңбектері қазақы таным мен әлемдік мәдениетке сүбелі үлес қосуда. Алаш зиялыларының қай-қайсысы болсын, ұлтқа барын салып қызмет етуді басты мұрат еткен. Мұны олардың, ең алдымен, білім мазмұнын жетілдіруден бастағаны белгілі. «Ұлт ұстазы» Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі», – деп жазады. Иә, сөзді тану, әсіресе, әдебиетті тану – ғаламның өзегіндегі аса нәзік үйлесімділік пен әсемдікті танудан бастау алып, тіршіліктің қарапайым заңдылықтарын ұғынуға дейін жалғасады. Мұны жаратылыстың өзіндік қарапайым тілімен сөйлете білу де өнер. Сондықтан, кез келген көркем дүниенің туу, жазылу, өмір сүру тарихы, ең бастысы, оның өнер ретіндегі құндылығы – аса ауқымды мәселе.

Ахмет Байтұрсынұлы «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1914), «Жаңа әліппе» (1926-1928), «Баяншы» (1926), «Әдебиет танытқыш» атты оқулықтар, Телжан Шонанұлымен бірге «Оқу құралы» (1926-1927) деп аталатын хрестоматиялық көмекші оқу құралдарын жазды. Қазақ тілінде оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, жағрапия, шаруа-кәсіп, жаратылыс, тағы басқа ғылым салалары жайынан пайдалы мағлұматтарды білім беру жүйесінің ең тиімді жолын пайдалана отырып, ұсынды. Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұхтар Омарханұлы, Құдайберген Қуанұлы, Телжан Шонанұлы, Мағжан Бекенұлы, Міржақып Дулатұлы сияқты ұлт зиялылары туған халқының интеллектуалдық деңгейін әріден ойлап, әр салада оқу құралдарын жазды.


Мысал ретінде Ахмет Байтұр­сынұлының 1926 жылы Қызылорда қаласында баспа бетін көрген «Әдебиет танытқышын» айтуға болады. Бүгінде бұл оқулық әдебиетті қазақша танытатын бірден бір классикалық мұраға айналды. Оқулық дейтін себебіміз, автор, әрбір ұғымды түсінікті баяндай отырып, «нұсқалықты қараңыз» деп ескертіп отырады.

Бұдан, «Әдебиет танытқышты» Ахмет Байтұрсынұлы оқулық және нұсқалық (хрестоматия) түрінде екі кітап етіп, білім беру жүйесіне оңтайлап, арнайы жазғандығы мәлім болады. Бүгінде оқулықпен қауышқанымызбен, нұсқалық әзірге табылмай отыр.
Айта кету керек, «Әдебиет танытқыш» ірі теориялық еңбек ретінде де ғалымдар назарына ерекше ілікті. Мұның өзі бұл оқулықтың орта және жоғары мектеп оқушыларына әдебиетті танытқыштық қызметіне мүлде кедергі келтірмейді. Бір жағынан алғанда бұл, қазірде жиі айтылып жүрген білім берудегі оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттыруға да таптырмайтын құрал.
Мектептегі әдебиет оқулықтарында әдебиет ұғымы мен ондағы түрлі жанрлық категориялар жоғары сыныптарда өтіледі. Ал университеттерде керісінше төменгі курстарда өтеді. Бірақ, екеуінде де ешқандай жаңашылдық жоқ – бұрынғы кеңестік тәсілдің көшірмесі.

а) «Қандай шығарма болсын, белгілі бір идеяны үндейді дедік. Тақырып, оқиға, және оның құрылысы, шығармадағы қатысушылардың араларындағы тартыс, оларды суреттеу әдістері, түптеп келгенде – жазушының сол шығармадағы айтайын деген идеясына бағыныңқы», – деп көркем шығарманың тақырыбы ауқымды әрі қарапайым түрде түсіндіріледі. Онан соң сөйлеудің түрлері «жай сөйлеу», «аралас сөйлеу» деп қарапайым мысалдармен берілді.


Жетіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы бір мәселені ұғындырғанда оны түсіндірудің барлық тәсілдерін қолданады. Оқулық сонысымен ерекшеленеді. Оқушы есінде жаңа дәріс ұмытылмастай сақталады. Бір тақырыптың негізімен бірге іс-тәжірбиелік жағын өмірмен байланыстыра баяндап береді. Мәселен, көркем сөзді түсіндіре отырып, оны кімдер қолданатынын да жан-жақты айтып өтеді: «Ақындар ғалымдар сияқты болған уақиғаны, яки нәрсені болған күйінде, тұрған қалпында бұлжытпастан айтып, дұрыс мағлұмат беріп, ақиқаттануға тырыспайды, тұрған нәрсе тұрған күйінде, болған уақиға болған күйінде ақынға өте үйреншікті, жай қалыпты, жабайы көрінеді. Оның бәрін ақындар өз көңілінше түйіп, өз ойынша жорып, өз ұйғаруынша сүгіреттеп көрсетеді. Сол өзі ұйғарған түріндегі ғаламды сөзбен көрсетуге бар өнерін, шеберлігін жұмсайды, сүйтіп шығарған сөзі – көркем сөзді шығарма болады».
Сегізіншіден, термин мәселесінде бірде бір грек, латын не болмаса орыс сөзін қолданбайды. Барлығын қазақы дүниетанымнан, әрбір сөздің өз түбірінен, өз төркінен алып, соны термин етіп түсіндіреді. Бұл да оқушының өзіндік туа бітті жаратылысына лайық, ақылына қонымды тәсіл. «Мінездері ұқсас, біріңғай, бір кейіпті адамдарды кейіптес дейміз. Мінездің белгілі бір түріне кейіп беретін адамдарды кейіпкер дейміз. Жомарттық, сараңдық, батырлық, қорқақтық, түзіктік, бұзықтық – бұлар қай жұртта да болатын мінездердің жалпы кейіптері. Сондықтан мұндай мінезді адамдар жалпы кейіпкерлер болады». «Ұлы әңгіменің өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады. Онан да шағындау түрі ұсақ әңгіме деп аталады».
Осы тұрғыда «Әдебиет танытқыш» – әдебиетті танытудың шынайы тәсілдерін қолданған. Сондықтан оқырман жүрегінің төрінен орын алып отыр. Кез келген көркем шығарма жаратылыстың сырлы сыпаттарын көркем тілмен баян етеді. Біз әдебиетті тануда, талдауда көркем туындылардан сол сырлы сыпаттарды іздейміз. Ал материалдан тыс теориялар мен анықтамалар ойлап тауып, соларды материалға теліп талдау – барып тұрған сауатсыздық. Өкініштісі, біздің мектептерде сол сауатсыздық салтанат құрып тұр. Әсіресе, әдебиетті оқытуда…

\
Міржақып Дулатұлы «Шәкірт», «Оян, қазақ!»



өлеңдері, «Бақытсыз Жамал»
XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi — талантты қаламгер, қоғам қайраткері Міржақып Дулатов еді. Аумалы-төкпелі заманда елдің болашағы үшін атқарған күреске толы кызметімен де, шығармашылық мұрасымен де ол халқына аяулы, еліне құрметті. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды. Өз шығармаларында туған елін оятуға ұмтылды. Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болды. Сол себепті де М. Дулатовтың есімі мен әдеби мұрасы туралы кеңес өкіметі тұсында айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек Қазақстан өз тәуелсіздігін алған тұста ғана Міржақып халқына қайтьш оралды. Eciмі де, шығармашылық мұрасы да толық ақталды. 1991 жылы шығармалары жеке кітап болып оқырманға жетті.

Өмір жолы. Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылында дүниеге келеді. Әкесі Дулат өзіне жетерлік дәулеті, ескіше сауаты бар адам болады. 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады. 1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын больш оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркеншік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді.

1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.



Шығармашылық мұрасы. Міржақып Дулатов — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басыльш шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұньн халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы құғынға ұшырайды. Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басыльш шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді.

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамасты.
Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi — "Шағым" өлеңі.

…Бір қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді тольш жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды.

Ақын алдымен күні кеше төскейі төрт түлік малға толған бетегелі қырлардың, онда көшіп-қонған берекелі ауылдардың сәнін әсем суреттейді, ел баскарған ақылды хандар мен билерді еске алады.

Салтанат Сарыарқада кұрған қазақ,

Толықсып жүрген кеше күнің қайда? —

деп келіп, ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін, жерін қорғайтын ерлер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын іздейді. Солар бар жерде елдің берекесі де артык болмақ


Оян, қазақ!

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!

Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.

Алашағың аз ба мына дүниеден,

Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!

Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!

Ауырыңды арқала да, алға бас,

Бауырыңмен не көрінді жорғалап?!

Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ,

Ер мінезбен өр рухқа болма жат.

Ортасына жалғыз орыс кіргенде,

Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ.

Аталардан қалған асыл мұрамыз –

Туған жердің қақ төрінде тұрамыз.

Азаттығы ұмытылған ұлт болып,

«Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз.

Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз,

Сұмдық сіңген сүйекке де – Қараңыз!

Тойланады мерекеміз жат жұртша,

Ойланады өзге тілде баламыз.

Құранды да, Құдайды да сүймейміз.

Сұлу көрсек ,оңашаға сүйрейміз.

Жыртаң-жыртаң, қалжың айтып күлеміз,

Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз.

Біреу озса – күңкіл-күңкіл күндейміз,

Біреу тозса – дүркін-дүркін жүндейміз.

«Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз,

Бірақ оның не екенін білмейміз.

Дүниенің пайдасына пысықпыз.

Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз.

Бауырларға арыстанбыз, барыспыз,

Басқаларға бас игенде – мысықпыз.

Мақтаншақпыз, өтірікші, даңғоймыз,

Түтіндейміз, үрлесе де жанбаймыз.

«Жер бетінде бізден ұлы ұлт жоқ!» деп,

Өзімізді-өзіміз көп алдаймыз.

Ісіміз жоқ еске алатын тамсанып,

Селтеңдейміз әуейі боп ән салып.

Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде,

Өлгендерге әуреміз там салып.

«Қаным таза, жаным таза» дегенмен,

Көш соңында қалып қойдық неге елден?

Мойындаған күллі адамзат неміз бар?



Не шығардық ел ынтыққан, еленген?

Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бұл жанрдағы тұңғыш жетістігі, тұңғыш роман. Әдеби ортада өзінен кейінгі көтерер жүгі, мақсатты мен бағыты бір көптеген романдарға алғышарт болды. Тек көркемдік жағынан ғана емес, тіл, форма жағынан да біраз дүниелерге сара жол болғаны анық. Роман алғаш жарық көргеннен бастап қазақ әйелдерінің бас бостандығының жаршысына айналды. 1910 жылы Қазанда басылып шыққан кітап қолдан-қолға тимей қазақ арасына тез тарап кетті. Сауаттысы жатып кеп оқып көзіне жас алса, сауатсыз халық сол оқығандарды жағалай отырып тыңдайтын. Сора-сора жас алып, өз бастарындағы жағдайды жіте көріп, сезіне жәбірленетін. Негізгі өзек әйел бостандығы болған соң әйел қауымы өре түрегелді. Талай басыбайлы әйел затына ой салғаны анық. Осы әйел бостандығын екі жас (Ғали мен Жамал) арасындағы махаббат мәселесі арқылы беру, романның оқырманның жанына жол тапқан кілті десек қателеспейміз. Бұл сөзімізді қаламгердің қызы Г. Дулатованың «Ардақтап өтем әкемді» атты естелігінде (Жұлдыз, 1990, 6 сан) былай дейді: «...Бұл кітабы да елге тез тарап кетті, бізге көршілес тылдан келушілер сылтау тауып, қалап әкететін болды. Жамалдың өлеңмен баяндайтын аянышты өмірінен қыз-келіншектер өз бастарынан кешкен қайғысын, мұң зарын көрді. Романды оқығанда олар көз жастарын тыя алмай, уһілеп отыратын. Үлкендер жағы кешкі отырыстарда «Бақытсыз Жамалдың» хикаясын әңгімелесе, жастар жиын-тойларда кітаптағы өлең жырларды әнге қосып айтатын». Роман сол кездің өзінде екі рет басылып (1910, 1914) шыққандығының өзі көп дүниені айтқандай. Сол заман, сол кездің саяси көзқарасымен қарағанда бұндай тақырыптағы роман екі рет қатарынан басылу ел қалауы, талабы екендігі анық. Содан бері басылып келеді. Әлі басылып келеді. Оқырманын әсте жоғалтқан емес. Енді романның көркемдік жағына ойыссақ. Қандай шығарма болсын өз заманында, өз әлеуметтік ортасында құнды болмақ. Заманың қалай болса жасар амалың да солай болмақ. Әр әдеби туынды, көркем шығарма өз заманының көркем бейнесі. Жоғын жоқтап, барын түгендейтін жансыз жанашыры. Дәл қазір бұл романның көркемдігін осы заман талабымен, талғамымен көрсете алмасымыз анық. Ол заман келмеске кетті. Роман формасы да өлеңмен басталып, қара сөзбен өріледі. Осы тұста автордың ақындық қасиетін баса айтып кеткен абзал. Роман әр тұсында жаңа бір белес, жаңа сюжет желісіне ауысқанда өлең арқылы ауысып отырғанын байқаймыз. Ғалидың да Жамалдың да аузына автор ішкі сезімін, толғанысын өлеңмен салып отырған. Мысалы, Жұманға атастырып, малға сатып жіберген ата-анасына ренжіп былай дегені бар: Мен қайран ата-ананың сатқанына, Бір тазды жалпақ елден тапқанына. Атама мен не жазып ем қор қылғандай, Болмаса бір мінезім жақпады ма? - деген бір ауыз өлең күллі қазақ қызының арызы іспетті. Тағы бірде: Сен үшін бір басымды еттім құрбан, Шынжырлап жіберсе де Сібірге айдап, - деп шын ғашығы Ғалиға берген сертін байқаймыз. Осы тұстан екеуінің жаңа тауықыметті өмірі басталады. Романда өзінен кейін әлі күнге дейін қолданылып келе жатқан тәсіл - хат. Ғали мен Жамалдың бір-біріне хат жазып хабар алысып, бағыт-бағдар алысқаны бір дара мотив екендігі белгілі.

Ж. Аймауытов «Ақбілек» романы, «Шернияз» пьессасы
Аймауытов Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.

1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.

Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.

Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.

Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.

Аймауытовтың әдебиетпен әуестенуі 1910ж. басталады. Оның алғашқы өлеңдері мен әңгімелері, мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде, «Абай» журналында жарияланып тұрды. «Қартқожа» романы (1926), «Ел қорғаны» (1925), «Мансапқорлар» (1925), «Қанапия мен Шәрбану» (1926), «Шернияз» (1926) пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы (1929) және бір топ аударма кітаптары жарық көрген. Аймауытовтың жаңа дәуірдегі қазақ прозасын, әсіресе, роман жанрын бастаушы есебіндегі орны үлкен.

Шығармашылық мұрасы. Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Газет беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларының өзі бір төбе.

Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған "Жазушыларға", "Неғып отыр?", "Ах-ха-ха-хау", "Ұран", "Еңбекшілер ұраны" секілді өлеңдері мен "Нұр күйі" поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды.


Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романы кезінде кітап болып шыкпаған. 1927—1928 жылдары баспасөзде жарияланған. Тақырыбы жағынан ол "Қартқожа" романымен үндес. "Қартқожада" көтерілетін күрес, азаттық идеясы "Ақбілекте" одан әрі жалғасады.

Романда ескі ортадағы жікшіл тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа сипатты заманның мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлерінің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Елінде де алуан қиындыққа жолығады. Кейін төңкерістен соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады.

Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж.Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма өнерінің өрісін қаншалықты кеңейтсе, жазушының әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тіліне аударудағы тамаша аудармашылық талантын да соншалықты айқын танытты.

М.Жұмабаев өмірі, шығармалары «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін», «Туған жер», «Сырдағы Алашқа» өлеңдері, «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт» поэмалары
Мағжанның туып-өскен жері-Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Булаев ауданы.Әкесі Бекен көзі ашық,өжет,қайратты,парасатты адам болған.Болыстың қызметінің арқасында мектеп ашып,мұғалім ұстап,өз балалары мен басқа да ауыл балаларының оқуына қамқорлық жасайды.Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған,білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген.Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады,хат таниды,Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады.Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды.Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси,Сағди,Ғафиз,Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып үйренеді.

Оқуға зерек,білімге ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді.Мұнда ол шығыс тілдерін үйреніп,сол тілдегі әдебиеттерге ден қояды.Осы кезде ақындық таланты оянады.

Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып,сонан сусындайды.

Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы ”Ғалия” медресесінде жалғастырады.Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді.Бұл медреседе сол жылдары біртаай қазақ жастары да оқыған,солардың арасында халқымыздың біртуар жазцшысы Бейімбет Майлин де болған.

Мағжан-ұлы ақын.Қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезов ”Абайдан кейін Мағжанды сүйемін... Мағжан-культурасы зор ақын... Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда,бұл бар заманның шегінен асқандай... бүгінгі күннің бар жазушының ішінен келешекке бойұрып,артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз-Мағжанның сөзі,”-деп,оның ақындығын да,әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан.

Мағжан-лирк ақын,сыршыл ақын.Ақын поэзиясының ең қомақты жағы-осы лирикалары.Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген.Жан тербетеді,адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді.Ақын лирикасының тақырыптары сан алуан:туған жер,атамекен,халық тағдыры,ар-адамгершілік,шынайы махаббат,т.б.

Мағжан-қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артынша өшнес рухани мол мұра,өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кетті.

Жарты ғасырдан аса оның есімін де,шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышты.

Мағжан-эпик ақын.Оның қаламынан ”Батыр Баян”,”Қорқыт”,”Жүсіпхан” сияқты поэмалар туған.

“Батыр Баян” поэмасында өзінің халқына деген суымас перзенттік ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайлықпен түсірген.

Батыр Баян. Халқымыздың сондай ержүрек перзенттерінің бірі-батыр Баян.”Батыр Баян” поэмасы ”алашым” деп еңіреп,”майданда жолбарыстай” ерлік көрсеткен осы аруақты көкжал батырға арналған.

Баян Абылай ханның талай қанды шайқастарда ересен ерлік көрсеткен сүйікті батыры,қалың жауға қаймықпай барар жолбарысы еді.Поэмада ханның оған деген құрметті нақтылы айшықталған.

Дастанда батыр Баян ерен ерлігімен ғана емес,жан тазалығымен,ізгілігімен көрінген.Оның сол адамгершілік,азаматтық қасиеті інісі Ноянның қалмақ қызы үшін еліне де,өзіне де жасаған опасыздығы үстінде ашылады.Екі жастың бұл қылықтары біріне аға,біріне көке болған батырдың намысына қатты тиеді.Ақын батырдың сондағы жан арпалысын былайша суреттейді:

.. .Өлді ақыл,атып тұрып батыр Баян,

Боз үйден оқ жыландай шыға келді.

Батырды ақылынан адастырған не?Ол,біріншіден,батырдың қалмақ қызына деген ыстық махаббаты:

... Сол сұлу,сұлу екен атқан таңдай,

Бір соған бар сұлулық жиылғандай,

Лебізі,жібек лебі,жұмақ желі

Кәусардан татқан адам қалар қанбай.

Осы періштедей сұлу қызға батыр қалайша ынтық болмасын.Екіншіден,ең бастысы,туған інісі Ноянның қалмақ қызының арбауына түсіп,ел намысын,алаш намысын таптап кеткені.

... Құл болып бір қыз үшін болдырғаны,

Алашқа бұдан да ауыр шер бола ма?...

Поэманың екінші тарауы Баянның ерлік істеріне арналған.Дастандағы батыр Баянның қанды шайқастағы көзсіз ерліктерін бейнелеген тұстары оқушыны толғандырмай тұрмайды,бейтарап қалдырайды.Ақынның батыр қимылдары мен жан әлеміндегі арпалыстары суреттелген жерлерде сөз өрнегімен шыңына жеткізгендей.Баян соңғы демі біткенше жалғыз өзі шабысады.

. ..Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен,

Аузынан көбік болып бұрқырап қан.

Оң-солға алдаспанды сілтегенде,

Бұлақтай қалмақ қанын бұрқыратқан...



Туған жер.Мағжан өз өлеңдерінде туған жерге деген махаббат тақырыбын айрықша жыр арқауы еткен.Көптеген өлеңдерінде шынайы да,мөлдір де,пәк махаббат өзек болған.Өзінің ”Сағындым”деген өлеңінде:

Абақтыда айдан,күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой,сар даламды сағындым.

Қарашығым,құлыным деп зарлаған,

Алыстаығ сорлы анамды сағындым.

Немесе “Сүйемін”деген өлеңінде:

...Алаш деген елім бар,

Неге екенін білмеймін-

Сол елімді сүйемін!..

Сарыарқа деген жерім бар,

Неге екенін білмеймін-

Сол Арқамды сүйемін...

Деп,өзінің Сарыарқасына жүрекжарды жырын бағыштаған.Ақынның өзінің кіндік қаны тамған,шырылдар жарық дүниеге келген “Сасықкөліне” деген өлең жолдары перзенттік сүйіспеншілікке толы.

...Итиіп қарашекпен келіп қонса,

Басыңнан құсың ұшып кетер сенің,-

Деп,оның ертенгі тағдырының,ертеңгі күнінің не боларына қайғыра,қамыға ой жібереді.

Сол сияқты “Туған жер” деген өлеңі де перзенттік сүйіспеншілікпен өрілген:

...Жаралдым топырағыңнан,сен-түбім,

Жалғаны жоқ,бәрі сенен жан-тәнім.

Сенен басқа жерде маған қараңғы,

Жарық болар Шолпан,Айым,сен-Күнім.

Патшалық зұлым империяның қазақ даласын қан қақсатқан,ел басына қара бұлт үйірген,жерін тонап,ойран-топыр еткен жендеттік,жалмауыздық саясатына,елді,халықты зар илетіп,сары даланы күңіреткен зұлымдығына ақын жаны ашына тіл қатады:

...Жаралы құба жонда кім зарлаған?

Қансырап,қанын жұтып кім сарнаған?

Қайғылы сар даланы күңіреткен,

Зарына адам шыдап тұра алмаған.



С. Сейфуллин. «Сыр сандық» өлеңі мен «Көкшетау» поэмасы
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин - 1894 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстауында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыған. "Өткен күндер" атты тұңғыш өлеңдер жинағын 1914 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастары ұйымдастырған "Бірлік" қауымы басшыларының бірі болған.
1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске тілектес өлеңдерін жазған.
1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен дәріс берген. Осы жылы "Асығып тез аттандық" өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, "Жас қазақ" революциялық ұйымын құрған. "Тіршілік" газетін шығаруға ат салысқан. 3 айлық педкурста мұғалім болған.
1917 жылы қарашада "Кел, жігіттер" өлеңін жазып, Қазан төңкерісін қуана қарсы алады. Осы жылы Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды.
1918 жылы "Жас қазақ марсельезасын" жазды, "Бақыт жолында" атты пьесасының премьерасы көрсетілді.
1918 жылдың 4 маусымында ақтардың көтерілісі болып, Ақмола Совдепі тұтқындалған. Атаман Анненковтың азап вагонында 47 күн ажалмен арпалысып, Сәкен 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады.
1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, "Еңбекші қазақ" газетінің редакторы, халық ағарту комиссарының орынбасары, Қаз-КАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, "Жыл құсы" альманағы, "Жаңа әдебиет" журналы басшысы, Қазақстан Мемлекеттік институтының доценті, "Әдебиет майданы" журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметтерін атқарған.
Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық-саяси ұстанымен бедерлі айғақтайтын туындылары - "Кел, жігіттер", "Жас қазақ марсельезасы", "Жұмыскерлерге", "Жолдастар" сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ "Советстан", "Көкшетау", "Альбатрос", "Социалистан", "Қызыл ат" поэмалары. Проза саласында "Жер қазғандар", "Айша", "Біздің тұрмыс", "Сол жылдарда", "Жемістер" повестері мен "Тар жол, тайғақ кешу" атты мемуарлық роман жазған. "Бақыт жолында", "Қызыл сұңқарлар" драмалары - өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар.
Қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша еңбек сіңірген С. Сейфуллин әдебиеттің басқа жанрларында да айтарлықтай із қалдырған. Оның әдеби-сын мақалалары, баяндамалары мен сөйлеген сөздері ұлттың мәдени-рухани өміріне сергек араласқан сыншылдық ойының құнарлылығын және пәрменділігін танытады. Әсіресе, қазақ әдебиеттану ғылымында күні бүгінге дейін құнын жоймаған. "Қазақ әдебиеті" атты зерттеу еңбегінің мәні зор.

1923 жыл Сәкеннің ұлт мүддесін тереңінен ойлайтын, әсіресе, ұлт тағдырының тіл тағдырына тікелей байланысты екенін, онсыз тәуелділіктің толыққанды болмайтынын терең түсініп, күреске бел байлаған кезі болды. Большевиктер партиясының 1923 жылдың 17-25 сәуір аралығында өткен XII съезі ұлт мәселесін әңгіме еткен соңғы жиыны оны қатты ойландырады. Онда орыс мәдениеті басқа ұлттар мәдениетін жеңбей қоймайтынын, орыс ұлтының басқалардан басымдылығын нығайту жөніндегі ойлар ашық айтылған болатын. Осыны күйзеле тыңдаған Сәкен өз ұлтының тағдырына қалай қолқабыс тигізудің амалын іздейді. Ол қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге көтерілу қамын ойлап, күрделі мәселелерді көтере бастайды. Өз ұлтының арғы-бергі тарихына көз сала отырып, содан үлгі алар өнеге тұтар тұлғалардың іс әрекетін қастерлей қарастыра бастайды. Бүкіл қазаққа ілім-білім нұрын шашқан Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлын ардақ тұтқан. Елдің мүддесін тіл мүддесімен тұтастыра қаузаған Ахмет сынды дала данышпанының тағдыры қыл үстінде жүрген күннің өзінде Сәкеннің бұл қылығы үлкен адамгершілікпен астасқан өр рух нышаны еді.

Сәкен қазақ тілін кеңсеге, яғни мемлекеттік мекемеге енгізбей елде тұтастық болмайтынын, көсегеміздің көгермейтінін айтып, тікелей іске кіріседі. Қазақ тілінің беделін көтермей, қазақтың беделі көтерілмейтінін уағыздай бастайды. 1923 жылы 9 маусымда "Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек" деген мақаласын жариялайды. Жалпы тіл мүддесін қорғайтын 9 мақала жазған екен. Өзі басқарып отырған "Еңбекші қазақ" газетін тиімді пайдаланды. Сәкеннің ыждаһаттылығының арқасында 1923 жылдың 22 қарашасында Орталық Атқару Комитеті декрет қабылдаған. Сол бойынша кеңсе істері 1924 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақ тілінде жүргізілетін болған.
Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге келген өзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді.
Сәкен - қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына айрықша еңбек сіңірді. Бұл жолда Сәкен социалистік жүйені оның идеялық дем берушісі, коммунистік партияны халықтарға бақыт пен бостандық әкелуші деп сенді. Тіпті, сенбеген күнде, сөз жүзінде мейлінше тартымды коммунистік партияның саяси платформасын ұлттың көгеріп-көктеуіне пайдаланбақшы болып, жан-тәнімен қимылдады.
Сәкен - халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының мәңгі сый-құрметіне лайық біртуар тұлған.

Б. Майлин «Шұғаның белгісі», «Қара шелек» әңгімелері
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» - сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және Ғабит Мүсіреповпен және А. Ситдыковпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет