1.Тас ғасырын дәуірлерге бөлу. Адамның пайда болуы және оның даму эволюциясы. Алғашқы адамдардың әлеуметтік өміріне сипаттама. Палеолит, мезолит, неолит, энеолит дәуірлері кезеңінде Қазақстан. Неолиттік төңкеріс. 2. Батой мәдениеті. Тас дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық ескерткіштері. Өнер және діни наным-сенімдер Алғашқы қауымдық құрылыста адамдардың өмір сүру деңгейін ғалымдар болжам ғана ретінде айта алды. Сондықтан алғашқы адамның даму деңгейін археологиялық және антропологиялық зерттеу барысында мына төмендегідей мәліметтер береді: Тас дәуірінде адамдар негізінен тас құралдарды пайдаланды. Сондықтан да адамзат баласының тас құралдары өндірген уақыты – тас дәуірі деп аталады. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалды. Алғашқы адамдардың алғашқы еңбек құралдары: Қазғыш таяқ; Үшкір тас; Шоқпар.