Дисконттау - ағымдық құн арқылы пайыздық ставкасын анықтауды болашақта алынуға тиіс ақша бірлігін көрсету процесі
Пайыздар - бұл ақшаны қарыздың әр түрлі нысандарына (ссудалар, несиелер, және т.б.) капиталды ұсыну табыстары.
Пайыздық сыйақы- пайыздар бұл ақшаны қолданғаны үшін төлем
Жай пайыз - бұл тұрақты негізгі сомаға көбейтілетін пайыз ставкасы
Күрделі пайыз - бұл өзгеріп тұратын негізгі сомаға көбейтілетін пайыз ставкасы. Негізгі сома бұрын жинақталған пайыз мөлшеріне әрбір пайыз төлемінің кезеңіне сәйкес өзгереді.
Болашақ құн - бұл негізгі сомасы қазір салынған жағдайда болашақтағы белгілі бір уақытта жинақталатын сома
Ағымдық құн - бұл ақша қаражаттарының болашақ ағымымен (келуі мен кетуі) бүгінгі құны
Қаржылық рента немесе ануиттеттер- белгілі бір жылдар бойы кезекті төлемдер арасындағы интервалдары тең бір бағыттағы төлемдер ағымы
Дебиторлық борыштар – басқа тұлғаның шаруашылық субъектісіне тиесілі ақшалай борыштары
Саудалық дебиторлық қарыздар – негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылардың міндеттеме сомалары
Саудалық емес дебиторлық қарыздар- басқа да қызмет түрлері нәтижесінде пайда болады
Үмітсіз қарыз - белгіленген мерзімде, ал егер мерзім белгіленбесе, онда бұл үшін қажетті уақыт ішінде өтелмеген дебиторлық қарыздар, сондай-ақ тиісті кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген қарыздар
Шикізат деп – әдетте, ауыл шаруашылығы мен пайдалы қазбалар өнімін (астық, көмір, кен т.с.с.) атайды, ал материалдар өңдеуші өнеркәсіптердің (мата, қант, ұн т.с.с.) өнімі болып табылады.
Материалдар деп - өндірістік немесе басқа шаруашылық процесінде еңбек заттары ретінде пайдаланылатын, әрбір циклда бүтіндей тұтынылатын және өздерінің құнын өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыстың және көрсетілетін қызметтің құнына толығымен қосатын субъектінің материалдық-өндірістік босалқыларының бір бөлігін атайды.
Сатып алынған шала фабрикаттар, құрастырмалы бұйымдар, құрылғылар мен бөлшектер деп - кәсіпорынның өндірістік циклында тұтынылатын және өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрайтын одан арғы өңдеу немесе жинақтау шығындарын қажет ететін сырт кәсіпорындардың өнімдерін атайды. Мысалға сатып алынған шала фабрикаттарға құрылыс конструкцияларын жатқызуға болады.
Отын - көлік құралдарын пайдалануға, өндірістегі технологиялық қажеттіліктерге, энергия өндіруге және ғимараттарды жылытуға арналады. Отынның бірнеше түрлері болады: мұнай өнімдері (мұнай, дизельдік отын, керосин, бензин), сүйекті отын (көмір, сексеуіл, ағаш), газ түріндегі отын.
Ыдыс және ыдыстық материалдар деп - әр түрлі материалдарды және өнімдерді орау, тасымалдау, сақтау үшін пайдаланылатын заттарды (қаптар, жәшіктер және қораптар), сонымен қатар ыдыстарды дайындауға және оны жөндеуге кететін материалдар мен детальдарды (жәшік жасауға кететін бұйымдар, бөшкенің қалақ бөлшегі, дөңгелек темір және басқалар) атайды.
Қосалқы бөлшектер машиналардың, жабдықтар мен көлік құралдарының тозған бөлігін жөндеу және ауыстыру үшін пайдаланылады. Қосалқы бөлшектерге басы артық және айналымда жүрген автомобиль дөңгелектері де жатады. Басқа да материалдар деп ақаулары жөнделмейтін материалдарды, сонымен қатар осы кәсіпорында материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер құрамында пайдаланылмайтын негізгі құралдарды есептен шығарудан алынған материалдық құндылықтарды (металл қалдығы, ескі шикізаттар, тозған доңғалақ) атайды.
Өндірістің қайтарымды қалдықтары деп өнімді өндіру процесінде пайда болған бастапқы тұтынушылық қасиеттерін толығымен немесе жарым-жартылай жоғалтқан шикізат пен материалдардың қалдықтарын (үгінділер және басқалар) атайды.