Зерттеубарысындақолжеткізгеннәтижелер: Т.Әсемқұловтың да, Ж.Қорғасбектің де зерттеу нысаны болған шығармалары ойын қағидасына құрылғандығы айқындалды;
«Бекторының қазынасы» повесі мен «Өлмейтін құстар» әңгімесінде қосарлы симулякр әдісі қолданылғандығы анықталды;
«Бекторының қазынасы» повесінде классикалық әдебиетке тән танымдық-тәрбиелік қыры да, постмодернизмнің абсолютті мойындамау, оппозицияға күмәнмен қарау тұжырымдары да қамтылғандығы дәлелденді;
Ж.Қорғасбек «Өлмейтін құста» жасалған тәжірибесінде әңгімені толықтай симулякрдің ережесіне бағындыра алмағанымен, ондағы мәтін тұтастығының бұзылуы, ойын қағидасы сынды тәсілдермен бірлікте постмодернистік шығарма тудырудағы терең ізденіске барғаны анықталды;
Екі автордың да шығармаларынан кино туындыларына жақындықты байқай алдық.