Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж


Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы



бет15/48
Дата12.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#135299
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48
Байланысты:
Диссертация Сәулембек Г.Р.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері қазіргі қазақ әдебиетін және оның даму заңдылықтары мен үрдістерін, постмодернизм мәселелері мен отандық әдебиеттегі көрінісін зерттеуде дәйекші дереккөз бола алады. Сонымен қатар орта, арнайы, жоғары мектептерде, жоғарғы оқу орындарында өтілетін «Қазіргі қазақ әдебиеті»,
«Әдебиет теориясы», «Әдебиет поэтикасы» сияқты арнаулы курстар мен семинарларда оқу материалы ретінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар. Зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдарды қорғауға ұсынуға болады:

  • постмодернизм – танымға қарай өзгермелі эстетикалық, философиялық ғылыми-теориялық концепциялардың жиынтығынан тұратын бағыт;

  • қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизм мәдениеттер тоғысында орын алған құбылыстарды көркем әдебиетте плюралистік сана арқылы қайта пайымдауға негізделген тенденциялық сипатқа ие;

  • қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизм Батыс Еуропа, АҚШ, Ресей авторлары прозасынан өзіндік сипаттарымен ерекшеленеді. Қазақстанда саяси жүйенің ауысып, демократиялық қоғамның құрылуына байланысты прозадағы постмодернизм әлеуметтік-мәдени, идеологиялық, моральдық қайшылықтарға бағытталып, формалық жағынан тәжірибеге негізделді;

  • қазақ прозасындағы постмодернизм формалық ізденістерге негізделетіндіктен, көп жағдайда жазушылар шығармаларында авторлық позициядан бас тарта алмаған;

  • қазіргі постмодернистік прозадағы көркемдік тұтастықтың бұзылуына себепші интертекст, симулякр тәсілдері оқырманмен ойын мақсатында пайдаланылып, постмодернизмнің «автордың өлімі», бинарлық оппозицияға қарсылық тұжырымдамаларымен ұштастырыла қолданылған. Мұндағы интертекст автор-мәтін-оқырман үштігіне құрылған;

  • қазақ жазушыларының шығармаларында постмодернизм мәтін тұтастығына (деконструкция), үлкен идеяларға, иерархияға, этикаға, моральдық құндылықтарға негізделген классикалық шығарманың мақсаты мен мазмұнына жасалған ирония арқылы көрініс тапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет