Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж



бет27/48
Дата12.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#135299
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Байланысты:
Диссертация Сәулембек Г.Р.

часть материалов присылается самими читателями и публикуется после проверки редакцией.) [74], «Онлайн досы: Қолдады да артынан осы жазбаны жіберді. Роберт Болт (Ро берт О кстон Болт (англ. Robert Oxton Bolt, 15 августа 1924, Сейл (Большой Манчестер), Англия — 21 февраля 1995, Питерсфилд, графство Хэмпшир) — английский драматург, киносценарист, режиссёр и актёр.) [75] дегенді білмейтін едім, гуглдің айтуынша алып бара жатқан әулие емес, тіпті ешкім де емес сияқты», «Бізге Питер Норвигпен (Питер Норвиг (англ. Peter Norvig) – американский учёный в области вычислительной техники. В данный момент работает директором по исследованиям (ранее директор по качеству поиска) в корпорации Google) [76] жақсылып кеңесу керек». Өзі мәтінге ендіріп отырған аралық мәтіндерді сол ғаламтор желісі арқылы оп-оңай тауып алуға болады және сол арқылы оқырманның мәтінге тереңдей еніп, мәтіннен тыс ақпараттар алып, оны «толық» оқуға мүмкіндік туады. Ғаламторлық ізденіс арқылы авторлық сілтемелердің мәніне қанығамыз.
Мұнан өзге мәтінде авторы көрсетіле берілген дәйексөз де кездеседі. Онлайн досы жіберген хабарламада Роберт Болттың «Біз шынтуайтында ашкөздік, ашу-ыза, менмендік, жалқаулық, нәпсіқорлық пен ақымақшылық, әдетте, әдептілік, пәктік, төзімділік, әділдік пен ақылгөйліктен гөрі адамдарға көбірек пайда әкелетіндігін көреміз де, осыдан кейін, ең құрығанда, адам болып қалардай таңдау жасауымызға тура келетіндіктен... неге ғана бізге зұлымдыққа аз да болса қарсыласуға тырысып көрмеске – тегі қаһарман атымыз шығып кетуі қауіп болса да» деп жіберген хатын автор бедел дағдарысын көрсетуге пайдаланған. Осы хатты алғаннан кейін нерд-Телқоңыр мен оның онлайн досы арасында мынадай әңгіме өрбиді:
Ол: Негізі ойлану керек жазба ма еді? Кешір, бірақ мені қызықтырмады.
Онлайн досы: Бұл жазбаны маған Техас штатындағы философ танысым жіберді.
Ол: Философия меніңше, түкке тұрмайды.
Онлайн досы: Мен оған екеуміздің дайындап жатқан жобамыз туралы айтқан едім.
Ол: Не дейді?
Онлайн досы: Қолдады да артынан осы жазбаны жіберді. Роберт Болт дегенді білмейтін едім, гуглдің айтуынша, алып бара жатқан әулие емес, тіпті ешкім де емес сияқты [70].
Шындығында, Роберт Болт – ағылшынның атақты драматургі, киносценарисі, режиссёрі және актёрі. «Доктор Живаго» және «Человек на все времена» атты фильмдері үшін екі рет «Оскар» сыйлығын алған. Сондай-ақ, екі рет BAFTA сыйлығын, үш рет «Алтын глобус» сыйлығын алған, Британ империясы орденінің иегері [75]. Оны шығарма кейіпкері «ешкім емес» десе, ғылымдардың атасы философияны «түкке тұрғысыз» дейді.
Жоғарыда атап өткен «Буве нүктесі» және «Нерд» әңгімелері автордың көптеген шығармалары секілді мәтін, сурет, музыка үштігінен тұрады. «Буве нүктесі» ғаламтордан алынған авторы белгісіз суретпен безендіріліп (4-суретке қараңыз), Зейнеш атты әншінің орындауындағы «Сүймеймін мен» атты әнмен әрленсе, «Нерд» авторы белгісіз суретпен безендіріліп (5-суретке қараңыз), орындаушысы белгісіз қобызда ойналатын «Қазақ рухы» күйімен әрленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет