Диссертация тақырыбы бойынша қазіргі таңда болашақ мұғалімдердің кәсіби ұтқырлығын қалыптастыру үшін, белседіліктерін жоғары деңгейде көтеру үшін не істеу керек?, тәрбие жұмысын қалай ұйымдастыруы қажет? қандай жоспарлар құру керек?, мақсаты



Дата29.01.2020
өлшемі24,98 Kb.
#56785
түріДиссертация
Байланысты:
отчет

Ф.7.27-04
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика және мәдениет» факультеті
«Жалпы педагогика және музыкалық білім» кафедрасы

Магистранттың есебі

Зерттеу іс-тәжірибесі
6M010300 - "Педагогика және психология"


Есеп мынадай бағамен

қорғалды


_____________

(баға, күні)



Орындаған магистрант:
Жұмабай Малика Әшірханқызы

Комиссия мүшесі:

_________
_________



Жетекшісі ______________

(қолы)

________________

(баға, күні)




Қуатова Ж.Ж_____

(жетекшісінің аты-жөні)


Шымкент 2019 ж.

Мазмұны


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 8


КІРІСПЕ

6М010300-Педагогика және психология мамандығының 1 курс МПИ-18-1нк тобының магистранты Жұмабай Малика Әшірханқызы зерттеу іс-тәжірибесін 02.09-25.10.2019ж. аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  ТО мен Шымкент қаласы бойынша  ПҚБАИ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында  өтті.

Магистрлық диссертация тақырыбым «Болашақ мұғалімдерді мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбие жұмысын ұйымдастыруға дайындау». Диссертация тақырыбы бойынша қазіргі таңда болашақ мұғалімдердің кәсіби ұтқырлығын қалыптастыру үшін, белседіліктерін жоғары деңгейде көтеру үшін не істеу керек?, тәрбие жұмысын қалай ұйымдастыруы қажет? қандай жоспарлар құру керек?, мақсаты не?, маңызы не?, қоғамдық өмірде алатын орны, кәсіби ұтқырлық деңгейі қаншалықты көлемде, және тағы да басқа осындай мәселелерді шешу жолдарын қарастырып жұмыс жасап жатырмын. Болашақта кәсіби ұтқырлық деңгейінің жоғары болуы үшін арнайы әдістемелік құралдар, сонымен бірге білім беру саласында осындай бір пәннің өтілуі үшін өз үлесімді қосамын. Ал осы ғылыми диссертация тақырыбымда болашақ үшін пайдалы мәліметтер жинақтаудамын. Мен болашақ жастарды тек жақсы жағынан көрсететініне сенімім мол, болашақ үшін аянбай еңбек етемін.

1. Зерттеу іс- тәжірибесінің өту орны мен мерзімі.

6D010300-Педагогика және психология мамандығының 1 курс МПИ-18-1нк тобының магистранты Жұмабай Малика Әшірханқызы зерттеу іс-тәжірибесін 02.09-25.10.2019ж.. аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  ТО мен Шымкент қаласы бойынша  ПҚБАИ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында  өтті.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  ТО мен Шымкент қаласы бойынша  ПҚБАИ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызмет бағыттары, нормативті құжаттарымен, оқу-әдістемелік жұмыстарымен, мамандық бойынша пәндердің бағдарламасымен және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныстым.

2.Зерттеу іс-тәжірибесінің мазмұны мен магистранттың жүргізілген жұмыстарына сипаттама.

03.09.2018 ж. күні іс-тәжірибе мазмұнымен және тапсырмаларымен таныстым. Іс-тәжірибе бойынша еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау жөнінде нұсқаулығы өткізілді.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  ТО мен Шымкент қаласы бойынша  ПҚБАИ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының құрылымы және оқу жұмыс жоспарымен таныстым. Іс-тәжірибе барысында зерттеу жұмысы бойынша жұмыстар жасадым. Әдебиеттермен жұмыс жасауды, материалдарды талдау, саралауды, өз зерттеу жұмысыма қатысты материалдарды жинақтадым.

Жоғары оқу орнында болашақ хореографтардың кәсіби ұтқырлығы негіздерін қалыптастыру мәселелеріне арналған материалдар іздестірдім.

Біліктілікті арттыру курстары тыңдаушыларымен диссертациялық зерттеу тақырыбы аясында сұхбат жүргіздім

Курс тыңдаушыларымен жоғары оқу орнында болашақ хореографтардың кәсіби ұтқырлығы негіздерін қалыптастыру мәселелеріне арналған арнайы анкета жүргіздім.

Жоғары оқу орнында болашақ хореографтардың кәсіби ұтқырлығы негіздерін қалыптастыруда педагогтардың озық тәжірибелері туралы мәліметтер жинақтадым.

Жоғары оқу орнында болашақ хореографтардың кәсіби ұтқырлығы негіздерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын жетілдірудің бағыттары туралы курс тыңдаушыларымен пікір алмастым

Курс тыңдаушыларымен сұхбат, интервью және анкеталау барысында жиналған материалдарға сараптама жүргіздім



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 8

3. Кітапханаларда жұмыс, әдебиеттерді зерттеу.

4. Семинарлар мен конференцияларға қатысу.

04.09.2018-26.10.2018 ж. аралығында келесі іс-шараларға қатыстым:

05.09.2018 Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Л.Т.Искакованың қатысуымен семинар өтті, онда жаңа ғылыми материал шығарылды, оның барысы жүйеленді, профессордан диссертациялық жұмыстарды жазу, әдебиетпен айналысу және т.б. туралы көптеген пайдалы және қажетті ұсыныстар алынды.

Дәріс курсын тыңдады: Абашева П.А. - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогтың кәсіби дамуына психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының меңгерушісі - «Ғылыми-зерттеу жұмыстарының логикасы мен әдістемесі» және т.б., сондай-ақ практикалық сабақтарға қатысты.



2018 жылы 14 қыркүйекте Астана қаласында өткен «Тиімді оқыту әдістемесі» тақырыбында мастер-классқа қатысты. «Жеке тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының оқытушысы Г.Е. Қуанышбек. Мастер-класс мақсаты: мұғалімдерге жаңартылған білім беру бағдарламасының идеяларын жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсету, рефлексиялық ойлау дағдыларын жетілдіру және оқу үдерісін жоспарлау, оқыту мақсаттарына қол жеткізудің тиімді әдістері мен стратегияларын зерделеу және талдау.

03.10.2018 «Жаратылыстану және математикалық пәндерді оқытудағы STEAM технологиясының ерекшеліктері» атты аймақтық форум өтті. Талқылаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының жаратылыстану-математикалық пәндер сабақтарында оқытудағы STEAM технологиясының перспективалары және білім беру саласындағы проблемалық мәселелерді талдау. Форум Шымкенттің № 52 орта мектебінің базасында химия және биология мұғалімдері үшін өткізілді.
19.10.2018 жылы «Өрлеу» Орталығы ғылыми-білім беру орталығы »АҚ филиалы« Ғылым мен табиғи (гуманитарлық) пәндерді оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістемесі» кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  ТО мен Шымкент қаласы бойынша  ПҚБАИ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Әдістемелік орта білім мазмұнын жаңарту аясында гуманитарлық ғылымдарды оқытудың ерекшеліктері».

5. Ғылыми мақаланы жазу, жариялымдар.

р/н


Жұмыс атауы

Жұмыс түрі

Шығыс құжаттары

Көлемі

Авторлар


1

2


ФОРМИРОВАНИЕ ОБЩЕСТВЕННОГО СОЗНАНИЯ СТУДЕНТОВ НА ОСНОВЕ ПРОГРАММЫ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА СТУДЕНТТЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУДЫҢ МАЗМҰНЫ



ғылыми мақала

"QAZAQNANY" республикалық ғылыми журналы

"Қазақстанның Ғылымы мен өмірі" халықаралық ғылыми-танымдық ғылыми журналы



0,4 б.т

0,7-б.т


Алметов Н.Ш.

Жұмабай М.Ә




6. Диссертациялық зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Жоғарғы оқу орнында болашақ хореографтардың кәсіби ұтқырлығы негіздерін қалыптастыру мәселесін зерттеу аясында іс-тәжірибе барысында "Өрлеу" ҰБАО Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты базасында зерттеу тақырыбы бойынша курс тыңдаушыларын анкеталау жүргізілді. Анкета сұрақтары педагогикалық ұтқырлықты дамытудың қазіргі мәселелері мен ағымдағы хал-күйін анықтауға арналады.

Курс тыңдаушылары - респонденттерге қойылған сұрақтарға берілген жауаптарды талдау нәтижелері мынандай: "Кәсіби ұтқырлықтың маман тұлғасының кәсіби дамуындағы рөлі мен маңызын қалай бағалайсыз?", - деген сұраққа 61,2% респонденттер "жоғары" деп жауап берген. 22,4% ремпонденттер кәсіби ұтқырлықты дамыту мәселесінің маңызына жеткілікті мән бермейтіндігін білідірген. 16,4% респондеттер "жауап беруге қиналамын" деген пікірді білдірген.

"Кәсіби ұтқырлық" ұғымының мән-маңғынасын ашып көрсетуге арналған сұраққа респонденттердің 54,3% аталмыш ұғымның 2-3 ерекшеліктерін атап көрсетсе, 31,2% респонденттер 1 ғана сипатын атап көрсеткен, немесе бұл ұғым туралы түсініктері жоқтығын білдірген.

"Кәсіби ұтқырлықты дамыту бағытында қандай іс-қимылдарды жүзеге асырасыз?" деген сұраққа респонденттердің 48,4% "біліктілікті арттыру курстарында оқу", 59,8% "семинарларға және тренингтерге қатысу", 39,1% "педагогикалық шығармашылық пен айналысу", 48,3% "кәсіби қарым-қатынас аумағын кеңейту" деп жауап берген.

Курс тыңдаушыларының жауаптарынан олардың басым көпшілігі "кәсіби ұтқырлық" ұғымын "кәсіби шығармашылық" немесе "академиялық ұтқырлық" ұғымдары мен шатастырып отыратындығы мәлім болды.

"Кәсіби ұтқырлықты дамытудағы қандай мәселелерді атап көрсете аласыз?" деген сұраққа респонденттер "маманның кәсіби өсуінің бәсеңдеуі", "бір орында бір деңгейде ұзақ жылдары жұмыс істеу", "кәсіби санаттың өспеуі" деген жауаптар берген.

Сауалнама нәтижелерін талдау мынандай қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:

-респонденттердің басым көпшілігі кәсіби ұтқырлықты дамыту мәселесі бойынша жеткілікті білім мен даярлық деңгейіне ие емес.,

Кәсіби ұтқырлықтың мәні мен маңызын мамандардың басым көпшілігі жеткілікті дәрежеде бағаламайды. Сондыктан озіндік кәсіби іс әрекет үрдісінде кәіби ұтқырлықты дамыту бағытында нақтылы іс қимылдарды жоспарламайды және жүйелі іс әрекеттер жасамайды.

Педагог мамандардың кәсіби ұтқырлығы және оны жүйелі дамыту бағытындағы іс әрекеттерды бүгінгі күн талаптарына сай келмейді.

7. Зерттеу іс-тәжірибесінің есебін ұсыну және қорғау.

Жинақталған материалдарды қорытындылап, зерттеу мәселесінің тәжірибедегі жағдайы туралы тұжырымдар жасадым. Іс-тәжірибе бойынша есеп дайындап, қорғадым.



Қорытынды

Іс-тәжірибе барысында Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  ТО мен Шымкент қаласы бойынша  ПҚБАИ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кітапханасында зерттеу жұмысыма қатысты материалдар жинақтадым. Отандық және шетелдік әдебиеттермен жұмыс жасадым. Зерттеу жұмысымның бірінші тарауы, яғни теориялық бөлім бойынша жұмыстар жасадым. Зерттеу жұмысымның мақсат, міндеттерін, әдістерін нақтыладым. Жинақталған материалдарға сандық және сапалық талдау жасадым, тақырыбыма қатысты диссертациялармен жұмыс жасадым, жинақталған материалдарды қорытындыладым. Зерттеу тақырыбым бойынша мақала дайындадым. Іс-тәжірибе бойынша есеп дайындадым.



магистрлық диссертация тақырыбым «Болашақ мұғалімдерді мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбие жұмысын ұйымдастыруға дайындау». Диссертация тақырыбы бойынша қазіргі таңда болашақ мұғалімдердің кәсіби ұтқырлығын қалыптастыру үшін, белседіліктерін жоғары деңгейде көтеру үшін не істеу керек?, тәрбие жұмысын қалай ұйымдастыру қажет? қандай жоспарлар құру керек?, мақсаты не?, маңызы не?, қоғамдық өмірде алатын орны, кәсіби ұтқырлық деңгейі қаншалықты көлемде, және тағы да басқа осындай мәселелерді шешу жолдарын қарастырып жұмыс жасап жатырмын. Болашақта кәсіби ұтқырлық деңгейінің жоғары болуы үшін арнайы әдістемелік құралдар, сонымен бірге білім беру саласында осындай бір пәннің өтілуі үшін өз үлесімді қосамын. Ал осы ғылыми диссертация тақырыбымда болашақ үшін пайдалы мәліметтер жинақтаудамын. Мен болашақ жастарды тек жақсы жағынан көрсететініне сенімім мол, болашақ үшін аянбай еңбек етудемін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет