Диссертация туралы ереже тің -ші беті


Магистрлік диссертациялар беттерін нөмірлеу



бет5/14
Дата06.02.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35682
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
8.3 Магистрлік диссертациялар беттерін нөмірлеу

8.3.1 Магистрлік диссертацияның беттерін, диссертацияның бүкіл мәтінінің толассыз нөмірленуін сақтай отырып, араб цифрларымен (кегіл 12) нөмірлеу қажет.Беттердің нөмірі беттің төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.


8.3.2 Титулдық бет беттердің жалпы санына кіреді. Титулдық бет нөмірленбейді.
8.3.3 Жекелеген беттерде орналасқан безендірулер мен кестелер диссертация беттерінің жалпы нөміріне кіреді.
8.3.4 А3 формат парағындағы безендірулер, кестелер бір бет ретінде есепке алынады.

8.4 Магистрлік диссертацияның бөлімдерін, шағын бөлімдерін, тармақтарын, тармақшаларын нөмірлеу


8.4.1 Магистрлік диссертация бөлімдері бүкіл құжат шегінде нүктесіз араб цифрларымен таңбаланған және жаңа жолдан шегініспен жазылған реттік нөмірге ие болуы керек. Шағын бөлімдер әрбір бөлім шегінде нөмірлерге ие болуы тиіс. Бөлімнің нөмірі бөлімнің және нүктемен бөлінген шағын бөлімнің нөмірлерінен тұрады. Бөлімдер,шағын бөлімдер сияқты бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.


8.4.2 Егер құжат шағын бөлімнен тұрмаса, ондағы тармақтардың нөмірленуі әрбір бөлім шегінде болуы тиіс және тармақ нөмірі бөлім мен нүктемен бөлінген тармақтың нөмірлерінен тұруы тиіс. Тармақ нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Егер құжаттың шағын бөлімдері болса, онда тармақтардың нөмірленуі шағын бөлімнің шегінде болуы тиіс және тармақтың нөмірі бөлімнің, шағын бөлімнің және нүктелермен бөлінген тармақтың нөмірлерінен тұруы тиіс.
8.4.3 Егер мәтін тармақтарға ғана бөлінетін болса, онда олар бүкіл магистрлік диссертация жұмысының шегінде реттік нөмірлермен нөмірленеді.
8.4.4 Тармақтар қажет болған кезде әрбір тармақ шегінде реттік нөмірге ие болуы тиіс немесе тармақшаларға бөлінуі мүмкін, мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2 және т.б.
8.4.5 Магистрлік диссертацияның әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан (беттен) бастау керек.
8.4.6 Магистрлік диссертация құрамына кіретін беттер мен қосымшалар нөмірлері толассыз нөмірленуі тиіс.

8.5 Безендіру


8.5.1 Магистрлік диссертацияда безендіруді (сызулар, карталар, кескіндер, сызбалар, диаграммалар,фотолар) бірінші айтылатын мәтіннен кейін тікелей немесе келесі бетте орналастыру ләзім. Безендірулер компьютер көмегімен орындалуы, сонымен бірге, түрлі - түсті түрде орындалуы мүмкін.


Диссертацияда барлық безендірулерге сілтеме берілуі тиіс.
8.5.2 Безендіру «сурет» сөзімен таңбаланады. Егер сурет біреу болса, онда ол «Сур. 1» болып таңбаланады. «Сур.» сөзі мен оның атауы беттің ортасында орналасады (кегіл 12). Безендірулердің нөмірленуі магистрлік диссертация шегінде толассыз (араб цифрларымен таңбаланады). Мәтінде әрбір безендіруге сілтемелер беру міндетті. Безендірулерге сілтемелер жасау кезінде «Сур. сәйкес» деп жазған ләзім.
8.6 Кестелер

8.6.1 Сандық (цифрлық) материал ереже бойынша кесте түрінде рәсімделеді. Кестелерді рәсімдеу мысалы 1-суретте келтірілген.


8.6.2 Кестені ауыстыру кезінде тақырыптан кейінгі жолға кесте нөмірі көрсетіле отырып қосылуы тиіс. Кестені жалғастырғанда оның атауы тасымалданбайды, бірақ нөмірі көрсетіледі.
8.6.3 Диссертацияда барлық кестелерге сілтемелер жасалынуы тиіс. Сілтеме жасау кезінде оның нөмірі көрсетіле отырып «кесте» сөзін жазған ләзім.
8.6.4 Жолдар саны көп кестені келесі параққа (бетке) ауыстыруға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін келесі параққа (бетке) ауыстыру кезінде «Кесте» сөзі мен оның нөмірін кестенің бірінші бөлігінің үстінен, оң жағынан бір рет көрсетеді, қалған бөліктерінің үстінде «Жалғасы» сөзі жазылады және кестенің нөмірін көрсетеді, мысалы: «1-кестенің жалғасы». Кестені өзге параққа (бетке) ауыстыру кезінде тақырып оның бірінші бөлігінің үстінде ғана орналасады.

Кесте 1





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет