Диссертациялық ЖҰмыс тақырыбы: «Қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудиті» «6М050800 -есеп және аудит»



бет2/2
Дата22.05.2022
өлшемі0,63 Mb.
#144680
түріДиссертация
1   2
Байланысты:
Қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудиті

ҚОРЫТЫНДЫ

Нарықтық қатынастарға өтумен, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәсілдері де өзгерді. Бұрынғы кездегі мемлекет тарапынан есеп процесінің қатаң шектелуінен қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың мемлекеттік реттеу және өздігінен ұйымдасудың саналы үйлесуіне көшті. Осы процеске жаңа әдістемелер қолданудың мәні - мемлекет бекіткен бухгалтерлік есептің жалпы ережелерінің негізінде кәсіпорындар есеп алдында тұрған мәселелерді шешу үшін өз беттерінше есеп саясатын құрады.


Қазіргі кезде қысқа мерзімді активтер есебі бухгалтерлік есептің ортақ жүйесінде жетекші орындарының бірін иеленеді. Қысқа мерзімді ақтивтер құрамына ақша қаражаттары, дебиторлық берешек, тауарлы-материалдық қорлар кіреді.
Барлық өндіріс процесінде ақша қаражаттары қатысады. Ақша қаражаттары өтімді (ликвидті) активтерге жататын активтердің бірі. Олардың есебін дұрыс және дер кезінде жүргізу бухгалтердің негізгі мақсаты болып табылады.
Өндірістік процесте материалдық құндылықтардың атқаратын рөлі жоғары.Материалдық құндылықтардың есебі 2 ХҚЕС және 2 ҰҚЕС сәйкес жүргізіледі.
Материалдық құндылықтарсыз өндірістік процестің бір де бір циклі жүргізе алмайды.
Қысқа мерзімді активтер есебі қазіргі кезде өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар аудиторлық тексерудің мәні күннен күнге өсуде.
Осы диссертациялық жұмыстың тақырыбы бүгінгі күнге өзекті.
Диссертациялық жұмыстың зерттеу объектісі болып «Интесис» ЖШС болып табылады. Серіктестіктің келесідей негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • Ақпараттық технология саласындағы қызмет;

  • Жергілікті линиялардың жүйесін қолданумен байланысты емес телекоммуникация қызметі;

  • Күрделі бағытталган ақпараттық, ақпараттық есептегіш жүйелерді жобалау, құру, дамыту және қолдану технологиялық процесстерді және өндірісті басқару;

  • Компьютерлік техниканың электрондық құрылымының әр түрлі түрлерін және оргтехниканы өндіру, жинау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

  • өнімдерді өндіру және алу үшін жаңа технология және инвестицияларды енгізу;

  • консалтингтік, ғылыми-зерттеулік тәжірибелі конструкторлық жұмыстарды, өнеркәсіптік және өндірістік әр түрлі салаларында маркетінгі жүргізу;

  • сауда-делдалдық қызмет;

  • Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін басқа қызмет түрлері.

Кәсіпорынның қаржылық есептілік үлгілерін қолдана отырып, диссертациялық жұмыста талдау жүргізілді. Талдау барысында серіктестік есепті жылы өнімді (қызмет, жұмыстарды) өткізуден түскен табыс есеп беру жылы былтырғы жылмен салыстырғанда +527701,4 мың теңгеге өскен. Оның сомасы есеп беру жылы 1060148,5 мың теңгені құрады. Еңбек потенциалы да серіктестікте өсіп отыр.
Кәсіпорынның өндірістік потенциалы болып негізгі құралдар табылады. Олардың сомасы былтырғы жылы 3236,6 мың теңге болса, есеп беру жылы 5977,9 мың теңгені құрап отыр. Оның өскенін көріп отырмыз. Сонымен қатар ағымдағы активтер сомасы да есеп жылы өсіп отыр. Оның өсу қарқыны екі есе болып отыр. Серіктестік 2013 жылы таза табысты 16208,3 мың теңге көлемінде алса, есеп беру жылы олар зиян шегіп, оның сомасы -7492,9 мың теңге болып отыр.
Диссертациялық жұмыста қысқа мерзімді активтерге негізгі түсінік беріліп, олардың жіктелуі көрсетілген.
Жалпы активтер дегенімі құнмен бағаланатын кәсіпорынның мүлкі, мүлікті және мүліктік емес игіліктері мен құқықтары. Олар пайдалану мерзіміне қарай екі топқа бөлінеді: қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер.
«Интесис» ЖШС-те қысқа мерзімді активтер құрамына кіретіндер: ақша қаражаттары, дебиторлық берешек және қорлар.
Ақша қаражаттарының есебі №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» ХҚЕС сәйкес жүргізіледі.
Дебиторлық берешектер де ең көп бөлігі сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу.
Сатып алушылармен тапсырыс берушілер есебін ұйымдастыру 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында қарастырылған. Диссертациялық жұмыста кәсіпорын бойынша бухгалтерлік жазбалар берілген.
Кейбір жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген тауарлар үшін вексель алуы мүмкін. Векселдермен есеп айырысу мәселелері де диссертациялық жұмыста айқындалған. Жалпы зерттеп отырған серіктестікте векселдік операцияларды қолданбаған және осыған орай олардың есебі ұйымдастырылмаған.
Дебиторлық борыштар есебін жүргізуге арнайы арналған ХҚЕС-тар жоқ. Ал сату түскен кірістер есебін 18 ХҚЕС арқылы жүргізу қарастырылған.
Диссертациялық жұмыста «Интесис» ЖШС мәліметтері негізінде бухгалтерлік жазбалар берілген.
Нарықтық экономика жағдайында аудиттің рөлі өте зор. Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Аудит нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Атап кетсек: Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңы; Халықаралық аудит стандарттары; ішкі фирмалық стандарттар.
Диссертациялық жұмыста қысқа мерзімді активтерді аудиттеу бойынша бағдарлама келтірілген. Аудитор тексеруді бағдарламаға сәйкес жүргізеді. Аудитор өз жұмысында талдамалық әдістерді қолданады, себебі соның нәтижесінде ол дұрыс және толық қорытынды есеп береді.
Қаржылық есептілік негізінде қысқа мерзімді активтер құрамы мен құрылымын талдау жүргізілген. Талдау барысында ақша қаражаттар үлес салмағы ең үлкен екен.
Ал қысқа мерзімді дебиторлық борыштар есепті жылы +13601,8 мың теңгеге көбейді, оның үлес салмағы 10,6 %-ға төмендеп, 25,8%-ды құраған.
Қорлардың сомасы кеміп отыр, яғни олар есеп беру жылы 619,1 мың теңге болып отыр. Ал былтырғы жылы олардың сомасы 643,3 мың теңге болатын. Осыған орай олардың үлес салмағы төмендеген.
Жалпы қысқа мерзімді активтер барлығы +103881,8 мың теңгеге өскен. Қысқа мерзімді активтерде ең үлкен үлес салмағы «Интесис» ЖШС бойынша екі жылда да ақша қаражаттарына келген, осыған орай осыларға талдау жүргізу қажет. Ақша қаражаттарының қозғалысы тек операциялық қызметтен болған. Ал қысқа мерзімді дебиторлық борыштар есепті жылы +13601,8 мың теңгеге өскен.
Аудиторлық тексерудің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады.
«Интесис» ЖШС-те қысқа мерзімді активтер есебі стандарттарға сәйкес ұйымдастырылған, серіктестікте Есеп саясаты жасалған, бухгалтерия компьютерліндірілген (автоматтандырылған) бухгалтерлік есеп формасымен жүргізіледі және «1:С Бухгалтерия 7.7» бағдарламасы пайдаланылады.
Осы тақырыпты зерртеу барысында көптеген сұрақтар, мәселелер пайда болды. Олардың көбісіне жауап табылып, диссертациялық жұмыстың кіріспесінде қойылған мақсатқа жеттім деп ойлаймын. «Интесис» ЖШС–ке төмендегі ұсыныстар беруге болады:
- Бухгалтерлік есеп жүргізу формасын «1С: Бухгалтерия 8.0» бағдарламасына көшіру;
- жиі экономикалық (қаржылық) талдау жасап отыру, себебі талдау нәтижесінде басқарушылық шешім қабылдауға болады;
- ішкі бақылау жұмыстарын қатаңдату;

  • кәсіпорынның талап ету жұмысын жақсарту, төлемдерді қайтару мерзімдерін қатаң түрде сақтауды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, серіктес-тікте талдау жүргізілмейді. Талдау қажеттілігі: бухгалтерияға талдау жүргізіп басшымен бірге басқарушылық шешім қабылдап отыруға болады. Мысалы талдау барысында кәсіпорын есеп беру жылы зиян шегіп отыр. Оның басты себебі өндірістік және кезеңдік шығындар өсуінде. Ал талдау нәтижесінде осыларды байқап, оны азайтуға іс-шаралар алдын ала бағыттауға мүмкіншілік береді.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Жалпы бөлім. –Алматы: Жеті жарғы, 1995. №486 ҚРЗ 13.10.2003.


2. ҚР 27 ақпан 2007 жылғы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы
3. ҚР 20.11.1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы (2007 жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен қоса)
4. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығымен бекітілген
5. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары. – Алматы: Кәусәр бұлақ, 2003. – 522 б
6. Халықаралық қаржылық есеп стандарттары- www.Минфин.kz
7. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) - www.Минфин.kz
8. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. –Алматы.: 2001. – 238с.
9. Әжібаева З.Н., Укашев Б.Е. “Бухгалтерлік есеп теориясы”, “Экономика” баспасы, Алматы, 1999 ж.
10. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит: Оқулық.- Алматы: 2006, 601 б.
11. Абленов Д.О. Аудит негіздері - Алматы: Экономика, 2005
12. Аренс А., Лоббек Дж. Аудит: Пер. с англ.: Гл. Редактор серии проф. Я.В. Соқолов. – М.: Финансы и статистика, 2001,
13. Байдаулетов М.; Байдаулетов С.М. Аудит – Алматы: Қазақ университеті. 2004 – 229 б.
14. Богатая И.Н., Хахонова Н.Н. Аудит – Ростов н/Д: Феникс, 2003
15. Ержанов М.С. Аудит – 1 (базовый учебник)- Алматы: Бастау, 2005
16. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Т. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау/оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001. –330.
17. Көкенов У.Ж., Көкенова Ф.У. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі. 1 кітап. –Алматы: Демеу, 2002. –320б.
18. Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н. Қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2003
19. Кеулімжаев К.К. Бухгалтерлік есеп принциптері - Алматы, Экономика, 2003, Алматы, 2005.
20. Радостовец В.К., Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: Оқу құралы –Алматы: Қазақстан, 2002. –656б.
21. Сатыбалдин С.С. Кәсіпорынмен бірлестіктердің шаруашылық жұмыстарына талдау. – Алматы: «Мектеп», 1987.
22. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет- Алматы: Lem – 2005
23. Сейдахметова Ф.С. Основные правила организации бухгалтерского учета. – Алматы, Издательство «ЛЕМ», 2001
24.Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях: Учебное пособие – Алматы, 2006. – 472 с.
25. Төлегенов Е.Т. Бухгалтерлік ақпарат жүйелері: Оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2001. –184б.
26. Төлешова Г.К. Дамыған қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2005
27.Тулешова Г. К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами., ч. 1/ Под общ. ред. академика К.А. Сагадиева. – Алматы.: ТОО «Бизнес-Информация», 2004 –с. 208
28. Рахимбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии – Адматы: Экономика, 2003
29. Финансовый учет 1. Учебное пособие с практическими заданиями, разработанное по программе САР на основе международных стандартов финансовой отчетности 2007г
30. Дюсенбаев К.Ш., Егембердиева С.К. Аудит и анализ финансовой отчетности Учеб. пособие. – Алматы.: «Қаржы-қаражат», 1998. – 512с.
31. Дюсенбаев К.Ш. Аудит и анализ в управлении финансами. – Алматы: Экономика, 2000. –293 с.
32. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Т. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау/оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001. –330.
33. Тасмағанбетов Т.А. Басқарушы есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау. (Кәсіпорында басқарушы есепті құрудың методологиялық және практикалық қағидасы). Оқу құралы – Алматы: «Дәуір», 2002. – 416 бет.
34.ТасмағанбетовТ.А.,Әбленов Д.О. Бизнестегі есеп пен талдау: Оқу құралы./Жалпы ред. басќарѓан Тасмаѓанбетов Т.А.-Алматы: «Дәуір»,2005. 416 бет.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет