деген өлең бар. Мұның қазақша мәнісі:
«Күндерде бір күн тағдырдың әмірімен, Кәлибулиде /қаланың аты/ жасырын отыр едім. Кәлибулидің қызғылықты әйелдерінен /құдайға ғашық әйелдерінен/ біразы келіп,
қасыма тізіліп тұра қалды».
деген сөз екен /Челеби – Мұхаммет осы кітабында көрген түсін баяндайды 2.
1 Әлгі кітаптың «Мұхаммедиямның» 3 бетінде.
2 «Кітаби Мұхаммедия» /«Челеби Мұхаммед»/ 1273 жыл деп көрсетеді. Мұхаммед дінінің жыл санауы Мұхаммет пайғамбардың Мекеден Меднеге қашқан күнінен басталады, ол «қашқан күнді арабша «Хиджра» – деп атайды. Ал, Иса пайғамбар дінінің жыл санауынан «Хиджра» 582 жыл кейін /бұл академик И.Ю.Крачковскийдің айтуынша, бұдан басқа ғалымдарда 622 жыл болса керек, біз осы арада И.Ю.Крачковскийге сүйендік/. Сондықтан 1855 жылдан 582 жылды алып тастасаңыз тура 1273 жыл болып шыға келеді – С.Т./.
Молдадан мұны да түсінген тірі жан жоқ еді, бері келе Габдулла Тоқайдың мұсылман дініне қарсы жазылған «Сулы қадімше» /ескіше- қадимше/ атты өлеңінен кейін түсінікті болды. Ғабдулла Тоқай да осы өлеңінде өз түсін айтады, сонда өзінше былай толғайды, әлгі діни кітап
«Мұхаммедияны» келемеждейді.
«Мәгер күнләр де бір күн әмри трактир, Отырмыштым ки бір пивнойда сирра: Колымни сілтедім фани жиһәнден.
Ауызда папирос, алдымда сыра, Трактирларының ол ғашықларындән Тізілдиләр келіп хатыма тұрра» 1 – дейді.
Мұның мәнісі:
«Күндерде бір күн трактирдің /араққананың/
әмірі бойынша, бір сырханада /пивнойда/ жасырын отыр едім Жалған дүниеге қолымды бір-ақ сілтедім, Шылым ауызда, сыра алдымда тұрды.
Трактирдің /арақхананың/ назды қыздарынан біразы келіп қасыма тұра қалды» –
деп тебіренеді. Заты, Тоқайдың түсінде ұжаққа аттанатын мекені осы араққана болса керек. Дінді бұдан күшті келемеждеген шығыс халықтарында тірі де, өлі де жан жоқ тәрізді.
Қазақ халқына араб әдебиетінің неше түрлі жолмен келгені даусыз шындық, соның ішінде орыс тілі арқылы да кіргені бар. Орыс халқының араб елін зерттеуі ХІХ ғасырдың басында өрістеді. Одан бұрын арабтардың кім екенін орыс елі тани алмады.
1 Ғабдулла Тоқай «Көңіл жемішләрі» – 1926, Қазан. 100 бет /Фатхи Бурнаштың беташарымен басылған екен /.
Мысалы, 1603 жылы патриарх Иов жазған әңгімеде «Июдеи же и Еллины, Скифы же и Латыня», «Аравития и Бессермены»1 – дегендер айтылады. Осындағы «Июдеи» деп отырғаны Палестикалық жебірейлер,
«Еллины» – гректер, «скифы» – қыпшақтар, «латыня» – латын елдері,
«аравития» – арабтар, «бессермены» – деуі «бассұрмандар», бұлар өзгертіліп айтылған «мұсылмандар» дегені. Бұл толғаныстар араб әдебиетін, араб тілін, жете түсіне алмаудың салдары тәрізді.
Беделді де белді ғалым академик И.Ю.Крачковскийдің айтуынша Россияда арабистика-араб тану ғылымы В.В.Розеннен /1849-1908/ басталыпты, бұл В.В.Розен Октябрь революциясынан бұрын болған: Н.Я.Марр, В.В.Бартольд, С.Ф.Ольденбург, П.К.Коковцов сынды әлемге аян ғалымдардың сүйікті ұстазы екен. 2
Бұлардан бұрын да бөгде тілдер арқылы арабтан орыс тіліне кірген сөздер болған. Мысалы, Н.А.Аристов пен П.М.Мелиоранский сынды ғалымдар «Арбат» сөзін /Москвадағы қонақ үйдің атын С.Т./ ХІІІ-ХІҮ ғасырларда «Алтын-Орда» қыпшақтары арқылы орыс тіліне кірді дегенді айтады. Ал «миткаль» /көздеменің бір түрі/, «кандалы» /кісен/ украйнша
«кайданы» делініп, солардан шығып орыс тіліне сіңген екен. Ал, кездеменің тағы бір түрі французша «муар» атанады, бірақ москвалық тусьтерде
«мухояр» деген сөз шығыстан баяғыда көп кіргенін ұмытып кетіпті де мына француздың «муар» дегенін малданыпты. Ендеше Россияға араб элементі
«Алтын-Орда» кезінде кіреді де бері келе француз, неміс әдеби әсері арқылы қайта келе бастағандай. Расына келсек, орыс тіліне ертеде кірген арабтың ежелгі «муаяры ғой» 3, – дейді И.Ю.Крачковский.
Сөйтіп, бір тілден екінші тілге көшіп, онда өзгертіліп айтылып, артынан ескі орнынан алыстап кететін, тірі жан
1 Академик Игнатий Юлианович Крачковский изб.соч.т.у, 1958, изд. АН СССР, Москва, стр. 13.
2 Аталған кітаптың 9 бетіндегі эпиграфты қараңыз /5 март 1949 жылы Виктор Романович Розеннің 100 жылдығына жазылған екен. С.Т./
3 И.Ю.Крачковский. Аталған кітап, 14-бет.
танымайтын халге жететін сөздер, сөйлемдер, шығармалар болады. Бұлар шу дегенде шеттен келсе де, біраз бойы үйреніп; сіңіседі де соңынан сол халықтың байырғы өз мүлкі болып кете барады. Оларды зерттейтіндер ғана кейініректе төркінін тауып айтып жүреді, алайда ежелден қалыптасқан жағдай өзгермей халық ұғымында шегенделіп қалып қояды. Мысалы, Москвадағы «Арбат» мейманханасын, оның төркіні «Алтын-Орда» сәудегерлерінің колониясы /«аялдамасы»/ еді деп осы күнгі жұртшылыққа ұқтыру қиын, баяғы «Арбат» – сол «Арбат» – мейманхана болады да тұрады.
Жеке сөздер былай тұрсын, тіпті күрделі шығармалар да, неше түрлі нақылдар мен ғылми трактаттар да араб елінен шығып басқа халықтарға мол тараған, соның ішінде орыс халқына да түсі-түрін өзгертіп келіп, байырғы өз мүлкіне айналып та кеткен. Мысалы, «Христиан дінінің алғашқы кезеңінде Киевтік Русь еліне «Варлам мен Иосиф туралы повесть» атты шығарма келген, бұл әңгіме Будда өмірінің бір тарауы еді, ол Индиядан шығып пехлевилік Иран тілі арқылы ҮІІІ ғасырда арабқа аударылған, соңынан грузин тіліне көшіп христиан дініне бейімделген. ХІ ғасырдағы грек аудармасы, өзінен бұрынырақ жайылып кеткен славян тіліндегі туындыға тиянақтайтын еді. Осындағы біраз нақылдар ілгеріде Бұлғар тілінде болғаны мәлім. 1182 жылы Кирилл Туровский ежелден белгілі орыс тілінің байырғы материалы есебінде өз әңгімесіне өзек етіп алған, ХІІІ-ХІҮ ғасырларда мұның аудармасы Русь еліне қолжазба күйінде тараса керек-ті. 1681 жылы осы повесть Москвадағы «Жоғарғы типографияда» /«Верхняя типография»/ С.Ушаковтың гравюрасымен басылып шықты, ал ақын Симеон Полоцкий осы басылуына өзінің өлеңін – «Иосафтың сахараға кіруі» деген монологын қосып жіберген. Артынан, 1708 жылдарда Бірінші
Петрдің қарындасы – Наталья Алексееваның театрында «Варлам мен Иосаф» жөніндегі пьеса қойылған. Бұл тіпті ХҮІІІ ғасырда да әлденеше рет көшіріліп, талай-талай өзгеріске ұшыраған повесть. Сөйтіп, дүние жүзіне араб аудармасы арқылы тараған шығыстың гүлі бөгде ауа райына кездесіп, өзінің ежелгі кейіпін өзгерткен екен»,1 – деп толғайды академик И.Ю.Крачковский.
Арабтың бір сөзі әр заманда әр елден келіп, не Батыстан, немесе Шығыстан енеді де өзінің көне қалпын өзгертіп неше алуан саққа жүгіреді. Өредік сөздерді қойшы, тарихи өзекті ескерткіштер де осындай күйге ұшырайды. Ал енді ХҮІІІ ғасырда «Данышпан Пильпайдың мысалдары» деген кітап француз тілінен орыс тіліне аударылған, бірақ мұның Москвалық Русь еліне ежелден мәлім «Стефанит пен Ихнилат» екенін /баяғы «Кәлилә мен Димна» екенін/ оқырман жұртшылықтың бір де біреуі ұғына алмай қалған екен, »2 – дейді тағы И.Ю.Крачковский.
Айта берсек мұндай «қозы қоспай» адасулар толып жатады. Тіпті, беріде
«еврей тілінде шыққан «Логика Авиасафа» деген кітаптағы «Авиасаф» есімінің «Абу-Насыр» екенін ұғып, атақты Шығыс тану ғалымы П.К.Коковцов мұның әлемге әйгілі Х ғасырдың философы Әбунасыр – әл – Фараби екенін ашқан болатын»,3 дейді ол. Сонда ғалым П.К.Коковцов жебірей тілінде «р» дыбысының жоқтығынан «Әбунасыр» – «Авиосаф» атанды деп дұрыс топшылайды. «Араб Әдебиетін, араб тілін зерттеуге шұғылдану Россияда Петр заманында да болды. 1722 жылы Еділ өзенін жағалап Петр Персияға жорыққа аттанды, сонда »
1 Академик И.Ю.Крачковский. Избранные сочинения, изд. АН СССР, т.5, М-Л., 1958, стр. 25-26.
2 Аталған кітап, 26 бет.
3 Сол кітаптың 28 бетінде.
Еділ бойында ойранға ұшыраған булгарлар /шуваш, башқұрт, татарлар/ моласына араб, татар, армян тілінде жазылған ескерткіш сөздерін көшіртіп алып, елу шақтысын орысшаға аудартқан еді. Осы тапсырманы орындағандар Ахун Кадырмамет Сүйіншәлиев 1 пен Юсуп Ижбулатов және армян адамы Иван Васильев еді» 2 дейді Крачковский.
Бұған қарағанда араб мәдениетін зерттеу орыс халқына, әсіресе, Бірінші Петрге қандай мақсатпен керек болғаны айқындала түседі. Заты, көршілес екі халық бірін бірі анық біліп отыруы керек екенін байқатады.
Қалайда араб әдебиетінің зерттелуі орыс тілінде ХҮІІІ ғасырдың өзіңде де бір талай сатыға жеткен тәрізді. Ол заманда дұрыс түсінгендер де, теріс баққандар да болса керек. Мысалы, Г.Я.Кер /1692-1740/ деген аудармашы- ғалым 1724 жылы араб цифрларының Индиядан келгенін дәлелдепті, ғылым тарихында оның осындай дұрыс айтылған пікірі өзінен көп кейін бағаланыпты да қабылданыпты. Ол ғалым – Г.Н.Кер өлерінің алдында – 1735 жылдар шамасында Абу-л-Ғазының «Родословное древо тюрков» деген кітабын шағатай тілінен аударды, Ғылым академиясының конференциясында
Самарқанд обсерваториясында жасалған Мұхаммет Тарағай Ұлықбектің астрономиялық кестесін латын тілінде оқып шыққан екен3. Сонымен қатар, 1769 жылы «Поденщица» атты Василий Тузов шығарған сатиралық журналда араб, фарсы, түрік, татар сөздерін орыс тілімен салыстырған мақаланы
1 Сюнчалиевті – А.А.Баскаков «Сюнгалеев» деп оқиды, ал дұрысы Сүйіншәлиев болу керек /С.Т./ Н.А.Баскаков «Введение визучение тюркских языков». Гос.издат. «Высшая школа» м. 1962, стр. 13.
2 Аталаған еңбектің 32 бетінде.
3 И.Ю.Крачковский, 5 том, 36 бетте.
да ұшыраттық, сонда арабтың «харам» сөзін орысша «храм» мен, «қажыны»
«ханжамен» қосақтайды, бұлардың, мүмкін, алыс та болса, ауыс-түйісі бар да шығар, ал енді арабтың «есім» деген сөзіндегі «с» әрпі бері келе түсіп қалып, орысша «имь» болып, соңынан «имяға» айналған екен деуі өте сорақы байлам» 1 дейді академик И.Ю.Крачковский.
Қорыта айтқанда, араб әдебиетін, тілін зерттеу дүние жүзіндегі елдердің бәрінде де болған, соның ішінде орыс халқында да көптен бар екенін дәлелдеу еді. Оның үстіне араб әдебиетін орыс халқы сын көзімен қарап, қажетін алып, керексізін тастайды, әйтеуір терең зерттеп түбегейлі ұғынуға тырысады. Орыс халқы ісләм дінін, араб тілін «соқыр» қабылдаудан аулақ еді, өйткені осы қарсаңда бұл орыс елінің мәдениеті марқайған, талай тәперішті көріп жетілген, ысылған болатын. Оған қосымша қай дін болса да, көрсе қызарланып таңсық көруден, алабұртудан алыстаған, тоқтасып тоқыраған халық болатын. Тағы ескерте кетелік, орыс халқы шығыстан келген шапқыншылықтарды – әсіресе монғолдардың зорлық-зомбылығын басынан көп кешірді, сондықтан шығыстан мүлде түңілді де бетті батыс мәдениетіне бұрған болатын.
Ал, араб әдебиетінің қазақ еліне жасаған әсері мүлде басқа. Біздің қазақ елі араб халқымен қоян-қолтық алысып, көзбе-көз сөйлесіп, көрші отырысып көрген емес. Біз араб әдебиеттік өзгелерден үйрендік, араб тілін бітеудей қабылдадық. Арабтың «алгебра, алкоголь, зенит, химия /алхимия/ адмирал, изафет, магазин» деген сөздерін біз орыс сөздері деп келдік» 2 өйткені
1 И.Ю.Крачковский, 5 том, 49 бетте.
2 Л.З.Рустамов. «Арабо-иранское заимотребование в казахском языке» Автореферат, кандидат.диссертации, Алма-Ата, 1963, стр. 4. /Р.Ю.Виппер «История средних веков». Издания МГУ.М. 1947, стр. 130. /Жоғарыда көрсетілген араб сөздерінің Батыс-Европаға ауысқанын айтады. /С.Т./.
оларды орыс тілі арқылы білуіміз де рас болатын.
«Алланы» /құдайды/ – бір, «құранды» шын деуден өзге – еш нәрсе болмады. Ол – Алла қай жерде тұр, не істеп жүр екен деу күнәға бату, дозақ отына күю болады деп үйретті. «Құдай – онда да, солда да, алда да, артта да жоқ, ол мекенсіз /лә-мәкән/, ол – барлық жерде /везде-сущий/ жүреді» – деп танитынбыз. Міне, бұл соқыр сену /фанатизм/ еді. Қазақ халқына көп жайылған, ауыздан ауызға көшіп айтыла беретін ән бар еді, соның аты
«Қорлан» болу керек.
«Құранда бір аят бар – Хазірет Ясин, Кім жаман болсын дейді жар жолдасын. Тақтайда ләуһіл-махфүз жазбаған соң, Ей құрбым, оның несін қайғырасың?! –
дейтін. Осы шумақта тұрған: «Құран» /фарсыда «фурқан» – ақты қарадан айыру мәнінде, қазақтағы «парықы, фарықы-айырмасы» – деген сөз бәрі бір түбірлес тәрізді/, «аят», «хазірет», «ясин», «Леуһіл-мағфуз» деген сөздерді айтушы да, тыңдаушы да ұғынбайды және ойдың кілті де оларға тірелмейді, бұлар тек «жатып ішер» /«слово паразиты»/ бос сөздер тәрізденіп жүре береді.
«Әуелі аят, хадіс сөздің басы,
Қосарлық бәйтсымал келді арасы»... – деп Абай біліп айтқан ғой.
Бері келе қазақ елінен араб әдебиетін, дінін терең зерттеген, жете білуге тырысқан оқымысты адамдар шықты. Олар араб еліне барып, меке ден Мединеге тәуіп етіп, қажы болып қайтып жүрді. «Ләйлі–Мәжнүн» поэмасы араб тілінен аударылды.
«Ләйлі–Мәжнүн» поэмасы араб тілінен аударылып, 1923 жылы «Шолпан» журналына басылды1.
Орны келгенде ескерте кетелік, сол кезеңде – қазақ тілінде жазылған поэмалар болды. «Мұңлы Мәриям», «Бақытсыз Жамалдар» – жайылды. Араб тілінен, әдебиетінен хабары жоқ, орыс тіліне – әдебиетіне бейім авторлар, әлгі поэмалардағы махаббат сарынын европалық ұғымға шендестірді. Дәлірек айтсақ, «Бақытсыз Жамалда» /күйкілеу берілсе де/ Л.Н.Толстой әңгімелерінің кейбір ырғақтары сезіліп тұрады. Л.Н.Толстойдың бір әңгімесінде мойнына қызыл орамал /косынка/ байлаған қыз боранда ығып өледі, сонда бірнеше күн соққан боран толастап ашылады да бір бұтаның басына ілініп қалған қызыл орамал табылады.
Бұл әңгіме оқырманды толғантады. Қыздың өлгенін өз тұсынан ойлап табуға баулиды, ал «Бақытсыз Жамалдың» бетін бірнеше күн соққан боран да жасыра алмайды, жолаушылар үстінен шығады. Әрине, авторға да оқырманға да бұл өте жеңіл, бәрі даяр, ойланудың орны жоқ. Әйтеуір жазылып жарық көргеннен ешбір зиян тиген де жоқ.
Араб тілінен ауысқан «Ләйлі–Мәжнүн» поэмасында ұшырайтын махаббат ырғақтары қазақ халқының төл әдебиетінде біраз орын тепті.
Қорыта айтқанда, қазақ әдебиеті екі елден нәр алды, ескі азаматтары араб ориентациясында болды да, кейінгілер өзекті Европа әдебиетіне – орыс әдебиетіне бет бұрды. Осы кейінгі бағыт күшейді де араб әсері ығыса түсті. Сонда да болса ілгеріде орын тепкен араб әдебиетінен ауысу да аз болған жоқ. Алайда, араб әдебиетінің әсері бізден гөрі Орта Азияда –
1 Мұны Ташкентке алып келіп жариялатқан Мұхтар Омарханұлы Әуезов еді. Мұхтардың алғашқы әйелі Мағауияның қызы, Мағауия Абайдың баласы, ал Шәкәрім Абайдың ағасы Құдайбердіден туады, ендеше Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын Абайдың немере інісі. Мұхтардың атасы – Әуез – Құнанбайдың үзеңгілес досы, оның баласы Омархан Абайдың досы, бәрі бір ауыл – бір бауыр боп кеткен азаматтар. /С.Т./.
өзбек елінде күшті. Осы арада өзбек елінің арабқа жақын көрші ел екенін еске алып отырмыз. Бірақ түрікпен елі тіпті жақын тұр ғой, сонда да түрікпен мен қырғыз елдерін өзбекпен салыстыруға болмайды, тіпті Сыр-Дарья, Жетісу бойында тұрған қазақтармен салыстырғанда да араб әсері олардан күшті. Осының себебін зерттегенде мынадай жорамалға килігетін тәріздіміз.
Біріншіден: Баяғыда Күтәйбе ибн Мүслім 705-715 жылдары Хорасаннан келіп Бұхараны, одан Самарқанды алды, бірақ Андижан, Ферғана, Қоқанд уәлаяттарын түргеш ханы – Сұлу хан араб басқыншыларынан қорғап қалды, ол Шашты да /Тәшкенді де/ арабқа бермеді. Сұлу ханның ордасы Суябта
/«Су жап»/ Шу алаңында Таразда болатын. Х ғасырға дейін араб діні Сыр- Дариядан бері аса алмағандай, өйткені «арабтар ол кезде шабуылға шықпады, ылғи қорғаныста болды, тіпті Шу өзеніне таянған да жоқ» 1 – дейді В.В.Бартольд. Сұлу ханды 748 жылы арабтар өлтірді, оны араб-фарсылар
«Әбу Мұзақым» /«бұзақылардың әкесі»/ деп атаушы еді.
Өзбек тілінде араб тілінен ауысқан сөздердің көп болуы онда – Саманидтер тұсында да, Қараханидтер дәуірінен кейін де араб тілі – әдеби тіл болды. Өзбек ана тілінің өз правосын алуы Ақсақ Темір билеген кезде еді. «Іс қағаздары, көпшілік алдында сөйлейтін сөздер тек қана түркі тілінде болсын! Арабша жазған немесе сөйлеген адамның басы сол тұрған, отырған жерінде алынсын!»2 – деп, жарлық жариялады Темір. Сөйтсе де өзбек тілінде ілгеріде орын тепкен араб-фарсы тілдерінің әсері көп болуы заңды.
1 Акад. В.В.Бартольд. Соч.том 5, стр. 45.
2 Арминий /немесе Герман/ Вамбери «Очерки Средней Азии», М., 1868 г. стр.111.
Түрікпен халқының жағдайы мүлде басқа, ол – көшпелі ел еді, сондықтан бері келгенше Махум Кули мен Молла Кеминеден басқа сауатты азаматтары да некен-саяқ болып келеді. Қырғыз елі осы күнгі мекеніне кешірек келгендей. Оларда жазу-сызу мәдениеті көп уақыт жолға қойылмағандай», – деседі.
Алтай өңіріндегі ісләм дінінде жоқ түркілердің тілінде араб-фарсыдан барған 25-ақ сөздің болуы да осыған айғақ. Оның өзінде де араб-фарсы керуендері апарды ма, жоқ, мына көрші отырған ісләм дініндегі түркі елдері жеткізді ме, әлі күнге анықтала қоймағанын ілгеріде де көрсеткен болатынбыз. Екіншіден Шыңғыстың немересі Бати /орысша Бату/ хан шабуылға кіріскенде 1241 жылы монғолдың қаһарынан /Батидан/ қорыққан
«Алтын Орда» қыпшақтары /половцы/ Венгрияға жер ауыпты. Осы қашқын топтың басшысы Кәтән хан екен, Венгрия королі оларды жақсы қарсы алып Паннони өңірінде көшіп-қонып жүруіне ұрықсат еткен. Венгрия королінің бұл қылығына ашуланып Батый мынандай хат жіберген: «Сен менің құлдарымды – күмандарымды /қыпшақтарды/ қол астына алып сақтап отырсың... Бұйырамын саған, оларды асырап-сақтама, солар үшін мен жау болып жүрмейін саған! Есіңде болсын, сенен гөрі қашып құтылу күмандарға оңай, оларда үй де, күй де жоқ, шатырға паналап көшіп кете алады, ал сенің мекен-жайың, салған сарайың, қалаларың бар, ендеше менің тегеурінді
білегімнен құтыла қою өзіңе қиын тиер», 1 – деп ескерткен екен.
Ендеше, бір елге екінші ел тиісіп, өзіне қаратып алуға келгенде тырнақты, алдымен, қалаларға, орнықты мекені бар елдерге салатын сияқты. Сондықтан көшпелі түрікпен, қарақалпақ, қырғыздардан бұрын – Хива
/Хорезм/, Бұхара, Самарқанд,
1 Г.А.Федоров-Давыдов. «Курганы, идолы, монеты» изд. «Наука», М., 1968, стр. 87-
88.
Ташкент/, ескі Шаш-кент/ Отырар, Түркістан, Тараз /қазіргі Жамбыл/ тәрізді қалалары бар елдерді бұрынырақ келіп қамауы заңды. Бұған тарихтың өзі айғақ. Үстіміздегі заманадан әлде неше ғасыр бұрын келген Іскендір Зұлқарнайын бағыты да осылай: Тіпті бергі заманда /ХІІ ғасырда/ Шыңғыс хан келсе де өршелене қиратқан қаласы, қызыққаны Отырар қаласы ғой. Сонан соң Шыңғыс ханның Жошыны /үлкен ұлын/ Хорезмға /Хиваға/, Шағатайды /ортаншы ұлын/ Ташкентке қоюы да белгілі емес пе? Астанасыз айдалада көшіп-қонып жүрген елді қудалаған ешбір шапқыншы болмаған сияқты. Ендеше, әсер алу – араласудан туады.
Х ғасырдың басында /921/ Еділ бойындағы Булгар елінен /татар, башқұрттар/ Бағдаттың Халифасы Мухтадирге Абдулла ибн Башту /лақап аты Хазарин/ елші боп барды. Ол – Болгар ханы Әлмұсадан 1 орыс тарихында Алмуш атанады С.Т./ хат апарды. Сол хатта: «мұсылман дінін қабылдаймын, сондықтан ісләм дінін уағыздайтын, мешітте құтпа /дұға/ оқитын ғұламалар жіберуінді өтінемін», – деп жазған Әлмұса, осы хатқа Мұхтадир халифа қатты ырза болған, өйткені Әлмұса – тәрізді мықты хан арқылы терістікте жатқан елдерді, мұсылман қалаларын, хорезмдіктерді, Сырдария бойындағы ешкімге бағынбайтын тентек гуздарды /оғуздарды – түркмендерді/, жауынгер халық-русьтерді /орыстарды/ өз аузына қаратып алу жөнінде тиянақ етуді көздеді.
Мұхтадир халифа 921 жылы 21 июнь күні Әлмұсаға елші жіберді. Осы елшінің хатшысы болып оқымысты араб – Ахмед ибн – Фалдан кетті. Олар Бағдаттан шығып, Бұхара, Хорезм, үстірттегі
1 Болғар ханы Әлмусәні ибн Фалдан – «Ал.м.с.»; ибн Русте «Ал.м.ш.» Бекри «алтид»; Гардизи «Алман» – деп әр түрлі атайды. /В.В.Бартольд. Сочин.5 том, Из-во. «Наука», М., 1968, стр. 511.
гуз/оғыз/ ұлыстары, жауынгер печенегтер /қыпшақтар/ арқылы Еділ бойындағы Әлмұса ханның астанасына – Болғарға 922 жылы әрең жетті1. Ол заманда Еділ бойында Сувар /немесе Суваз/ Булгар, Итиль /Еділ/ тәрізді ірі қалалар болған екен.
Әлмұса ханның қол астындағы Суварлардың /немесе Суваздардың/ біразы мұсылман дініне кіруге көнбей көше жөнелген, олар барып Кама өзенінің жиегіндегі Елабұға /немесе Алабұға С.Т./ қаласына, оған жақын тұрған «Сайтан» қаласына барып орныққан екен. /Заты, осылар шуваштар болса керек-ті С.Т./ Әлмұса ханның тұсында шуваштардың, «Кереметь» деген сарайы болыпты. Осы айтылғандардың қазір жер бетінде бір де бірі жоқ. Бұларды жердің астынан тауып алып, зерттеп, дәлелдеп жүрген Г.А.Федоров-Давыдов тәрізді археолог-ғалымдар.
Сөйтіп, осы ғалым табыстарын тиянақтай айтсақ, араб әдебиетінің дінінің, қай елде, қай жерде күшті болғаны, оның негізгі себептері айқындала түсетіндей. Заты, сырттан келген бөгде «қонақты» ең алғаш түскен үй басқалардан көрі еркін таниды ғой. Болғар елінің сапына шуғаштарды қоспауымыз В.В.Бартольдтің пікіріне қосылуымыздан. Оның айтуынша: 1) орыс халқы 1551 жылы шуваштарды дінсіз ел деп таныған /язычник/ екен: екіншіден – шуваштарда мұсылман елдерінен ауысқан сөздер бар, бірақ бөгде мағынада қолданады, мысалы қасқырға өмірін жүргізетін құдайды
«пихампар» / фарс.пайғамбар; пророк/ өлген кісінің жанын «киремет» /араб.
«карамат» – чудо/ деп атайды. Осыны тіл маманы – ғалым Н.И.Ашмарин келтіріпті. «Егер шуваштар Еділ бойындағы Болгарларға жататын болса, онда қала тұрғындары болар еді, ел қалада
1 Академик В.В.Бартольдтің айтуынша, осы елші ...ибн Фалдан арабша Сафар айының 11 күні; Хиджра есебімен 309 жылы немесе жексембі күні Хиджра есебімен 310 жылы немесе 12 майда 922 жылы Еділ бойындағы Бұлғар астанасына жетіпті/ аталған В.В.Бартольд кітабының 910 бетінде/.
тұрып мынадай сөздерді ата-бабаларынан үйренген болса, онда осынша теріс бағып, жабайылыққа айналмас еді, мұсылман елінде мұндай тағылықты ұшырату мүмкін емес. Ендеше осы күнгі шуваштар қала тұрғындары емес, ағаш ішінде өсіп, өнген, қаладағы мұсылман мәдениеті бойына дарымаған халықтар» 1 – дейді, акад. В.В.Бартольд.
Қыпшақтарды Батыс Европалықтар қоман /«Кодекс–Куманикус» ХІҮ ғасырдың ескерткіші – ең алғаш неміс тіліне аударылған ғой С.Т./ деп атайды, ал кейде «половецтер – печенегтер» деп атаған. Қалайда Әлмұсаның Х ғасырда мұсылман дінін қабылдауы анық тәрізді. Ол кездегі қыпшақтардың күшті болуы да даусыз, мысалы, ХІ ғасырда Византия ғалымы Феофилакт Болгарский: «Печенектердің шабуылы жайдың оғындай, ал олардың қашып құтылуы ауыр және жеңіл: ауырлығы сол – олардың олжасы көп, жеңілдігі сол – қашуы жылдам. Тарпи бас салғанда үнемі, ешбір із-түзін, хабарын білдірмейді, ал қашқан мезетте кейінгі жұрттың естіп- білуіне мүмкіндік бермейді. Негізінде – олар бөгде елдерді ойранға ұшыратады, ал өзінде мекен жоқ... Бейбіт өмір оларға бақытсыздық, ал соғысуға немесе біреуді кескілеуге ыңғайлы жағдай туа қалса қуанғаннан қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болады. Пәленің ең үлкені сол, олардың
/қыпшақ, куман, половец, печенектердің/ көптігі көктемде быжынаған арадан да анағұрлым астам, олардың мың немесе неше он мыңдаған әскері барын әлі де ешкім біле алмайды», 2 – деп жазған екен.
Ендеше бір елді екінші ел аузына қаратқанда ең алдымен ірі қалалары бар, тұрақты отырған елге /жерге/ көз салатыны
1 Акад. В.В.Бартольд. Соч.том 5, М., 1968, стр. 520.
Достарыңызбен бөлісу: |