2 Г.А.Федоров-Давыдов. «Курганы, идолы, монеты» изд. «Наука», М., 1968, стр. 48.
анық тәрізді. Арабтар да жолшыбай үстіртте көшіп жүрген гуздарға
/оғыздарға – түрікмендерге/ аялдамай Еділ бойындағы Булгар, Сувар қалаларына өтіп кетуі осыған дәлел. Башқұрт деген сөздің «башы» – бас,
«құрты» – қасқыр деген мағына береді, академик В.В.Бартольд та осылай түсіндіреді. Ендеше Башқұрттың «бас қасқыр» атануы да сол ерте отырықшы ел болып, үлкен қалалар, қорғандар салып, мықты бекінуінде ма қалай деген ойға келеміз.
Ал ендігі айтарымыз, мына бір елді екінші ел шауып жаншып билегенде, қылыштың дүзі, мылтықтың дүмімен билеу орашолақтық тәрізді, артында терең із қалдыра алмаса керек.
«Монғол шапқыншылығы монғол елінің тағдырынан гөрі түрік халқының көркею жағдайына көп әсер етті. Монғолияның батысында құрылған монғол мемлекетінің тілі бірте-бірте түрік тіліне айналды. Шыңғыс хан патшалығына зор-зор үш мемлекет бағынды, соның бірі – Орта Азияда, екіншісі – түстік Россияда, үшіншісі – Персияда болды; монғол дәуірінде осы мемлекеттердің әскері – түрік руларынан, ұлыстарынан, бүтін халықтарынан құралды да – бәрі де монғол атанды», – 1 дейді академик В.В.Бартольд.
Осыған қосымша тағы бір тиянақты пікірді ұсынып көрелік. Мысалы, 240 жылдай орыс халқының басына әңгір-таяқ ойнатқан монғолдар еді, олар орыс тілінде ешбір із қалдырмады, «Екі ғасыр бойы татар /монғол/ шапқыншылығы зар илетсе де біздің ата-бабамыз орыс құдайына өз тілінде дұға оқыды. Өркөкірек, озбыр, жауыз әкімдерді өз тілінде қарғап-сілеп, біріне-бірі өздерінің мұң-мүддесін өз тілінде шертті» 2 – деп А.Пушкин
1 Акад. В.В.Бартольд. соч.т.5, изд-во «Наука», М., 1968, стр. 211.
2 Соч. А.С.Пушкина, с обьяснениями т.5, М.-П., 1887, стр. 20/ ..и предки наши, в течение двух веков, стоная под татарским игом, на языке родном молились русскому Богу, проклинали грозных властителей и передавали друг другу свои сетования».
тауып айтқан болатын.
Бір кезде А.С.Пушкин: «Г.Лемонте напрасно думает, что владычества татар оставило ржавчину, на русском языке. Чуждый язык распространяется не саблею и пожарами, но собственным обилием и превосходством» 1 – деп тағы пысықтай түскен екен А.С.Пушкин.
Бұлғар, татар, башқұрт тарихтарын революциядан бұрын да татар тілінде зерттеген ғалымдар болған, келешек буын олардың еңбектерін де пайдалануы қажет.
Олар – Ғайнулла – Ахмеров2, Г.Баттал3, Ибрагим Хальфин бин Исхақтар4
еді.
Жоғарыда айтылған ойдың шындығын шегелеу үшін енді бір дәлел
келтірсек те көп болмас.
«Индияны – арабтар, түріктер, монғолдар бірінен соң бірі келіп шапқанда, өздері сол жергілікті халықпен араласып кетті де соның әуеніне айналды, ассимилизироваться етті» 5 – К.Маркс.
Осы күнге дейін қазақ халқы туралы әрбір ғалымдар әр жағдайда неше алуан пікірді айтқанымен, қазақ халқының ұзақ ғасырлық тарихын түбегейлі зерттеп, арнайы айтылған қорытынды тұжырым аз тәрізді. Сондықтан, өзіміздің осы зерттеу еңбегімізде, әліміз келгенше, тарихтың ұзын бойында қазақ халқы қандай елдермен қарым-қатыс жасағанын, қашан жасағанын, нендей олжа тапқанын, әдебиетінде, тілінде қандай іздер қалғанын айтып өтуді парыз көрдік. Сөйтіп, табыстардан табыстарға жетіп,
1 А.С.Пушкин. т.ХІ, 1937, стр. 32.
2 Гайнулла Ахмеров «Болгар тарихы» – Қазан, 1912 ж. /араб әрпімен жазылған/.
3 Баттал Ғ. «Татар тарихы» – Қазан, 1917.
4 Ибраһим Хальфин бин Исхақ – «Ахуали Чингиз хан уа Аксак Темир тарихлари». Қазан /1769 жылдан бастап Қазанның Бірінші гимназиясында Хальфиндер династиясы сабақ оқытқан, соның біріншісі Сагит Хальфин, екінші – оның баласы – Ысқақ Хальфин, сонсоң немересі осы Ибрагим екен. /См.кн.Н.А.Баскакова «Введение в изучение тюркских языков». Гос. из-во. «Высшая школа», М., 1962. стр. 16.
үдере өсіп келе жатқан бағдарын баяндап келеміз.
Тілді халық жасайды, тіл мамандары сол халық тілінің нормаларын жіліктеп, заңдылығын ашады, ал әдебиетшілер сол халық тілінде өздерінің мәңгі өлмес еңбектерін жазып қалдырады. Бәрінің де бағынатыны халық тілі, ал халық тілінде өткен өмірдің тарихи таңбасы тұрады. «Ой-пікір үнемі өз халқының денесімен тығыз байланысады, оның тігісі көрінбейді» 1 – дейді К.Маркс.
Біз тіл мен әдебиетті бірінен бірін ажырата қарамаймыз. Екеуінің түп қазығы бір.
Араб тілі мен әдебиеті қазақ еліне қай жақтан келгені айтылды. Екі ұдай соққан лептің тарихи беті ашылғандай болды. Негізінде, араб мәдениетін қазақ елі алыста жатып білгені, көрші елдердің бізге көп нәрсе әкелгені баяндалды.
Араб тілінен басқа елдерге ауысқан жеке сөздерді зерттегенде көзге оқшау көрінетін жәйттер бар, мысалы, араб пен фарсы тілдерінде жүрген ортақ сөздердің жігін айыру қиын. Бұл пікірді бізден бұрын да талай ғалымдар айтып кеткен екен. Өйткені бұл екі тіл ежелден бас қосып, мидай араласқан ғой. Осыдан мың жыл бұрын, былай айтқанда ҮІІІ ғасырда фарсылар араб дініне кіре бастады. Фарсыда мұсылман дінінің екі /сектасы/
/саласы/ қазірде де бар. Соның бірі суниттер – бұлар Мұхамметке табынады, ал шеиттер Әзірет Алыға /Әлиге/ бағынады. Екеуі де мұсылман дінінде. Олай болса араб тілін, дінін Орта Азия елдеріне фарсылар-сағдияндар әкелуі де мүмкін, ал кейініректе – Әбу-Мүслім, ибн Кутейба тұсында, Хорасан, Мары, Бұхара, Самарқанд
1 К.Маркс и Ф.Энгельс.соч.ХХҮІІ, стр.88, в письме Зигфриду Мейэру, от 21 января 1871, «Умы всегда связаны невидимыми нитями с телом народа»/.
шәһәрләрі күшейген заманда ісләм дінін ирандықтар «Бұхара и Шәрифтен» /
«Священная Бухара» С.Т./ қайыра алуы да ғажап емес, өйткені Мекеден кейінгі мұсылман дінінің тұрлаулы орталығы «Бұхара – и шәриф» болғаны анық. Сондықтан да Орта Азияға ісләм дінін таратушылар – Қараханидтер, Саманидтер, Махмуд Ғазнауи, оғыз сұлтандары мен хорезм шахтары болғаны да өтірік емес.
Сонда да кей бір фарсы сөздері сонау Соғдияндар /бұлар Орта Азияға үстіміздегі дәуірден әлде қайда бұрын келген ғой/ тұсында келген тәрізді.
Түбегейлі айтарымыз, қазақ елі араб дінін қаусыра меңгермеген, іші- тысына түгел жете түсінбеген ел. Тек сырттай дарыған, қазақ елі тек мына жеке сөздерін бітеудей алып пайдаланған сияқты. Түсініксіз араб дінінен көрі, қала тіршілігіне, мешіт-михрабтарға бейімделген мұсылман дінінен көрі, ежелгі көшпелі тұрмысқа жақынырақ тұрған, табиғат құбылысына ылайықталған шаманизм – тәңріге табыну діні күштірек сақталғандай.
Қазақтар «құдай сөзі» атанған төрт кітапты да біледі: «Зенд–Авестаны»
/көне иран тілінде жазылған Зороастра дінінің кітабын/ «Забур» деп атайды; жебірей тілінде жазылған Мұса дінінің кітабын «Библияны» – «Тәурет» деседі; христиан дінінің, Иса пайғамбардың атын жамылып шыққан
«Евангелия» – кітабын – «Інжіл» дейді; ал ең соңғы шыққан «Иса дінінен 622 жыл кейін, араб тілінде пайда болған дін кітабын «Құран» деп ұғады. Кейде құранды «Кәләм шәриф» /«әулие сөз»/ деп те атайды. Бірін-бірімен салыстырып, сын көзімен қарап зерттеген де емес. Ендеше, қазақ халқы, шын мағынасында діндар–фанатик ел болмауы да осыдан шығар. Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Радловтар айтқан болжамдар да
осы жағдайларға тиянақтаса керек-ті.
Алайда, мұсылман дінінің қазақ еліне көп көмегі тиді, көшпелі елге – моншасы жоқ елге бес қайтара намаз оқытты, бес рет жуындырып – дәрет алдырды, тазалыққа үйретті, сөткесіне отыз екі рет иілдіріп, бүгілдіріп дене шынықтыру жасатты, /Таңертеңгі күн шығар алдында оқылатын намаз
«бамдат» – «төрт бас», түскі намаз «бесін» – «он бас, кешкі күн батар алдындағы намаз «намаздыгар», «төрт бас»/, күн батқаннан кейін оқылатын намаз – «ақшам», «бес бас», түн ортасында оқылатын «қуптан» намазы
«тоғыз бас» – бәрін қосқанда бір тәулікте «отыз екі бас» намаз міндетті түрде оқылады/. Бұл дене шынықтырудың үлкен әдісі тәрізденеді, заты, ең әуелде Мұхаммет діні де көшпелі – құмда кезіп жүрген бәдәуилерге арналған болу керек те, бері келе Мекке мен Мединедей шәһәрлерде қала тіршілігіне жақындай түскен сияқты.
ЕКІНШІ ТАРАУ
ІІ. ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БӨГДЕ ХАЛЫҚТАРМЕН ЖАСАСҚАН ТІЛДІК ҚАРЫМ–ҚАТЫСЫ:
І. Қазақ тілінің иран тілімен байланысы
«Мысль относится к слову, как душа к телу, а слово к мысли, как тело к душе, т.е. слово есть покров,
одежда, форма, выражение мысли, а мысль есть смысл, разум, значение слова».
В.Г.Белинский. Әрбір халықтың тіл қорында толып жатқан сөздер бар. Осы сөздердің шығуы – ойдың-ойланудың тууына байланысты. Адам ойлана бастағанда – сөйлей бастайтын тәрізді. Тағылық дәуірінде – балаң кезінде әр бір елдің сөз қоры да аз болған. Тілдің баюына – сөз қорының көбеюіне көрші елдің қарым-қатысы қажет сияқты. Орыс тілі де бөгде елдермен көршілес отыруы, алық-берік жасауы арқылы байыған екен. «Мысалы, – дейді В.Г.Белинский, – мына «сфера, эфир, гений» – деген сөздерді қарапайым халық өзара сөйлескенде қолданбайды, сондықтан оқымысты адамдардан естігенде де
олар ұғынбайды» 1, – дейді. Өйткені бұл сөздер орыс тіліне бөгде елден келіп
кірген-ді.
Сондай-ақ дүние жүзіндегі барлық ел өзінде жоқ ұғымды беретін сөздерді басқа елдерден алып падаланады, мысалы, Батыс Европаның географиялық жағдайында «дала–сахара–степь» деген мағына жоқ болғандықтан «steppe» болып француз тіліне орыс тілінен кірген екен.
1 В.Г.Белинский. Полн.собр.соч. Изд-во АН СССР, т.ІІ, стр.580.
Кейде керісінше жағдай болады, ұлт тілі өсіп ержете бастағанда, сол ұлттың ілгергі қаумындағы азаматтары жаңадан жаңғыртып өз тілінің қорынан алып әдемі сөздер шығарады, бұлар /бұл сөздер/ шетелден кірген сөздерден әлде қайда безбендірек те келеді, өз тілінде нығыз орын тебеді. Мысалы, профессор Василий Кириллович Тредиаковский /1703-1769/ орыс тіліне «предмет» деген сөзді енгізсе, тарихшы–Николай Михайлович Карамзин /1766-1826/ «промышленность» деген сөзді кіргізген ғой, ал профессор-физик Михаил Григорьевич Павлов /1793-1840/ «проявление» деген сөзді алып келген екен. «Уничижение» деген сөзді Федор Михайлович Достоевский /1821-1881/ де орыс тіліне орнықтырған-ды. Тізе берсек мұндайлар тағы көп екені даусыз.
Қазақ халқының рухани өсіп-өркендеу бағытында неше алуан жағдайлар болыпты, өзінің көп ғасырлық тіршілігінде қазақ халқы талай елмен қанаттаса көрші отырып, дәмдес, тұздас болған тәрізді артынан бөгде елдермен кездесіп, бұрынғы көршілерінен алыстағандай да кездері болыпты. Көне замандағы көп уақиғаның айғағындай біздің тілімізде, әдебиетімізде сақталып келген біраз куәліктер де бар. Тарихи дәйектемелерге сүйене отырып осындай көршілестіктен туған жәйттердің бастарын аша кетелік.
Ең әуелі әңгімені ежелгі заманда Соғдиян /Иран/ елімен көршілес дәуірден қалған іздерді шолып өтелік.
а) Соғдиян /Иран/ тілінен ауысқан жеке сөздер – ұғымдар жәйінде.
Бір елдің мәдениеті екінші елге сөз ауысуы, сол сөзбен бірге ұғым ауысуы арқылы тарайды, сондықтан біз әңгімені жеке-жеке сөздерден басталық. Біздің түркі тілдеріне бөгде елдерден сөз ауысуы жайында пікір айтқан ғалымдарымыз үнемі араб
тілінен қозғайды. Жалпы жұртшылыққа мәлім сегізінші-тоғызыншы ғасырларда ислам діні етек алып жайылды; шығыс елдерінің бір талайына дін арқылы әмірін жүргізді. Бұл рас, бірақ одан бұрын да біраз халықтың әсері қазақ тілінде бар екені айдан анық.
Көбінесе, мәдени өсу жолында әрбір саяси-экономикалық жағдай елдің рухани қазнасына ықпалын тигізбей қоймайды.
Бір заманда, араб дінінің әсерінен әлдеқайда бұрын Орта Азияға согдиандардың келуі анық. Ендеше, соғдиан /иран/ жұртының қарым-қатыс жасамай кетуі мүмкін емес тәрізді.
Өткен он тоғызыншы ғасырдың аяқ шенінде академик В.В.Радлов:
«Алтай мен Енисей төңірегін жайлайтын аз ғана түркі ұлыстары бар, олардың тілі мен әдет-ғұрпына Мұхаммет мәдениетінің әсері дарымағаны байқалады», – деген еді.
Академик В.В.Радловтың бұл пікірін академик А.Н.Самойлович қолдамады, 1928 жылы жазған /«Следы влияния исламской культуры на турецкие племена Алтайско-Саянского района»1 атты мақаласында Алтай мен Енисей бойындағы түріктердің тіліне кірген араб /иран/ фарсы сөздерінің тізімін береді. Бәрі 25 сөз екен. Соның ІІ–і арабтікі, 12-сі фарсынікі, ал қалған екеуі араб пен фарсыға ортақ сөздер болып шығады.
Сонда:
Aqьl 2 /ақыл/ – араб. ғақыл – образ мышления, характер, поведение, нрав /қаз., ақыл–ум/.
Әзер /әзеп/ – араб. xijiав – мнение, намерение, телеут диалектісінде – число, счет /қаз.есеп – число, счет/.
1 А.Н.Самойлович. «Культура и письменность Востока» деген журналдың 1928 жылғы, 142 бетін қараңыз.
2 Акад.А.Н.Самойлович келтірген сөздердің жазу әдісін /транскрипциясын/ бұзбай алдық /С.Т./.
Qalьq /қалық/ – ар.хаlьq – народ, население /қаз. халық/.
Qat /қат/ – ар.хаt – письмо, /қаз. – хат/.
Qabar /қабар/ – ар.хаbar – молва /қаз. хабар – сведение, известие, весть, молва/.
Qyimat /қимат/ – ар. qijmaat – ценный, дорогой /қаз. қымбат – дорогой, дорого, ценный/.
Taam /таам/ – ар. taam – пища, вкус /қаз. тағам/ редко употребляемая форма /дәм/ – часто употребляемая форма/ – пища, вкус, отсюда – дәм же – ешь пищу/, дәмді тамақ /иногда тағам/ вкусная пища.
Sabьn, samьn /сабын, самын/ – ар. sabun /сабун/ – мыло /қаз. сабын – мыло; қазақта «сабынша бұзылады» – деген сөйлем бар – быстро меняется в своем мнении, как мыло при варений – приготовленный кустарным способом/.
Сәrt /шәрт/ – ар. cart /шарт/ – божба, клятва, присяга; /қаз. шарт – договор, условие/.
Paa /паа/ – ар. баҺа /баһа/ – цена /қаз. бәһә, баға, бә – цена; отсюда бәсі, бағасы, бәһәсі – его цена1.
«Алтай мен Енисей бойындағы «Мұхаммет дінінде жоқ» түркі тілдеріне де ісләм дінінің әсері тигені жоғарыда келтірген тізімнен-ақ айқын көрініп тұр ғой. Ендеше, Орта Азияға ертерек келіп, иран мәдениетін жайған ирандықтар /совдиандар/ әсерін тереңіректен іздеу керек болар» – дейді академик А.Н.Самойлович 2.
1 Біздің топшылауымызша бұл баға – «бәһә» түрк сөзі тәрізді, арабқа кейін ауысқанға ұқсайды. Алайда, академик А.Н.Самойлович келтірген соң одан асу оңай болмады /С.Т./.
2 Тағы сол мақаланы қараңыз.
Осы пірімізді тиянақтау үшін, ағылшын ғалымы Бердһольд Лауфердің 1 пікіріне сілтеме жасамай болмас, оның зерттеуінше иран тілінің монғол тіліне тигізген әсері бұдан жүз жыл бұрын белгілі екен, мысалы, монғолдың Xormusd /хормусд/ деген есімі иранның Ormuzd /ормуздысы/ еді, бұл Авеста кітабында келетін Ahuramazdah /Ахурамада/ дейтін құдай атына байланысты шыққанын бір кезде Шмидт дәлелдепті. Мұны Лауфер тағы ескерте кетеді, Радловтың «Proben der Volksliteratur die turkishen Stammevolp – ХІ» дейтін кітабының беташарында Шифнер: Саянның «Kurbustu» /Курбусту/ дейтін есімін де әлгі иранның Ozmusd /ормуздасына/ апарып телиді.
Әлгі ойын дәлелдеу үшін Алтай мен Енисей өңіріндегі түркі тілдерінен академик А.Н.Самойлович иран тілінің көптен бері сақталып қалған сөздерін табады.
Мысалы:
Ar /ар/ – фарс. – her /һәр/ – каждый; /қаз. – әр – каждый; бұл «әр» қазақ тілінде жеке айтылмайды, үнемі бөгде сөзбен қосақталып келеді, мысалы «әр адам» – «каждый человек» тәрізді/.
Ес /еш/; фарс. – һиш/ – отрицание – не, ни; /каз. – еш – «іш» жеке айтыла бермейді; ешкім – никто, еш адам – никого дегенде кәдеге асады/. Ал
«еңбегім еш болды» – труд мой пропал даром, «ештен кем жақсы» – лучше поздно чем никогда» – бұлар кейінгі кезде қалыптасқан тәрізді.
Orozo 2 /орозо/ – фарс. ruvza /руза/ – пост; /қаз. ораза /пост/ фарсыда –
руз – день, күн. Қаз. отыз күн ораза.
1 Сол кітапта. 1919 ж. 572– бет. Мұны ағылшын тілінен орыс тіліне 1934 жылы аударып берген иранист проф. М.С.Андреевке үлкен алғыс айтамыз және ілгеріде де /1936 ж./ айтып едік /С.Т./.
2 Қазақтың төл сөздері сонорлы – «р» дыбысынан басталмайды, заты осы бағыт басқа түркі тілдерде де бар шығар, немесе ісләм дінінен алыс жатқан түркі тілдері мына көрші отырған қазақ тілінен алды ма екен? /С.Т./
Qagas /қағас/; фарс. kәgas /кәғаз/ – писчая бумага; қазақша – қағаз – писчая бумага.
Tәrәzi /тәрәзі/; фарс. taraza /тараза/, қаз. таразы – весы.
Tucman /тушман/ – фарс. ducman /душман/; қаз. дұшман, дұспан, тұшпан – враг.
Salbьr /салбыр/ – фарс. /шалуар/ – /қаз. шалбар/. – шаровары, штаны.
Pajram /пайрам/ – фарс. bajram /байрам/ қаз. мейрам/ – праздник.
Paga /пажа/ – фарс. Padijca /падиша/ – қаз. патша, патса, царь.
Pazar /пазар/, фар. bazar /балгар/ қаз. базар, рынок, базар. 1
Академик А.Н.Самойловичтің жоғарыда айтылған пікірін қолдап зерттеуші ғалым Е.Г.Кагаров 1934 жылы жазады, сонда: «Алтай шамандарының /бақсы-балгерлерінің/ ұғымынша құдай үшке бөлінеді, біреуі жердің астында, екіншісі үстінде, үшіншісі аспанда тұрады екен, оларды
«Кормос» jap – «су, кугай» /Анохин кітабының бірінші бетінде/ – деп атайды. Осында көрсетілген «кормос» деген сөз де әлгі «Авестадағы» /«Забур» кітабындағы /Армузд екенін дәлелдейді 2.
Ендеше иран тілінің әсері географиялық жағдайы жақын тұрған түркі тілдеріне ғана тиіп қоймаған ғой, бұл әсер тіпті қиыр терістікке – Сібір халықтарының тіліне дейін етек алып жайылғаны байқалады. Бірақ, академик А.Н.Самойлович әлгі ма
1 Акад.А.Н.Самойловичтің келтірген сөздерін сол кездегі жазылу қалпында алдық, бәрін тізе бермей қазақ тілінде орын тепкендеріне тоқтадық. Осы тізімнің ішіндегі
«шалбар» мен «мейрам» сөздері иранға түркі тілдерінен баруы да кәдік /С.Т./.
2 Ғылым академиясының баспасы, №5, Кагаров Е.Г. мақаласын қараңыз.
қаласында айтады: «Ісләм дінінің Сібірдегі шекара шеті Обь өзеніне тіреледі, Сібірдегі мұсылман-татар патшалығының көлемі де ХҮ-ХҮІ ғасырларда сол өзеннің жағасынан әрі аспаған», – дей келіп, – енді бұл шектің шығыс жағын мекендейтін «Мұхаммет дінінде жоқ», түрік халықтарына ісләм мәдениеті
«керуен саудасы» /«караванная торговля»/ арқылы да тарауы мүмкін» – деп түйеді. Алайда, біз ғалымның бұл пікіріне қосыла алмаймыз, өйткені ондай әсер көршілес отырған бөгде елдер арқылы да баруы мүмкін ғой.
Мысалы, Иранның «анбар» 1 /склад/ сөзі ең әуелі орыс халқының тіліне
кіріп «амбар» болуы ілгеріде де дәлелденген еді, ал осы «амбар» орыс тілінен орталық Қазақстан аудандарына «албар» болып тарағаны заңды, қазақ тілінде
«л» мен «м» екеуі де сонорлы дыбыстар, ауысуы әбес те болмас. Осы екі сөздің мағыналық айырмасы да бар, орыста «амбар» /склад/ жабық қора, ал қазақта «албар» – төбесі ашық қора – аран, қоршаулы орам.
Батыс Қазақстан аудандарында араб тілінің «хавлі» – қора, үй мағынасында айтылатын сөзі «аула» болып кеткен, заты, бұл сөз араб тілінен тура келмей мына тәжік, түрікпен тілдері арқылы өзгеріп жетуі де ықтимал, немесе қазақтың төл тілінде «х» дыбысының болмауы да себепкер шығар.
Олай болса, «ісләм мәдениеті» тек қана «керуен саудасы» арқылы тарады деу құр тәуекел істеумен барабар, өйткені керуен саудасы қысқа мерзімде өтеді де, мұндай үлкен әсер етудің тиянақты тірегі бола алмаса керек. Ендеше, татар, қазақ тәрізді мұсылман дініндегі екі тілдің әсері болмасына кім кепіл!
1 Бір заманда А.Гильфердинг деген зерттеуші бұл «амбарды» орыс тіліне санскриттен келді деп соққан. Оған қарсы Н.Г.Чернышевский бұл «амбар» емес, «анбар» таза араб сөзі деп түйген-ді. Осы таласты біз жоғарыда да келтіріп едік. Кейбір ғалымдар бұл сөзді ескі қыпшақ тілінен орыс тіліне ауысты деседі. Біз осы кезеңде түпкі қазығын айтып отырғанымыз жоқ, бері келе «анбар» «албар» болып қайта оралуын көрсеткіміз келеді. Түркі тілінің тостағаны орыс тіліне барып «стакан» болып, қайтадан келіп бізде де
«стакан» делініп жүр ғой /С.Т./.
Шындығына келсек Сібірді жайлайтын ісләм дінінде жоқ түркі тілдеріне мына соңғы екі түркі тілі /татар, қазақ тілдері/ көптен көрші отыр ғой.
Иран тілінің осынша қиыр шығысқа тамырын жаюы тегін емес, оның үстіне қазақ тіліне кірген сөздері де арабтан күштірек. Мұсылман діні арқылы, әдебиет арқылы, арабтың бүтін сөздері ғана келген тәрізді де, ал қазақ тілінің негізіне ол тамырын жаймаған, жалғау-жұрнақтарына кіріспеген сияқты. Ал, иран тіліндегі жалғау-жұрнақтар-аффикс, префикстер қазақ тіліне мол кірген ғой. Бұлай болуының бірінші себебі: – «көне соғдияндар Орта Азияда – Зерафшан, Кашгарья, Аму-Дария өзендерінің бойларын мекендеген халық. Соғдиандардың орталығы – Мараканда, осы күнгі Самарқанд қаласындағы Афрасиаб қаласы болыпты. Қазақ елі араб халқымен бетпе-бет кездескен емес.
Соғдиандар біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырдың аяқ шеніндегі иранның Дарий атты патшасынан қалған «Бехистун» жазуында да ұшырайды. Соғдиандар мемлекеті Орта Азияда құрылған көне Бактрия мен Хорезм мемлекеттерімен қатар шыққан екен. Соғдиандарды 4 ғасырда Іскендір Зұлқарнайын шауып алыпты. Үшінші ғасырда Соғдиандар грек- Бактрия мемлекетінің сапына кіреді. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы екінші ғасырда Кангха /қытайша – Қанғ юй, қазақша – Қаңлы/ патшалығына қосылады. Үстіміздегі дәуірдің 6 ғасырында Соғдиандар түрік қағанатына кіреді. Соғдиандар Жетісуда ірі-ірі қалалар салады. Олар Иран, Қытай, Византия елдерімен сауда қарым-қатынасын жасайды. Соғдиандардың керуен саудасы Лобнорға дейін барады. Орта Азияны арабтар 8 ғасырдың бас кезінде жаулап алады да Соғдиандар өздерінің дербес мемлекеттігінен ада- күде айрылады» 1 – деседі.
1 «Советтік үлкен энциклопедия», 39 т. 544-546 беттерін қараңыз.
Иран тілінде сөйлейтін – сол нәсілден шыққан Соғдиандар Орта Азия тіліне, соның ішіндегі қазақ тіліне әсерін мол тигізуі, ол елдің Орта Азияға ерте келуінен деп ұғамыз. Араб тілі 8 ғасырда ісләм дінін арқалай кіріп, ықпалын қолма-қол жүргізуге қимыл жасады. Бұрынғы иран тілінің әсері шетке ығысты, бірақ қазақ тіліне сіңіп кеткен иран сөздері орын теуіп қалып қойды.
Қазіргі шуваш тілін зерттеп жүрген ғалым М.Р.Федотовтың пікірінше:
«мұсылман шығысындағы елдермен Булғар мемлекеті /осы күнгі Қазан татары мен башқұрт, шуваштарды айтып отыр – С.Т. қызу қарым-қатыс жасады. Араб, фарсы сәудегерлері, сонымен қатар мұсылман діндарлары
/миссионерлері/, Бұлғар, Сувар тәрізді Еділ бойындағы ірі қалаларда жиі-жиі болып жүрді. Бағдат халифы аль-Мухтадир жіберген елшілерге ілесіп 921- 922 жылдарда араб жазушысы Ахмет ибн - Фалдан немесе Фазлан Бұлғар патшасы Әлмусаға келіп қайтты. Бағдатта туған ибн – Хаукаль да Х ғасырдың орта шенінде немесе екінші жарымында болды. Гренада қаласынан шыққан Испаниялық араб Абдуль-Хамит аль-Гарнати ХІІ ғасырда бірнеше рет Еділ бойын аралады. Сондықтан ол тілде /шуваш тілінде/ араб-фарсы сөздері 250 шамалы-ақ екен, соның ішінде араб сөздері екі есе көп» 1 – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |