2. Әзірбайжан ұлтының қалыптасуы және Әзірбайжан мемлекетінің құрылуы мен нығаюы (XIV—XVII ғ.) Әзірбайжан XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында Алтын Орда басқарушылары мен ильхандар арасыңдағы күрестің орталығына айналды. ХШ ғасырдың аяғында Әзірбайжанда қолөнер мен қалалардың едәуір дамуы Еуропа- Азия саудасы үшін маңызды олжа табылатын жолдардың кейбіреуі осы жер аумағын басып өтуге негіз болды. Ал сауда жолы осы арада жібек, жүн, мата, аяқ киім жэне басқа да қолөнер мен кәсіпшілік тауарларын өндіруді жандандыруға себепші бодды. Закавказьенің ірі сауда-қолөнер орталығы ильхандардың астанасы — Тебриз болды.
Хулагид мемлекетінің құлауы және XIV ғасырдың алғашқы жартысынан бастап оның жеке хандықтарға бөлінуі және олардың ильхандармен болған күресте 1356 жылы Тебризді жаулап алған Алтын Орданың ханы Жәнібекті жақтаған көшпелі жергілікті феодалдар мен көшпелі түркі-монғол аксүйектерінің күшеюіне жағдай жасады. Тебриз тұрғындарының алтын ордалықтарға карсы көтерілісінен кейін елде өкімет монғол ақсүйектерінің бір тобынан екінші тобына көше бастады. 1360 жылы Тебризді басып алған Бағдат сұлтаны Увейс Джеланридтің өз қол астына Әзірбайжан, Персия және араб Ирагы, Армения мен Курдистан кіретін үлкен мемлекет құруына мүмкіндік туды. Джеланридтер мемлекеті Темір шапкыншылығы кезіндегі үзілісті қосқанда 1410 жылға дейін өмір сүрді. Темірліктер арасьндагы өзара күрес кезінде ширваншах I Ибрагим жергілікті феодалдардын көмегімен Әзірбайжанды уақытша біріктіріп, астананы Тебризге көшірді. 1410 жылы Әзірбайжанды Қара-Жүсіп жаулап алды. Ол түріктің қара қойлы деген көшпелі тұкымының әкімі еді, алайда оны 1468 жылы түріктің ақ қойлы дейтін екінші тұкымдасы ығыстырьш шығарды. Ал оның басшысы Ұзын-Хасан өз өкіметіне Әзірбайжанды, Арменияны, Иранның біраз бөлігін, араб Ирагы мен Жоғарғы Месопотамияны біріктірген болатын. Ол Шығыста үлкен саяси ықпалы бар қатаң адам еді. Ұзын-Хасан Ақ койлыларды Еуропада күшейіп келе жатқан Осман Түркиясына қарсы одақта деп санады. Бірақ Ақ қойлы мемлекеті көшпенділер құрған басқа да мемлекетгер сияқты ортақ экономикалық негізі мен ортақ саяси мүдделері жоқ кырық құрау ел болды да. Ұзын-Хасан өлгеннен кейін әлсіреп, ақыры құлады.
XV ғасыр ішінде Әзірбайжанда тәуелсіз екі мемлекет: Шекин және Ширван хандықтары болды. XV ғасырдың екінші жартысында ширваншахтардың Ресеймен байланысы басталды.
ХҮІ ғасырдың бас кезіңде Оңтүстік Әзірбайжан мен Иран жер аумағында пайда болған Сефеви мемлекетінегізінен әзірбайжан тайпаларына арқа сүйеген еді.
XVI ғасырдың бірінші жартысында Әзірбайжан да, Армения сияқты, орасан үлкен Сефеви мемлекетінің құрамына кірді. Қырық құрау тайпалар мен халықтардан құралған бұл мемлекетті XVI ғасырдың аяғына дейін көшпелі түрік тайпаларының феодал шонжарлары басқарды. XVI ғасырдағы Әзірбайжанның бүкіл тарихы Түркиянын Сефевидтермсн жүргізген соғыстарына толы.
Әзірбайжан халқының негізгі бұкарасы феодалдарға тәуелді болған шаруалар еді. Көшіп-қонып жүрген тайпалар арасында ұзақ уақыт бойы патриархалдық қатынастардың сарқыншақтары сақталды. Сол кезде Әзірбайжан жер аумағында феодалдық жер меншігінің төрт түрі (1) мемлекеттік жер {"дивани"), 2) сарайжері ("хассэ"), 3) шіркеу жері ("вакф"), 4) жеке меншікжер ("мульк") болды. Азык-түлік рентасы рентанын жетекші түрі болып қала берді. Әзірбайжанның қалалары (олардың ішіндегі ең ірілері-Сефевид әулеті — 1502—1736 жылдарғы Таяу және Орта Шығыстағы мемлекет билеушілер әулеті. Сефевид әулетінің мемлекеті I Исмаил Ақ койлы және оның одақтастарын жеңгеннен кейін пайда болды. XVI ғасырдың аяғына дейін Исмаил Иран шаһы болды. Сефевид мемлекетінің кұрамына Иран, Әзірбайжан, Армениянын бір бөлігі, казіргі Ауғанстан жерінің басым бөлігі, кей кездері Ирак жерлері де енді. Басында Сефеви мемлекетінің орталығы Әзірбайжанда болды (астанасы 1555 жылға дейін -— Тебриз. 1555-— 1597/98 жыддары — Казвин, 1597/98 жылдары Нефахан болды). Мемлекет діні шиит мәніндегі ислам еді.
Тебриз бен Шемаха) колөнер мен сауданың аса ірі орталықтары болды. Әзірбайжанда істелген жібек маталар басқа елдерге шығарылды. тіпті Еуропа базарларында да кымбат бағаланды. Феодалдық езгі еңсесін түсірген шаруалар мен кала халқы қанаушыларға карсы талай рет бас көтерді. Олардың ең ірілері— 1537 жылы Ширванда болған шаруалар қозғалысы мен 1571 жылы Тебризде болған қала кедейлерінің көтерілісі. Жергілікті әкім көрсеткен қысым түрткі болған Тебриз көтерілісі екі жылға созылды, бірақ ақыры қаталдықпен басып тасталды.
XVI ғасырдың ортасынан бастап Қазан мен Астрахань Ресейге қосылғаннан кейін. Орыс мемлекетінің Әзірбайжанмен сауда байланысы арта түсті. Ширванның бегляр - бегімен сауда шарты жасалды. Орыстың сауда адамдары Шемахаға, ал Әзірбайжан көпестері Мәскеу мен Астраханьға барып жүрді.
Жағдай Сұлтандық Түркияға қарсы күресте Сефевидтерді орыстардан көмек сұрауға итермеледі. XVI ғасырдың аяғыңда шах өкіметі Түркияға карсы жүргізілген соғыста Сефевидтерді қолдағаны үшін Баку мен Дербент қалаларын Ресейге беруді ұсыңды. 1594 жылы Прикаспьеде, Сулак өзені бойында және Тарку қаласына жақын жерде екі орыс бекінісі салынды,бұлар он жыл бойы Ресейдің Әзірбайжанға баратын жол үстіндегі тірек пункті болды.
Сефевид — Түрік әскерлерінің қырғын соғыстары кезіңде әзірбайжан халқы қатты күйзеліске ұшырады. 1555 жылғы шарт бойынша Әзірбайжанның шығыс бөлігі Сефевидтердің билігіне көшті. Осыдан үш жыл еткеннен кейін (60-жылдардың аяқ кезінде) Әзірбайжан түріктерге бағынды, ал 1590 жылғы Иран және Түрік билеушілерінің арасындағы шарт бойынша бүкіл Закавказье Түркияға бағындырылды.
XVII ғасырда Закавказье өз тарихындағы ең ауыр кезеңді бастан кешірді. Сефевидтер мемлекетінде үстемдік жағдай әзірбайжан шонжарларын ығыстырып шығарған иран феодалдарына көшті.
1603 жылы шах I Аббас Түркиямен соғыс бастап, бүкіл Шығыс Закавказьені қаратты. Ол өз жағына жергілікті феодалдарды тартуға тырысып, оларға салық жөнінде женілдіктер (мәселен, армян шіркеуіне) берді.
I Аббас өзінің ескери күшін қайта құрды және сыртқы саясатында Осман империясына жау Ресеймен, батыс-еуропалық мемлекеттермен жакыңдасты.
I Аббастың ұстанган саясаты Әзірбайжан мен Армения калаларының жағдайын жақсартты, оларда қолөнер мен сауда дамыды. Бұл қалалардың (Тебриз, Баку. Ереван, Шамаха, Ганджа т.б.) әрқайсысында он мыңдаған адам болды.
Әзірбайжан қалаларында көрнекті орындарды иран шонжарлары мен көпестері иеленді.
Армян көпестерінің шоғырланған жері жібекпен халықаралық сауда жасау орталығы болып табылатын Аракс өзенінің бойыңдағы Джульфа каласы болды. Джульфаның сауда үйлері Венеция, Генуя. Марсель, Амстердаммен және басқа да Батыстың ірі калаларымен өз операцияларын жүргізді.
1605 жылы I Аббас жібекпен сауда жасау орталығын Иранға көшірді де, Джульфаны өртеп жіберді. Астана болған Ис-фаһанньщ маңыңда орналасқан армян көпестері шахтан үлкен артықшылықтар алып, Ресей мен Үндістанның есебінен өз саудасын кеңейтті.
1604 жылы Армения кезекті бақытсыздыққа ұшырады: I Аббас Иранға шегіне отырып, 350 мындай адамды — негізінен армяндарды айдап алып кетті. Жерден алынатын салық (харадж) едәуір өсті, оған ондаған басқа салық алым және Сефевидтер пайдасына натуралдық міндеткерліктер атқару келіп қосылды. Бұның бәрі шаруалар мен колөнершілердің жаңадан бас көтеруіне әкеліп соқты, оның ішінде ең күштісі Ширванда 1614 жылы болып өтті. Шах Аббас халық қозғалысын зорға басты. Дәл осы кезде Карабахта толқу, ал 1633 жылы Казвинде үлкен көтеріліс бұрқ ете қалды...