2. Көшім тұсындағы Сібір хандығы.
Көшім тұсындағы Сібір хандығына қазіргі Батыс Сібірдің барлық жері, Оңтүстік Орал өңірі, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің сағаларын алып жатқан Солтүстік Қазақстан халықтарымен қатар көшіп – қонып жүрді. Сібір хандығының астанасы – Искер қаласы Ертістің оң жақ жағалауында, Тобылдың құяр сағасынан жоғарырақ, қазіргі Тобыл қаласының маңында тұрды. Сібір атауы біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдың соңынан бастап Ертіс өңірінің орманды – далалы алқабын мекендеген түркі тілді тайпаларымен ұзақ жылдар бойы қарым – қатынаста болған «Сыпыр» этникалық тобының атауынан шыққан. Ежелгі Сыпырлардың орталығы кейінірек Сібір хандығының астанасы – Искер қаласы тұрған жерде болды. Кейіннен бұл жерлер түркілердің ежелгі көшпелі империясының – Батыс Түркі қағанатының, қимақтардың мемлекеттік бірлестіктерінің, қыпшақ тайпалары одағының құрамына енді. Парсы шежірешісі Рашид - ад- Дин Ібір – Сібір елі монғолдар жаулап алғаннан кейін Жошы хан ұлысына, одан соң Алтын Орда құрамына енгенін жазды. Алтын Орданың ханы Батыс Сібір жерін өз інісі Шайбанға сыйға тартқан. Осы кезден бастап Сібір жері олардың заңды мұрасы болып есептеледі. Шайбаниліктер XIV ғасырдың аяғында Тобыл, Тура және Тобда өзендерінің аңғарында Тюмень хандығын құрып, астанасын – Шыңғы - Тура етті. Бұл – қазіргі Тюмень қаласы. Осындай жағдайда Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Сібір жерлері Шыңғыс хан ұрпағы – шайбаниліктердің мұралық ұлысына арналды.
Сібір хандығын көп халықтар, негізінен түркі тайпалары (қыпшақ, арғын, қарлұқ, қаңлы, найман, жалайыр т.б.), сондай – ақ ханты, мансы, барабы түркілері, башқұрттар мекендейтін. Хандықтағы түркі тайпаларын орыс жылнамаларында, кейін тарихи әдебиеттерде «Сібір татарлары» деген ортақ атпен атау орнығып кетті.
Түркі тайпалары Тобыл татарларының құрамында – 78,8; бараба («барама») татарларының құрамында – 77,2%; Тевриз татарларының құрамында - 73%; Том татарларының құрамында 65,6%; Тар татарларының құрамында 42,5% болғандығын зерттеушілер анықтап отыр.
Белгілі башқұрт ғалымы Р.Г. Кузеев башқұрттардың XV ғасырларда Чюльман (Кама) өзенінің бойында «Сібір – Ібір» хандығы қоныстанғанын тарихи деректерге сүйеніп дәлелдейді. жерлері келді. Сібір хандығының құрамында Орта жүздің арғын, жалайыр, керей, қыпшақ, найман, табын, руларының басым көпшілігі және башқұрттардың бір бөлігі, сонымен бірге Сібірдің байырғы тұрғындары – хантылар мен мансылар болды. Қазақ рулары Тобылдың, Есіл мен Ертістің орта ағысы бойында, Бараба даласында Батыс Сібірдің түркі тілдес
Мекендердің , оларда ұзақ уақыттан бері орыс адамдарды тұрса да, толып жатқан түрікше (ноғайша)
атаулары жоғарыдағы пікірімізді айқын дәләлдейді. Түркі билігі, атап айтқанда, Көшімнің бірлігі Ертіс пен Обь өзендерінің төменгі ағысы бойын мекендеген түркілерге ғана емес, әлсіз халықтар;остяк, вогул, пелым, кондиндарға да жүріп тұрды. Олар Көшімге алым – салық төледі».
Кейін қазақ халқының этногенезін құраған арғын, найман, қыпшақ, қаңлы тайпалары ежелден Сібір жерін қоныстанған сол өлкенің тұрғылықты халқы болған. Ал Сібір хандығын орыс мемлекеті жаулаған кезде олар өз аталасы қазақтарға келіп қосылып, ханты, мансы т.б. өз алдына жеке –жеке халықтар болып қалыптаса бастаған.Бұдан шығатын қорытынды: Сібір хандығының және оның жаулап алуының тарихы түркілік қазақ халқының сан ғасырлық шежіресін, оның өз алдына дербес халық болып тарих аренасына шығуын, Қазақ хандығы мен мемлекетінің тарихын оқшау қарастырмай, түбі бір туыстар Түркі тарихымен - Сібір, Ноғай, Қазан, Астрахань, Тюмень, Қырым хандықтарының тарихымен бірлікте қарастырған жөн.Шыңғыс хан ұрпақтарының хандары өздерін Солтүстік Қазақстан мен Сібірдің заңды иелеріміз деп санады. Көшімнің хан тағына отыруы туралы белгілі тарихшы Қадірғали Жалайыри өзінің “Жылнамашылар жинағында” Көшімді Шайбани ұрпағынан таратса, Хиуа ханы Әбілғазы өзінің “Түрік шежіресінде” Көшімді шайбанилік тегі туралы жазады.Ш Уалиханов та Көшім қырғыз (қазақ) сұлтаны болған деген пікір айтады.Көшім 1510 жылдар шамасында Ноғай ордасының Алтыұл ұлысында дүниеге келген, Алтыұл ұлысы Жем өзенінің шығысында аралдың солтүстік өңіріне дейінгі жерлерде көшіп- қонған.Көшім жас кезінде Едігенің ұрпақтары-ноғай мырзаларының арасында дұрыс тәрбие алып,кейін олармен жақсы қатынаста болған.Әскер ісіне машықтанған, қайратты әрі жігерлі болған ол 1555 жылдан бастап ноғайлар мен қазақтардың жасақтарын басқарған. Көшім өзінің хандығын әкесінен мұра арқылы емес, ол1563 жылы Шайбани ханның тұқымы Бұқара ханы Мұртазаның баласы Көшім Жәдігер ханды өлтіріп Сібір хандығының тағына отырады.
Көшім Сібір жұртын билеп тұрған Тайбұға руымен ұзаққа созылған ұрыс жүргізді. Ақырында Тайбұғаның билеуші князьдары жеңіліс тауып, Көшімнің билігін мойындады.Көшім Сібір хандығының ханы болуын әсіресе Сібір жеріне ислам дінін таратуға рұқсат еткен және сауда жасау арқылы баюды көздеген Орта Азиялық дінбасылар мен саудагерлер құлшына қолдады. Көшім билеген кезде Сібір хандығының экономикасы дамып,мәдениеті өрлеп, күш - қуатының артқанын оның көршілері: Мәскеу, Қазан, Бұқара,Ноғай, Шығыс Түркістан, Қалмақ елдері елдері мойындап, онымен санасып отырды. Көшім билеген Сібір хандығының бір шеті Тобылға, екінші шеті Ертіске, жоғары жағы Обьтың құяр сағасына жетті. Орал таулары арадағы табиғи шекара болса, оңтүстігі Ор, Тобыл, Есіл өзендерінің басталар тұсында ноғай Ордасымен, қазақ хандығымен, Ертістің бастау алған тұсында жоңғарлармен шекаралас болды.
Сібір хандығының экономикасы мен мәдениетіне келсек, Көшімнің тұсында Сібір хандығында көптеген мәдени құрылыстар ірге көтеріп, қалашықтар, қамалдар салынды. Олар – Ертістің бойындағы Сүзге – Тура, Бесік – Тура бекіністері.
Көшім Орта Азиямен, Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды. Ол Сібір ханы болған кезден бастап Батыс Сібірдің жергілікті халқына ислам діні тарата бастады.
Сібір хандығының саяси құрылысы . Сібір мемлекетінің жоғары билеушісі – хан болды. Хан кеңесі диван деп аталды. Ханды ақсүйектер мен шонжарлар сайлады. Хандық атадан балаға мұра болып қалды. Диван құрамына кеңесшілер – «атақтылар» кірді.
№ 18. Тақырыбы: Ноғайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |